2
С.И.Игильманова - «Басқарушылық шешімдер» пәнінен дәрістер жинағы – Ақтөбе. Қ. Жұбанов
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің баспа орталығы, 2014 ж. - 64 б.
Дәрістер жинағы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін жүргізілетін
бейіндік пәндер циклі құрамындағы элективті пәндердің бірі болып саналатын «Басқарушылық
шешімдер» пәнінен оқу бағдарламасындағы тақырыптарға сәйкес дәріс материалдарын, өзін-өзі
тексеру сұрақтарын, әдебиеттер тізімін қамтиды.
Сын-пікір жазғандар:
Ахметова Г.И., экономика ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті
Баймукашева Ж.З., экономика ғылымдарының кандидаты, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе
университеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінде
мақұлданып, баспаға ұсынылған
№ 2 хаттама, «28» қараша 2014 ж.
3
АЛҒЫ СӨЗ
«Басқарушылық шешімдер» пәні басқару қызметі саласындағы бакалаврларды
даярлаудың оқу жоспарындағы маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқып-
үйрену басқару қызметіндегі болашақ мамандардың басқару шешімдерін әзірлеу мен
қабылдау технологиясын, әдістері мен тәсілдерін меңгеруіне мүмкіндік береді, сонымен
қатар басқару шешіміне талдау жасау, болжау, бағалау әдістемесіне машықтандырады.
Пәнді оқып-үйрену нәтижесіндегі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы
студенттерінің жинақталған білімі аталмыш мамандықта оқытылатын жалпы білім беру,
базалық және кәсіби пәндер бойынша алған білімдерін толықтыруларына және болашақта
алатын білімдерімен оңтайлы ұштастыруларына мүмкіндік береді.
Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерді басқару процесінің жаңа технологиялары мен
шешім қабылдау әдістеріне үйрету, болашақ басшылардың бойында басқару шешімдерін
қабылдаудағы жүйелі тәсілді алдын-ала көре білу, айқынсыздық пен тәуекел жағдайында
негізгі ситуацияларды модельдеу, шешімнің орындалуын бақылау, қалыпты жағдайда шешім
қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
басқару шешімдерінің мәні мен мазмұнын, басқару қызметіндегі ролін анықтау;
басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру процесінің теориялық құралы болып
табылатын ұйымдағы мәселелерді зерттеудің әдіснамалық тәсілдерін меңгеру;
сыртқы және ішкі ортаның ерекшеліктерін ескере отырып басқару шешімдерін
дайындаудың практикалық дағдысын дамыту.
Бұл пәнді оқып-үйренуде студенттер экономикадағы математика, эконометрика, психология,
менеджмент, макроэкономика, құқық негіздері, мемлекеттік басқару теориясы, экономиканы
мемлекеттік реттеу, мемлекеттік мекеме және Қазақстандағы басқару құрылымы
пәндеріндегі алған білімдерін негізге алады.
Пәнді
оқып-үйрену нәтижесінде студент белгілі бір біліктілікке, дағдыға,
құзыреттілікке ие болады. Ол...
төмендегілерді білуі тиіс:
басқару шешімдері түсінігі және оларды қабылдау әдістері,
басқару шешімдерінің типологиясы,
басқару шешімдерін әзірлеу процесінің технологиясы,
айқынсыздық пен тәуекел жағдайында шешім дайындау мен қабылдау тәсілдері,
шешім әзірлеу шарттары мен мүмкіндіктері,
шешім әзірлеуде қолданылатын модельдер,
басқару іс-әрекетінің тиімді баламаларын таңдау алгоритмі,
басқару шешімдерінің тиімділігін бағалау,
басқару шешімдерінің жүзеге асырылуын бақылау;
дағдыға ие болуы тиіс:
басқару шешімдерін жіктеу,
күрделі жағдайларды сипаттай білу және талдай білу,
қолжетімді мақсаттар қоя білу,
мәселені дұрыс анықтау және сипаттау, оның параметрін анықтай білу,
мақсатқа қол жеткізу нұсқаларын әзірлеуде түрлі критерийді қолдану,
іс-әрекет баламаларын талдау,
ұйымның иерархиясын құру,
микро- және макроэкономикалық процестерге, құбылыстарға, көрсеткіштерге және
оларды реттеу құралдарына бағдарлану,
балама нұсқаларды талдау,
негізделген, қисынды шешімдер қабылдау;