Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет21/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78

64
Функционалдық құрылым мекеменің (кəсіпорынның) атқарылатын 
өндірістік қызметтеріне сəйкес (3-сурет) белгілі учаскелерге бөлінуін 
көздейді. Əр учаскеде (бөлімде, бөлімшеде) өзінің жетекшісі жəне 
атқарушылар (мамандар) ұжымы бар. Мекеменің толыққанды қызмет 
ету барысында əр учаске өз функцияларын атқарса, жалпы мəселелерді 
шешуде əртүрлі қызметтер арасында жиі қарым-қатынас қажеттілігі 
туындамаса бұл құрылым тиімді болады.
3-сурет. Функционалдық ұйымдастырушылық құрылым
Дивизионалдық құрылым (4-сурет) өз күштері мен ресурстарын ша-
шыратпай, белгілі бағыттарда жұмылдыру қажет болғанда, ірі компа-
нияларда (фирмаларда) қолданылады. Дивизионалдық құрылымдар осы 
компанияларда шектелуіне байланысты құрылуы мүмкін, мысалы:
– өндірілетін тауарларда жəне/немесе көрсетілетін қызметтерде;
– тұтынушылар топтарында; 
– өз тауарларын жіберетін немесе қызметтерін көрсететін өңірлер-
дің ерекшеліктерінде жəне басқалары.
Топ-менеджер
(директор)
Жоспарлау
Қаржы
Өндіріс
Бақылау
Топ-менеджер (директор)
1 қызмет (1 өңір)
2 қызмет (2 өңір)
Жоспарлау
Қаржы
Өндіріс
Бақылау
Жоспарлау
Қаржы
Өндіріс
Бақылау
4-сурет. Дивизионалдық ұйымдастырушы құрылым


65
Бұл жағдайда компания ішінде бірқатар функцияларын дер-
бес атқаратын жеткілікті автономдық бөлімшелерге бөледі. 
Қазақстанда  LG фирмасы құрған тұрмыстық техниканы шығару 
өндірісі, Өзбекстандағы Daewoo автомобиль өндірісі жəне басқалары 
дивизионалдық құрылымдардың мысалы бола алады.
Жобалау құрылымы (5-сурет), функционалдық жəне 
дивизионалдыққа қарағанда неғұрлым икемді жəне көбінесе 
шығармашылық, проблемалық сипаттағы бір міндетті шешу үшін 
əртүрлі бөлімшелердің мамандарының күштерін біріктіру қажет 
болғанда қолданылады. Бұл жағдайда атқарушыда бірнеше жетекші 
болу мүмкін (біреуі – функционалдық, екіншісі – жоба жетекшісі). 
Осы құрылым ғылыммен басқарудан өндіріс пен білім беруге 
келді.
5-сурет. Жобалық-ұйымдастырушылық құрылым 
Басқарудың матрицалық құрылымы жобалаудың бір түрі болғанда 
осылай 5-суреттегі сызбаның негізінде қарастырылу мүмкін. 
Жобалау құрылымында əр бөлімдерден мамандар жобаны сапа-
лы аяқтау үшін қажетті уақыттың белгілі кезеңіне жобалау коман-
дасына жиналады. Командада мамандар бағынатын жоба жетекшісі 
тағайындалады. Жобалау жұмысы аяқталған соң команда тарқатылады 
жəне мамандар өз бөлімшелеріне қайтады.
Матрицалық құрылымның жобалау құрылымынан ерекшелігі – 
жобалау командасында жұмыс істейтін мамандар функционалдық 
Бақылау
Топ-менеджер
(директор)
Жоспарлау
Қаржы
Өндіріс
1 ЖОБА
2 ЖОБА
Мамандар
Мамандар
Мамандар
Мамандар
5–7420


66
бөлімшеде өз жұмыс орнын сақтауында жəне желілік жетекшісімен 
қатар, жоба жетекшісіне бағынуында. Екі жетекшінің міндеті сондай-
ақ, маманға онымен атқарылатын міндеттерге деген талаптарына 
келісуден тұрады.
Мектептің құрылымдық ерекшеліктері туралы айтқанда, ең бас-
тысы білім беру мекемесіндегі басқарудың негізгі органдарын 
көрсету қажет: мектептің педагогикалық кеңесі, жұмысында білім 
берудің мемлекеттік-қоғамдық басқару идеялары жүзеге асырылатын 
қорғаншылық кеңесі, əдістемелік кеңесі.
Əдістемелік кеңес мектептегі əдістемелік жұмысты үйлестіретін 
ұйымдастырушылық құрылым болады. Директордың орынбасарлары, 
əдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, үздік педагогтар əдістемелік 
кеңес құрамына кіреді. Кеңеске директор орынбасарларының бірі 
жетекшілік жасайды, көп жағдайда директордың оқу жұмысы бо-
йынша орынбасары жетекші болады. Əдістемелік кеңес əдістемелік 
жұмысты жетілдірудің стратегиялық бағыттарын анықтайды, бірыңғай 
əдістемелік тақырып бойынша педагогтардың іздестіру қызметін жос-
парлайды жəне ұйымдастырады, əдістемелік бірлестіктердің жəне 
мұғалімдердің проблемалық топтарының жұмысына жетекшілік 
жүргізеді, педагогтардың біліктілігін арттыруын ұйымдастырады.
 Директор маңындағы кеңестер, мектеп директоры 
орынбасарларының маңындағы кеңестер, жедел кеңестер, əдістемелік 
семинарлар, комиссия отырыстары сияқты нысаналар да мектепті 
басқаруда үлкен рөл атқарады. Оқу-тəрбие барысын ұйымдастыру 
функциялары мектептегі мұғалімдердің əдістемелік бірлестіктерімен, 
орта кəсіптілік білім беру мекемелеріндегі пəндік-циклдік комиссияла-
рымен жүргізіледі.
Барлық педагогтар əдістемелік бірлестік (ƏБ) қызметіне қатысуға 
міндетті. Əдістемелік бірлестіктер мектепте бір профильден үш жəне 
одан көп педагог жұмыс істесе құрылады. ƏБ - бір оқу пəнін оқытатын 
немесе мазмұны бойынша жақын оқу пəндерін оқытатын мұғалімдерді 
біріктіретін пəндік болады немесе бастауыш сыныптарының 
мұғалімдері үшін жəне сынып жетекшілері үшін құрылады.
ƏБ отырыстарында оқу жəне тəрбие жұмысын ұйымдастырудың 
теориялық жəне əдістемелік деңгейлерін арттыру мəселелері 
қарастырылады, заманауи тұжырымдамалар, озық педагогикалық 
тəжірибе, нормативтік құжаттар зерделенеді, оқушылардың оқу мен 
тəрбиесінің нəтижелері талқыланады, жұмыс тəжірибесімен алмасты-
ру жүргізіледі.
Нақты проблеманы шешу үшін құрылған өзекті – көбінесе аз зер-
деленген мəселемен шұғылданатын, зерделеу нəтижелерін зерттейтін 


67
жəне жұмысының тəжірибесіне енгізетін, педагогтарды біріктіретін 
уақытша жəне тұрақты шығармашылық (проблемалық) топтар мек-
тепте кеңінен таралған. Осы топтар іздестіру проблемаларын шешу-
мен қатар, ұйымдастырушылық проблемаларды да шешу үшін құрылу 
мүмкін. Мектептегі əдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы заманауи 
көзқарастар Т. М. Баймолдаевтың, А. А. Жайтапованың, С. И. Ислам-
ғұлованың жəне басқаларының еңбектерінде қарастырыл-ған [14, 35, 
36, 42].
Əкімшілік ұйымдастырушылық құрылым осы ұжымдарға кіретін 
адамдардың еңбегін, құқықтары мен міндеттерін ресми бөлуге 
негізделген педагогтар немесе мектеп сыныбы (студентер тобы) 
ұжымының формалды құрылымымен тығыз байланысты. Бірақ 
барлық əлеуметтік топтар формалды емес ұйымдастырушылық 
құрылымда болады. Ондай құрылымдарға бірін-бірі құрметтейтін, 
ұнататын адамдар топтасады. Егер формалдық топардың қызметі 
тиісті құжаттармен (бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, штаттық 
кестесімен жəне т.б.) реттелсе, ұжымдағы формалды емес топтардың 
қарым-қатынастары барлық уақытта реттелмейді, ал реттеле бастаса, 
онда ол осы қатынастарға кері əсерін тигізеді. Басқару тəжірибесі жеке 
адамдардың ынталылығы мен талпыныстары негізінде пайда болған 
«төменнен» ұсынылған бастама көп жағдайда үлкен əлеуметтік əсер 
беретінін көрсетті. Сонымен қатар, осындай бастамаларды ресми 
деңгейге ауыстыру оның бəсеңдеуіне, оны осы адамдардың қандай 
да бір «міндеттеме» ретінде кері қабылдауына əкеп соқтырады. Кеңес 
мектебінің жұмыс тəжірибесінен тимур қозғалысын айтуға бола-
ды. Балалардың оң əлеуметтік əрекеттердегі ішкі құштарлығы мен 
қажеттіліктерінен туындаған жəне олардың өзімен ұйымдастырылған 
ол үлкен тəрбие резонансына ие болды. Осы қозғалыс мектептерде 
тəрбие жұмысының міндетті құраушысы ретінде енгізілген соң, бала-
ларда зерігу мен түсінбеушілікті тудырып көбінесе, кері нəтиже берді.
Формалды емес, көбінесе, байқалмайтын жəне талдауға қиын 
қатынастарды ескермеу бүкіл ұжымның, жалпы компания жұмысының 
тиімділігіне кері əсер ету мүмкін. Жəне, керісінше, тұлғааралық өзара 
қатынастарды, ұжымның формалды емес құрылымын есепке алу, 
онымен санасу оң еңбек уəждеуіне ықпал етеді, бүкіл ұжымның жəне 
оның кейбір мүшелерінің еңбек өнімділігі артады. Осындай əлеуметтік 
əсер осы топтардағы адамдардың қорғаныстағы, қарым-қатынастағы, 
қатыстылық сезіміндегі, танылуындағы жəне басқа негізгі əлеуметтік 
қажеттіліктердің жүзеге асырылуымен түсіндіріледі. Қызметкерлердің 
осы қажеттіліктері формалды емес топтарда жүзеге асырылуына 
жағдайлар жасау, ұйымдағы психологиялық атмосфераны жақсартуға, 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау