Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет43/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66

96
 
 
байланысты: кейбір ғалымдар дәстүрлі түрде инновациялық бағытты қолдайды
басқалары  білім  берудің  жай-күйіне  алаңдайды;  басқалары  технологиялық 
үдеріс  жаңа  мәселелерді  сапалы  шешу  үшін  білім  беру  дамуының  кезеңі 
дайындаған  объективті  үдеріс  деп  есептейді.  Жаңа  тұжырымдамалар  пайда 
болады,  олардың  шеңберінде  теориялар,  әдістер  және  оқыту  технологиялары 
туралы  пікірлерде  өзгерістер  орын  алады.  A.C.Белкин  кәсіби-педагогикалық 
технологияны мұғалімнің кәсіби деңгейіне, өнерге қол жеткізу үдерісі ретінде 
анықтайды [195]. Кәсіби оқытуда педагогикалық технологияларды қолдану оқу 
үрдісін  жобалауға  және  жүзеге  асыруға  технологиялық  көзқарасты  білдіреді. 
Сонымен 
қатар, 
кәсіби-педагогикалық 
технологиялар 
кешенді 
ықпалдастырылған жүйені, оның  ішінде  реттелген  операциялар  мен  әрекеттер 
жиынтығын  білдіреді.  Мұндай  жүйе  педагогикалық  мақсаттарды  белгілеуге, 
білімді  меңгеруге,  кәсіптік  дағдыларды  игеруге  және  оқытудың  мақсаттарын 
қоюға,  білім  алушылардың  жеке  қасиеттерін  қалыптастыруға  бағытталған 
ақпараттық-мақсаттық  және  үдерістік    аспектілерді  қамтамасыз  етеді.  Кәсіби 
білім  беру  технологиясы  саласындағы  мамандарды  даярлау  педагогикалық 
инновацияларды  енгізу  үшін  теориялық  білімді  кодификациялаудың  әртүрлі 
нысандарын енгізуге, білім берудің жеке формалары мен әдістерінен әдістемелік 
жүйелерге ауысуға, оқыту әдістерін жүйелі талдау және шешім қабылдау құралы 
ретінде  көшіруге,  білім  алушы  мен  мұғалім  арасындағы  өзара  әрекеттестіктің 
зияткерлік технологиясына көшуге мүмкіндік береді. 
Эксперимент  барысында  біз  де  сондай  кәсіби  педагогикалық 
технологиялардың  мүмкіндіктерін  пайдаланып,  болашақ  педагогтардың 
басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастырудың  әдістемесін  құрастыруға 
талпындық (сурет 10). 
Диссертацияның  1.3  параграфында  теориялық  негізделгендей,  2.1-де 
айтылып  өткендей,  болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігі  үш 
кезеңмен қалыптастырылады: рефлексиялық, танымдық, жобалаушылық. 
Қалыптастырудың бірінші кезеңін рефлексиялық деп алуымыз заңды. 
Бүгінгі таңдағы мұғалім қызметіндегі педагогикалық үдерістегі рефлексия 
–  өзін-өзі  бақылау,  дамыту,  сондай-ақ  педагогикалық  үдерістің  оң  және  теріс 
жақтарының себептерін анықтауға, қайта ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Педагогтік  қызметте  орындайтын  функцияларына  байланысты  рефлексия 
негізгі  үш  нысанда  қарастырылады.  Олар:  жағдаяттық,  ретроспективті  және 
перспективті  рефлексия.  Жағдаяттық  рефлексия  –  «уәждеме»  және  өзін-өзі 
бағалау  түрінде  талдау  жұмысында  «осы  жерде,  қазір»  рефлексиясы  жүзеге 
асырылады. Ретроспективті рефлексия – жүзеге асырылған іс-әрекеттен кейінгі 
орын  алған  оқиғаларға  талдау  және  бағалау  қызмет  атқарады.  Мұғалім  өз 
жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы, сәтсіздікті жеңу жолдарының себептерін 
анықтайды.  Перспективті  рефлексия  –  алдағы  уақытқа  жоспарлауда  тиімді 
жолдарды қарастыруды қамтиды. 
Рефлексияның кәсіптік қызметтегі рөліне тоқталсақ: біріншіден – кәсіптік 
қызметті меңгеру үшін; екіншіден – кәсіптік қызметті меңгеру үдерісін бақылау 


97
 
 
және басқару; үшіншіден – кәсіптік білім қызметінің шарттары өзгерген кезде; 
төртіншіден – өзінің даму тетіктерінің негізі болып табылады. 
Сонымен,  рефлексиялық  кезеңде  біз  болашақ  педагогтардың  өзін-өзі 
басқару,  өзін-өзі  жүзеге  асыру,  өзін-өзі  жетілдіру  іс-әрекеттерінің 
қажеттілігін жете саналы  түсінуіне аса мән бердік. 
       Өйткені  біздің  зерттеумізде    өзін-өзі  басқарудың  қажеттілігібасшының 
топты ұйымдастыру сапасының болуы қажеттілігінен туындайды. Адам өзін-өзі 
басқара алғанда ғана топты басқара алады.  Біздің бұл ойымызға В.А.Караковтың 
«өзін-өзі басқару – ол бірінші адамның өзін-өзі басқаруы, өзінің жеке тұлғалық 
қасиетін қалыптастыруы, өзінің дамуын ретке келтіруі» деген тұжырымдамасы 
дәлел  бола  алды.  А.А.Жайтапованың  «Мектептегі  менеджерлік  іс-әрекет», 
Б.Т.Акжаловтың  «Оқушылар  ұжымын  дамытудағы  өзін-өзі  басқару  жүйесі»  
атты  еңбектерінде  өзін-өзі  басқару  ұғымы  жан-жақты  талданған.  Ал 
Г.К.Бегалиеваның  зерттеуінде  болашақ  мамандарды  даярлау  үдерісінде 
студенттік  өзін-өзі  басқару  мен  тәлімгерліктің  өзара  байланысының 
педагогикалық  шарттары  қарастырылса,  Е.Р.Касеновтың  еңбегінде    Қазақстан 
мектептеріндегі өзін-өзі басқарудың даму тарихы баяндалған [35, с.5].  
Өзін-өзі  басқару  үдерісі  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  анықтау,өзін-өзі  тәртіпке 
келтіру негізінде жүзеге асады. Өзін-өзі тәртіпке келтіру өз ойының белсенділігі 
мен  мінез-құлқын,  іс-әрекетін  басқаруды  білдіреді.  Өзін-өзі  тәртіпкекелтіру 
ынтымақтастық,  шығармашылық  тұрғыда  қамтамасыздандырылады.Өзін-өзі 
анықтау,  тану,  зерттеу,  тұлғалық  сапаларын  айқындау,  өзінің  мүмкіндіктерін, 
қабілеттерін  білу  болып  табылады.  Өзін-өзі  айқындау  қарым-қатынас 
барысында, шығармашылық бірлестіктегі ойындар мен жобалық іс-әрекеттерде 
көрініс  табады.    Өзін-өзі  басқаруда  субъектілік  өзара  әрекеттестік  
маңыздылыққа ие. 
Ал,  өзін-өзі  жүзеге  асыруда    олардың  жекелігі  қалыптасады.  Білім 
алушының 
жекелігі 
интеллектуалды-шығармашылық, 
эмоционалдық-
адамгершілік, 
ұйымдастырушылық-іскерлік, 
орындаушылық-тәртіптілік 
сипаттамасынан  көрінеді.  Өзін-өзі  жүзеге  асыруда  өзін-өзі  реттеу 
(ынталандырушылық);  өзін-өзі  іске  асыру  (атқарушылық)  және  олардың 
кіріктірілуі 
(өзіндік 
ұстаным) 
негізге 
алынады. 
Өзіндік 
ұстаным 
жауапкершілікті,  бастамашылдықты,  іскерлікті,  сыйластық  қарым-қатынасты, 
өзіне  деген  талапшылдықты  сипаттайды.  Осындай  сипаттама  өзіндік 
басқарушылық құзыреттілікті тәрбиелеуге бағытталады.  
Өзін-өзі  жетілдіру  өзіндік  іс-әрекет  арқылы  жүзеге  асырылады.  Өзін-өзі 
жетілдіру дегеніміз – ұжымдағы шығармашылық істе жетістікке жету мен жаңа 
шарттағы шығармашылық іс-әрекеттің саналы түрде өз ойын жеткізе білуіндегі 
белсенділік  деп  айтуға  болады.  Осындай  кезеңде  мұғалімнің  орны  оқушының 
қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынасын  байланыстырушы  ретінде  қызмет 
атқарады.  
Болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастырудың 
рефлексиялық кезеңінде диагностикалық құралдар арқылы олардың білім беру 
субъектілерімен  өзара  әрекеттестік  негізінде  оқушынының  жеке  тұлғасын, 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау