Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет22/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78

68
демек еңбек өнімділігін арттыруға, күштердің өнімсіз шығындарын 
төмендетуге, қызметкерлердің жеке жəне рухани денсаулығын сақтауға 
көмектеседі.
Сондай-ақ, формалды емес құрылымдар ұжымның өзіне, оның 
қызметін ұйымдастыруға кері əсер етуі мүмкін екенін ескеру керек. 
Сыныптың формалды емес топтары жəне олардың көшбасшылары 
сыныптағы билік үшін күресетінін, олардың қарсылық көрсетудің 
кез келген талпынастарды басып, қалған оқушыларға өз еріктерін 
жүргізгендігін көруге мүмкіндіктері бар мектеп мұғалімдері, осы фе-
номенмен жақсы таныс болуда. Ұқсас жағдайлар оқушылардың тəрбие 
барысымен қатар, оқу сапасына да кері əсер етеді.
Менеджмент бойынша əдебиетте осындай қауіптілік еңбек 
ұжымдарында да байқалады: формалды емес топтардың қызметкерлерге 
жəне ұйымның өзіне осы əсер етуі санкцияланбаған басқару деп ата-
лады. Осы əсер етуді бейтараптандыру үшін менеджер ұйымда қандай 
формалды емес топтар бар екендігін, олар қандай сипатта екендігін, 
басқа қызметкерлерге қандай жəне қалай əсер ететіндігін жақсы білуге 
тиіс. Атап айтқанда, менеджер [50]:
– формалды емес топ бар екендігімен келісуге жəне осы деректі 
қабылдауға;
– оған өзінің мақсаттарына жету үшін формалды емес топ 
қаншалықты құнды екендігін түсінуге;
– формалды емес көшбасшыларын анықтауға жəне оларды 
басқаруға;
– формалды емес жəне формалды топтарының мақсаттарын 
біріктіруге əрекет етуге;
– формалды емес топтар, оның əрекетіне қарамастан, өздерінің бо-
луын жалғастыра беретінін түсінуге тиісті.
Білім беру мекемесінің педагогикалық менеджментінде 
ұйымдастыру функциясын қарастырғанда, ББМ əкімшілігінің ↔ ББМ 
қызметкерлері (оның ішінде педагоготар) деңгейінде, сол сияқты пе-
дагогтар ↔ білім алушылар деңгейінде, сондай-ақ білім алушылар 
жəне педагогтардың өзін-өзі ұйымдастыру, өз менеджментіне қатысты 
деңгейінде де жүзеге асырылатынын ескеру керек. Педагог жəне 
оқушы/студенттің бірлескен қызметі, оның сипаты мен нəтижелері 
педагогикалық жəне оқу қызметінде жүзеге асырылатын білім беру 
технологиясымен тығыз өзара байланысты. Əр білім беру технология-
сы, өз кезегінде, оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы (иннұсқалық) 
түрлеріне, оқытудың қолданылатын əдістері мен тəсілдеріне, араласу 
тəсілдеріне, білім мазмұнына жəне оны беру мен өңдеу ерекшеліктеріне, 
үдерістің нəтижелелігін бақылау тəсілдеріне ие болмай, сонымен 


69
қатар, нұсқалық, тек оған тəн құрауыштарға да ие болуда. Барлық осы 
құрауыштар заманауи орта білім беретін, орта кəсіби жəне жоғары 
мектептерде жүзеге асырылатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың 
көптеген үлгілерін құрайды. 
Педагогикалық ұйымдастырылған түрлері мен білім беру 
субъектілерінің өзара əрекеттесу əдістеріне, əзірлеу технологиясына 
жəн т.б. қатысты осы үлгілердің ерекшеліктері жан-жақты əрі əртүрлі 
болып келеді, сондықтан да оларды жіктеу кезінде едəуір проблемалар ту-
ындайды. 3-кестеде ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру үлгілерінің жіктеу 
сызбасы ұсынылған (дереккөзі – http://imp.rudn.ru/Open/ikt/6.htm).
3-кесте. Оқу үдерісін ұйымдастыру үлгілерін жіктеудің 
феноменологиялық жүйесі
Білім беру 
бағдарлама-
ларының
Жүйенің оқыту 
түрлері (əдістері)
Оқу үдерісін 
ұйымдастыру 
əдістері
Білім беру тех-
нологиялары
Орта  кəсіптік 
білім
Жоғары кəсіптік 
білім
Қосымша 
кəсіптік білім
Күндізгі – 
(жұмыстан толық 
босатумен) 
Күндізгі-
сырттай (кешкі) 
– (жұмыстан 
жартылай боса-
тумен)
Сырттай – 
(жұмыстан 
босатылмай)
Экстернат – 
(жұмыстан 
босатылмай)
Қашықтықтан 
білім беру
Үздіксіз білім 
беру
Интегрирленген 
білім беру
Ашық білім беру
Кейс-
технологиясы
Телекоммуни-
кациялық техно-
логиялары:
Интернет-
технология
Ақпараттық-
спутниктік 
технология
1.4.2-бөлімге ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Отрядтар жүйесі көктемге қарай əбден шешіліп болды. Отрядтар-
ды кішкене топтарға бөлінгенде, ондағы колонистерді шеберханаларға 
бекіту идеясы жүзеге асырылды. Есімде бар – етікшілер – бірінші 


70
номер, ұсташылар – алтыншы номер, атшылар – екінші номер, 
шошқашылар – оныншы номерлер тағып жүретін. Бізде, алғашында, 
тəртіп жөнінде ешқандай ережелер болған жоқ. Командирлерді 
өзім тағайындайтынмын. Жазғы уақытта командирлер мəжілісін 
жиі-жиі өткізіп отырдым. Бұл мəжілістерге балалар «командирлер 
кеңесі» деген ат қойды. Командирлер кеңесіне салмайынша мен ірі 
мəселелерді өз бетіммен шешпеуге тез əдеттендім. Командирлерді 
тағайындау мəселесі бірте-бірте Кеңестің шешіміне салынатын бол-
ды. Сөйтіп командирлерді кооптация арқылы тағайындайтын болды. 
Командирлерді сайлау, көптің алдында есебін тыңдау бірден бола 
қойған жоқ. Мен бұл сайлану жұмысын бұрын да, қазір де табыс деп 
есептемеймін. <...>
Ең маңызды тəртіптің бірі – командирлерді ерекше алаламай бəрін 
бірдей ұстау болды. Командирлердің қайсысына болмасын еш уақытта 
артық еш нəрсе берілмейтін, жұмыстан да босатылмайтын.
Жиырма үшінші жылдың көктемінде отрядтар системасын 
күрделендірудің ең шешуші кезеңіне түстік. Он үш жылғы тарихымыз-
да бұл жаңалық, шынын айтқанда, бұрын болмаған өзгешелік еді. Осы 
жағдайдың өзі біздің коллективтің нағыз, мықты ұйымдасқан коллек-
тив болуына мүмкіншілік берді. Біздің коллективте жұмыс жөнінен де, 
ұйымдастыру жөнінен де, жалпы жиналыстардың демократияшылдық 
тəртіптері, бұйрық пен жолдастарының бір-біріне бағыну жайы мықты 
болатын. 
Біздің коллективтің жаңалығы – құрама отрядтар болды. <...> 
Құрама отрядтардың өріс алуына себеп болғаны - біздің негізгі 
жұмысымыз ауылшаруашылық жұмыстары болуы еді. Біздің жетпіс 
дестедей жеріміз болатын, сондықтан жазда Шере адамдарымыздың 
тегіс жұмысқа шығуын талап ететін. Бірақ əрбір колонист шеберханаға 
бекітілгендіктен оны тастап кеткісі келмейтін. Ауыл шаруашылығына 
олар тек өмір сүруге, ал шеберхананы мамандығымыз деп санай-
тын, Қыстыгүні ауылшаруашылық жұмыстары біраз тыйылған кезде, 
шеберханалардың бəрі толып, қаңтар айынан бастап Шере колонистерді 
парник, тыңайтқыш тасу жұмысына шығаратын, сонан соң күн сайын 
өзінің талабын арттыра беретін...
Ұйымдастыру жұмысының қажеттілігіне сəйкес біз құрама отряд-
тарды кұру қажет деген пікірге келдік.
Құрама отряд дегеннің өзі уақытша нəрсе болушы еді. Олар бір 
жұма бойына қысқа тапсырма алатын отряд болатын: далада мынадай 
жердің картобын арам шөптен тазарту, сонша жерді айдау, бірнеше 
центнер тұқым қорын тазарту, тыңайтқыштарды далаға апару, не бол-
маса егін егу деген сияқты тапсырмалар берілетін.


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау