8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
179
қауіпсіздігі Қазақстандағы жерасты жəне жер үсті шахталарын басқаратын əрбір компанияның
бірінші кезекте тұратын проблемасы болып табылады. Алайда бүгінгі күнге дейін
республикада көмір шахталарындағы қауіпсіздік туралы заң жасалмаған. Соңғы бірнеше жыл
ішінде метан жарылыстары салдарынан болған адам өлімі мен адамдардың жарақаттануы осы
проблеманың қаншалықты өзекті екенін көрсетіп, шахталардағы қауіпсіздік стандарттары
жүйесін жетілдіру қажеттілігін айқындады.
8.3 Ұсыныс:
Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше
жағдайлар министрлігімен бірлесіп, шахталарда жұмыс істейтін жұмысшылардың
денсаулығы мен қауіпсіздігін халықаралық стандарттарға сəйкес қамтамасыз ететін заң
жəне оның орындалуына қажетті басқа да нормативті актілерді дайындауы керек. Үкімет,
сондай-ақ, заң талаптарын орындауға қаржылай мұршасы жоқ компанияларға
қолғабыстигізе алатын қосымша қорлар ұсынуы қажет.
Қазақстан өз экономикасын мұнай мен газға толығымен таңып қоймауы үшін
əртараптандыруға бет алып, тұрақты дамуға қолайлы жағдай жасауға барынша күш салып
жатыр. Осы мақсатпен елде заң жүйесі жетілдіріліп, отандық институттар мен қорлар
құрылуда. Алайда «Қазына» ұлттық қоры сияқты жаңадан құрылған институттар мен олардың
тұрақты даму мақсатында қойған міндеттерінің орындалуын қажетті біліктілігі бар
кадрлардың, отандық технологиялар мен жаңа инновациялық идеялардың жетіспеуі, сонымен
бірге жобаларды іріктеу критерийлерінің жетілдірілмеуі тежеп отырады. Жаңа жобалардың
тұрақты даму мақсаттары мен тиімділігі толығымен анықталмай жатып, олардың қабылдануы
немесе кабылданбауы жиі кездеседі. Тау-кен жəне металлургия саласында, сондай-ақ мұнай
жəне газ саласында экологиялық көрсеткіштерді арттырып, денсаулық жəне қауіпсіздік
жағдайларын жақсартуға бағытталған стратегиялық жобалар аса маңыздылар қатарына
жатқызылуы тиіс. Өндіруші сала ашықтығы бастамасына, яғни өндірушілердің халыққа
ашықтығы дəрежесін көтеру арқылы басқару процесін жетілдіруге баса назар аударылу керек.
Бұл міндеттердің орындалуы жаңа институттардың дəрменсіздігінен əлі де болса баяу жүріп
жатыр.
1-бөлімдегі 1.3 ұсынысты жəне 6-бөлімдегі 6.3ұсынысты оқыңыз.
Қазақстан қазіргі қолайлы экономикалық жағдайды пайдаланып, ұлттық ғылыми əлеуетті
дамыту мен пайдалануға күш салуы керек. Тау-кен жəне мұнай мен газ секторларындағы
компанияларда инновациялардың өркендеуіне мейлінше қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сонда
компаниялардың мұның ұтылыссыз бастама екеніне көзі жетіп, өндіруші кəсіпорындар,
жергілікті жабдықтаушы компаниялар, жұмысшылар жəне ғылыми интситуттар арасында
байланыс пайда болып, тұрақтандырар еді. Өндірістің белгілі-бір бөлігіндегі инновациялармен
жұмыс істейтін, не болмаса белгілі-бір географиялық аймақтардағы мəселелерді зерттейтін
арнаулы техникалық орталықтар құрылып, солардың арқасында жаңа технологияны саладағы
өндіріске біртіндеп енгізуге мүмкіндік туар еді. 2008/1/ЕС директивасына негізделген Еуропа
Одағының Алдыңғы қатарлы техникалық əдістер келтірілетін сілтеме құжаты жоғарыда
айтылған бастаманы жүзеге асыруға пайдалы нұсқау бола алар еді. Бұл құжатта қоршаған орта
ластануының алдын алу мен бақылау мəселелері қамтылып, көптеген өндірістік процестер мен
өндіріс қалдықтарын басқаруға қатысты ең тиімді əрі қолдан келетін техникалық тəсілдер
қарастырылады.
8.4 Ұсыныс:
a)
Үкімет тау-кен өндірісі жəне мұнай мен газ салаларындағы кəсіпорындардың
инновация тұрғысынан дамуын қолдап, ғылыми зерттеу жұмыстарына ерекше көніл бөлуі
керек. Мұнай өндірісі, металлургиялық өндіріс жəне экологиялық басқару салаларында
Инновациялар жəне таза технологиялар орталықтары құрылуы қажет;
180
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
б)
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Энергетика жəне минералды ресурстар
министрлігі шикізат өндіру процесін жетілдіретін озат тəжірибе үлгілерін жасап, енгізіп,
соларға сəйкестік көрсеткіштерін жасауы керек. Осындай тəжірибе үлгілерінің орта
мерзімде міндетті түрде қабылданулары шарт.
181
9 Тарау
СУ РЕСУРСТАРЫН ТҰРЛАУЛЫ БАСҚАРУ
9.1
Экологиялық қызметтің нəтижелілігі туралы Бірінші шолу жазылғаннан бергі
уақыттағы су ресурстарының ахуалы мен үрдістері
Қазақстан аумағының шамамен үштен бір бөлігін қамтитын елдің солтүстік-шығыс бөлігі
Арктикалық мұхитқа құйылатын Обь бассейнінің жоғарғы ағысы есебінен суарылады. Осы
гидрологиялық аймақ арқылы Ресей Федерациясы аумағына қарай ағатын басты үш өзен бар
(бастыстан шығысқа қарай): Тобыл, Есіл жəне Ертіс өзендері. Ертіс өзені бойында Павлодар,
Өскемен жəне Семей сияқты ірі қалалар орналасқан. Есілдің жоғарғы ағысы өңірінде елдің
қарқынды өсіп келе жатқан бас қаласы Астана қоныс тепкен. Қазақстанның өзге аймақтарымен
салыстырғанда солтүстік-шығыс өңірі, əсіресе Ертіс бойындағы жер аймағы суға бай болып
келеді. Сондықтан осы аймақта өндіріс орындары да, халық та ең көп шоғырланған (15
миллиондай халқы бар Қазақстанның жартысына жуығы осы аймақта мекендейді).
Елдің өзге аймақтарындағы су бассейндері(алаптары) жабық болып табылады. Осы тектес
бассейндер «ластану концентрациясы» деп аталатын феноменге өте тез душар болуы мүмкін.
Қазақстанның көршілес мемлекеттермен бөлісетін екі теңізі бар: Каспий теңізі жəне Арал
теңізі. Сондай-ақ, Қазақстанның өзіне ғана тиесілі көл суы: Балқаш көлі, Алакөл жəне Теңіз
көлі бар. Осы аталған жабық теңіз бен көлдерге су апаратын бірнеше өзен бар. Олар - Ресейден
бастау алып, Каспий теңізіне құйылатын Орал өзені, Орталық Азия елдері бірқатарының
аумағы арқылы өтіп, Арал теңізінің солтүстік бөлігіне құйылатын Сырдария өзені жəне
Қытайдан ағылып келіп, Балқаш көліне құйылытан Іле өзені. Жылдың белгілі бір мезгілдері
кезінде ғана шөлейт далалы жерлерді суғаратын кіші өзен бассейндері де бар. Олар – елдің
орталық бөлігіндегі Торғай, Нұра жəне Сарысу өзендері жəне оңтүстіктегі Шу мен Талас
өзендері.
Қазақстанның климаты (Кіріспені қараңыз) ұзаққа созылатын қыс мезгілі кезінде өте суық, ал
қысқа жаз кезінде өте ыстық екендігімен ерекшеленеді. Жаз айларында ауа температурасы
экстрималды көрсеткіштерге дейін жетіп, қуаңшылық жиі пайда болады. Ал қаңтар айында ауа
температурасы -45°С дейін жетеді. Қыс мезгілінің суықтығы салдарынан елдің солтүстігіндегі
құрылыс жұмыстары жылына 6-ақ ай бойы ғана жүргізіледі. Соның үстіне, қысты күні аяздап
кетпес үшін су құбырлары жылу изоляциясына алынып, жер бетінен 3 метрге дейінгі
тереңдікте көмілуі керек. Ауыл шаруашылығы салысында суды пайдаланудың да өзіндік
ерекшелігі бар: оңтүстіктегі егін маусымы наурыз айынан қазан айына дейін, ал солтүстікте
сəуір айынан қыркүйек айына дейін созылады, демек жылына бір-ақ рет болады. Булану
деңгейінің жоғарылығынан, жауын-шашынның аз түсуінен елдің айтарлықтай бөліктері
қосымша суаруды қажет етеді. Ауыл шарушылығы егістік жерлерінің басым бөлігі климаты
жұмсақтау келетін оңтүстік облыстарда шоғырланған.
Қазақстандағы жер беті су ресурстарының жалпы мөлшері жылына орташа есеппен 100.5
текше км-ге
тең болса, соның 56.5 км
3
-і ғана Қазақстаннан бастау алады. Қалғаны көршілес
елдерден ағып келеді. Су ең көп мөлшерде Қырғызстаннан, содан кейін Қытайдан, Ресей
Федерациясынан жəне Өзбекстаннан келеді. Климаттың ерекшеліктері себепті өзен сулары
ағымының 90 пайызға жуығы көктемде болады. Су ресурстары ел аумағы бойынша біркелкі,
тең тарамайды. Оның үстіне су мөлшері жыл жəне мезгіл сайын өзгеріп отырады. Суды
толығымен пайдалану мақсатында елдің барлық аймақтарында су ресурстарын жəне солардың
ағысын реттейтін арнайы гидротехникалық нысандар салынған. Түрлі салаларда суға деген
сұраныс əр-түрлі болғандықтан, жəне су ағымының мөлшері мезгіл сайын күрт өзгере
беретіндіктен (мысалы, көктемгі сең жəне жазғы қуаңшылық), су кейде тасып, кейде
керісінше тартылады. Суды пайдаланудың өзара бəсекелес екі жолы бар: қысқы мезгілде аса
Достарыңызбен бөлісу: |