6 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар
129
факторларын есепке алу арқылы коммуналдық қызметтерді пайданалушылардың саны
ескеріледі. Алайда жаңа ережелердің күшіне ену мерзімдері белгіленбеген.
Оның үстіне, жергілікті билік органдары отандық капитал рыноктарында ақшалай
қаражаттарды қарызға алуға немесе халықаралық қаржы институттарымен (ХҚИ) немесе екі
жақты донорлармен гранттық жəне кредиттік операцияларға қатысуға уəкілетті емес. Бірақ
бірқатар жағдайларда орталық билік органдары ХҚИ-ден несие капиталын тартты жəне осы
қаражаттардан жергілікті басқару органдарына кредиттер берді.
«Атыраудағы сумен қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба», ең көрнекі мысал болып
табылады, ол 2004 жылы аяқталды. Осы жобаны іске асыру үшін ҚР Үкіметі Дүниежүзілік
Банкпен кредиттік келісім жасады, ол Атырау облысының əкімдігін кейіннен кредиттеуді
көздейді. Жергілікті биліктер жобаның іске асырылуына жəне ортақ қаржыландыруға жауапты
болды. Жергілікті бөлімше «Водоканал» МҚК ұзақ мерімді кредиттік міндеттемелердің
қабылдануына байланысты жеткілікті ағымдағы жəне күтілетін табыстардың болмауынан
бұған қатысқан жоқ. Жергілікті биліктердің ХҚИ гранттар мен кредиттер беруі жөніндегі
рəсімдермен жəне талаптармен таныс еместігі (жергілікті бөлімшелер МҚИ «Водоканал»
сияқты), осы орталықтандырылған тəсілдің тікелей нəтижесі болып табылды.
Шын мəнінде, Коммуналдық сумен қамтамасыз етудің жəне канализацияның жергілікті
желілеріне инвестицияларды қаржыландыру мақсаттарында жеке капитал рыноктарында
қаражаттарды қарызға алуларына рұқсат етілді. Алайда осы қарыз инвестицияларды
инфрақұрылымға ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайтару мен қарызды
(борышты) өтеуге байланысты тұрлаусыздық (белгісіздік)
жағдайларында пайдалану
шығындарын қысқа мерзімді қаржыландырумен шектелді. Бұл тарифтерді белгілеуге саяси
араласу салдарының бірі, сол себепті сумен қамтамасыз етудің коммуналдық желілерінің
табыстары тек пайдалану шығындары мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын
шығындарды ғана жабады..
2
6.4
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындардың соңғы үрдестері
жүйесіндегі соңғы үрдістер
Қазақстанда ағымдағы онжылдықтың бас кезінен тіпті шағын база жағдайларында да жеке
жəне мемлекеттік сектордың қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын жиынтық шығындардың
ұдайы өсуі байқалды. Бұлар экономикада таралатын өндіріс пен табыстардың жалпы
көлемінің көрсеткіші болып табылатын ЖӨІ-ге қатысты айтарлықтай өсті. Соның нəтижесінде,
қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар 2001-2006 жылдар арасындағы ЖІӨ-нің 1,2-
1,3% тұрақты көрсеткішіне сəйкестенді. Нақты есептегенде, яғни инфляцияға түзету жасау
арқылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар осы көрсетілген кезең арасында 50
пайыздан астам шамаға өсті. Халық санының шамалы өзгеруінде Жан басына шаққанда
қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын нақты шығындардың айтарлықтай ұлғаюы байқалды,
ол ұлттық ақша бірлігімен өлшенеді. (6.1 Кестені қараңыз). Халықтың Жан басына шаққанда
қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар 2001 жылғы 20 АҚШ долларымен
салыстырғанда 2006 жылы 66 АҚШ долларын құрады.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар экологиялық проблемаларға мемлекеттің
шара қолданылуының деңгейін анықтайтын индикатор іспеттес. Шығындардың жоғары
деңгейде өсуі Қазақстанда шара қолданудың айтарлықтай күшейгенін айқын көрсетеді. Алайда
екінші мəселе олардың түрлі экологиялық салаларда теңгерілгеніне, жəне кейінгі жылдардың
ішінде экологиялық проблемаларды азайтуда қол жеткен прогресстің қанағаттанарлық болған
2
Дүниежүзілік Банк өзінің Атырау жобасына берген түпкілікті бағасында «Водоканал» МҚК тарифтерді көтеруге
дəрменсіздігін атап көрсетті, сондай-ақ Ұлттық Антимонополиялық Комитеттің (ҰАК) рөліне жəне ҰАК
қолданыстағы заңнаманы қолдануына тоқталды
.
130
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
болмағанына қарамастан, қаржыландырылатын шаралардың экологиялық тиімділігін өлшеуге
саяды. Алайда, осындай түрдегі сараптық баға үшін қажет нақтыланған ақпараттық база жоқ.
Кез келген жағдайда, қоршаған ортаны қорғауға жоғары деңгейлердегі жұмсалатын
шығындарды сақтау қажеттілігін, сондай-ақ қаражаттарды барабар жұмсауды қамтамасыз
етуді ескере отырып, еліміз экологиялық үлкен міндеттерді шешу үстінде.
6.1 Кесте: Қоршаған ортаны қорғауға 2001 - 2006 жылдарда жұмсалған шығындар:
іріктемелі индикаторлар
Бап
Деңгейі
Ақша бірліг
2001
2002
2003
2004
2005
2006
Жалпы шығындар
ағымдағы бағаларда
млрд теңге
42,9
44,1
56,4
69,8
89,0
125,3
Жалпы шығындар, ЖІӨ% ағымдағы бағаларда %
1,3
1,2
1,2
1,2
1,2
1,3
Жан басына шаққандағы
жалпы алынғандар
ағымдағы бағаларда
теңге
2 889
2 964
3 789
4 574
5 896
8 292
Халықтың жан басына
шаққандағы нақты
шығындар
коэффициент
2001=100
100
97
111
115
126
153
Халықтың жан басына
шаққандағы жалпы
ағымдағы бағалар жəне
қолданыстағы айырбас
US$ АҚШ
доллары
20
19
25
34
44
66
Дерек көзі: ҚР статистика жөніндегі агенттігі: "Қоршаған ортаны қорғау жəне Қазақстандағы тұрлаулы даму",
Алматы,2005 ж.; сондай-ақ БҰҰ ЕƏК мəліметтері. ХВҚ Дүниежүзілік экономикалық шолуының мəліметтері,
Қазан, 2007 ж. (www.imf.org);
Ескерту: Мемлекеттік жəне жеке сектордың жұмсаған шығындары нақты шығындар ЖІӨ дефеляторын қолдану
арқылы есептелді.
Инвестициялармен салыстыруда қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын ағымдағы
шығындар
2001 жылдан бастап, жыл сайын дерлік инвестициялық шығындар ағымдағы шығындардан
асып отырды (6.2 Кестені қараңыз). 2001-2006 жылдар арасындағы жалпы инвестициялық
шығындар қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын жалпы шығындар деңгейінің, орта есеппен
50 пайызға жуығын құрады. Ағымдағы шығындардың үлесі жалпы көлемінің шамамен 44
пайызын құрап, ал қалған бөлігін (6%) жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын
шығындар құрады.
3
Ластанудың деңгейін азайту бойынша интеграцияланған технологиялар
инвестицияларымен салыстырғанда тазарту технологиясына жасалатын инвестициялардың
салыстырмалы мəні туралы ақпарат жоқ. Алайда қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын
жалпы жиынтық инвестициялық шығындар (тіпті техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді
есептемегенде) ел экономикасының негізгі капиталына жалпы қаржы бөлудің жалпы
деңгейінің небəрі 0,2-0,3%-ын ғана құрады (6.2 Кестені қараңыз).
Негізгі экологиялық салалар бойынша жұмсалатын шығындар
2001-2006 жылдар арасында қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындардың ең үлкен
үлесі (45%) ауаны қорғауға бағытталды (6.3 кестені қараңыз), суды қорғауға (28%) жəне
қалдықтарды басқаруға (20%) жұмсалатын шығындар екінші орын алады. Ауаны қорғауға
жұмсалатын шығындар су ресурстарын қорғауға жұмсалатын 17%-бен жəне қалдықтарды
басқаруға жұмсалатын шығындардың 11% -ға жуығымен салыстырғанда экологиялық
инвестициялық шығындардың жалпы деңгейінің үштен екісіне жуығын құрады.
2004-2006 жылдар арасында ауаны қорғауға жұмсалатын шығындар орта есеппен, ауаның
ластануымен күрес жүргізу саласындағы шығындардың жалпы деңгейінің шамамен 75
пайызын құрады. Суды қорғау мен қалдықтарды басқаруға жұмсалатын шығындардың сəйкес
үлестері анағұрлым төмен болып шықты жəне сəйкестігіне қарай 32% бен 20%-ды құрады
(6.1 суретті қараңыз). Осы цифрлар ағынды сулар мен қалдықтарды басқару салаларындағы
3
Халықаралық ұлттық есепшоттар жүйесі (ҰШН) бойынша ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету
ағымдағы шығындарға жатады, ал күрделі жөндеу, реконструкция немесе негізгі қаражаттарды ұлғайту
инвестициялық шығындар категориясында қаралады, бұлар тіркелген активтердің көлемін толықтырады.