58
Оларға келіп, əдеттегі сөзді айта бастаймын, олар мұны сан рет
естіген:
– Бізге жұмыс жоспарын құру керек. Кімде қандай ұсыныстар
бар?
Сонда сыныптың тең жартысы:
– Киноға! - деп айқайлайды <...>
Алғашқы жылдары мен өз ашуыма ие бола алмайтынмын...:
– Сендер бұдан басқа ештеңе ойлай алмайсыңдар ма? Сендер басқа
ештеңеге қабілетті емессіңдер ме? Сендердің бастарында тек кино ғана!
Ал қазір мен сабырлықпен айтамын:
– Киноға ма? Жақсы. Кино болса, онда киноға... Бірақ біз киноға
қалай барамыз?
Бұл нені білдіреді: «Біз киноға қалай барамыз?» Киноға қалай бара-
тынын кім білмейді? Билет сатып алады да, киноға барады!
– Балалар, біз киноға қалай баратынымызды өзім де білмеймін...
Мен, – деймін, – ештеңені алдымен білмеймін, мен сондаймын... Маған
əрдайым бірінші ойлану керек.... Маған кім көмектеседі?
Əрдайым 3-4 ерікті табылады. Мен оларға «ойланыңдар» деп айт-
паймын, мен тіпті «Қане, бірге ойланайық» деп те айтпаймын – бұл
жалған болады. Олар əлі бірігіп ойлана алмайды! Жоқ, мен олардан
дəл көмек жөнінде: «Маған ойланып шешуге көмектесіңдер...» - деп
сұраймын. Көмектесу – олардың қолынан келеді. Осыдан соң біз
ешкім бөгет жасамайтындай, ешкім айқайламайтындай, шынымен де
əрқайсысына үндемей қою қиын болу үшін кішкене болса да қиналу
керек болатындай төрт немесе бесеу болып қаламыз.
Егерде мен балаларға: «Ойланыңдар» десем, мен олар ойланаты-
нына сенімді болу керекпін, барлықтары ойланғылары келеді. Мен тек
үшеуі ғана ойланып, ал отызы бос отырғанына жол бере алмаймын.
Олардың сол уақытта қыдырғаны, есік алдында мыжылған консерві
құтысын қуып ойнағаны жақсырақ! Өйткені, ойлану керек болған кез-
де, ойланбай құр қарап отыруға жол беруге болмайды.
– Біз оңаша қалған кезде мен балаларға: «Сендер біздің қазір кім
екенімізді білесіңдер ме?» деп сұрақ қоямын.
– Кімбіз?
– Біз – біздің сынып тарихындағы бірінші іс кеңесіміз. Бізге жұмыс
жүргізу керек - бірге киноға бару керек, ал біз кеңеске осы жағдай
бойынша жиналдық. Біз – іс кеңесіміз, барлық балалардың риза əрі
олардың қызықты болуы, біздің миымызды жақсы жұмыс істегеніне
байланысты болады <...>.
Маған біздің ісіміздің дайындығы бойынша бүкіл жұмысты жеке
балалар бойынша емес, командалар бойынша бөлген маңызды бола-
59
ды. Өз кезегінде əр команда өз тапсырмаларын қалай шығармашылық
түрде орындауын ойластырады.
Жəне мен оларды көзден таса қалдырмаймын. Маған тіпті əр топ-
пен 15 минуттай отыру керек болса да, мысалы, кім билетке жауап бер-
се, нені ұйымдастыру керек боларын айтамын.
Одан кейін, біз басқа бір нəрсені ойластырамын. Адамдар үшін
əйтеуір басқа істі ойластырамыз.<...>
Бəрінен бұрын, бұл жолы еріктілер қатарында басқалар болады,
өйткені істің сипаты да басқа.
... Бұл жерде авторға қарағанда, нəтиже маңыздырақ. Егер бізде
үнемі оң нəтижелер шығатын болса, онда балалар біртіндеп бірден
жұмысқа кірісіп кетпей, отырып ойлану тиімді екенін көреді жəне бұл,
жиналып ойлану - олардың қажеттілігі мен əдетіне айналады. Міне, ке-
ремет! Маған да керегі осы: алдында тұрған жұмысты бірлесіп ойлау-
ды əдетке айналдыру.
Бұдан басқа, тіпті олар өздері ештеңе ойлай алмаса - олар менің
ұсыныстарымды қабылдайды немесе келіспейді, яғни тағы да ойлана-
ды. Бұл олардың ойға салмақ түсіруден тез шаршайтынынан көрінеді:
ең артығы 20 минут, одан кейін олар үшін мен жоқ сияқты боламын,
яғни шаршай басғандары. <...>
Сонымен бірге, балаларға бəрін өздері ойластырғандай көрінеді.
Бұл ең қымбат сезім.
Соловейчик С. Л. Воспитание по Иванову. –
М.: Педагогика, 1989, б.206-215.
1.4.1-бөлімге СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Мектептердің біреуінде даму тұжырымдамасының автор-
лары мен мектептің стратегиялық мақсаты болып ірі білім беру
кешенін құру анықталған, тактикалық мақсаттарға жаңа БМ қызметін
регламенттейтін нормативтік құжаттар топтамасы жатқызылған; ірі
білім беру кешенімен басқарудың жаңа құрылымын əзірлеу жəне енгізу;
білім беру ортасын ұйымдастыруға жаңа көзқарастарды əзірлеу жəне
т.б. жедел мақсаттарға осы білім беру кешеннің тұжырымдамаларын;
білім беру бағдарламасының жаңа редакциясын əзірлеу; ірі білім беру
кешенімен басқару органдарының өкілеттіліктерін анықтау жəне
т.б. енгізілген. 2. Əзірлеушілер мен мақсат қоюдың осы үдерісінде
жіберілген қателерін жəне оң жақтарын көрсетіңіз.
2. С. Л. Соловейчиктің «Воспитание по Иванову» кітабынан
үзіндісінің негізінде (ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДЫ қараңыз) оқушы-
60
ларға қызметті жоспарлау ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру
барысындағы мұғалімнің жүргізетін жұмысын сипаттаңыз.
3. Болашақ мұғалім-студенттерде жоспарлау ептіліктері мен
дағдыларын қалыптастыру əдістері мен тəсілдерін ұсыныңыз.
4. Б Қосымшасындағы жергілікті мектептерінің бірінің жұмыс жос-
парынан ұсынылған үзіндіні қарастырыңыз. Оны жоспарлардың қай
түріне жатқызуға болатынын анықтаңыз.
5. Мектеп жұмысының мазмұнын талдаңыз. Сіз жоспарға қызметтің
қай бағыттары мен түрлерін енгізу қажет деп санайсыз?
6. Мектеп жұмыс жоспарларының əр түрлерін талқылаңыз (келе-
шек, жылдық, ағымдық). Олардың өзара байланысы қандай?
7. Осы оқулықтағы жəне Н. С. Ахтаева жəне бірлескен авторлардың
оқулық құралындағы жоспарлау функциясының қарастырылуын
салыстырыңыз (Ахтаева Н. С. Басқару психологиясы: оқу құралы /
Н. С. Ахтаева, А. І. Əбдіғапбарова, З. Н. Бекбаева. – Алматы: Бастау,
2009. – 250 бет.). Осы функцияның айтылуындағы жалпыны жəне
əртүрліні анықтаңыз.
1.4.2. Ұйымдастыру
Менеджментте ұйымдастыру қызметі келесі мəндерде болады:
1) ұйым мүшелері арасында оның құрылым (өкілеттіліктердің өзара
қатынасы) шегінде өзара қатынастарын орнату ретінде, көзделген
жоспарды жүзеге асыру, қойылған мақсатқа жету бойынша мектеп
басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару ор-
гандары мен басқалардың қызметін реттеу ретінде. Функцияның осы
тарапына қатысты кейбір жағдайларда «ұйымдастырушылық жасау»
терминін қолданады.
2) ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастыру ретінде, яғни
мақсаттары мен стратегиясына сəйкес ұйымды бөлімшелерге бөлу.
Ұйым функциясының осы аспектісін жиі департаменттендіру деп
атайды.
Бірінші мағынада ұйымдастыру қызметі мұғалімдер, балалар,
ата-аналар, қоғамдық өкілдер сияқты нақты адамдар атқаратын
жоспарланған əрекеттерді атқаруға бағытталған. Сондықтан кез кел-
ген істі ұйымдастыру кезінде, оны адами факторының мүмкіншіліктері
қалай қолданылады жəне жүзеге асырылады деген көзқарас жағынан
қарастыру маңызды. Ұйымдастырушы атқарушыларды алдын ала
іріктеу, олардың жұмыс орындары, уақыт бойынша, ұжымдық іске кіру
кезектігі бойынша бөлу сияқты сұрақтарды шешеді. Алдағы қызметтің
Достарыңызбен бөлісу: |