Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет37/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66

82
 
 

БОЛАШАҚ 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ 
БАСҚАРУШЫЛЫҚ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ТӘЖІРИБЕЛІК-
ЭКСПЕРИМЕНТ  ЖҰМЫСЫ 
 
2.1 
Болашақ 
педагогтардың 
басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың  диагностикасы 
Ғылыми зерттеулердің, соның ішінде  педагогикалық зерттеу еңбектерінің 
маңызды  құрамдас  бөлігі  –  бұл  теориялық  тұжырымдарды  эксперименттік 
тексеру.  Эксперимент  эмпирикалық  зерттеудің  әдісі  ретінде  шетелдік  және 
отандық  [182-187]  ғалымдар  тарапынан  жан-жақты  қарастырылған. 
Эксперимент  –  зерттеу  мақсатына  сәйкес  келетін  жаңа  жағдайларға  белсенді 
түрде  әсер  ету  немесе  үдерістің  ағынын  қажетті  бағытта  өзгертуде  кейбір 
құбылыстарды зерттеу [188, с.558]. 
Ю.К.Бабанский 
педагогикалық 
экспериментті 
педагогикалық 
болжамдардың  шынайылығын  объективті  түрде  дәлелдеуге  арналған  зерттеу 
әдістерінің  жиынтығы  деп    түсіндіреді  [166,с.100].  Біз  де  теориялық 
тұжырымдарымыздың  тиімділігін  дәлелдеуде  экперименттің  маңыздылығын 
ескере  отырып,  Д.Ф.Ильясовтің  педагогикалық  эксперимент  зерттеушіге 
«педагогикалық  құбылыстар  мен  үдерістердің    мәніне  енуге,  олардың  қажетті 
жағдайда  қайталануын  қадағалауға,  бақылаулардың  нәтижесін  өлшеуге 
мүмкіндік береді», – деген анықтамасын негізге аламыз [189, с.61].  
Демек,  тексерілетін  факторлардың  әсерінен  орын  алатын  білім  беру 
үдерісіндегі  өзгерістерді  қадағалаудың  қажеттілігі  туындайды.  Біздің 
жұмысымыздағы  осындай  факторлар  –  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастыру  моделі  және  оның 
тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  біз  әзірлеген  теориялық  тұрғыдан  негізделген 
педагогикалық шарттар жиынтығы. Сондықтан, зерттеудің келесі кезеңі – қазіргі 
педагогикалық  университеттің  нақты  оқу  үдерісінде  болашақ  педагогтың  
басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастыру 
моделінің 
тиімділігін 
эксперименттік  тексеру.  Яғни,  бізге  нақты  педагогикалық  эксперимент 
ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. 
Эксперименттің негізгі процедураларының реттілігі мен мазмұнын анықтау 
кезінде  педагогика  ғылымның  дәстүрлі  логикасына  сүйене  отырып, 
педагогикалық эксперимент құрамын айқындау, қалыптастыру, қорытындылау 
кезеңдеріне бөліп қарастырдық.   
Айқындау  эксперименті  кезеңінің  мақсаты  –  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындары  студенттерінде  қалыптасқан  басқарушылық  құзыреттілік  дәрежесін 
бағалау, ал қалыптастырушы эксперимент – авторлық жүйені қолдану және оны 
тиімді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.  Эксперименттің әр кезеңі белгілі 
бір  мәселелердің  шешілуін  қамтамасыз  етеді.  Осылайша,  айқындау  кезеңінің 
міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: 
-  экспериментті  құру  (эксперимент  жүргізудің  тәжірибелік  жоспарын 
анықтау,  оны  іске  асырудың  негізгі  процедураларын  жасау,  экспериментке 
қатысушыларды  анықтау,  сараптамалық  топты  анықтау,  өлшемдер    мен 


83
 
 
көрсеткіштерді 
жүйелеу, 
диагностикалық 
тапсырмаларды 
әзірлеу,  
диагностикалық әдістер мен әдістемелерді таңдау және т.б.); 
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптасқандығының деңгейін бағалау. 
Біз жүргізген эксперименттегі қалыптастыру кезеңінің міндеттері: 
- жоғары кәсіптік білім беру саласындағы педагогикалық мамандықтардың  
жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандартына,  типтік  оқу  жоспарына;    базалық 
және  бейіндеуші  пәндердің  типтік  оқу  бағдарламаларына;  оқу-әдістемелік 
кешеніне талдау жасалды
-  студенттердің  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастыру  бойынша 
педагогикалық  мамандықтарда  оқытылатын  базалық    (Педагогика,  Білім 
берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі), бейіндеуші 
пәндердің  (Бағалаудың  өлшемдік  технологиялары)    бағдарламарына 
қосымшалардың  мазмұны  жасалды  және  олар  практикада  студенттерге 
оқытылды; 
- студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың оқудан тыс 
іс-шаралар жоспары жасалды, іске асырылды
-  студенттердің  басқару  іс-әрекетінде  білім  беру  субъектілерінің 
өзараәрекеттестігін 
жүзеге 
асыру 
іскерліктерін  дамыту 
мақсатында  
педагогикалық практиканың мүмкіндіктері пайдаланылды; 
-  модельдің  және  оның  құрамындағы  педагогикалық  шарттардың 
тиімділігін  бағалау  (болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігі 
қалыптасқандығының деңгейін анықтау) жүргізілді, кесінділер алынды. 
Эксперименттің қорытындылау кезеңінде:  
      - болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының 
динамикасы тексерілді, кесінділер алынды; 
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің тиімділігі туралы біздің тарапымыздан 
әзірленген модельдің ықпал  ету дәрежесі айқындалды. 
Біз ұсынған эксперименттік жұмыс сызбасы 5-суретте көрсетілген. 
Осылайша,  экспериментті  ұйымдастыру  эксперименттік  жоспарға  сәйкес 
бақылау және эксперименттік топтарды пайдалану, бастапқы және қорытынды 
тестілеу,  сондай-ақ  бастапқы  деректерді  жазып,  әрбір  топтағы  өзгерістер 
динамикасын  қадағалайтын  аралық  кесінділерді  жүзеге  асыру  негізінде 
жүргізілді. 
2016-2017  жылдар  аралығында  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 
университетінің оқу үдерісінде біз әзірлеген модельдің тиімділігін тексеру және 
оның  тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  жағдайды  анықтау  мақсатында 
ұйымдастырылған  педагогикалық  эксперимент  өткізілді.  Экспериментке  
5В011000–Физика,  5В011700–Қазақ  тілі  және  әдебиеті  мамандықтарының 
екінші  және  үшінші  курс  студенттері  қатысты.  Педагогикалық  экспериментті 
жүзеге асыру үшін бақылау (БТ) және эксперимент (ЭТ) топтары құрылды.  
 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау