Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет86/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   115

 
8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
   175 
 
 
төтеп  беру  қабілетінің  деңгейін  тексереді.  Төтенше  жағдайлар  мен  өндіріс  қауіпсіздігін 
мемлекеттік  бақылау  комитеті  жəне  Республикалық  кризистік  орталық  Төтенше  жағдайлар 
министрлігінің  құрамына  кіреді.  Өндірістік  саладағы  тексерулерді  жоспарлау  жəне  жүргізу 
кезінде министрліктердің өзара бірлесіп жұмыс істеу мəдениеті əлі қалыптаспаған.  
 
8.3 Ендірме: «Қошқар-Ата» радиоактивті ақырғы қалдық сақтау қоймасын қалпына келтіру, 
Манғыстау облысы 
 
Маңғыстау  облысындағы  Ақтау  қаласының  маңында,  Каспий  теңізінен 8 шақырым  жердегі  Қошқар-Ата 
қоймасына 1965-ші  жылдан  бері  Каспий  тау-кен  жəне  металлургиялық  комбинатынан  улы  жəне 
радиациялы  қалдықтар  əкелініп  төгіліп  келген.  Жалпы  активтілігі 11000 кюри  құрайтын  осы  радиоактивті 
қалдықтар уран – 238, радий – 226 жəне торий - 230 табиғи серияларынан құралған. Қалдықтар желмен 
бірге  жан-жаққа  тарап  кетпес  үшін  суға  батырылып,  көл  күйінде  сақталып  келген.  Алайда  соңғы 15 жыл 
бойы  қоймадағы  су  деңгейі  төмендеп,  соның  кесірінен  қоршаған  ортаға  тиетін  зиян  артып  барады.  Су 
деңгейінің  төмендеуі  салдарынан  радиациялы  жəне  улы  заттар  кеуіп,  олардың  желмен  тозаңдану  қаупі 
бар.  Су  деңгейінің  төмендеуіне  зауыттағы  өндіріс  көлемінің  қысқарып,  қалдықтар  қоймасына  төгілетін 
сұйық заттар мөлшерінің төмендегені себеп болды. Қазір күн сайын қоймаға Ақтаудың тазалаудан өткен 
17-32  мың  текше  метр  сарқынды  сулары  жəне 7 мың  текше  метр  тазаланбаған  үй  қалдығының 
сұйықтықтары  ағызылады.  Осының  арқасында  қойманың  батыс  бөлігіндегі 5 шаршы  шақырымдық  аудан 
қайтадан  сумен  жабдықталған  болатын.  Алайда  осы  шаралар  қойманы    əрдайым    толтыруға  мүмкіндік 
бермейді.  Түбінде  радиоактивті  қалдықтар  жатқан  ойпаттың 24 шаршы  шақырымы  əлі  де  болса  құрғақ 
күйінде тұр. Радионуклидтер, ауыр металдар жəне тағы басқа химиялық заттар желмен бірге тарап кетіп, 
қоршаған орта мен қала тұрғындарының денсаулығына өте үлкен қауіп төндіреді. Қошқар Ата қоймасының 
маңындағы  ауаның  ластану  жағдайы  өте  нашар:  фтор  жəне  фосфат  мөлшері  ықтимал  ең  жоғары 
нормадан   сəйкестігіне қарай 1,3 жəне 1,8 есе көп. Соның үстіне, қоймадағы қалдықтар жерасты суларына 
өтіп, Каспий теңізінің қоршаған ортасына орасан зор қауіп төндіре алады.  
 
Ескі  радиоактивті  қалдықтарды  қоршаған  ортаны  қорғау  тұрғысынан  қалпына  келтіру  мақсатында  2001-
2010ж.ж-ға  арналған  уран  өндіруші  кəсіпорындарды  консервациялау  жəне  уран  кеніштерін  игеру 
зардаптарын жою жөніндегі бағдарламасы қабылданған болатын. Қошқар Ата қоймасы проблемасының 
маңыздылығын ескере отырып, Маңғыстау облысының əкімшілігі 2002-2004ж.ж. жергілікті бюджеттен 64,5 
миллион  теңге (516 мың  АҚШ  доллары)  бөлуді  көздеп,  бұл  қаржыны 5 түрлі  техникалық  жоба  арасында 
таратып  берді.  Жобалардың  орындалуы 2006-шы  жылы  басталып,  зақымданған  аудан  ең  алдымен 
оқшауланған  болатын.  Содан  кейін  қойманың  жан-жағындағы  периметр  бойынша  орналасқан  су 
ұңғымыларындағы жерасты сулардың сапасы тексеріліп, улы жəне радиоактивті заттардан бөлінетін шаң-
тозаң  ахуалына  мониторинг  жүргізіле  бастады.  Қойманың  сұйық  бөлігіндегі  ортасын  тұрақтандыруға 
бағытталған  бірқатар  шаралар  да  қолға  алынды.  Ғылыми  зеттеулер  көрсеткендей,  қатты  жел  соғу 
жағдайында  ауадағы Pb-210  қорғасын  изотопының  концентрациясы  фондық  көрсеткіштен 15 есе  көп. 
Никель,  цинк,  мыс,  хром  жəне  вольфрам  да  қойманың  маңындағы  ауа  құрамында  табылған  болатын. 
Маңайдағы    Ақшұқыр,  Баянды,  Қызылтөбе  елді-мекендерінде  жəне  Маңғыстау  теміржол  станциясының 
тұсынан  алынған  топырақтың  құрамындағы  ауыр  эелменттердің  концентрациясы  өлшенді.  Осы  сияқты 
улы  жəне  радиоактивті  заттардың  аса  сезімтал  келетін  Каспий  теңізінің  қоршаған  ортасына  түсіретін 
салмағы əлі де нақты анықталмағандықтан, қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.  
Дерек көзі: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, 2007ж. 
 
Заң жүйесі 
 
2000-жылдан  бері  минералдық  ресурстарды  басқаруға  қатысты  заңнама  айтарлықтай 
жетілдірілді.  Минералдық  ресурстар  саласындағы  мəселелерді  реттейтін  ең  алғашқы  заң 
актісіне 1996-шы  жылы  шыққан  «Жер  қойнауы  жəне  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»  заң 
жатады. Бұл заңға бірнеше рет өзгерістер жасалды. Соңғы өзгерістер 2007-ші жылдың қаңтар 
айында енгізілді.  
  
Мұнай саласында жұмыс істейтіндер үшін ең маңызды құжат – ол «Мұнай туралы» заң.  2004-
ші  жылы  осы  заң  қоршаған  ортаны  қорғау  мəселелеріне  байланысты  айтулы  өзгерістерге 
ұшырады.  Соның  ішінде  мұнай  операциялары  кезінде  газды  кəдеге  жарату  жəне    жандыру 
туралы (30-35 баптарды  қараңыз),  Каспий  теңізі  қазақстандық  секторының  солтүстік 
бөлігіндегі  мемлекеттік  маңыздылығы  бар  қорғалған  аймақтарда  мұнай  операцияларын 
жүргізуге  қойылатын  арнайы  экологиялық  талаптар (46-бөлім)  туралы  өзгерістер  бар.  
Экологиялық талаптар мына нысандар мен іс-əрекеттер үшін енгізілді: 
• 
Құбырлар арқылы тасымалдау; 


176
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
• 
Теңіз  жағалауындағы  сақтау  қоймалары  жəне  жағалауға  жақын  орналасқан  жер  үсті 
мұнай кеніштері; 
• 
Кеме қатынасы; 
• 
Сақтау жəне жоюға дайындау; 
• 
Апатты жағдайлардың алдын алу жəне тазалау; 
• 
Каспий  теңізі  қазақстандық  секторының  солтүстік  бөлігіндегі  қорғалған  аймақтарда  
экологиялық мониторинг жүргізу. 
 
2007-ші  жылы  шыққан  «Қазақстан  Республикасының  экологиялық  кодексі»  мен  өзге  де 
бірқатар  экологиялық  жəне  қауіпсіздік  заң  актілерінің  минералдық  секторға  тікелей  қатысы 
бар (8.4 қосымшасын қараңыз). 
 
8.4 Ендірме: Минералды ресурстарды пайдалануға қатысты қызметке қолданылатын заңнама 
 
• 
Міндетті экологиялық сақтандыру туралы заң (2005ж.) 
• 
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау туралы заң (2004ж.) 
• 
Қауіпті өндіріс орындарындағы өндірістік қауіпсіздік туралы заң (2002ж.) 
• 
Төтенше жағдай туралы заң (2003ж.) 
• 
Техникалық реттеу туралы заң (2004ж.) 
• 
Үшінші  тарапқа  залал  келтіру  қаупі  бар  нысан  иелерінің  жуапкершілігін  міндетті  сақтандыру  туралы 
заң (2004ж.) 
• 
Экологиялық қаупі бар экономикалық іс-əрекеттер тізімін жəне оларға міндетті мемлекеттік лицензия 
беру ережелерін бекіту туралы қаулы (2004ж.) 
• 
Қазақстан  Республикасы  Төтенше  жағдайлар  министрлігінің  өндірістік  апаттар  мен  олардың  шекара 
аралық салдарының алдын алу, дайындық жүргізу  жəне шара қолдану  туралы бұйрығы (2005ж.) 
• 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  мұнай  төгілуінің  алдын  алу  жəне  теңіз  суы  мен  ішкі  су 
қоймаларында болатын мұнай төгілу апаттарына шара колдану туралы қаулысы (2000ж.) 
 
2003-жылы қабылданған «Өндірістік қауіпсіздік туралы» заң қауіпсіздік декларацияларының 
жасалуын,  құрал-жабдықтың  сертификациядан  өтуін,  тексерулер  мен  сақтандыру 
шараларының қолға алынуын талап етеді. Заң, сондай-ақ, төтенше жағдайға  шұғыл түрде шара 
қолдану  жоспары,  соның  ішінде  өндіріс  учаскілері  мен  олардың  сыртындағы  аумақтарды 
қамтитын апаттан құтқару жоспарларының жасалуын көздейді. Өндіріс учаскелеріне қатысты 
жасалған осындай жоспарлар тиісті органдар тарапынан бекітілуі қажет.   
 
Қоршаған  ортаны  қорғау  шараларын  көздеген  алғашқы  шолу 2000-шы  жылы  шыққалы  бері 
Қазақстандық заң жүйесі реформаланып, оң өзгерістерге ұшырағанымен, заңдардың іс жүзінде 
орындалуына  байланысты  қиыншылықтар  əлі  де  болса  өте  көп.  Ал  минералдық  сектордың 
экологиялық тұрғыдан тұрақты дамуы, заңдардың тиісінше орындалып, жүзеге асуына тікелей 
байланысты.  Заңдардың  толығымен  күшіне  ене  алмай,  жүзеге    аспауы  белгілі-бір  заң 
құжаттарына  нұқсан  келтірумен  шектелместен,  бүгінгі  жəне  болашақ  инвесторлардың  елдегі 
заң жүйесіне қатысты сенімсіздігін туындатады.  
 
Əкімшілік жəне экономикалық құралдар 
 
Қазып  шығару  өндірісі  саласындағы  жобаларды  бастамақ  бұрын  үкіметтен  алдымен  түрлі 
рұқсат қағаздарын  алу  керек. Соның  бірі  қоршаған  ортаның қорғалуына қатысты. Бұл  рұқсат 
қағазында  өндірістің  ауаға  шығаратын  ластаушы  заттардың  ең  жоғары  жəне  ең  төмен  шегі 
жазылып, өндіріс кезінде пайда болатын қалдық пен судың мөлшері көрсетілуі керек. 2002-ші 
жылдан  бастап  бірыңғай  кешендік  рұқсат  құжаты  пайда  болды.  Ол 3 жылға  беріледі.  Еуропа 
Одағы елдеріндегі сияқты экологиялық рұқсат берудің интеграциялық жүйесінің принциптері 
Қазақстанда  əлі  енгізілмеген.  Рұқсат  қағазынан  бөлек  минералдық  ресурстарды 
пайдаланушылар  лицензия  алулары  керек.  Бұған  қоса,  əрбір  кəсіпорында  қазба  жұмыстары 
аяқталғаннан кейін өндірістің əсері тиген аумақта,  сауықтыру шараларын өткізуге мүмкіндік 
беретін  реабилитациялық  қор  құрылуы  тиіс.  Алайда  іс  жүзінде  осындай  қалпына  келтіру 
қорларын құруға тек ірі кəсіпорындардың ғана шамасы келеді. Өндіріс компаниялары, сондай-


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау