Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет93/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   115

 
9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
 
  191 
 
 
 
Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы келісімдері 
 
Тарихы ортақ Орталық Азия елдері су саласында ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жетіп 
отыр. Бұл ынтымақтастықты аймақ деңгейінде орындалатын халықаралық бағдарламалар мен 
жобалар  да  жан-жақты  қолдауға  тырысады.  Орталық  Азияда  суды  үйлестіру  жөнінде 
мемлекетаралық комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына су компанияларының директорлары 
кіреді.  Аталмыш  комиссия  Сырдария  бассейніне  қатысты  ортақ  су  саясатын  белгілеп, 
бассейнге  кіретін  елдердің  əрқайсысына  өзен  суын  пайдаланудың  шегін  тағайындайды. 
Аймақтың  түрлі  елдерінде  бір  орталыққа  бағынатын  тренинг  орталықтары  құрылып, 
трансшекаралық  су  менеджменті  саласында  ортақ  кадрлар  даярлау  мен  ортақ  ресурстар 
жинақтау  жүйесі  қалыптасып  келеді.  Солай  бола  тұра,  халықаралық  ынтымақтастық 
жолындағы кедергілер де аз емес. Бір елдегі ирригация жəне су электр қуатын өндіруге қажетті 
су  мөлшері  екінші  елдің  мүддесіне  жиі  қайшы  келеді.  Инфрақұрылымның  ескіріп  кетуі  де 
көршілес елдерге теріс ықпал жасап отыр.  
 
Шу  жəне  Талас  өзендеріне  қатысты  жасалған  ынтымақтастықты  корнекі  мысал  ретінде 
келтіруге болады. Бассейн деңгейінде суды бөлісу жəне гидротехникалық нысандарды жөндеп 
отыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы 
арасында  «Суды  басқару  нысандарын  пайдалану  жөніндегі  мемлекетаралық  мəртебесі  бар 
комиссия» құрылды.  
 
 
Қазақстан жəне Қытай арасындағы келісім 
  
Жоғарыда  атап  өтілгендей,  трансшекаралық  Іле  өзені  бар  Балқаш-Алакөл  бассейні  мен  Ертіс 
бассейніндерінің  жоғарғы  ағысына  қатысты  Қытай  елімен  қарым-қатынас  орнату  Қазақстан 
үшін өте маңызды. Қазақстан жəне Қытай үкіметтері арасындағы келісімге 2001-жылдың 12-ші 
қыркүйегінде  Астанада  қол  қойылған  болатын.  Содан  кейін  Трансшекаралық  өзендерді 
пайдалану жəне қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясы құрылды. Комиссия 
жылына бір рет бас қосады. Алайда Қытайдың Ертіс пен Іле өзендері суын пайдалану дағдысы 
жəне  соның  болшақта  Қазақстан  үшін  теріс  ықпал  тигізу  перспективасы  екі  ел  арасындағы 
ынтықтастықты одан сайын күшейтуді талап етеді. Бұл үшін Қытайда даму жобаларын жүзеге 
асыру  кезінде  суға  деген  сұраныс  қатаң  шектелуі  қажет.  Жуырда  Орталық  Азия  аймақтық 
экологиялық  орталығы  мен  Еуропалық  Комиссияның  Қазақстандағы  делегациясының 
қолдауымен  Қытай,  Қазақстан  жəне  Қырғызстан  Іле-Балқаш  бассейніндегі  су  ресурстарын 
бірігіп  басқару  туралы  келісімінің  жобасын  жасады.  Алайда  бұл  келісімге  əлі  қол  қойылған 
жоқ.  
 
9.3  
Су  ресурстарын    интеграциялы  басқару  тұжырымдамасының  негізінде  өзен 
суалаптарын басқару 
 
Өзен бассейндерінің институттары 
 
Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Қазақстанның су саласы өте қиын өтпелі кезеңнен өтті. 
Бұған  ел  ішіндегі  су  ресурстарының  көршілес  елдерге  байлаулы  екендігі,  бассейндердің 
жабықтығы, яғни құрылықпен қоршалғандығы жəне тəуелсіздік жарияланғаннан кейін басқару 
жұмысындағы  қызметкерлердің  елден  жаппай  көше  бастағаны  себеп  болды.  Осының 
нəтижесінде  алыс  жатқан  ауылдық  жерлерге,  мемлекеттік  компаниялар  мен  ұжымшарларға 
ауыз су мен ирригация суын тасымалдауға арналған инфрақұрылымдық нысандар құлдырауға 
ұшырады.  Бұл  нысандардың  бəрі  қымбат  əрі  түбегейлі  жөндеу  жұмыстарын  қажет  етеді. 
Бүгінгі жағдайда оны қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз көрінеді.  
 
Жоғарыда сипатталғандай, суды басқару шаралары Қазақстанда екі деңгейде іске асырылады: 
облыс  деңгейінде  (немесе  аймақтық  деңгейде)  жəне    орталық  деңгейде.  Соған  қарамастан, 
қатаң  сатылас  басқару  жүйесіне  үйренген  əкімшілік  органдары  орталық  деңгейге  ғана  ресми 
түрде  есеп  беріп,  өзара  мəлімет  алмасу  жəне  өзара  үйлестіру  мүмкіншіліктеріне  өте  аз  назар 


192
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
аударады. Жиналған мəлімет бассейн деңгейінде бірге қарастырылмай, бөлек-салақ, біржақты 
мағынадағы  күйінде  қала  береді.  Халықаралық  ынтымақтастық  жобалары,  соның  ішінде 
БҰҰДБ-ның жобалары осы жайтқа ерекше назар аударған болатын.  
 
