6
Іс-әрекеттің таңдалған тәсілінің әлеуметтік мазмұны маңызды, өйткені бұл жетекшінің,
ұжымның, ұйымның «өміріне» ықпал етеді. Барлық экономикалық шешім әлеуметтік
тұрғыдан алғанда тиімді бола бермейді. Мысалы, ұйымдағы еңбек өнімділігін арттыру
туралы шешім қауіпсіздік техникасының бұзылуымен, еңбек жағдайының нашарлауымен
қатар жүруі мүмкін.
Шешімді таңдау барысында жетекші жауапкершілікті сезінуі тиіс. Басшының шешім
қабылдауда жіберген қатесі ақау болып табылады және жұмыс нәтижесіне теріс ықпал етеді,
кері әлеуметтік салдарға әкеледі.
2.
Әрбір басқару шешімдерінің әзірленуі және жүзеге асырылуы барысында
төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:
басшы қолданыстағы заңды, компанияның жарғылық құжаттарының ережелерін сақтауы
тиіс, яғни басқару шешімдері мен олардың нәтижелері құқықтық шектен асып кетпеуі
тиіс;
басқару функциялары, яғни өкілеттіліктер нақты
лауазымдар мен
бөлімшелер арасында лауазымдық нұсқаулар жасау арқылы бөлініп берілуі тиіс;
басқару шешімдері нақты әрі айқын қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін
әзірленіп, жүзеге асырылуы керек, сонымен қоса олардың нақты орындаушылары,
лауазымдары, бөлімінің атауы көрсетілуі керек. Басқару шешімінің мәтінінде немесе
қосымшасында оны орындауға қажетті қаражаттар, құралдар көрсетіледі;
басқару шешімдері талапқа сай рәсімделуі тиіс;
сол уақыттағы басым деп танылған бағыттағы шешімдер әзірленіп, қабылдануы тиіс;
бұрынғы қабылданған шешімдермен қайшылықта болмауы тиіс;
басқару шешімдері орындалуы мүмкін, қол жетімді болуы керек;
бақылау жасалуы тиіс;
кез-келген басқару шешімінің теріс салдары болады, бұл жүйенің күрделілігімен
байланысты. Теріс ықпалдарды азайту жолдары ескерілуі тиіс;
басқару шешімін дайындап, жүзеге асыратын персонал қызметін белсендіретін
жағдайдың бірі ретінде басқару шешімінің күтілетін оң нәтижесі көрсетілгені дұрыс.
Бұл талаптарға қол жеткізу шарттары:
өзін- өзі бақылау немесе заңгердің бақылау жүргізуі;
жеке бөлімдер туралы лауазымдық нұсқаулықтар мен ережелер әзірлеу;
басқару шешімін әзірлеуші немесе жүзеге асырушы әр қызметкер мақсат, орындалу
мерзімі, қолданылатын ресурс көлемі жөнінде хабардар болуы керек;
заңгер, т.б мамандар тарапынан бақылау жасау;
жетекшінің білімі, интуициясы, ситуацияны шынайы бағалауы;
заңгер мен референт тарапынан бақылау;
мамандардың, сарапшылардың қортындысы;
аудит жүргізу, тексеру;
сарапшылардың баға беруі, тәуекелді бағалау;
есептеулер жүргізу, болжамдар жасау.
Басқару шешімдерін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру барысында шешімдерді іске
асыру технологиясының толыққанды сақталуына және шешімдердің жүзеге асыруда
тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Басқарушылық шешімдердің басқа шешімдерден ерекшеліктері қандай?
2. Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні неде?
3. Басқару шешімдерінің басқару қызметіндегі ролі қандай?
4. Басқарудың функциялары қандай?
5. Басқару шешімдеріне қандай талаптар қойылады?
7
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Абчук В.А. Лекции по менеджменту: Решение. Предвидение. Риск/ В.А. Абчук. –
СПб.: "Союз", 1999. - 336 с.
2. Бердалиев К. Менеджмент: Лекциялар курсы/ К. Бердалиев. - Алматы: Экономика, 2005. -
240 б.
3. Бердалиев К. Менеджмент: Курс лекций/ К.Бердалиев. - Алматы: Экономика, 2005. - 238 с.
4. Вдовин А.И. Мудрые мысли о менеджменте (управлении): Учебно-практическое пособие/
А.И.Вдовин, Ю.А.Савельев, В.А.Заренков. - СПб.: "Бизнес-пресса", 2000. - 352 с.
5. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В. Зубарева,
В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с.
2 тақырып. Басқару шешімдерінің типологиясы
Дәріс жоспары:
1. Басқару шешімдерінің жіктелуі
2. Мемлекеттік басқару саласындағы шешімдер
1. Басқару шешімдерінің тиімділігі шешімдердің сапасын арттыруда оларды
әзірлеудің әдіснамалық негіздерін, жіктемесін білу маңызды.
Басқару шешімдерін басқару циклінің сатысы, функционалдық мазмұны, шешілетін
міндеттердің және ұйымдастырылуының сипаты,басқару иерархиясы, шешімнің туындау
себебі, әзірлеу әдісі, уақыты т.б. бойынша топтастыруға болады:
Басқару шешімдерінің жіктелуі
1 1. Басқару циклінің сатысына байланысты
бастапқы,
реттеуші,
түзетуші
2 2. Функционалдық мазмұны бойынша
жоспарлы шешім,
ұйымдастырушы шешім,
бақылаушы шешім,
болжам жасаушы шешім
3 3. Шешілетін міндеттердің сипаты бойынша
экономикалық шешім,
ұйымдастырушылық сипаттағы шешім,
технологиялық шешім,
экологиялық шешім.
4 4. Басқару иерархиясы бойынша
тұтас жүйе деңгейіндегі шешім,
шағын жүйелер деңгейіндегі шешім,
жүйенің жеке элементтері негізіндегі шешім.
5 5. Шешімнің туындау себебіне байланысты
ситуациялық шешім;
жоғары тұрған органдардың нұсқауымен жасалған
шешім;
бағдарламалық шешім (басқару объектісінің
бағдарламалық-мақсаттық іс-шаралардың құрылымына
енгізілуіне байланысты);
инициативалық (бастамашыл).
6 6. Әзірлеу әдісі бойынша
графикалық;
математикалық;
эвристикалық
(эксперттер
бағасын,
сценарий
әзірлеумен,
ситуациялық модель әзірлеумен байланысты).
7 7. Ұйымдастырылу сипаты бойынша
қатаң шешімдер;
бағытталған шешімдер;
икемді шешімдер;
нормативтік шешімдер.