Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет49/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66

109
 
 
Кесте 14 - Сабақтарда басқарушылық құзыреттілікті дамыту кезеңдік құрамдары 
 
 Басқарушылық құзыреттілікті дамыту 
үдерісінің құрылымдық бөліктері 
Мазмұны 
1. Диагностикалық 
Студенттердің басшылық қызметке қатысты 
пікірлерін анықтау 
2. Мақсаттық 
Басқарушылық білімнің негізгі деңгейін 
қалыптастыру (пәндік білім мен дағдылар
құндылықтар, сапа және т.б.). Кәсіби маңызды 
қасиеттерді дамыту 
3. Мазмұндық 
Бағдарламаға қосымшалардағы тақырыптар 
мазмұны 
4.Ынталандырушы-мотивациялық 
Мұғалімнің басқарушылық қызметіне 
қызығушылықты дамыту, басқару 
құзыреттілігін дамытуға бағыттау 
5. Іс-әрекеттік 
Белсенді оқыту әдістерін қолдану, 
басқарушылық құзыреттілікті дамыту үшін 
шағын топтарда жұмыс жасау 
6. Бағалаушылық 
Басқарушылық құзыреттілік деңгейін 
дамытудың диагностикасы. 
Өзін-өзі диагностикалау 
 
Барлық  тапсырмалардың  орындалуы  нәтижесінде  студенттерге  оқушыны, 
сыныпты  дамыту  стратегиясын  қалыптастыру  және  педагогикалық  іс-әрекетте 
басқару  дағдыларын  қолдануды  қоса  алғанда,  кіріктірілген  дағдылар  берілуі 
керек.  Практикалық  менеджмент  бойынша  оқыту  –  педагогтар  мен 
технологтарды оқыту үдерісінің бөлігі, сондай-ақ кәсіби мектеп мұғалімдерінің 
біліктілігін  арттыру,  қайта  даярлау  үдерісі.  Практикалық  менеджменттің 
әдістерін  пайдалану  студенттерді  оқыту  үдерісінде  шешімдерді  дайындау  мен 
қабылдауда тұрақты дағдыларды игеруге бағытталған. 
Практикалық  сабақтардың  жалпы  мақсаты  төмендегідей  болуы  мүмкін: 
үйренушілердің  мінез-құлқын  дұрыс  бағытта  өзгерту;  әрбір  студенттің,  топ 
жетекшісінің  және  мүшесінің  сапасын  арттыру;  өзара  дұрыс  қарым-
қатынастардың  орнамау  себептерін,  жасырын  шиеленісті  және  эмоцияларды 
анықтауға  үйрету.  Барлық  практикалық  сабақтар  бірыңғай  принцип  бойынша 
құрылады.  Құрылымның  логикасы  басында  анықталған  сабақтың  мақсатына 
негізделеді,  содан  кейін  нақты  жағдайдың  сипаттамасы  беріледі,  содан  кейін 
сабақты өткізу тәртібі анықталады және оқытудың бағалау кезеңі міндетті болып 
табылады.  Рөлдік  ойындарда  мұғалім  қатысушыларға  рөлдерді  бөліп  береді. 
Егер қатысушылар саны рөлдерден көп болса, қалған ойыншылар сарапшылар 
рөлін  атқарады.  Рөлдік  емес  ойындар  қандай  да  бір  жағдайдың  белгілі  бір 
ережелерін талқылауға негізделген [198, с. 10]. 
Болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  білім  беру  жүйесіне  басқару  элементтерін 
органикалық енгізу мәселесінде, барынша нәтижелі оқу нәтижелерін алуда және 
бір уақытта бітірушілердің жаңа кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуде 
мәселе  туындайды.  Болашақ  мұғалім  мұны  қалай  жасау  керектігін  біліп  қана 


110
 
 
қоймай,  сонымен  қатар  оны  өзі  жасай  білуі  керек.  Бұл  жағдайда  оның  білімі 
оқытудың тиісті тәсілдері мен әдістеріне негізделуі керек. 
Студенттерге проблемаларды шешу жолдарын және проблемаларды қалай 
шешуді үйрету керек, шабыттандыру, ынталандыру, мотивация беру, сұрақтар 
қою, үйренушінің жұмысын басқару дегенді білдіреді [199, с. 179]. Халықаралық 
және  отандық  тәжірибеде  оқытудың  кіріктірушілік  нысаны,  белсенді  оқыту 
технологиялары практикалық басқаруды зерттеуге тән болып келеді. 
А.К.Казанцев  жоғарыда  аталған  басқару  құралдарын  кәсіби  білім  беруде 
пайдаланудың үш негізгі бағытын анықтайды:  
-  түрлі  факторларды  ескере  отырып,  белгілі  бір  жағдайларда  басқару 
шешімдерін қабылдау;  
-  әзірленетін  ұйымдық  жобалар  шеңберінде  жаңа  және  жетілдірілген  ескі 
жүйелерді жобалау;  
-  басқару  проблемаларын  ғылыми  зерттеу,  әртүрлі  ұйымдық  жүйелердің 
сипаттарын талдау және ұйымның жеке іс-әрекеттерін дамыту үшін болжамдар 
жасау [200, с. 42]. 
Анықталған  басқару  құралдарының  әрқайсысы  өзінің  ерекшелігіне  ие 
болады және арнайы қолдану талаптарын талап етеді. 
Іскерлік  (басқару)  ойындары  басқару  жүйелерін  немесе  олардың  жеке 
элементтерін ықтимал басқару шешімдерін ойнау және оларды жүзеге асыруда 
күтілетін нәтижелерді бағалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл – күрделі кешенді 
басқару  тапсырмаларын  және  проблемаларды  шешу  үшін  пайдаланылатын 
басқару шешімдерінің әдісін дайындау мен енгізуде көп уақытты алатын әдіс. 
Іскерлік  ойындардың  қатысушылары  өздері  белгілеген  немесе  әзірлеген 
ережелерге  сәйкес  білікті  сарапшылар  ретінде  әрекет  етеді.  Көбінесе, 
дайындалған басқарушылық шешімдерді терең және жан-жақты бағалау үшін, 
іскерлік ойындарға қатысушыларға рөлдерді симуляцияланған жағдайдың түрлі 
аспектілерінде бөлуді қарастырады. 
Халықаралық тәжірибеде белгілі «кейс-стади» әдісі – нақты жағдайлар әдісі 
отандық  оқытуды  басқару  практикасында  кеңінен  таралған  және  ұжымдық 
шешімдерді  іздестіруге  бағытталған  [202].  Практикалық  менеджмент  құралы 
ретінде  ол  топтық  жұмыс  әлеуетін  іске  асыруға,  корпоративтік  ойлау 
дағдыларын  игеруге,  ынтымақтастық  элементтерін  дамытуға  және  нығайтуға 
және  командалық  жұмысты  жеңілдетуге  мүмкіндік  береді.  Басқарудың 
практикалық  мәселелерін  шешу  әдісі  ұйымдық  жобалаудың  (ұйымдық 
құрылымдардың, бөлімшелердің және т.б.) жеткілікті типтік, жиі қайталанатын 
міндеттерін  шешу,  ұйымдастыру  жұмыстарын  жоспарлау  және  талдау  үшін 
алгоритмдер  әзірлеуді  және  енгізуді  қамтиды.  Бұл  құралдың  негізгі  міндеті  – 
белгілі бір ұйымда немесе нақты мамандармен ұқсас проблемаларды шешу үшін 
ресми рәсімдерді бөлу және бекіту [200, с. 97]. 
Жоғарыда  көрсетілген  барлық  оқыту  әдістері  кезіндегі  практикалық 
сабақтарда студенттерге тән жалпы мінез-құлық ережелері болады: 
1.  Топтың  барлық  қатысушылары  5-6  адамнан  уақытша  шығармашылық 
ұжымдарға (УШҰ) бөлінеді. 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау