84
Сурет 5 - Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
моделінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау бойынша эксперименттік жұмыс
жоспары
85
Экспериментке алынған мәліметтердің объективтілігі профессор-
оқытушылар құрамының, оқытушылардың, оқу топтары эдвайзерлерінің,
болашақ мұғалімдердің кәсіптік білім беру саласындағы мамандары мен
өкілдерінен тұратын сараптау тобының қатысуымен қамтамасыз етілді.
Сараптамалық топтың жұмысын құру және ұйымдастыру сараптама жүргізудің
жалпы принциптері мен қазіргі заманғы ғылыми талаптарға сәйкес жүргізілді
[190-192]: сараптамалық жұмысты ұйымдастыруды жүйелеу және оны
нормативтік-әдіснамалық қолдау бірлігі; сараптама үдерісіне қатысушылардың
тәуелсіздігі,
олардың
құзыреттілігі
және
объективті
нәтижелерге
қызығушылығы; сараптамалық бағалаудың ғылыми негіздемесі; сараптама
қорытындылары бойынша жасалған қорытындылардың объективтілігі;
жариялылығы, бағалаудың кешенділігі және т.б. Сарапшылар тобының негізгі
міндеті анықталған өлшемдер дәрежесін бағалау және біз әзірлеген модельдің
іске асырылуымен байланысты барлық өзгерістерді және шарттар жиынтығын
жазу болды.
Педагогикалық эксперимент эксперименттік жоспарды таңдаумен қатар
оның диагностикалық аппаратын дамытуды педагогикалық жоғары оқу
орындары студенттері арасында басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру
өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау, тиісті диагностикалық
әдістерді таңдау қамтиды және төменде олардың түрлері ұсынылады.
Диагностика әдістері: негізгі диагностика әдістері: тестілеу және сауалнама,
олар зерттеудің барлық деңгейінде пайдаланылды, сонымен қатар стандартты
тестілік әдістемелер қолданылды.
Мынадай диагностикалық әдістемелер пайдаланылды:
1. «Құндылықты бағдарлар қалыптасу деңгейін анықтаушы» Б.С.Круглов
(М.Рокич әдістемесінің бейімделген түрі);
2. О.И.Мотковтың тұлғаның өзін-өзі бағалауға арналған сауалнамасы.
3. Н.Қ. Тоқсанбаеваның «Ерік жігеріңіз мықты ма?» сауалнамасы.
4. Тұлға бағыттылығын диагностикалауға арналған Б.Басс әдістемесі;
5. Дж.Роттер бейімдеген әдістеме – субъективті бақылау деңгейін
анықтаушы сауалнама;
6. Т.Элерстің сәтсіздіктен қашу және жетістікке жету мотивациясын
анықтаушы әдістеме;
7. И.М. Юсуповтың эмпатия деңгейін анықтауға арналған әдістемесі;
8. Ұйымдастырушылық және коммуникативтік бейімділігін анықтау
әдістемесі және т.б.
1. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс деңгейінде біз Б.С.Кругловтың
«Құндылықты бағдарлар қалыптасу деңгейін анықтау» әдістемесін қолдандық.
Айқындау
эксперименті
барысында
аталған
әдістемені
қолдану
сыналушылардың дифференциация механизмінің қалыптасу деңгейінің
көрсеткіші бойынша бірнеше топты ерекшелеуге, яғни құнды таңдау жасай алу
қабілеттерін анықтауға мүмкіндік берді. Айқындау экспериментте аталған
әдістеме студенттердің құндылықты бағдарлар жүйесін мазмұндық бағытын
анықтауға, сыналушылардың өзге адамдарға, өзіне және қоршаған ортасына
86
деген қатынасын анықтауға мүмкіндік берді. М.Рокичпен қатар, Б.С. Круглов
құндылықтардың екі жүйесін ұсынады: 1) құнды – мақсаттар – бұл адамның
негізгі мақсаттары, олар ұзақ мерзімді өмір жоспарын көрсетеді, яғни тұлғаның
қазіргі және болашақтағы ұмтылысы. 2)құндылықты құралдар өмір мақсатына
қол жеткізу құралдары ретінде сипатталады. Мақсатты құндылықтарды іске
асыруға болатын құрал ретінде көрінеді.
2. О.И.Мотковтың тұлғаның өзін-өзі бағалауға арналған сауалнамасы.
Әдістеме тұлғаның өзін-өзі бағалауы мен жалпы даму деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Сыналушыға 24 қасиеттен тұратын тізім ұсынылады, ол өзінің
бойындағы осы қасиеттердің қандай деңгейде екенін обьективті 5 баллдық
өлшем түрінде көрсетуі қажет. 24 қасиет келесі факторлар бойынша
топтастырылады. Олар: адамгершілік, ерік-жігер, дербестік, шығармашылық,
әуендестілік, жалпы тұлғаның жағымды өзін-өзі бағалауы.
3. Н.Қ.Тоқсанбаева ұсынған «Ерік жігеріңіз мықты ма?» сауалнамасы.
Әдістеме арқылы студенттердің бойындағы еріктік салалары анықталды.
Әдістеме 6 сұрақтан, әрбір сұрақ үш нұсқадан тұрады.Қорытынды, психологтың
кеңесі мен диагнозы:
Егер,
сіздің
жауаптарыңыздың
ішінде
«а»
жауабы
көбірек
белгіленсе,«байсалдылық адамға ажар береді» деген сіздің өмірлік ұраныңыз
болуы мүмкін. Десек те, бұл мақал әркез өмірге сай келе бермейді. Көбіне сіз
біріншілікті басқа адамға беріп, өзіңіз көлеңкеде қаласыз. Тыныш қана бір
бұрышта отыра бересіз. Басқаның сізді елемегенін көңіліңізге кейде ғана аласыз.
Жұрт сізді сыпайылығыңыз үшін жақсы көреді. Бірақ бұл қасиетіңізді біреу
бағаласа, екінші біреу содан пайда табуды көздейді.
Егер, жауаптарыңыз ішінде «б» жауабы көбірек болса, сіз өзгелерді қағып-
соғып жүруге бейімсіз. Ерік-жігер күші сізде жеткілікті болуы мүмкін. Ол
қасиетті тек мадақтауға лайықты уақытта ғана пайдалануыңыз мүмкін. Сіз
жарқырап жүруді, өзгенің көңілін өзіңізге аударғанды жақсы көресіз.
Басқаларды сынап, баға бергенді ұнатасыз. Сондай-ақ, адамның күші,
тапқырлығы, білімі сізге ұнаса, керісінше оның сезімталдығы, көнгіштігі,
жұмсақ болуы таң қалдырады. Көбінесе көздеген мақсаттарыңызға жетесіз. Бірақ
сол жетістіктеріңіздің сізге қаншалықты абырой әкелетіні белгісіз. Сізге
ұқсайтын адамдар сәттілігіне қарамастан көбіне жалғыз болатынын ұмытпаңыз.
Егер, жауаптарыңыздың ішінде «в» жауабы көбірек белгіленсе, сіздің ерік
жігеріңіз күшті дамыған. Сондай-ақ, сіз тумаңыздан дипломат әрі іс- әрекетіңізді
бақылай аласыз. Шектен тыс тапсырмаларды орындауға мақсат қоймайсыз,
мұратыңызға жүйелі түрде баппен жетесіз. Сіз өз-өзіңізге сенімдісіз және
өзгеден басымдырақ екеніңізді де білесіз. Біле тұра, бұл қасиетіңізді басқаға
ашық білдіріп, міндет етпейсіз. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Қойған
мақсатыңызға да жетесіз. «Сабыр түбі – сары алтын» демекші, жеңіске жету үшін
кейбір жағдайда сабырлық та таныта аласыз. Егер,берген жауаптарыңыздың
саны тең болып жатса, сіздің аралас түрге жататыныңыз болса керек. Демек,
мінезіңіз көңіл-күйіңізге, жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Құбылмаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |