42
Арифметикалық амалдардың дұрыс орындалғанын тексеру мақсатында
төмендегідей мысалды алуға болады.
Мысал. Әрбір амал өзі немесе кері амалмен тексеріледі.
амалдар
бағдарлам
а
Жауаптар
1
2
3
4
5
1) қосу
2)
азайту
3)
көбейту
4) бөлу
a+b=c
a-b=c
ab=c
a:b=c
a-c=b
c-a=b
ac=b
c:a= b
b+c=a
c+b=a
bc=a
c:b=a
c-a=b
a-c=b
c:a=b
ac=b
c-b=a
a+c=b
c:b=a
bc=a
b-c=a
b+c=b
a:c=b
a:c=b
8.Математиканы оқыту процесінде оқушылардың логикалық пікірінін
нығайту.
Бастауыш математиканы оқытуда оқушылардың логикалық пікірін
нығайту үшін кең мүмкіндіктер бар.
Математикалық білімдерді нақты түсіндіру үшін сәйкестендірілген
заттарды өзара байланысты түрде, бірінен екіншісін пайда ету ретімен
шығарады.
Заттарды бөліктерге бөлу және бірнеше элементтерден бір бүтін
заттарды құрауды түсіндіріп барамыз. Бүтін затты бөліктерге бөліп
пікірлеуді “талқылау” (анализ) деп атайды. Предмет пен оқиғаларды өзара
байланысты түрде үйренуді “синтез” деп атайды. Бұл екі пікірлеудің
операциясы бір-бірімен өзара байланысқан.
Анализ бен синтез байланысты болып, арифметикалық заңдылықтарды
оқытуда қалай қолданылса, мысал және мәселелер шешуде де солай
қолданылады.
Оқытудың алғашқы басқышында яғни, бірінші ондықты оқытуда
оқушылар көрнекі құралдармен предметтердің жиынын оларды құраған
элементтеріне қарай бөліп талқылайды және көрнекіліктер негізінде
элементтерді синтездеп (біріктіріліп) қосындыны пайда етеді.
Соған ұқсас көрнекілі анализ бен синтездердің нәтижесінде оқушылар
пікірлеп, ең жоғары көрсеткіште саналы түрде талқылау және синтездеуге
қол жеткізеді.
Мысалы, оқушы оқытушының көмегінде “1-қатарға 5 тико, 2-қатарға 4
дамас ойыншық машиналарын орналастырады. Екі қатарға қанша машина
орналастырылды” — деген мәселені шешу керек.
Алдымен оқушы оқытушының көмегінде мәселенің мазмұнын
талқылайды. Онда берілген сандарды (5 және 4) бөліп, мәселенің шарты мен
сұрауын анықтайды. Оқушы екі қатарға маркаларды пікірлеп өзара біріктіріп
синтездейді де мәселенің жауабын табады.
Бұл жерде оқушы ең алдымен мәселені талқылайды, мәселеде сандық
белгілерді және талап етілгендерді анықтайды және синтез жасап, жауап
табады.