Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет41/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66

91
 
 
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі
Қалыптастыру
кезеңдері
Мазмұны
Құралдары
Әдістері
Формалары
Рефлексиялық
Танымдық
Жобалаушылық
Диагностика
Базалық, бейіндеуші пәндер 
бағдарламаларына қосымшалар 
мазмұны
Педагог менеджер 
үйірмесі: шағын курс, 
оқу жоспарынан тыс 
практика,  тәрбие іс-
шаралар
Компьютер, тест, 
проектор 
Тестілеу, сауалнама, 
әңгіме, сұрақ жауап 
Ойындар,
тренингтер
Оқытудың тәрбиелік 
интербелсенді әдістері
Электрондық техника, 
дидактикалық 
материалдар
Дәріс-конференциялар, 
менеджерлік шеберлік сағаттары, 
мерекелік кештер, көшбасшы 
сайысы
Фестиваль, 
апталықтар, 
көрмелер
Ақпараттық құрылғылар, 
оқу кітаптары, постерлер
Жобалау, 
презентациялау
1
Педагогикалық шарттарды жүзеге асыру
 
          
 Сурет 6 -  Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі 


92
 
 
Жоғары  оқу  орны  басшылығымен  оқытушы  профессорлар  тарапынан 
студенттердің  басқарушылық  құзыреттілігінің  қалыптасу  деңгейін  айқындауға 
және олардың алдағы уақытта одан әрі дамуы бойынша нақтылы ұсыныстарды 
қалыптастыру  бағытында  таныстыру  сипатына  ие  әдістерді,  амалдар  мен 
құралдарды пайдалану негізінде жүзеге асырылады. 
Студенттердің  басқарушылық  құзыреттілігінің  қалыптасу  деңгейін 
айқындауға арналған сауалнама, олардың білім берудегі басқарушылық, соның 
ішінде  оқушының,  сынып  ұжымының  дамуын  басқарудың  маңыздылығын 
түсінуі мен өздерінде басқарушылық құзыреттілікті  дамытуға ұмтылуын, яғни 
гуманды  басқарушылыққа  оң    қарым-қатынасының  болуын;  басқарушылық  
саласынан  білімі  мен  басқаруды  феномен  тұрғысынан  түсінуін  зерттеуге 
бағытталған; басқарушылық құзыреттілігін таныта алуы, өзінің басқарушылық  
әрекеттерін  жете  түсінуі  мен  өздігінен  бағалай  алу  деңгейін  анықтауға 
бағытталған.  
Студенттердің  ізгілікті  басқарушылыққа  құндылықтарға  оң  қарым-
қатынасының  болуын    айқындау  барысында  «Студент  және  менеджер»  атты 
сауалнаманың  «Сіздің  менеджерлікті  үйренгіңіз  келе  ме  және  қайда?»  деген 
сұрағына  қатысушылардың  91%  –  үйренгісі  келетіндігін,  олардың  32%  – 
сабақтарда, 21,9% -элективтік курстарда; 20,7% –оқудан тыс іс-шараларда, 16,4% 
–арнайы 
іс-шараларда 
үйренгісі 
келетіндігін 
айтты. 
Сонымен 
бірге,студенттердің 
9% 
басқарушылықты 
үйренгісі 
келмейтіндіктерін 
жасырмады.    Олармен  болған  сұхбатбасқарушылыққа  қызығушылықтарының 
жоқ  екендігін  көрсетті.  «Менеджерлік  сапаңыздыкөрсете  аласыз  ба?»  деген 
сұраққа жауап бергендердің 65,3% менеджерлікті көрсеткісі келетіндігін, оның 
үстіне  жалпы  жауап  бергендердің  26,5%  менеджерлік  сапасын  нақты  бір 
жағдайларда  көрсете  алғандығын  айтса,  8,2%  менеджер  болғысы 
келмейтіндіктерін  білдірді.
 
Болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігі    қалыптасқандығын 
айқындауға арналған сауалнаманың бірі – олардың педагогикалық менеджмент, 
басқарушылық  құзыреттілік  саласынан  білімінің  толықтығы.  Университет 
оқытушылары  қатысқан  педагогикалық  сараптама  студенттердіңбілім  берудегі 
басқарушылық  саласынан  ақпараттану  деңгейінің  төмен  екендігін  анықтады. 
Сарапшылар,  студенттердің  менеджмент  туралы  түсініктері  болғанымен, 
олардың  басым  бөлігі  педагог-менеджер  болудағы  маңыздылығын  жете 
түсінбейтіндігін,  басқарушылық  стильдерін,  атқаратын  қызметтерін,  рөлін, 
ерекшеліктері туралы түсініктері жоқтығынатап көрсетті.  
Олардың  басқарушылық  құзыреттілік  туралы  түсініктерін  және  оның 
түрлерін  ажырата  алатындықтарын  айқындау  мақсатында  өзіміз  құрастырған 
педагог-менеджер  тұлғасы  құрылымынан  студенттерге  барынша  түсінікті 
саналатын басқарудағы   ұйымдастырушылық құзыреттілік    жиынтығы  мұқият 
оқуға  ұсынылды.  Сондай-ақ  олардың  ұсынылған  сапалар  арасында    менеджер 
болу үшін қай сапалар маңызды емес деп есептегендерін  сызып тастауларына 
болатындығы айтылды.  


93
 
 
Сауалнаманың  нәтижесі  бойынша  студенттердің  көпшілігі  (93,2%) 
менеджер рөліне сайлану үшін белсенділік, бастамашылдық, табандылық, өзін-
өзі  ұстай  білу,  еңбекқорлық,  ұйымшылдық,  байқағыштық  (қырағылық), 
дербестік, көпшіл болу,  зияттылық т.с.с. сияқты 10 сапаны баса көрсетті.  
Одан  соң,  студенттерге  ұсынылған  басқарушылық  сапаларының  25  түрі 
ішінен  олардың  пікірінше  қазіргі  заман  менеджері    үшін   маңызды  саналатын 
түрлерін  көрсету  ұсынылды.  Сұрақтардың  жауаптарын  талдай  келе,  
менеджерлік  сапалардың  мына  түрлері  студенттер  үшін  көбірек  таныс  болды: 
«сендіре  алу  шеберлігі»  –  91%  студент  (231)  көрсетті;  «эмоционалды 
тартымдылық»  –82,3%  студент  (209)  көрсетті;  «өзіне  деген  сенімділік»  – 
менеджерге  тән бұл қасиетті 69,7 % студент (177) көрсетті; «білімдарлық» – бұл 
сапаны  65%  (165)  студент  таңдады;    «толеранттылық»  –  менеджерге    тән  бұл 
сапаны  тізімге  62,3%  (158)  студент  қосты;  «ұжымда  оң  ахуал  орната  алу 
шеберлік» сапасын 56,3 % студент (143) көрсетті. 
Сауалнама алу кезінде студенттер басқарушылықтың 11 сапа түрін (көпшіл 
болу,  белсенділік, бастамашылық,  ұйымдастырушылық,  дербестік,  сендіре  алу 
шеберлілік, толеранттылық, білімдарлық, өзіне деген сенімділік, эмоционалды 
тартымдылық,  ұжымда  оң  ахуалорната  алу  шеберлігі)  жақсы  білетін  болып 
шықты.  
Экспериментке қатысушылардың басқарушылық құзыреттілігін көрсете алу 
деңгейін анықтау үшін олардың әртүрлі оқу барысындағы, аудиториядан тыс іс-
әрекеттеріндегі,  ғылыми  және  т.б.  студенттік  қызметтеріндегі  белсенділіктері 
бақыланды.   
Бақылаудың  нәтижелері  басқарушылық  құзыреттілігінің    көрінуінің  орта 
және төмен деңгейлерінің  басымдығын көрсетті.   
Экспериментке қатысушыларға бақылау жасау кезінде, олармен әңгімелесу 
барысында,  олардың  оқытушылар  мен  эдвайзерлерімен  пікір  алмасу  кезінде 
студенттерге  айналадағы  ортамен  қарым-қатынас  орната  білу  тәжірибесі 
жетіспейді деген шешімге келдік. Мысалы, белсенділігі жоғары  студенттердің 
(Аружан,  Сара және т.б) топтық тапсырмаларды біргелікті жасау кезінде басқа 
да    студенттердің    әлеуеті  елемейді.  Олардың  мүмкіншіліктері  жетпейтін 
тапсырмаларды,  қарсыласқанына  қарамай  тапсырған.  Ал  тағы  біреулері 
(Айшолпан,  Сабира  және  т.б)  командалық  дауыспен,  оларды  сескендірумен, 
кейбір қоғамдық, мерекелік шараларға мәжбүрлі қатыстырып отырған. Олар өз 
тобындағы құрбыларынан қолдау таппаған.  
Экспериментке  қатысушылардың  тағы  бірі  басқарушылық  құзыреттілігі 
қалыптасуының  орта  және  төмен  деңгейін  байқатты.  Олар  топтық  жұмыс 
барысында  белсенділік  танытпай,  ынтымақтастықта  қарым-қатынас  жасау 
әрекеттерін көрсете алмады. Басым бөлігінде ортақпікірге келе алмады, бірінің 
ойына екіншісі мән бермеді.  Олар өз ойларын  қорғап шығуға ұмтылған да жоқ. 
Практикалық  жұмыстар  мен  оқудан  тыс  іс-шараларға  әзірлік  барысында 
оқытушылар  мен  эдвайзерлер  осындай  көрсеткіш  көрсеткен  болашақ 
педагогтарды  жауапкершілікті  істергежауапты,  ұйымдастырушы  етіп  қойды. 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау