2
ҮНДЕУ.
Құрметті әріптестер!
Сіздердің назарларыңызға Қазақстан-Ресей бірлескен «Богатырь Көмір»
Компаниясы жұмысының бесінші әлеуметтік есеп беруін ұсынамын. Осы құжаттың
жариялымы ақпараттық айқындылық және ашықтылық саясатында «Богатырь Көмір»
компаниясының айнымас куәлігі болып табылады.Өзіміздің күнделікті қызметімізде біз,
бірлескен әлеуметтік жауаптылық – кез келген кәсіпорынның маңызды құрайтын жұмысы
екенін басшылық етеміз. Сонымен бірге, мен өндірістік көрсеткіштерге жетпей әлеуметтік
міндеттемелерді табысты орындау мүмкін еместігіне сенімдімін.
«Богатырь Көмір» ЖШС 2016 жылы жоспарлы көрсеткіш 32,50 млн. тонна кезінде,
нақты шығарудың көлемі 35,05 млн.тонна көмірді құрады, бұл дегеніміз 107,8%. Ашу
көлемі 96,0% орындалды, 23,20 млн. текше метр жоспарында нақты орындау 22,27 млн.
текше метрді құрады.
Тұтынушылармен белсенді әрі тынымсыз еңбек арқасында Қазақстан және Ресей
Федерациясының энергия жүйесі үшін өнімдерді ең сенімді әрі сыналған жеткізушінің
жаулап алған ұстанымын ұстай алдық. Барлығынан алған нәтижелер – Компанияның
алты мыңдаған еңбек ұжымының тәртіпке салынған жұмыстың қорытындысы.
Өз кезегінде, өндірістік міндеттерді табысты орындау білікті кадрларды тартуға,
оның ішінде жас мамандарды тартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге
асыруға, сонымен қатар жұмыс орындарын және еңбек ақы төлеу деңгейін сақтаудың,
жұмысшылардың еңбекпен демалыс жағдайын әрі қарай жақсартудың, жаңа Ұжымдық
келісім-шартқа сәйкес оларға қосымша әлеуметтік кепілдемелерді берудің саясатын
жалғастыруға мүмкіндік берді.
«Богатырь Көмір» ЖШС әлеуметтік-бағдарланған кәсіпорын бола тұра, 2016 жылы
әр түрлі әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсене қатысты. Павлодар облысының
Екібастұз қаласы әкімдігімен әлеуметтік серіктестік туралы жасалған келісім аясында
Ұлы Отан соғысымен еңбек ардагерлеріне, халықтың ауақтсыз жіктеріне тұрақты түрде
көмек көрсетіліп тұрды, бұқаралық спортты дамыту бойынша іс-шараларда қоғамдық
ұйымдарды жан-жақты қолдап отырды.
«Богатырь Көмір» ЖШС- бизнестің әлеуметтік жауаптылық саласында
республикалық конкурстардың тұрақты қатысушысы: «Парыз», «Сенiм», «Алтын Жүрек».
Қымбатты әріптестер! Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын әңгіме-есеп
«Богатырь Көмір» және оның әр қызметкері 2016 жылы немен өмір сүргені, қандай
оқиғалар және еңбек жетістіктері кәсіпорын тұрақтылығына және адам өмірінің сапасына
аса маңызды әсер еткені туралы. Біздермен жеткен жетістіктер 2017 жылы да өз жалғасын
табатынына сенімдімін. Компанияның барлық еңбек ұжымын шын жүректен тиімді әі
жоғары кәсіби жұмыс атқарғандары үшін ризашылығымды білдіремін.
Серік Раипов,
«Богатырь Көмір» ЖШС
бас директоры