Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы Тақырыбы: Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері



жүктеу 14,9 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі14,9 Kb.
#3986
түріСабақ

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

  • Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы
  • Тақырыбы:
  • Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері
  • Мақсаты:
  • 1.Әдебиетті оқытудағы әдістердің алатын орны мен қызметін түсіндіру.
  • 2.Әдебиетті оқытуда қолданылатын әдіс түрлеріне шолу жасау.
  • 3.Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдарын қарастыру.
  • 1. Әдебиетті оқытудағы әдістер
  • 2.Әдебиетті оқытуда қолданылатын әдіс түрлерін практикада қолдану
  • 3.Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдау мәселесі
  • Жоспар:
  • Педагогика ғылымы мектепте оқытылатын оқу пәндерін оқыту теориясын, онда сақталатын басты принциптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-амалдарды жалпы түрде баяндайды. Онда жеке пәндерді оқытудың теориясына мәселелер, ереже-қағидалар мен анықтамалар әңгімеленбейді. Өйткені бұл мәселелерді баяндау педагогиканың міндетіне кірмейді. Себебі әрбір пәннің өзгеге ұқсамайтын өзіне ғана тән сипаты, ерекшелігі бар. Сондықтан әрбір пәнді табиғи ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың принциптері мен әдіс-амалдарын оқыту методиканың үлесіне тиеді. Осындай пәндердің қатарына әрине әдебиетті оқыту методикасы да жатады. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады
  • Әдіс-тәсілдер оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызметті жүзеге асырады:
  • Біріншісі – мұғалімнің оқытуы.
  • Екінші мәселе – оқушының оқуы.

Әдебиетті оқытуда: сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық (ішінара іздендірушілік) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

  • Әдебиетті оқытуда: сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық (ішінара іздендірушілік) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
  • Әдебиетті оқытуда қолданылатын әдіс түрлері:
  • Баяндау әдісі – негізгі әдістердің бірі. Бұл әдіс арқылы ірілі-ұсақты көптеген мәселелер түсіндіріледі.
  • Сұрақ-жауап әдісі – жиі қолданылатын әдістердің бірі. Үй тапсырмасын сұрауда, жаңа сабақты өту кезінде, бекіту үшін де бұл әдіс қолайлы.
  • Көрнекілік әдіс- берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, оқушы психологиясына әсер етуде, оны сабаққа қызықтыруда, ынталандыруда маңызы зор.
  • Практикалық әдістер – оқушының алған теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыруда.
  • Эвристикалық оқу оқу әдісі. Көркем шығарманы терең түйсіну, игеру оны саралап талдау арқылы іске асырылады.
  • Репродуктивтік оқу әдісі –Бұл әдіс бойынша оқушы білімді дайын күйінде мұғалімнің айтуынан немесе оқулықтан алады.
  • Зерттеу әдісі – берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шешуге, ғылыми қорытынды шығаруға үйрету үшін өте тиімді.
  • Көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін ұсынады:
  • -образ бойынша;
  • -проблемалы;
  • -тақырыптық;
  • -тұтас талдау;
  • Образ бойынша талдау – ежелден келе жатқан дәстүрлі әдіс. Ол мектеп тәжірибесінде көптен қолданылып келген әдістердің бірі. Бұл тәсілдің ұтымды, кемшілік жағы да бар екендігі туралы пікірлер айтылып, талданған.
  • Ұтымдылығы – оқушының назарын адам бейнесіне аударып, кейіпкердің жақсы мінезін үлгі етіп, жаман қасиеттерден жирендіруі. Ал, кемшілігі – мұғалімдерді біржақтылыққа ұрындырып, кейіпкерлер арасындағы байланысты, адам образын жан-жақты тануға кедергі келтіруі.Жалпы бұл әдісті қолданудан қашпау керек. Тек қана образды томаға тұйық алып, бұрынғыдай бір ізді ғана, яғни жағымды, жағымсыз деп бағалаудан аулақ болып, қазіргі әдістемелік талапқа сай жаңаша талдауды қолдану қажет.
  • Мысалы:«Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлер жүйесін талдаудың үлгісін былайша береді:
  • 1.Абай мен Құнанбай.
  • 2.Абай мен жатақтар.
  • 3.Құнанбай және оның төңірегі.
  • 4.Тоғжан мен Абай.
  • 5.Абай мен Әйгерім.
  • 6.Абай мен оның орыс достары.
  • 7.Абай мен Дәрмен.
  • 8.Біржан мен Абай.
  • 9.Абай мен Базаралы.
  • 10.Абай және Тәкежан.
  • 11.Кейіпкер және табиғат.
  • Проблемалы талдау- ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, зердемен қабылдауға, оқу материалына терең бойлауға көмектеседі. Бұл үшін мұғаклім проблемалы ситуация туғызу керек. «Проблемалық ситуация – проблемалық талдаудың түп қазығы» дейді белгілі методист Маранцман. Ал, оны шығарманың проблематикасынан, өз ішіндегі қайшылығынан іздеу керек. Осы жерде мұғалімнің білгірлігі, тәжірибесі, шығарманың ойыв-қырына қанықтығы көмекке келмек.Проблемалы ситуацияны ізденерлік, ойланарлық сипаттағы сұрақ-тапсырма арқылы туғызуға болады, ал ол проблемалы мақсат қоя білуден шығады.
  • Тұтастай немесе толық талдау әдісі (автор ізімен талдау) – қазіргі әдістемедегі өнімді қолданылып жүрген әдістердің бірі. Мұнда талдау шығарманың сюжеттік желісіне қарай құрылады орай құрылады, тарау-тарау бойынша, шығармадағы оқиғалардың өрбуі бойынша жүргізіледі. Талдау автор ізімен жүреді. Бұл әдістің тиімділігі – кейіпкерлер тағдырының оқиға дамуы үстінде тереңдей ашылуы, оның бүкіл іс-әрекеті, қимыл - қозғалысы жан арпалысы, өмірге көзқарасы саралап көріуінде. Бұл әдістің дұрыс қолданылмаса кемшін тұсы да бар. Ол - жеке тарау, жеке оқиғаларды қуалап кеткендіктен шығарманың бүтіндігіне, тұтастығына нұқсан келтіріп алу. Бірақ ұтымды қолданған тәжірибелі мұғалім бұл қателікті жібермейді. Жалпы қай әдісті қолданған күнде де шығарманың эстетикалық біртұтас құрам екендігін естен шығармау керек.
  • Көркем шығармаға тақырыптық талдау жасауды оқыту процесінде пайдалану – ұтымды әдістердің бірі болып табылады. Тақырыптық талдау әдісін бағдарламадағы өтілетін шығарманың қайсысына болсын, орайына қарай қолдана беруге болады. Бұрын батырлар жырындағы әйелдер образын жеке-жеке алынып талданылатын. Ал, қазіргі 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығында олар басқаша беріледі. Мұнда тақырыптық талдау әдісі бойынша «Жырдағы әйелдер образы» деп талданады.
  • Көркем туындыны терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы зор. Бұл әдісті әсіресе, Ү-ҮІІ сыныптарда жиі қолданады. Оның тәжірибеде қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:
  • 1.Мәтінге жуық әңгімелесу. Мұнда негізгі мәселелердің барлығы көркем туынды ізімен әңгімеленеді.
  • 2.Ішінара теріп, сұрыптап әңгімелеу. Мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушының өзіне ұнаған эпизодын немесе оқиғасы туралы әңгімелетеді.
  • 3.Еркін әңгімелесу немесе шығармашылық жолмен әңгімелесу.
  • Бақылау сұрақтары:
  • 1. Көркем туындыны терең түсіну, талдауда қандай әдістің маңызы?
  • 2. Тұтастай немесе толық талдау әдісі дегеніміз не?
  • 3. Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен ұстаздар тарапынан кең қолданыс тапқан әдістің түрі?
  • 4. 1917 жылға дейін қазақ жерінде неше түрлі мектеп өмір сүрді

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
  • РАХМЕТ

жүктеу 14,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау