III
Бөл
ім
:
Экономикалық
сект
орлар
қызм
ет
ін
дегі
экологиялық
пайымдард
ың
ес
еб
і жəн
е тұрақты
дамуд
ы
көтермел
еу
184
9.1 Карта: Су ресурстарын басқарудағы өзен бассейндері(су алаптары)
Ескертпе: Картада көрсетілген шекаралар мен атаулар ресми түрде танылмауы немесе БҰҰ тарапынан бекітілмеуі мүмкін .
Дерек көзі: Су ресурстары жөніндегі комитет, 2004ж.
9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
185
Сумен қамтамасыз ету жəне суды реттеу мəселелері аймақтағы ең басты проблемалар болып
табылады. Шектеулі су ресурстары жағдайындағы ерекшеліктер жəне Қазақстанның су
мəселелерінде Қырғызстанға тығыз байланып қалғаны халықаралық қауымдастықтың назарын
тартып, соның нəтижесінде екі жақ арасында арнайы ынтымақтастық шаралары қолға алынды.
Қоршаған ортаны қорғау шараларын зерттеген соңғы шолу жасалғаннан кейін Қазақстан жəне
Қырғызстан Шу мен Талас өзендерінде сумен қамтамасыз ететін коммуналдық жүйелерді
басқару жөнінде келісімге қол қойып (2000ж.), бассейн деңгейінде Халықаралық инновация
комиссиясын құру жөнінде келісім жасады (2005ж.). Əдетте мұндай жағдайларда халықаралық
емес, екіжақты мемлекеттік келісімдер ғана жасалады (4 Тараудағы халықаралық су
менеджменті жөніндегі келісімдерге арналған бөлімді қараңыз).
Балқаш – Алакөл өзен бассейні
Балқаш – Алакөл бассейні көлемі жағынан орасан үлкен 413 мың км
2
аумақты қамтиды. Оның
бір бөлігі Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында (353 мың км
2
). Қалғаны көршілес Қытай
аумағына (Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағының солтүстік-батыс бөлігі) орналасқан.
Қытайдан бастау алатын Іле өзені (Қазақстандағы ұзындығы 815 км) Балқаш көліне ең көп
(80%) су құятын өзен болып табылады. Өзендегі қолданысқа жарамды судың мөлшері 8,6 км
3
құрайды.
Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы Іле бассейні аумағында орналасқан. Бассейннің
қазақстандық аумағында 3,3 миллион адам мекендейді. Халықтың басым көпшілігі – 1,6
миллион адам – Алматы облысында шоғырланған. Ауылдық жерде тұратындардың саны 1,5
миллионға тең.
Өзен суына деген сұраныс пен оның пайдаланылуына қатысты проблемалар Арал-Сырдария
бассейніндегі проблемаларға өте ұқсас келеді. Қысты күні электр қуаты өндірісі суды көп
талап етсе, жаз айларында ирригация қажеттіліктері өзенге салмақ түсіреді. Өндірістің
салдарынан өзеннің ластану деңгейі жоғары. Əсіресе Балқаш көлінің жағдайы қиын. Мұндағы
мыс қорыту жəне цинк зауыты келтіретін залал қатаң бақылауға алынбаған. Қалалық ластау
факторы да бар. Бұл халық санының көптігі мен адамдардың Алматыда көбірек шоғырлануы
себепті пайда болды.
Тағы бір алаңдатарлық жайт - əлемдегі тұщы көлдер арасынан ірілігі жағынан үшінші
орындағы Балқаш көлі судың шамадан тыс пайдаланылып жатқаны себепті тартылып жатыр.
Сондай-ақ, Қазақстанда суға деген сұраныс мəселесіне келгенде, басқару сапасы өте төмен.
Есесіне Қытайдың өзен суына деген сұранысы батыстағы аймақтардың дамуына байланысты
барынша ұлғайған. Қытай Балқаш-Алакөл бассейні аумағын қамтитын Шыңжаң аймағына
елдің басқа тұстарынан адамдарды көшіру мақсатында «Батысқа бет ал» деген атауға ие болған
саясат жүргізіліп келеді. Негізгі сызық сценарийі бойынша жасалған болжамға сəйкес,
аталмыш аймақтың жалпы халқы 40 миллиондай адамға дейін жетуі мүмкін. Адам саны өскен
сайын ауыл шаруышылығы жəне өндіріс дамып, суға деген сұраныс өседі. Ал Қытайдағы су
пайдалану тиімділігі Қазақстандағы сияқты өте төмен.
Обь бассейніне құйылатын солтүстік-шығыстағы өзен салалары мен орталық
аймақтағы далалы жер арқылы өтетін өзендер
Ертіс өзен бассейні
Ертіс өзенінің Қазақстандағы ұзындығы – 1 200 км. Ал Қытайдан ағып келетін Қара Ертіс жəне
Ертістің Ресей жерімен өтіп, Обь өзеніне құйылатын төменгі ағыс бөлігін бірге есептегенде,
өзен ұзындығы 4 248 км болады. Демек, Ертіс дүниежүзіндегі ең ұзын өзен болып табылады.
Бассейн аумағының жалпы көлемі - 1,64 миллион км².
186
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
Ертістің Қазақстан аумағына өтетін шекаралық нүктесіндегі ағыс жылдамдығы секундына 300
текше метр құрайды (9 км
3
/жыл). Ал өзеннің төменгі ағысында, Ресей Федерациясының
Қазақстанмен шекаралас Черлак ауылындағы жылдамдығы - 840 м
3
/сек (27 км
3
/жыл). Осы
бассейн су ресурстарының молдығы жағынан ең қомақты болып саналады. Осындағы
қолданысқа қолайлы су ресурстарының жалпы мөлшері 33 миллион км
3
-ге тең. Алайда
Франциядағы Ғаламдық қоршаған орта қоры жасаған сандық үлгіге сəйкес, Қытай мен
Қазақстан өзен суын өзге аймақтарға айдауды күшейтетін болса, жағдай күрт өзгеруі кетуі
мүмкін. Бүгінгі күні өзен суы екі түрлі жасанды канал арқылы тармақталады. Бірінші канал –
Ертіс-Қарағанды каналы (485 км) - 1962-1974ж.ж. аралығында Астана қаласынан оңтүстікке
қарай орналасқан бірталай өндіріс орындарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін салынған
болатын. Екінші канал (300 км) 2000-жылдардың басында Қытай аумағында, Қарамай
қаласында күрт дамытыла бастаған мұнай өндірісі үшін салынған. Ертіс суын Астананың
қажеттіліктеріне жарату мақсатында оны Есіл бассейнімен канал арқылы байланыстыру
жоспары қазір қарастырылып жатыр. Алайда суға сұраныс пен судың пайдаланылуын
реттейтін қатаң басқару шаралары қолға алынбаса, аталмыш жоспар үлкен проблемаға əкеліп
соқтыруы əбден мүмкін (төменде берілген мəліметті қараңыз).
Ертістің қазақстандық бөлігінде су электр станциясы орнатылған үш басты су қоймасы бар:
Бұқтырма, Шүлбі жəне Өскемен. Осы үш су қоймасының көмегімен Ертістің ағымын жəне
деңгейін реттеуге болады. Қоймалардың бəрі өзеннің жоғарғы ағысында Семей қаласының
маңындағы таулы аймақтарда орналасқанымен, төменгі ағыстағы кемелердің жүзуі сол су
қоймаларының қалай басқарылып жатқанына тікелей тəуелді. Семейден өткен соң өзеннің
ағысы баяулап, далалы жерге жеткеннен кейін арнасы айтарлықтай кеңейеді. Ресейдегі Омбы
қаласына дейін оған қандай да бір елеулі өзеншіктер қосылмайды. Ертіс 400 мың км²-ден асып
кететін байтақ əрі ылғалды жерді ғана емес, 330 мың тұрғыны бар өндірістік Павлодар қаласын
да сумен қамтамасыз етеді. Суды реттеу жəне басқару дағдысы жетіліп, осы саладағы білім
деңгейі көтеріліп, үлгілеу мүмкіндіктері ашыла бастады. Əйтсе де, өзен арнасының
гидроморфологиялық өзгеріске ұшырап жатуы бұрынғысынша экожүйелерге əсер ететін басты
фактор болып қала береді.
Өндірістің ластау факторлары су сапасына басты қауіп төндіреді. Бұл, атап айтқанда, тау-кен
өндірісі жəне бұрыннан кележатқан ежелгі ластау факторлары. Соның ішінде Қазақстан
тəуелсіздік алғанға дейін Кеңес Одағы əскерлері пайдаланған Семей ядролық сынақ алаңы.
Есіл жəне Тобыл-Торғай өзен бассейндері
Есіл жəне Тобыл өзендері Солтүстік Қазақстаннан бастау алып, содан кейін Ертіс өзеніне
қосылып, сонымен бірге Қазақстан-Ресей шекарасының арғы жағына ағып өтеді. Осы екі
өзеннің гидрологиялық режимі бір-біріне ұқсас келеді: сыртқы ағыстарының басым бөлігі қар
еріген кезде пайда болады. Басты ерекшеліктері – түрлі жыл мезгілдері мен əр жылдары ағыс
деңгейінің біркелкі болмауы. Сондай-ақ, судың ағымдық мөлшері жылдан жылға өзгеріп, əр
жылдағы көрсеткіштер бір-бірінен 100 есе көп немесе аз болуы мүмкін. Сондықтан осы
өзендердегі су ресурстарын тиімді пайдалану өте қиын. Жерасты су ресурстарының Есіл
бассейнінің аймағында тым аз екенін ескерсек, аталмыш екі өзен бассейндерінде су
ресурстарының жетіспей жатқаны түсінікті болады. Ал суға сұраныс болса, барған сайын өсіп
келеді. 1,9 миллион адам тұратын Есіл өзенінің бойында осы мəселе ерекше мəнге ие. Есілдің
бойында Астана да тұр, бірақ аталған 1,9 миллионның жартысынан астамы қазірдің өзінде
ауылдық жерде мекендейді. Тобыл-Торғай өзен бассейніндегі халық саны 1,05 миллион адамға
тең. Торғай өзені Тобыл өзенінің оңтүстігінде ағады. Ол ешбір су қоймасымен байланыспаған
құрғақ далалы өзен болып табылады. Сондықтан бұл өзен үнемі су ресурстарына тапшы.
Аталған бассейндердің екеуі де өндіріс қалдықтары жəне қалалардағы қалдық сулар
салдарынан ластанады. Астанадағы суға деген сұраныстың өсуі қала дамуы үшін аса маңызды
тағы бір проблема. Солай бола тұра, су сұранысын қысқарту саясаты əлі де болса
қатайтылмаған. Қаладағы үй шаруашылықтардың жартысы ғана суды өлшейтін есепші құрал
Достарыңызбен бөлісу: |