Соның  нəтижесінде,  заң  шығару  саласында  су  ресурстарының  бірлескен  менеджменті 
тұжырымдамасы  туралы  ең  алғаш 2005-ші  жылы  ғана  айтыла  бастады. 2003-ші  жылғы  Су 
кодексін,  атап  айтқанда  СРК  жəне  ӨБҰ-лар  туралы  сөз  қозғайтын 37 жəне 40-баптарды  жіті 
зерттеген  кезде,  бұл  екеуі  су  пайдалануды  жоспарлауға  да,  рұқсат  беруге  де  жауапты  деп 
түсінуге  болады.  Шын  мəнінде,  қызметкерлердің  жетіспеуі  жəне  ұйымдастыру  деңгейінің 
төмендігі  себепті  бұл  функцияларды  толығымен  орындау  жоғарыда  аталған  органдардың 
қолынан  келмейді.  Оның  үстіне  аталмыш  функциялар  араларында  нақты  бөлінбегендіктен, 
СРК  мен  ӨБҰ-лар  арасында  келіспеушіліктер  орын  алып,  су  ресурстарының  бірлескен 
менеджменті  концепциясына  тіптен  қайшы  келетін  жағдай  туындайды.  Міндеттер,  адам 
ресурстары  мен  бюджеттің  анық  бөлінбеуі,  басқарудың  тым  орталықтандырылған  нысаны 
жəне  тиімділікті  көтеруге  жол  ашатын  ақпараттық  технологиялардың  тиісті  дəрежеде 
пайдаланылмауы су ресурстарын бірлесіп басқаруды тежеп отыр.  
  
Осы  дағдарысты  жағдайдан  шығу  жолдарын  табу  мақсатында  су  пайдаланушыларының 
қажеттіліктерін есепке алатын шаралар бағдарламасы жасалған болатын. Бұл бағдарлама əрбір 
бассейннің басқару жоспарының құрамына енгізілген.  
 
 
Су басқаруға қатысты жоспарлар  
 
Өзен  бассейндерінің  ұйымдары  (ӨБҰ-лар)  судың  басқарылуына  қатысты  сандық  есеп 
дайындап, соны Су ресурстары комитетіне (CРК) тапсырады. Бұл есепті жоспар деп те атауға 
болады.  Мұнда  əрбір  облыс,  əрбір  бассейн  бойынша  ірі  су  пайдаланушылары  (ауыл 
шаруышылығы,  өнеркəсіп,  қала  əкімшіліктері  немесе  су  компаниялары)  пайдаланылатын  су 
мөлшері  туралы  мəлімет  берілген.  Бұл  мəлімет  пайдаланушыларға  берілген  рұқсат 
қағаздарындағы  шектеулерге  жəне  су  салығының  төленуіне    негізделіп  есептеледі.  Басты  су 
қоймаларындағы  су  балансы  бақыланып,  суды  пайдалану  динамикасы  зерттеледі.  Алайда 
судың сапасы мен қандай да бір түзеу шараларына қатысты мəлімет өте аз.  
 
Бұрын гидротехникалық нысандардың салынуына жауап берген «Казгидроводколхоз» жобалау 
институты Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қатты қысқартылып, қазір мұнда бұрынғы 3 мың 
адамның 100-і  ғана  қалды.  Институт  контракт  бойынша  жұмыс  істейді.  Оның  мамандары  су 
ресурстарын  бірлесіп  пайдалану  тұжырымдамасы  мен  жиынтық  көрсеткіштерге  негізделіп, 
əрбір  бассейндегі  ӨБҰ  үшін  жеке  жоспар  дайындады.  Бұл  жоспарлар  суды  сандық  тұрғыдан 
басқару  мəселелеріне  арналғанымен,  мұнда  негізгі  сызық  сценарийі  жасалып,  басты  шаралар 
жəне олардың инвестициялық шығындары беріледі. Əйтсе де, осы жоспарлардың өзінде егжей-
тегжейлі  мəлімет  жоқ.  Бұл  мониторинг  жасау  жəне  мəлімет  жинау  жүйелерінің  жеткілікті 
деңгейде  басқарылмауы  себепті  болып  отыр.  Екіншіден,  аталмыш  жоспарларда  қолға 
алынатын  шаралар  бағдарламалары  жəне  тиісті  қаржылық  механизмдері  берілмейді.  Бүгінгі 
күні  осы  құжаттарды  не  əкімшілік  қарастырмайды,  не  өзге  мүдделі  тараптар  мен  жергілікті 
қауымдастық зерттемейді.  
 
2005-ші жылдан бастап БҰҰДБ-ның қолдауымен сегіз өзен бассейннің негізінде арнайы кеңес 
беру  органдары  құрылды.  Солардың  басты  мақсаты – барлық  мүдделі  тараптарды  басқару 
процесіне  тарту  үшін  форумдар  ұйымдастыру.  Алайда  бұл  кеңес  органдарының  басым 
көпшілігі БҰҰДБ-ның қолдауымен алғашқы кездесу өткізілгеннен кейін өз беттерінше бір-де-
бір  рет  форум  ұйымдастырған  жоқ.  Демек  су  мəселелеріне  қатысы  бар  түрлі  ұйымдар  мен 
халық  өкілдері  өзен  суын  пайдалану  жəне  басқару  жоспарларын  жасауға  мүлде  қатыспайды. 
Жоғарыда  атап  өтілгеніндей,  үкімет  тарапынан  суды  бірігіп  басқару  жолында  бірқатар  қадам 
жасала бастағанымен, əлі де болса саяси қолдау мен тəжірибе жетіспейді.  
 
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау