Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет42/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66

94
 
 
Ұйымдастырушылық  дағдылары  аз  студенттер  бұл  тапсырмаларды  орындай 
алмайтындарын айтты.  
Сауалнама  нәтижелерінде  орта  көрсеткіштері  байқалған  болашақ 
педагогтар  өз  тапсырмасын  аяғына  жеткізе  алған  жоқ.  Біздің  зерттеуімізде  
41,5%өз ойларын қорғап, дәлелдей алмады, басқалардың пікіріне қосыла салуды 
жөн  көрді.  27,1%  топта  қолайлы  жағдай  туғызуда  қиналды;  (25,2%)топқа 
ықпалының  жоқ  екендігін  байқатты,  құрбыларын  жұмысқа  тарта  алмады, 
өйткені  өздерінің  оған  қызығушылығы  болған  жоқ.  38,6%-ыкөп  жағдайда 
шыдамсыздығын  көрсетті,  49%-ы  эмпатиясын  көрсете  алмай,  47,8%-ы 
толеранттылық  қарым-қатынасқа  аса  мән  бермеді,  оның  маңыздылығын 
түсінбеді. Аса белсенді және сәтті  студенттер белсенділігі төмен студенттерге 
назар  аудармады,  көнгіш  қатысушыларға  өзін  көрсетуге  мүмкіншілік  бермеді. 
Белсенді студенттердің көпшілігі, оларға «біреуге түсіндіріп, көмектесіп, қатесін 
жөндеп  жатқаннан»  гөрі,  негізгі  жұмысты  өздері-ақ  орындап  тастаған  оңайға 
соғатынын  айтты.  Кейбір  студент  менеджерлер  өз  тобының  студенттері 
арасында тапсырмаларды үлестіру барысында, оларға тапсырманың ұнайтыны-
ұнамайтыны  туралы  сұрап  жатпай-ақ,  ол  тапсырманы  орындауға 
қызығушылығының бар не жоқ екендігін білмей-ақ, тапсырманы беріп отырған. 
Бірқатар  экспериментке  қатысушы  студенттердің  педагог-менеджер 
болғысы 
келгенімен, 
оның 
тұлғалық, 
педагогикалық, 
менеджерлік 
құрылымының  мазмұнын  білмеді.  Оның  демократиялық  стиліне,  ізгілікті 
бағытының  мазмұнына  аса  мән  бермеді.  Болашақ  педагогтың    басқару 
құзыреттілігіндегі  эмпатия,  толеранттылық  қабілеттеріне  баса  назар  аударған 
жоқ.  Педагог-менеджердің  бойында  педагогикалық,  менеджерлік  білім,  білік, 
дағдылардың  болуы  қажеттігін  түсінгенімен,  ондағы  зияткерлік,  танымдық 
құрамына  көп  көңіл  бөлінбейтіндігі  байқалды.  Көшбасшылық  біліктерді 
білгенімен, оларды іс-шараларды ұйымдастыру, тапсырмаларды топта орындау 
барысында  көрсете  алмады.  Басқару  іс-әрекетіндегі  негізгі  құрамының  бірі 
коммуникативтік  біліктері  екендігін  біледі,  бірақ  оларды  практикалық  іс-
әрекетінде, жағдаяттарда көрсете алмайды.  
Сонымен  қатар,  оқытушылар  мен  эдвайзерлер  тарапынан  студенттермен 
қарым-қатынас жасауда тұлғалық-бағдарлық қарым-қатынас принципі негізінде 
құрастырғысы келетіндігі анықталды, мұндайда басқарушылық құзыреттіліктің 
қалыптасу  үдерісі  кезінде  студент  пен  оқытушының  (эдвайзердің)  арасында 
бірлескен өзара әрекеттестіктің оңтайлы әсері пайда болатыны анықталды. 
Сауалнама  жүргізу  нәтижесі  бойынша,  бір  жағынан,  студенттердің 
басқарушылық  құзыреттілікті  дамытуға  талаптануы  айқындалды,  ал  екінші 
жағынан  олардың  білім  берудегі  басқару,  соның  ішінде  оқушының  жеке 
тұлғасын, сынып ұжымын басқаруға, яғни олармен өзараәрекеттестік негізіндегі 
диалогке 
даярлығы 
саласынан 
білімдерінің 
аздығы, 
басқарушылық 
құзыреттілігін  көрсете  алу  мен  өзінің  менеджерлік    қабілеттерін  бағалай  алу 
деңгейлерінің төмендігі анықталды (2.3 параграфта баяндалады).  


95
 
 
Болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастырудың 
жоғарыда баяндалған әдістемесінің тиімділігінің динамикасы келесі параграфта 
баяндалады.  
 
2.2    Болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігін 
қалыптастыру әдістемесінің мазмұны 
Қазіргі уақытта заманауи мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін дамыту 
–  болашақ  педагогтарды  даярлау  мақсаттарының  бірі.  Басқарушылық 
құзыреттілікке  ие  мұғалім  әлеуметтік  және  білім  беру  жүйелерін  жобалау, 
әзірлеу  және  әлеуметтік-педагогикалық  жүйені  басқару  жұмыстарымен 
айналысады. Бір жағынан, бұл жүйелер қоғамның және өндірістің мақсаттары 
мен міндеттерін қанағаттандыруы керек, ал екінші жағынан, қазіргі заманғы оқу 
орнының педагогикалық үдерісінде білім алушылардың жеке психикалық және 
әлеуметтік  дамуын  басқарудың  бірыңғай  жүйелік  мақсаттары,  қағидаттары, 
құралдары, технологиялары бар арнайы әзірленген кешенді оқыту тәжірибесін 
қамтамасыз етуі қажет.   
Тұлғаның  дамуы  бақылаудың  әсер  етуі  нәтижесінде,  сондай-ақ 
генетикалық-табиғи және әлеуметтік бақыланбайтын факторлардың адамға әсер 
етуі  нәтижесінде  туындайды.  Бұл  адам  болу,  ал  жеке  тұлғаны  қалыптастыру 
үдерісі  дамуының  нәтижесі  [193,  с.  56].  Дамудың  сипаттары  өзгерістің, 
заңдылықтың  және  бағыттың  қайтарымсыздығы  болып  табылады.  Дамудың 
нәтижесінде  объектінің  жаңа  сапалы  жағдайы  пайда  болады.  Б.Г.Ананьевтің 
пайымдауынша, адамның дамуының түпкілікті өнімі – бұл өзінің жеке өміріне 
ие болуы, өмір жолын дербес және саналы теңестіруге айналдыруы [123, с. 260]. 
Адам  болуы  тиіс  өзгерістерді,  ең  алдымен,  білім  мазмұнын  меңгеру  арқылы 
жүзеге асыратынын атап өту маңызды. Ол педагогикалық үдерісте қажетті және 
маңызды байланыс ретінде әрекет етеді. Білім беру мазмұны оқушылардың оқу 
үрдісінде  игерілуі  тиіс.  Адам  педагогикалық  тұрғыдан  айқын  бағытта  дамып, 
қоғамның ұсынған білім мазмұнын белсенді түрде игергенде ғана дамиды [193, 
с. 65]. 
Н.Е.Эрганова 
«Кәсіби-педагогикалық 
технологиялар» 
білім 
беру 
бағдарламасында  мамандарды  даярлауды  зерттей  отырып,  өзінің  ғылыми 
мақалаларында басқарушылық құзыреттілікті меңгерген мұғалім-технологтарды 
даярлаудың  өзектілігін  анықтайды.  Бұл  бірқатар  жағдайлардан  талап 
етілетіндігін көрсетеді:  
-  қоғамды  заманауи  басқарудың  маңызды  құралы  ретінде  әлеуметтік 
технологияны қарқынды дамыту;  
        - 
педагогикалық 
өндірістің 
және 
педагогикалық 
іс-әрекетті 
технологияландыру;  
-  кәсіби педагогикадағы қарым-қатынас үрдістерінің рөлін күшейту; 
-  кәсіби білім беру мұғалімінің қызметінде болған өзгерістер [194, с. 34]. 
Ғылыми-технологиялық  үдеріс  тек  өндірістің  көптеген  салаларын  ғана 
емес,  мәдениет  саласын,  гуманитарлық  білім  салаларын  да  басып  озды.  Білім 
беру  технологиясы  мәселесіне  деген  қызығушылық  түрлі  мүдделерге 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау