Сабақтың мақсаты: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының біріктіруші ролін анықтау



жүктеу 18,63 Kb.
Дата21.01.2022
өлшемі18,63 Kb.
#34111
түріСабақ
ҚТ - 24


Пән атауы: Қазақстан тарихы

Дайындаған оқытушы: Жұмашева Г.Ш.

«24» 11. 2020 ж.



Курс: 1. Тобы: ЮК-20-01

Сабақтың мақсаты: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының біріктіруші ролін анықтау.

Тақырып: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы.

Бүгінгі сабақта:

• қазақ қоғамындағы ру-тайпалық ұйым;

• Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз туралы білеміз.

Қазақтардың рулық бірлестіктері олардың этнос ретінде қалыптасуы мен бірлесе өмір сүруіне мүмкіндік берді. Олардың саяси ұйымы рулардың шежірелік сатылары түрінде құрылды. Атауларынан көрініп тұрғандай, жүздердің өзі сатылардан тұрады. Беделді (жолы үлкен, аға) рулар қазақ мемлекетінің жетекшілері ретінде әрекет етті. Әскери қауіп төнгенде, жүздер бір ханның басшылығымен ұйымдасып, ортақ әскер шығарды. Бейбіт уақытта олар барлық мәселені жүздің ішінде, қажеттігіне қарай жалпы жиналыс - құрылтай шақыра отырып шешуге тырысты.

Үш жүздің - Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүздің әрқайсысы өз аумағында мекендеді. Үш жүздің қазақтары өздерінің туыстығын, сондай-ақ қазақтың этникалық аумағы мен тілінің біртұтастығын ұғынды. Бұл шежіремен бекітілді, оған сәйкес қазақтар Алаш болып бірігеді. Ал ағайынды Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс Ұлы, Орта және Кіші жүздердің түпкі аталары саналады. Қазақтар арасында «тегі бір екендігі» туралы түсінік сақталған.

Ұлы жүз. Ұлы жүз қазақтары Жетісу мен одан батысқа қарайғы жерлерді иеленді. Олардың көшіп-қонуы солтүстігінде Балкашка дейін, оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шань қыраттарына дейін, шығысында Жоңғар Алатауы мен Тарбағатайға дейін жетіп, Іле өзені мен оның салалары алабында орналасты. Ұлы жүздің қысқы жайылымдары жазықта, жазғы жайылымдары Алатау тауларында болды.

Ұлы жүз мынадай рулардан құралды: жалайыр, дулат, сары үйсін, шапырашты, албан, суан, ошақты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, ысты.

Жалайыр тайпасынан ертеде моңғол әскерінің атақты әскербасылары шыққан, кейін жалайырлар Ұлы жүздің үлкен руларының біріне айналды. Ұлы жүздің аса ірі тайпасы - дулат. Дулаттар бүкіл Жетісуға кеңінен таралып қоныстанған ірі тайпа болды.

Далалық тайпалардың бірі – үйсіндер Жетісуда біраз уақыт саяси үстемдік орнатты. Кейін олар Ұлы жүз қазақтарына өз атауын қалдырды (кейде Ұлы жүз үйсін деп айтылады). Шежіреге сәйкес, осы жүздің мифтік түпкі бабасының аты Үйсін болған.



Орта жүз. Орта жүз қазақтары Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан аумағын иеленді. Оларға орасан алыс қашықтықтарға көшіп-қону тән болды. Орта жүз тайпаларының шығу тегі, негізінен, қыпшақтық саналғанымен, оған Шығыс Дешті Қыпшақтың әртүрлі тайпалары қосылған. Орта жүз руларының атаулары өзбек, ноғай, қарақалпақтар мен басқа да түркілік халықтардың арасында кездесетін этнонимдерге ұқсас.

Арғындар - жүздің аса ірі тайпалық бірлестігі, олардың көшіп-қонатын жерлері Сарыарқа кеңістігінде орналасты. Арғындарда әртүрлі генеалогиялық аңыздарға сүйенген күрделі құрылым болды.

Наймандар Қазақстанның шығыс бөлігінде, Алтайдан Жетісу (Жоңғар) Алатауына дейінгі жерлерде және бүгінгі Қызылорда облысының аумағында көшіп-қонып жүрді.

Орта жүз руларының бірі қыпшақтар арғындар қонысынан батысқа қарай, Тобылдан бастап Сырдарияның төменгі ағыстарына дейін көшіп-қонып жүрді. Қазақ қыпшақтары ортағасырлық қыпшақтардың тікелей ұрпақтары болып табылады.

Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда (Ертіс жағалауы мен Батыс Алтайда) керейлер көшіп-қонып жүрді. Олар керейттер ұрпақтары болуы мүмкін, алайда жергілікті ру болуы да мүмкін деген болжамдар да бар. Керей этнонимі басқа да қазақ тайпаларының құрамында кездеседі. Керейлерге туыстас уақтар Қазақстанның солтүстігінде, Торғайдан Алтайға дейінгі аралықта көшіп-қонды.

Орта жүз аумағының оңтүстік бөлігін ірі ру қоңырат иеленді. Кунграт атауы ортағасырлық жазба дереккөздерде өте жиі аталады.



Кіші жүз. Кіші жүз қазақтары үш ірі ру-тайпалық бірлестікке әлімұлы, жетіру, байұлына біріккен. Олар бүкіл Батыс Қазақстан аумағын иеленді.

Алты ата әлімұлы бірлестігіне шекті, төртқара, шөмекей, кете, қаракесек, қарасақал рулары енді.

Кіші жүздің екінші ру-тайпалық бірлестігі жетіру болды. Ол жеті рудан: табын, тама, кердері, төлеу, керейт, жағалбайлы, рамаданнан тұрады. Байұлы бірлестігі – Кіші жүздегі ең көп санды бірлестік.

Байұлы тайпалары Жайық және Ембі өзендерінің аралығы мен Үстіртті иеленді. Байұлының құрамына он екі ру: шеркеш, ысык, байбақты, масқар, алаша, қызылқұрт, тана, алтын-жаппас, беріш, есентемір,таз, адай кіреді. Шежіреге сәйкес, олардың бәрі Қадырқожа «бай ұлдарының ұрпақтары саналады.



Қорытынды. Қазақтардың ру-тайпалық жүйесі маңызды рөл атқарды, өйткені ол қазақтардың этнос ретінде ұйымдасуы мен бірлесе өмір сүру тәртібін реттеді. Осылайша Даладағы тәртіп пен қазақ мемлекеттілігінің өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Қазақтардың саяси ұйымы Үш жүзге біріккен ру мен тайпалар иерархиясы түрінде құрылды. Ұлы, Орта және Кіші жүздер ортақ шежірелік дәстүрмен Қазақ елі болып бірікті.

Үйге тапсырма:

1. Қазақ этносы қандай үш жүзге бөлінді?

2. Ұлы жүз тайпаларының этногенезі туралы әңгімелеңдер.



3. Орта жүз тайпалары туралы әңгімелелер

4. Кіші жүз тайпалары туралы әңгімелеңдер.
жүктеу 18,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау