Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет91/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115

 
9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
 
  187 
 
 
орнатып,  судың  ел  аумағындағы  орташа  бағасы  бұрынғыдай  төмен  болып  қалып  отыр  (ауыз 
судың  бағасы - 22.13 теңге/м

немесе $0.180, канализациялық  суды  əкетудің  бағасы – 15,79 
теңге/м

  немесе $0.128). Тобыл  бассейні  ауыз  суды  тасымалдайтын  инфрақұылымдық 
нысандарды  жұмысына  қатты  байланып  қалған.  Яғни  сумен  қамтамасыз  етудің  шығындары 
жоғары болып, ұзақ қашықтықтарға жалғанған құбырларға тəуелді.  
 
 
Нұра-Сарысу өзен бассейні  
 
Бұл бассейнге ең үлкен Нұра өзені кіреді. Оның ұзындығы 978 км болса, су бассейнінің көлемі 
58 100 км
2
-ге  тең.  Нұра  Теңіз  көліне  барып  құйылады.  Нұра-Сарысу  бассейні  аумағында 
мекендейтін  халық  саны  шамамен 1 миллион  адамға  тең.  Мұнда  аса  ірі  өндірістік  қала – 
Қарағанды – бар. 2006-жылы Қарағанды халқының саны 446 200 адам еді. Демек ол Қазақстан 
қалаларының  ішінен  ірілігі  жағынан 4-орында  болған.  Су  ресурстары  өте  шектеулі.  Су 
ресурстарын  молайту  мақсатында  кезінде  Ертістен  Ертіс-Қарағанды  су  каналы  жалғанған 
болатын  (жоғарыдағы  бөлімді  қараңыз).  Ирригация  мен  сумен  қаматамасыз  ету  мақсатында 
салынған осы канал бүгінгі күні Қарағандының өндірістік орталықтарына қызмет етеді. Соның 
ішінде канал суы көмір шахталары мен болат өндіру зауытының қажеттіліктеріне жаратылып 
жатыр.  Жерасты  сулары  жалпы  су  ресурстарының 25 пайызын  құрайды.  Бассейндегі 
өзендердің  сулары  өзге  аймақтардағыдай  көктем  айларында  мол  болып  (жылдық  ағымның 
90%-ы),  жазда  су  деңгейі  тек  кейде  ғана  уақытша  көтерілуі  мүмкін.  Нұра-Сарысу  бассейні  
аумағында 2 мыңға жуық көл мен 400-дей жасанды су қоймасы бар.  
 
Ластанудың басты көздері – аймақты бұрыннан бері ластап жатқан өндіріс, соның ішінде ауыр 
өндіріс қалдықтары жəне қалалық жерлердегі қалдық сұйықтықтар (канализация). Нұра өзенін 
барынша ластап жатқан бір нысан – сынап шығаратын Теміртаудағы карбид зауыты. Аталмыш 
өнеркəсіп  орны  кеңес  дəуірі  кезінде  катализатор  ретінде  сұйық  металды  пайдаланған. 
Ластануға  қарсы,  өзенді  сауықтыру  шаралары  қаншама  қолға  алынғанымен,  сынап  өзеннің 
айтарлықтай бөлігіне тарап үлгереді.  
 
Сондай-ақ,  өзен  суын  бассейннің  өзге  аймақтарына  жеткізетін  Ертіс-Қарағанды  каналының 
нашар  халі  жəне  сирек  жөнделетіні  қатты  алаңдатады.  Суға  деген  сұраныстың  ойдағыдай 
реттелмей жатқанын еске алсақ, өзен суының канал арқылы тым көп мөлшерде ағып кететіні 
аймақтағы экологиялық тұрақсыздыққа əкеліп соқтырмай ма деген тағы бір қауіп бар. Судың 
барлық  деңгейде  құбырлардан  ағып  кетуі,  салқындататын  судың  өңделмеуі  жəне  көптеген 
артезиан  құдықтарының  қараусыз  қалғаны  аймақтағы  су  тапшылығы  жəне  су  тасымалының 
қымбаттылығы жағдайында аса ауыр болып көрінеді.  
 
9.2 
Су  ресурстарын  басқару  мен  су  қорғаудың  институционалды    жəне  саяси 
межелері 
 
Заңнамалық негіздер 
 
2000-шы жылғы Қоршаған ортаны қорғау шараларына шолу жасалғаннан бері жаңа Су кодексі 
(9 шілде, 2003ж.) қабылданып, су мəселесіне қатысты заңдар мен актілер жаңартыла бастады. 
Су кодексі су мен гидравликалық нысандарды пайдалануға жəне иеленуге қатысты құқықтарды 
реттейді.  Су  жəне  су  қоймасы  бар  жер  мемлекеттің  ерекше  меншігі  болып  табылады. 
Мемлекеттің  функциялары  экономикалық  əрекетке  қатысушы  өзге  тараптардан  айқын 
ажыратылып,  бөлек  белгіленген.  Əйтсе  де  институционалдық  жүйенің  басым  бөлігі  əлі  де 
болса  орталықтандырылған  сипаттан  арылған  жоқ.  Суды  пайдалану  мен  суды  қорғауға  Су 
ресурстары комитеті жауапты басты орган болып (СРК) тағайындалды.    
 
2003-ші жылғы Су кодексі бұрынғы (1993-ші жылғы) кодекске қайшы келмейді. Жаңа кодекс 
су бассейндерін басқару керек деген принципті күшейтіп, су менеджментіне қатысы бар түрлі 
үкіметтік  жəне  үкіметтік  емес  орындар  арасында  консультациялар  жүргізуге  жол  ашты.  
Үкіметтік  емес  ұйымдар  қатарына  су  пайдалушылар  ассоциациялары  жəне  су  саласындағы 


188
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
басқа  да  үкіметтік  емес  ұйымдарды  жатқызуға  болады  (бассейн  деңгейінде  арнайы  кеңестік 
органдар  құрып,  солардың  функциялары  жайлы 43-мақаладан  оқыңыз).  Жаңа  Су  кодексінде 
ӨБҰ  ұғымы  берілген.  Бұл  өзен  бассейндерінің  ұйымдары  (бұрынғы  атауы – Бассейн  суы 
департаменттері) деген сөз. Құжатта бұл ұйымдардың ролі мен мақсаттары келтірілген.  
 
Осыған  қоса,  Су  ресурстары  комитеті  (СРК)  мен  өзен  бассейні  ұйымдарының  (ӨБҰ-лар) 
жұмысын  реттеуді  қолға  алу  туралы 2005-жылы  арнайы  қаулы  қабылданып,  Қазақстан  су 
ресурстарының  бірлескен  менеджменті  концепциясына  қарай  бет  алды.  Мысалы,  қаулыда 
СРК-ға  келесі  функциялар  жүктеледі: «басты  өзен  бассейндерінің  əрқайсысына  қатысты 
бірлесіп  басқару  принципіне  сүйеніп,  су  ресурстарын  пайдалану  жəне  қорғаудың  негізгі 
жоспарын дайындау», «су қоймаларына қатысты мəлімет базасын жасап, соған қызығушылық 
білдірген  барлық  ұйымдар  мен  жеке  тұлғалардың  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету».  Өзен 
бассейндері  ұйымдарының  (ӨБҰ-лар)  басты  мақсаты – «бассейн  принципіне  сүйеніп,  су 
ресурстарының  бірлескен  менеджментін  жүргізу»  болып  табылады  (Су  кодексі, 2003ж., 10-
бап). 
 
2002-жылы су менеджментін экожүйелік тұрғыдан жүргізу  мақсатында 2010-жылға дейін су 
секторының  дамуы  жəне  су  менеджменті  саясатының  тұжырымдамасы  мен  Ауыз  су 
бағдарламасы  қабылданған  болатын.  Бұл  бағдарламалардың  басты  мақсаты – сумен 
қамтамасыз  ету  жүйелерін  қалпына  келтіру,  жетілдіру  жəне  жаңадан  салу;  судың  баламалы 
көздерін  табу;  су  сапасын  жақсарту;  жəне  су  ресурстарын  ұтымды  пайдалану  қажеттілігін 
насихаттау.  
 
Институционалдық негіздер 
 
 
Орталық деңгейде(Ұлттық деңгей) 
 
СРК  жер  беті  жəне  жерасты  су  ресурстарын  пайдалануға  рұқсат  беретін  мемлекеттік  орган 
болып табылады. Комитет, сондай-ақ, су жүйелерін басқару үшін, ұжымшарлар мен ауылдық 
жердегі  халықты  сумен  қамтамасыз  ету  үшін  де  жауап  береді.  Су  жүйелерінің  басым  бөлігі 
кеңес  дəуірі  кезінде  салынғанын  айтып  кету  керек.  Міне  осы  міндеттердің  бəрін  орындау 
мақсатында  комитет  құрамында 34 адам  жұмыс  істейтін 3 департамент  бар (9.1 суретін 
қараңыз).  
 
СРК  жұмысы  аймақтық  деңгейде  сегіз  ӨБҰ-ы  арқылы  атқарылады  (өзен  бассейндері  туралы 
9.1-бөлімде  жазылған).  ӨБҰ-лардың  функциялары  Су  кодексінің 40-бабында  жəне  Ауыл 
шаруашылығы  министрлігінің 2005-жылдың 8-шілдесінде  шыққан  №136-бұйрығында 
толығымен  сипатталады.  Су  кодексінің 40-шы  бабында  су  менеджменті  жəне  суды  реттеу 
мəселесіне қатысты басты роль орталықтандырылған мемлекеттік бір органға ғана жүктелген 
болса,  жоғарыда  аталған  министрліктің  бұйрығында  үйлестірудің  маңыздылығына  ерекше 
орын  беріліп  отырғаны  аңғарылады.  Демек,  бұл  құжатта  Су  ресурстарының  бірлескен 
менеджменті (СРБМ) принципіне қол жеткізу жолында бір қадам алға жасалды.  
 
Шын мəніне келгенде, ӨБҰ-лардағы жұмыс істейтіндер саны өте аз (8 бассейнде барлығы 182 
адам жұмыс істейді. Ең аз адам Шу-Таластағы ӨБҰ-да істейді – 16-ақ адам. Ең көп адам – 32 – 
Балқаш-Алакөл  ӨБҰ-нда).  Басты  назар  бұрынғысынша  су  ресурстарын  сандық  тұрғыдан 
басқаруға  бөлінеді.  Бұл  Кеңес  Одағы  кезінде  қалыптасқан  əдет.  Ұйымдарға  жүктелген  басты 
міндеттер келесідей: 
• 
Су 
пайдаланушылардың 
салық 
органдарына 
тапсыратын 
су 
пайдалану 
декларацияларын  тексеру  жəне  əкімшіліктік  түрде  бекіту;  суды  пайдалану  төлемдерінің 
төленуін қадағалау (5 Тарау, 5.5-бөлімді қараңыз); 
• 
Су  ресурстары  комитетіне  су  менджментінің  сандық  есептерін  жəне  жоспарларын 
дайындау жəне тапсыру (толығырақ 9.3-бөлімде жазылған).  
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау