8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
177
ақ, өз беттерімен мониторинг жүргізіп, қоршаған ортаны қорғау органдарына есеп беріп
тұрулары керек. Мысалы, «Арселор Миттал Темиртау»
өткен жылы мониторинг
бағдарламасын жүргізуге 1,5 миллион теңге (шамамен 12000 АҚШ доллары) жұмсады. Ірі
компанияларда тексерулер жылына бір рет өткізіледі (рұқсат беру жəне инспекциялар туралы
2-бөлімде, мониторинг туралы 3-бөлімде толығырақ мəлімет беріледі).
Ауа эмиссиясы, су жəне қалдық заттарды шығару үшін кəсіпорындар арнайы экологиялық
төлемдер жасаулары тиіс (5-бөлімді қара). Үкімет жуырда ISO 14001 экологиялық басқару
стандарттарын енгізген компанияларға экономикалық жеңілдіктер бере бастады.
Арнайы төлемдер, салықтар жəне минералдық ресурстар пайдалануға тағайындалатын рояльти
түрлі заң құжаттарына сəйкес тағайындалады. Бұл мемлекеттік салық туралы, минералдық
ресурстарды пайдалану туралы, келтірілген залалды қалпына келтіру туралы заң актілері жəне
өндіріс өнімін бөлу туралы келісімдер. Осы құжаттардың бəрі 1996-жылғы
«Жерасты қойнауы
жəне жерасты қойнауын пайдалану туралы» заңға негізделеді. Заңға сəйкес, кəсіпорындар,
үкіметтік жəне басқа да ұйымдар жерасты барлау жəне өндіріс жұмыстарын жүргізуге арнайы
салықтар, төлемдер жəне рояльти төлеулері тиіс. Осы жəне басқа да төлемдер
«Салық
кодексінде» белгіленеді (5-бөлімді қара).
Халықаралық келісімдер жəне өндіру өнеркəсібі
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негізгі конвенциясын
ратификациядан өткізіп, қол қойғанымен, Киото хаттамасын əлі ратификациялаған жоқ.
Қазақстанның
жасаған
мəлімдемесіне
сəйкес,
республика
Киото
хаттамасын
ратификациялағаннан кейін құжаттың «Б» Қосымшасында аталған қатысушы-елдермен қатар
ауа эмиссияссын қысқарту туралы міндеттеме алады. Алайда хаттаманың Б Қосымшасында
көрсетілген эмиссиялар мөлшеріне жеткізетіндей шаралар əлі қарастырылмай отыр (4-бөлім,
Қазақстан жəне климаттың өзгеруі мəселесіне қатысты жазылған 4.2 қосымшасын қараңыз).
2000-жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропаға арналған экономикалық
комиссиясының (БҰҰЕЭК) «Өндірістік апаттардың трансшекаралық зардаптары туралы
тұжырымдамасына» қол қойды. Конвенцияның орындалуына Төтенше жағдайлар министрлігі
жауапты. 2003-ші жылы Қазақстан, сондай-ақ, Каспий теңізі елдерінің барлығымен бірге теңіз
аумағын қорғау туралы негіздемелік конвенцияға қол қойды. Аталмыш конвенция Каспий
теңізі қоршаған ортасының қорғалуына арқау болады. Онда экологиялық ықпалды
шекарааралық контекстіде бағалаудың ережелері бекітіліп, мұнай өндіру салдарынан
ластанудың алдын алу шаралары қарастырылған. Қазақстан қол қойған халықаралық
келісімдер туралы толығырақ 4-бөлімнен оқуға болады.
Кəсіпорындардағы қоршаған орта менеджменті
Жоғарыда атап көрсетілгендей, үкімет ISO 14001 экологиялық басқару стандарттарын енгізген
кəсіпорындарға экономикалық жеңілдіктер (ластау үшін жасалатын төлемдерді азайту арқылы)
береді. 2003-жылдан бері өндіріс саласындағы экологиялық жетістіктер Тұрақты даму
мақсатында табиғи ресурстарды пайдаланушылардың ассоциациясы тарапынан белсенді
қолданылып келеді. Аталмыш ұйым Тұрақты даму мақсатындағы дүниежүзілік бизнес
кеңесінің мүшесі болып табылады. Қазақстандық ассоциацияның басты мақсаттары: а) өндіріс
саласында қоршаған ортаны қорғау шараларына бөлінетін инвестицияларды арттыру; б)
əлеуметтік корпоративтік жауапкершілік принциптерін алға жылжыту. Ассоциация құрамына
Қазақстанның ең ірі 20 компаниясы кіреді. Солардың арасында тау-кен жəне мұнай өндірісі
саласындағы ірі компаниялар бар. Бірқатары ISO 14001стандарттарын енгізсе, бірқатары
сертификациялаудан өтуге дайындық үстінде.