203
ортаға тиетін əсерді бағалау жүйесі, оның процедуралары да қалын жұртшылыққа түсінікті əрі
анық болатындай деңгейге дейін жеткізілді. Алайда бағалау шараларының аясы
кəсіпорындардың барлығын дерлік қамтиды. Олардың көлемі, шағын жəне орта бизнес басым
келетін салалардың қазіргі қажеттіліктері есепке алынбайды. Іс-əрекеттің бөлек-бөлек
түрлеріне берілетін экологиялық рұқсат қағаздар бірегей бір құжатқа біріктіріліп, жаңадан
қабылданған Экологиялық кодексте 2008-жылдан бастап ірі индустриялық секторлар үшін
біртұтас рұқсат беруді енгізу керек деп ұйғарылған. Осындай бірегей рұқсат қағаздарындағы
талаптар қолда бар ең ұтымды технологияларға негізделетін болады. Алайда бұл əдісті
қолданысқа енгізуге керекті білім мен тəжірибе деңгейі жетіспейді.
3 Тарау:
Халықаралық ынтымақтастық
3.1 ұсыныс:
Елдің қоршаған ортаға қатысты заңнама жүйесі халықаралық нормалар мен
стандарттарды есепке алып қана қоймай, күшіне ене алатындай жəне қатаң
қадағалатындай болуы тиіс. Қоршаған орта нормалары мен іс-шаралар жоспарларын
халықаралық міндеттемелерге сəйкес жүзеге асыру жəне қадағалау ісі Қазақстанның
экологиялық саясатының ең басты міндетіне айналуы керек. 1.1 ұсынысты қараңыз.
2007-жылы қабылданған Экологиялық кодекс қоршаған ортаны қорғау саласындағы
заңнаманы бір жүйеге келтіріп, соны халықаралық нормалар мен стандарттарға, əсіресе Еуропа
Одағы заңнамасына сəйкестендіруге бағытталған. Алайда экологиялық заңдарды жүзеге
асырудың тиімді механизмдері əлі де болса жетілмеген. Қоршаған орта саласында
ратификациядан өткен халықаралық келісімдердің талаптарын орындау мақсатында бірқатар
саяси құжаттар мен іс-шаралар жоспарлары дамытылды, немесе дамытылып жатыр.
Халықаралық экологиялық ынтымақтастық саласындағы ұлттық бағдарламаларды жүзеге
асыруға жауапты басты мемлекеттік орган болып табылатын Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінде не ресурстар, не білім мен тəжірибе деңгейі жетіспейді. Қоршаған орта жəне
тұрақты даму саласындағы басты саяси құжаттарда халықаралық ынтымақтастықтың
жекелеген тұстары атап көрсетілмейді.
3.2 ұсыныс:
Орталық Азия елдері арасында, əсіресе трансшекаралық су жəне су объектілеріне қатысты
мəселе бойынша ынтымақтастық күшейтілуі керек. Экономикалық мүддеден гөрі табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға баса назар аударылуы тиіс.
Аймақтық экологиялық іс-шаралар жоспарын дайындау кезінде аймақтық деңгейдегі
мəселелерге ортақ, бірлескен шешім ізделуі қажет.
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында екіжақты, əрі көпжақты аймақтық
ынтымақтастық құруға белсенді араласып келеді. Ел үкіметі қоршаған ортаны қорғау
мəселелеріне қатысты ондаған мемлекеттермен, соның ішінде Орталық Азиядағы көршілес
елдермен екіжақты келісімдерге қол қойды. Аймақтық ынтымақтастық саласында ерекше
назар трансшекаралық су мəселелеріне бөлінген. Қазақстан жəне Қырғызстан арасында Шу
мен Талас өзендері бойынша Су менеджменті нысандарын пайдаланудың үкіметаралық
комиссиясы құрылды. Комиссияның жұмысы оң бағаланып, Орта Азияда трансшекаралық
сулар бойынша ынтымақтасудың жақсы үлгісі ретінде қарастырылып отыр.
Басты аймақтық проблемаларды шешу мақсатында 2001-жылы Аймақтық экологиялық іс-
шаралар жоспары дүниеге келді. Алайда бұл жоспардың жекелеген мемлекеттер деңгейінде
қалай орындалатыны туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, осы құжаттың негізінде аймақтық жəне
екіжақты деңгейде əлі бір де бір жоба жасалып көрмеген. Сондыктан, аталмыш жоспар
аймақтық ынтымақтастықты дамытуға, аймақтық проблемаларға ортақ шешім табуға
қауқарсыз болып шықты деп түйіндеуге тура келеді.
3.3 ұсыныс:
204
Ұлттық экологиялық орталықтың тəжірибесі жалғастырылып, оны Табиғи ресурстар жəне
қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрамына қосу керек. Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы халықаралық конвенциялар мен саяси құжаттар жəне солардың əлеуметтік-
экономикалық маңыздылығы туралы ақпарат республикалық жəне облыстық деңгейде
таратылып, үкіметтің барлық деңгейлерінде жəне халық арасында арнайы оқыту жəне білім
беру бағдарламалары қолға алыну керек. Қазақстан халықаралық экологиялық конвенциалрдың
ел үшін маңызыдылығын зерттеп, соның негізінде ең басты құжаттардың барлығын
ратификациядан өткізу мақсатында еңбектенуі керек.
Ұлттық экологиялық орталық өз жұмысын тоқтатты. Қоршаған орта саласында халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру жауапкершілігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
құрамындағы Заң жəне халықаралық ынтымақтастық департаментіне жүктелді. Халықаралық
экологиялық келісімдерге сəйкес ұлттық саясатты дамытып, соның жүзеге асырылуын
үйлестіру міндеті де аталмыш департаментке табысталды. Халықаралық экологиялық
келісімдер туралы білім беру мақсатында, ұлттық деңгейде бірқатар білім беру жəне тренинг
бағдарламалары жасалды.
Қазақстан көпжақты экологиялық келісімдердің 24-не жеке тарап болып қосылды. Қоршаған
ортаны қорғау шараларына алғашқы шолу жарыққа шыққан бері сол келісімдердің 12-сі
ратификацияланды. Дегенмен, келісімдердің іс жүзінде күшіне еніуіне жол ашатын
хаттаманың көпшілігін Қазақстан əлі де болса ратификациядан өткізбеді. Солардың ішінде
БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша негіздемелік конвенциясына қатысты Киото хаттамасы
жəне БҰҰ-ның Еуропаға арналған экономикалық комиссиясы дайындаған конвециялардың
хаттамалары бар.
II БӨЛІМ:
ЛАСТАУДАН ҚОРҒАУ ЖƏНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МЕНЕДЖМЕНТІ
4 Тарау:
Ауаны қорғау менеджменті
4.1 ұсыныс:
Санаулы ластаушыларға арнап, ластау концентрацияларының қысқа мерзімдік жəне жылдық
шектерін анықтау қажет. Соларды Дүниежүзілік денсаулық ұйымының нормаларымен
сəйкестендіру керек. Жаңадан ашылған жəне қайта құрудан өткен ластау көздері
шығаратын техникалық эмиссиялардың шегі анықталып, бұл көрсеткіш ауаны қорғау
жөніндегі заң құжаттарына енгізілуы керек. Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан ауаны
ластайтын нысандарға эмиссия көлемдері жаңадан анықталған ресми нормаларға сəйкес
шығарылуы үшін біршама уақыт беру керек.
Ауанын сапасын қадағалау саласындағы реттеу шаралары əлі де болса Дүниежүзілік
денсаулық ұйымының нормалары мен əдістеріне сай келмейді. Ластаушы кəсіпорындарды осы
нормаларға бағындыру мақсатында экологиялық рұқсат қағаздарын беру жүйесіне жаңа
элемент қосылды. Ол - қоршаған ортаны қорғауды жетілдіру бағдарламасы. Оның көмегімен
кəсіпорындардың экологиялық шараларының аясын біртіндеп кеңейтуге болады.
4.2 ұсыныс:
Ауаны қорғау жүйесін қарапайым ғана стандарттарға сай келтіру мақсатында ауа сапасын
бақылау жəне метеорологиялық мониторинг жүргізу бағдарламаларын ең болмағанда 1990-
жылғы деңгейге дейін қайта жеткізу керек. Ауа менеджменті саласындағы болашақ
талаптарға бүгіннен дайындалып, жалпыұлттық жəне аймақтық мұқтаждықтарға
бейімделген жаңа мониторингтік жүйе қалыптастырылуы тиіс. Сондай-ақ, ауа сапасының
стандарттары қайта қарастырылып, бекітілуі қажет. 14.6 ұсынысты қараңыз. .
2000-2007-жылдар аралығында жылжымайтын тұрақты мониторинг жасау станцияларының
саны үш есе көбейді. Соның үстіне он жаңа жылжымалы лаборатория жұмыс істейді.
Мониторинг жүргізу жүйесі жаңартылып жатыр. 2006-2008-жылдары осы жұмыстарға
Достарыңызбен бөлісу: |