155
қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді
шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу.
Өндірісті басқару теориясы – кешенді білім жүйесі. Ол мына
бөлімдерге бөлінеді:
•
Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда
басқарудың мәні, оның мазмұны, басқарудың заңдылықтары мен
қағидалары ашып көрсетіледі.
•
Өндірістің басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару
жүйесінің ұйымдастыру формалары, басқару функциясы мен
құрылымы, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру сөз болады.
•
Ықпал етудің тұтқалары мен құралдарының жиынтығы
ретінде басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім. Мұнда
басқарудың әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастырушылық-
басқарушылық экономикалық тетіктері, олардың жиынтығы және
ықпалдасуы қарастырылады.
•
Басқару үрдістері, олардың ерекшеліктері, басқару үрдісінің
қарқыны, әдістері туралы ілім, басқару үрдісінің синтезі секілді
ақпаратпен қамтамасыз ету және шешім.
•
Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім. Мұнда
басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару өнері, сондай-ақ тиімділікті
бағалау мен оны арттырудың жолдары сөз болады.
Өндірісті басқару ғылымы теориясының даму негізін құрайтын
іс-тәжірибенің талап етуі арқылы пайда болады.
Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілер арқылы
анықталады.
Басқару – бұл ғылым мен өнер, онда объективтілік пен жеке
даралық ұштастырылады.
Тұтастай алғанда ХХ ғасырдағы басқару туралы ғылымның
дамуын шартты түрде мына кезеңдерге бөлуге болады:
- 50-ші жылдар – таза басқарушылық шешімдер кезеңі;
- 60-ші жылдар – фирма ішіндегі ұзақ мерзімді жоспарлау кезеңі;
- 70-ші жылдар – стратегиялық жоспарлау кезеңі;
- 80-ші жылдар – стратегиялық менеджмент кезеңі;
- 90-ші жылдар – стратегиялық үрдістерді зерттеуге көшкен
басқару ғылымы дамуының жаңа кезеңі.
156
Басқару ғылымы
әдістерінің жиынтығы
Кез келген ғылым секілді басқару ғылымының өз мазмұны,
теориясы және әдістемесі болады.
Әдістеменің міндеті – осы саладағы білімнің өмір құбылыстарын
(қолданысын, көрінісін) зерделеу мен қорытындылаудың әр түрлі
құралдары мен тәсілдерінің жүйесін жасау болып табылады.
Басқару теориясы мен іс-тәжірибесінде көптеген әдістемелер
қолданылады, оған жататындар:
•
Диалектикалық әдістеме. Басқару ісінде барлық
диалектикалық заңдар мен категориялардың өз орындары бар.
•
Нақты-тарихи тәсілдеме – өндірісті басқару мәселелерін
ғылыми тұрғыдан әзірлеуге қойылатын міндетті талап.
•
Кешенді тәсілдеме – басқару бойынша ұсыныстарды тиімді
зерделеу және әзірлеу шарттарының бірі.
•
Аспектілік тәсілдеме – басқару қатынастарының бір қырын,
бір ерекшелігін зерттеу. (Аспектілер: саяси - экономикалық,
әлеуметтік, философиялық және т.б.).
•
Жүйелі тәсілдеме – ол басқарушы жүйені және басқарылушы
жүйені өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. Жүйелі тәсілдемені
жүзеге асырудың шарты – жүйелі талдаудың әдістемесі болып
табылады. Жүйелі талдау басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымын жобалаудың әдістемелік негізінің бірі ретінде қызмет
етеді.
•
Үлгілеу – басқару ғылымының тиімді әдістемесі. Ол
басқарылатын объектіні немесе субъектіні басқарудың үлгілерін
жасауға негізделген. Ал, үлгілер өз кезегінде объектілердің немесе
субъектілердің ерекшеліктерін танып - білуді жеңілдетеді.
•
Тәжірибе жүргізу әдістемелері, әлеуметтік әдістемелер,
мотивация әдістемелері және т.б.
22. Басқарудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері
Жүйенің жалпы теориясы
Жүйенің жалпы теориясы – күрделі жүйенің іс-қимыл жасау
(жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және
ұйымдастыру теориясының әдістемелік негізі болып табылады.
Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару үрдісіндегі құралдар
157
ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген:
жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің
объективті ерекшелігін білдірмек.
Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің
әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-
ақ «Жүйенің жалпы теориясын» алға шығарды.
Жүйені біріктіруші қасиеттерге ие, өзара ықпалдасушы
компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал, біріктіруші
қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне
бірдей тән емес. (Берталанфи анықтамасы).
Кез келген жүйенің ерекшеліктеріне жататындар:
•
біртұтастық (оның элементтерін құрайтын ерекшеліктер
жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);
•
құрылымдығы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу
арқылы сипаттау мүмкіндігі);
•
иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз
сапасы болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).
Жүйе, ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.
Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ
объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты
және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап
қататын тұтас организм секілді.
Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердің
құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға
ие болмақ.
Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп
иландыратын үлгісіне еңбек үрдісіндегі жай кооперацияны жатқызуға
болады. Жүйенің мүмкіндіктері, оның құраушы элементтерінің жай
жиынтықты мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең.
Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:
- техникалық;
- биологиялық;
- әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін
құрайтын жақтары бар.
Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса зор. Кез
келген әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелер болып табылады, оған
белгісіздік тән.
Достарыңызбен бөлісу: |