Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет92/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   115

 
9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
 
  189 
 
 
ӨБҰ-лар  тапсыратын  жоспарларда  суға  деген  сұраныс  пен  ұсыныс  деңгейіне  қатысты 
болжамлар  жасалып  жүргенімен,  судың  ең  ақырғы  пайдаланушылары  мен  су  пайдалануға 
қатысы  бар  əкімшіліктік  өзге  органдардан  түскен  мəлімет  мүлдем  келтірілмейді.  Сондықтан, 
бұл жоспарларда суға қатысты проблемалар мен шараларға біржақты көзқарас берілген. Оның 
үстіне  су  ресурстарының  сапасына  қатысты  берілетін  мəлімет  өте  аз  немесе  жоқтың  қасы. 
ӨБҰ-лардың  бюджеттері  өте  аз  болғандықтан,  жоспарлау  процесін  түрлі  секторлардағы 
сұраныспен  байланыстырып,  экономикалық  шектеулерді  есепке  ала  отырып,  оларды  жүзеге 
асыра алатын білімді мамандар жетіспейді.  
 
9.1 Сурет: СРК құрылымы мен штаты 
 
Дерек көзі: СРК, 2006ж. 
 
Су  басқаруға  қатысы  бар  өзге  де  негізгі  министрліктер  мен  ұйымдардың  тізімі  төменде 
келтіріледі.  Мұнда  барлық  ұйымдар  түгелдей  берілмесе  де,  суды  басқару  мəселесінде  түрлі 
үкіметтік  құрылымдарға  жүктелген  жауапкершіліктің  өзара  ұштасып  жататыны  айқын 
көрсетіледі:  
 
• 
Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі:  экологиялық  рұқсат  қағаздарын  беріп,  жербеті 
суларының  жағдайын  бақылайды. «Казгидромет»  ұлттық  гидрометеорологиялық  институты 
судың  сапасы  мен  мөлшерін  өлшеумен  айналысады.  Қоршаған  ортаны  қорғаудың  аймақтық 
басқармалары қоршаған ортаға қатысты инспекциялардың жүрісін қадағалап, қалдық сулардың 
тасталуын  бақылайды  жəне  ластаушы  орындарды  жауапкершілікке  тартады. 2008-ші  жылы 
осындай 16 облыстық  басқарма  екі  есе  қысқартылып, 8 өзен  бассейніне  сəйкестіріліп, 8 
басқарма  қалды (2 Тарауды  қараңыз).  Осыған  қоса,  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі 
экожүйелердің  қорғалуын  қамтамасыз  ету  үшін  суды  пайдаланудың  негізгі  режимдерін 
анықтайды. Бұл режимдер сулы-батпақты алқаптар, атыраулар, өзендер жəне көлдерге қатысты 
қолданылады.  
• 
Ауыл  шаруашылығы  министрлігі:  Құрамына  Су  ресурстары  комитеті  кіретін  бұл 
министрлік  өзге  міндеттермен  қатар  ауыл  шаруашылығындағы  зерттеу,  жер  мелиорациясы, 
елдің оңтүстігіндегі бес облыста жүргізілетін ирригациялық жобалар үшін су қашыртқысы мен 
топырақтың  сапасын  жіті  бақылау  функцияларын  атқарады.  Бұған  қоса,  министрлік  балық 
аулау  секторындағы  басқару  үшін  де  жауап  береді.  Балық  шаруышылығы  жөніндегі  комитет 
Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  бір  құрамдас  бөлігі  болып  табылса  да,  оның  Су 
ресурстары  комитетімен  арақатынасы  өте  əлсіз.  Себебі  Қазақстанда  балықты  су  сапасының 
биологиялық индикаторы ретінде қарастырмайды.  
Төраға 
Төрағаның орынбасары 
Төрағаның орынбасары 
Су рес-н пайдалану 
реттеу жəне қорғау 
басқармасы 
Су рес-н пайдалану 
реттеу жəне қорғау 
бөлімі 
Х/а қат-тар, 
трансшекаралық жəне 
облысаралық суды 
реттеу бөлімі
Су объек-рін пайдалану 
жəне жер сапасын 
жақсарту басқармасы 
Су объек-н пайдалану 
жəне қалпына келтіру 
бөлімі 
Суды пайдалану жүйесін 
жетілдіру жəне 
мем.қолдау көрсету 
бөлімі
Инвестициялар, қаржы 
жəне заң басқармасы 
Қаржы жəне заң бөлімі 
 
Инвестициялар жəне 
мем-тік сатып алу 
бөлімі 


190
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
• 
Энергетика  жəне  минералдық  ресурстар  министрлігі:  Бұл  министрлік  өзінің  Геология 
жəне  минералдық  ресурстарды  пайдалану  комитеті  арқылы  жерасты  сулары  мен  соның 
сапасын бақылау үшін жауап береді. 
• 
Денсаулық сақтау министрлігі: Халықтың ауыз суға кол жеткізуі жəне ауыз су сапасы 
мəселелерімен  айналысады.  Бақылауды  облыс  деңгейіндегі  санитарлық-эпидемиологиялық 
бөлімдер мен департаменттер жүргізеді. 
• 
Төтенше  жағдайлар  министрлігі:  Су  тасқыны,  қуаңшылық  жəне  су  қоймаларын  апат 
салдарынан  қорғау  мəселелері  үшін  жауап  береді.  Министрлік,  сондай-ақ,  гидравликалық 
нысандардағы қауіпсіздік шараларын қадағалауы қажет.  
• 
Экономика  жəне  бюджеттік  жоспарлау  министрлігі  жəне  Қаржы  министрлігі:  Бұл  екі 
министрлік  өзге  министрліктер  мен  департаменттерге  жүктелген  міндеттердің  орындалуына 
қажетті  бюджеттің  болуын  қамтамасыз  етеді.  Ел  тəуелсіздігінің  алғашқы  жылдары  су 
менеджменті саласындағы бюджет қатты қысқартылып, саладағы жұмыскерлердің саны 90%-
ға  дейін  қысқартылған  болатын.  Ал  қазір  жаңа  ұйымдастыру  тұжырымдамасын  қайтадан 
дамытуға мүмкіндік беретіндей икемділік жетіспейді. Су төлемдері бар болғанымен, солардың 
деңгейін есептейтін ӨБҰ-лар мен төлем жинайтын министрліктер арасында үйлесім жоқ.  
• 
Əділет  министрлігі:  заңдар  мен  заң  актілерінің  өзара  қайшы  келмей,  бірін-бірі 
толықтыруын  қамтамасыз  етеді.  Бұл  көпжақты  су  секторы  мен  су  менеджменті  үшін  өте 
маңызды міндет.  
• 
Табиғи  монополияларды  реттеу  агенттігі:  Су  компанияларының  су  тарифтерін  көтеру 
туралы  өтініштерін  қанағаттандыратын  агенттік.  Алайда  шешімдерді  қабылдаған  кезде 
агенттік  су  қызметіне  кететін  шығындардың  тиімділігіне  қатысты  зерттеу  жүргізуді  талап 
етпейді.  Су  тарифтеріне  қатысты  шешімнің  бəріне    саяси  сипат  тəн.  Су  бағасы  техникалық 
қызмет көрсету шығындарын өтей алмайды. Тарифтердің төмендігі суды пайдаланушыларға да 
ықпал  жасай  алмайды.  Нəтижесінде  су  пайдаланушыларының    суды  үнемдеу  дағдысы 
қалыптаспайды.  
• 
Жер  ресурстарын  басқару  агенттігі:  су  айырғыштардағы  кеңістікті  жобалау 
жұмыстарын  реттейді.  Демек,  агенттік  дренаж,  эрозия,  су  тасқыны  сияқты  жағдайларда 
жасайтын шешімдері арқылы су ресурстары саласындағы менеджментке ықпал жасайды.  
 
Жергілікті əкімшілік  
 
Облыстар  деңгейінде  айрықша  құзыреті  бар  ең  маңызды  мемлекеттік  органға  облыс 
əкімшіліктері жатады. Қазақстанда 14 облыс жəне арнайы мəртебе берілген 2 қала бар (Алматы 
мен  Астана).  Қала  əкімшіліктерінің  де  су  санитариясы  жəне  сумен  қамтамсыз  ету 
салаларындағы  атқаратын  ролі  зор.  Мұнда  белгілі-бір  аумақты  дамытуға  арналған 
бағдарламалар қабылданып, жергілікті бюджет бекітіледі.  
 
Трансшекаралық өзен бассейндерін басқару 
 
СРК  су  ресурстарына  қатысты  халықаралық  қарым-қатынас  үшін  жауапты  орган  болып 
табылады. Соның ішінде, комитет көршілес елдермен өзара келісімдер жасайды.  
 
 
Қазақстан жəне Ресей Федерациясы арасындағы келісім 
 
Қазақстан  мен  Ресей  Федерациясы  арасында  тарихи  əрі  сындарлы  ынтымақтастық 
қалыптасқан.  Соның  негізі 1992 жылы  қол  қойылған  Қазақстан  Республикасы  жəне  Ресей 
Федерациясы үкіметтері арасындағы трансшекаралық су қоймаларын бірге пайдалану жəне 
қорғау  туралы  келісімде  қаланған.  Келісімге  қол  қойылғаннан  кейін  Траншекаралық  су 
қоймаларын  бірге  пайдалану  жəне  қорғау  жөнінде  екіжақты  Қазақстан-Ресей  комиссиясы 
құрылған  болатын.  Қазіргі  уақытта  комиссия  географиялық  аймақтар  бойынша  жұмыс 
топтарына бөлініп, жұмыс істейді. Суды өлшеу мəселелеріне баса назар аударылады (мысалы, 
су резервуарларын басқару мəселесі, су жинаудың межесін анықтау).  
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау