Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет72/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115

 
6 Тарау: Қоршаған ортаны  қорғауға жұмсалатын шығындар
 
  141 
 
 
қосатын  жəне  шамадан  тыс  қаржы  ауыртпалығын  қабылдау  қажеттігінсіз  энергия  тиімділігін 
арттыратын  шағын  жəне  орта  кəсіпорындарға  қолдау  көрсету.  Бірінші  жобалар  Шымкенттегі 
ағынды суларды тазарту мен  Шығыс Қазақстандағы ауыр өнеркəсіптің негізгі орталығы, қатты 
ластануға ұшырайтын - Өскеменнің экологиялық жобасын қамтиды.     
  
Еуропалық одақ /Еуропалық Комиссия 
 
ЕО  мен  Қазақстан  қатынастарының  негізін  екі  жақты  деңгейдегі  əріптестік  жəне 
ынтымақтастық  туралы  Келісім  (ЭЫК)  құрайды,  ол 1999 жылдың    бас  кезінде  күшіне  енді: 
2000-2006 жылдарда ЕО Орталық-азиялық аймақтық ынтымақтастық бағдарламасы мен соған 
байланысты  Аймақтық  ТАСИС  бағдарламасының  аясында  қолдау  көрсетіп  отырды.  ТАСИС 
аймақтық    бағдарламасы 2000-2006 жж.  Аймақтық  стратегияға  (АС)  жəне    сонымен 
байланысты  Индикативті  бағдарламаға  қоса  жүргізілді.  АС  пен  индикативті  бағдарлама 
қоршаған  ортаны  қорғауға  қаржылай  қаражаттардың  нақты  сомасын  бөлуді  көздеген  жоқ. 
Алайда  бірқатар  экологиялық  мəселелер  (мəселен,  климаттың  өзгеруі  жөніндегі  халықаралық 
міндеттемелер, су ресурстарын басқару жүйесін əзірлеу жəне шөлге айналумен күрес жүргізу) 
АС-ке кіретін аймақтық ынтымақтастық бағдарламасының аясында орындалатын басымдықтар 
ретінде  белгіленді. 2007 жылдан  бастап  ЕО  ынтымақтастық  құралдарын  қайта  қарағаннан 
кейін,  Орталық  Азияның  бес  елі  ынтымақтастықты  жəне  экономикалық  ынтымақтастықты 
дамыту құралының көмегін алуда. 2007-2010 жж. Негізгі көмек су ресурстарының секторына, 
атап  айтқанда,  су  ресурстарын  интеграциялы  басқару  мен  трансшекаралық  өзендерді 
басқаруға,  сумен  қамтамасыз  ету  жəне  каналаизация  жүйесінің  саяси  реформалары 
саласындағы  қолдау  көрсетуге,  сондай-ақ  ХҚИ  су  инфрақұрылымына  жасалатын 
инвестицияларына жəрдемдесуге бағытталады. 
 
Қолдау  көрсетудің  басқа  салалары  ормандар  мен  орман  ресурстарын  орнықты  басқаруды, 
сондай-ақ Киото Хаттамасын іске асыруға аймақтық қолдау көрсетуді қамтиды. 
 
6.5 
Қорытындылар мен ұсыныстар 
 
Қазақстан  Республикасының  экологиялық  секторы  материалдық  инфрақұрылым  мен  адам 
ресурстарына инвестициялардың созылмалы жетіспеушілігінің ұзаққа созылған кезеңін бастан 
кешірді. Осыған байланысты, экологиялық қажеттіліктер біршама жоғары.  Кейінгі жылдарда 
қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын жиынтық шығындар ұдайы өсу үрдісін көрсетті, бірақ 
осы  өсу,  негізінен,  дəстүрлі  түрде  қазақстандағы  қоршаған  ортаны  қорғауға  жұмсалатын  
шығындардың  ең  қомақты  үлесін  көтеріп  келген  Өнеркəсіптік  кəсіпорындардың  есебінен 
қамтамасыз  етілді.  Өнеркəсіптік  кəсіпорындардың  қоршаған  ортаны  қорғауға  жұмсайтын 
шығындары  негізінен,  экономикалық  құралдармен  қатар  реттеудің  дəстүрлі  жүйесіне 
байланысты  (командалық-бақылау  шаралары).  Осы  саяси  үйлестікті  жетілдірудің, 
басқаларының ішінен, ағымдағы жəне көбіне қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем алудың 
тиімсіз  жүйесін  қайта    қараудың  жəне  экономикалық  тиімді  реттеу  əдістері  мен  экологиялық 
зиянды өнімге салық салудың  есебінен жетілдірудің кең саласы бар (5 тарауды қараңыз).  
 
Жалпы  мемлекеттік  шығындармен  қатар  мемлекеттің  қоршаған  ортаны  қорғауға  жұмсайтын 
шығындары айтарлықтай өсті.  
 
Алайда бұлар жалпы мемлекеттік шығындармен жəне Жан басына шаққандағы шығындармен 
салыстырғанда  өте  аз.  Сондықтан    мынадай  болжам  жасауға  болады,  қоршаған  ортанға 
мемлекеттік  басымдықтар  тізбесінен  жоғары  басымдық  берілмейді.  Оның  үстіне,  қоршаған 
ортаны  қорғауға  жұмсалатын  мемлекеттің  шығындардың  экономикалық  тиімділігі  туралы 
дерек жоқтың қасы. 
 
Дегенмен  мемлекеттік  сектор  бюджетінің  ахуалы  ең  алдымен  мұнай  мен  газдан  түскен 
табыстардың  жедел  өсуінің  есебінен  айтарлықтай  жақсарды.  ҚРҰҚ  жинақ  ақшалары  кейінгі 
жылдарды  күрт  көтерілді.  Бұл,  сайып  келгенде,  əлеуметтік  шығындармен  арақатынаста 


142
 
 
 
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
 
 
 
əлеуметтік  пайданың  жоғары  деңгейіне  ие  экологиялық  жобаларды  қаржыландыруға  қолдау 
көрсету үшін орталық жəне жергілікті бюджеттерге аударымдарды ұлғайтуды көздеуі тиіс. 
 
Осы  жалпы  мəнмəтінде  маңыздысы,  ҚОҚМ  мемлекеттік  шығындардың  орта  мерзімдік 
межелерін  жасауға  бағытталған  орталық  жəне  жергілікті  билік  органдарының  өзара  іс-қимыл 
механизмдерінде    «естілуі»  мүмкін. Бұл  сондай-ақ  сектордың  даму  стратегиясында  қоршаған 
ортаны  қорғаудың  интеграциясына  септігін  тигізеді.  Осы  мəнмəтінде  экономикалық 
əртараптандыру  мен  бəсекеге  қабылеттілік  стратегиясына  ҚОҚМ-мен  жəне  басқа  да  тиімді 
интеграцияға  қатысушылармен  бірге  экологиялық  міндеттерді    ілгерілетідегі  «Қазына» 
тұрлаулы даму Қорының əлеутті рөлін айрықша атап өту керек.  
 
6.1 Ұсыныс: 
Қоршаған  ортаға  тигізілетін  əсер  мен  соған  байланысты  қоршаған  ортаны  қорғауға 
жасалатын инвестициялардағы қажеттіліктерді жақсырақ  есепке алу үшін: 
(а) 
Үкімет  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  мен  басқа  да  мүдделі  тараптардың, 
«Казына», тұрлаулы даму Қоры сияқты ведомосаралық механизмдері мен институттарына 
барабар қатысуын  қамтамасыз етуі тиіс, олар тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды 
қоса есептегенде, өнеркəсіптік даму стратегиясын əзірлейді;  
(б) 
Үкімет  мемлекеттік  бюджет  жоспарлау  аясында  қоршаған  ортаны  қорғау 
мəселелерінің анағұрлым жоғары басымдыққа жетуіне ұмтылуы тиіс; 
(в) 
ҚОҚМ  белгіленген  экологиялық  мақсаттарға  жету  мен  қаражаттарды 
экономикалық  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  ету  үшін  ірі  шығындарды  қарастыратын 
бағдарламалардың мониторингіне жəне сараптық бағасына бөлінетін ресурстарды күшейтуі 
тиіс.  
 
Мемлекеттік  сектор  шығындарының  үлкен  бөлігі  жергілікті  деңгейдің  үлесіне  тиеді.  Алайда 
экологиялық міндеттер көбіне шектеулі табыстар үшін бəсекелесетін секторалды басымдықтар 
жағдайында  бюджеттік  қаражаттарды  бөлу  кезінде  назардан  тыс  қалады.  Бұл  мынадан 
көрінеді,  кейінгі  жылдарда  қоршаған  ортаны  қорғауға  жергілікті  бюджеттерден  бөлінетін 
шығындар  қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  төлем  жинаудан  жергілікті  бюджеттерге  түсетін 
түсімдерден  едəуір  төмен  болды.  Қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  төлемдерден  түсетін 
табыстарды  экологиямен  байланысты  емес  мақсаттарға  кеңінен  пайдалану  «ластауға  айыпты 
төлейді»  қағидатымен  қарама-қайшы  келеді.  Қоршаған  ортаны  ластауға  байланысты 
төлемдермен  салыстырғанда  анағұрлым  тиімді  салық    салу  құралдары  бар,  олар  мемлекеттің 
экологиялық  емес  бағдарламаларында    жергілікті  деңгейде  қаржыландыруы  үшін  қажет 
табыстарын  ұлғайтуға  қабылетті.  Осы    мəн-мəтінде,  қоршаған  ортаны  қорғауға  жұмсалатын 
шығындарды жабуға ұлттық бюджеттен жергілікті бюджеттерге қаражаттар аударудың сенімді 
емес екенін атап өту керек. 
 
 
6.2 Ұсыныс: 
Үкімет қоршаған ортаны ластауға байланысты төлемдерден түсетін барлық табыстардың 
қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  шараларды  қаржыландыруға  тиімді  пайдаланылуын 
қамтамасыз  ету  жөніндегі  күш  жігерлерін  жалғастыруы  тиіс.  Бұл  үкіметтің  басым 
жобаларын  тікелей  қаржыландырудың  жəне  /немесе  осы  түсімдерді  экологиялық 
инвестицияларды ынталандыру үшін ластаушы кəсіпорындарға ішінара қайтарудың нысанын 
қабылдауы мүмкін. 
 
Жергілікті билік органдарына отандық немесе шетелдік банкілермен немесе көп  жақты қаржы 
институттарымен  тікелей  келісімдерге  қатысуға  рұқсат  етілмейді.  Орталық  үкіметтің 
тарапынан  шектеулі  қаржыландыру  жағдайларында  бұл  анағұрлым  үлкен  жақсартуды  талап 
ететін  экологиялық  инфрақұрылымды  қаржыландыруға  күрделі  тосқауыл  болуы  мүмкін. 
Орталық  үкіметтен,  жергілікті    капитал  рыноктарынан  немесе  көп  жақты  қаржы 
институттарынан  үлкен  қаражаттар  тарту  қаржы  жұмсалымдарының  дəйекті  бағасымен 
(инвестициялық  шығындар,  пайдалану  мен  техникалық  қызмет  көрсетуге  жұмсалатын 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау