Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет36/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115

 2 
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері 
 
61 
 
 
2.7 
Нəтижелілік көрсеткіштерін басқару 
 
Экологиялық  сəйкестік  пен  орындауды  бақылаудың 50-ден  астам  көрсеткіші  Қазақстанда 
шартты  түрде құрылымдық деп  атауға  келетін шеңберге  жоспарлы  негізде  жиналады.  Негізгі 
көрсеткіштер  қатарына  тексерулер  саны,  ереже  бұзушылықтар  саны,  жиналған  айыппұлдар 
саны, қылмыстық істер саны кіреді. Осы көрсеткіштің бірсыпырасы жыл сайын жарық көретін 
статистикалық  мəліметтерде  жарияланады.  Сонда  да  сəйкестік  пен  талаптарды  орындауды 
бақылаудың  жалпы  жүйесі  сырттағы  қатысушылар  үшін  түсініксіз  болып  қалуда.  ЭБК  мен 
ҚОҚМ  алдында  тұрақты  есеп  беру  жүйесі  бар.  Жалпылама  есептер  əр  ай  сайын,  кешендік 
есептер  жарты  жыл  сайын  жəне  жылына 1 рет,  тапсырылып  отырады.  Сондай-ақ  ҚОҚМ 
алдында  күн  сайынғы  ахуалды  хабарлап  отыру  есебі  тағы  бар.  бұл  ішкі  есеп  беру  жүйесінің 
жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді делінеді. Дегенмен ҚОҚАБ беріп отыратын мəліметтердің 
мол  болуынан  ұлттық  деңгейдегі  органдар  үшін  оларды  сараптау,  шешім  қабылдау,  əрі 
қолдану да қиын.  
 
2.5 Кесте: Ереже сақтамауға іріктемелі шара қолдану (2002–2006 жылдар) 
 
Сəйкессздікке жауап қадамдары
2002
2003
2004
2005
2006
Қарекетіне тиым салынған кəсіпорындар
98
77
88
145
208
Айыппұлдар, млн. теңге
61
67
105
137
557
Зардаптың орнын толтыруға арыздану, млн теңге
454
1 895
2 042
3 758
4000*
 
Дерек көзі: Қазақстанның жыл сайынғы статистика басылымы, 2003–2006 жəне ҚОҚМ, 2007. 
Ескерту : * шамамен алғанда. 
 
2.4 Сурет: Экологиялық қылмыстардың 2002–2005 жылдардағы қылмыстық істерінің 
саны 
 
0
50
100
150
200
250
300
350
400
2002
2003
2004
2005
Қозғалған істер
Айыптау үкімдері 
 
Дерек көзі: Қазақстанның жыл сайынғы статистика басылымы, 2003–2006. 
 
Жұмыстың  нəтижесі  көбіне,  жүргізілген  тексеулер,  өндірілген  айыппұлдар,  немесе  жабылып 
қалған өндірістер сияқты шаралармен өлшеніп жатады. Жұмыс сапасы, пайдаланылған қорлар 
немесе  қол  жеткен  нəтиже  (ең  болмағанда  аралық  нəтиже)  есепке  алынып  жататыны  сирек. 
Жұмыстың  көрсеткіштеріне  құрылған  басқарушылық  жұмыс  тиімділігі  төмен  деп 
саналғандарды  жазалау  үшін  пайдаланылады.  Бұл  ретте  тиімділіктің  төмен  болу  себептерін 
жоюға  əрекет  жасала  бермейді.  Сонымен  қатар  ЭБК  көрсеткіштерді  шолу  процесін  енгізді 
жəне 2008-ші жылы табиғат қорғау əрекеттерінің нəтижесін дамытуы жəне сəйкестік деңгейін 
көтеруі тиіс жаңа жүйені қабылдауды жоспарлап отыр.  
 


62
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
ҚОҚАБ саясатты іске асыру мен заңдарды орындауда кері байланысты қамтамасыз етіп жатса 
да,  оның  пайдасы  шектеулі.  Əр  жыл  сайын  бағыт-бағдар  (стратегия)  саны  мен  заң 
шығарушылық белсенділік сияқты артып келеді. стратегия мен заңдар өткен тəжірибеге терең 
шолу  жасалмастан  қабылданып  жатады.  Мұның  өзі  сəтсіздіктердің  түп-тамырын  түсінуге 
себеп  болмайтыны  анық.  Мұндай  қадамдар  саясатты  қалыптастыру  мен  реттеуді  тек 
«символдық» түрде сақтап қалады.  
 
2.2 Ендірме: Сəйкестілік пен орындалуды бақылау туралы əр айлық есептерде пайдаланылатын 
негізгі көрсеткіштер  
• 
Тексерілген кəсіпорныдар саны; 
• 
Сəйкестілік бұзылған оқиғалар саны; 
• 
Жарлық етілген жəне орындалған əкімшілік бұйрықтар саны; 
• 
Əкімшілік заң бұзушылықтар саны; 
• 
Жауап ретіндегі əкімшілік шаралар, оның ішінде ауызша жəне жазбаша ескертулер жəне айыппұлдар 
саны; 
• 
Өндірісті тоқтатып қою жөніндегі сотқа түсірілген шағымдар саны; 
• 
Зардап үшін өтемақы төлеуді талап еткен арыздар саны; 
• 
Жобаның қаржыландырылуын тоқтату туралы əкімшілік бұйрықтар саны; 
• 
Рұқсат пен лицензияны тоқтатып қою туралы əкімшілік бұйрықтар саны; 
• 
Табиғат  қорларын  пайдалану  туралы  келісімдерді  бұзу  жөнінде  құзырлы  органдарға  жолданған 
талаптар саны; 
• 
Қылмыстық істердің сотта қаралу саны.  
Дерек көзі:
 ЭБК, 2007. 
 
2.8 
Қорытындылар мен ұсыныстар 
 
Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  белсенділіктің  алғашқы  шолуының  нəтижелері 
дайындалған  уақыттан  бастап,  ҚР  Үкіметі  маңызы  бар  реттеуші  жəне  институционалдық 
реформаларға  серпін  берді,  мəселен,  Экологиялық  Кодекске  ең  үздік  тəжірибе  негізінде 
қалыптастырылған, селбестірілген шешімдер ұғымы, сондай-ақ, ірі жəне ұсақ кəсіпорындарды 
реттеуге  келгенде  дифференциалды  қадамдар  қажеттігі  енгізілді.  Тексеру  органдары  мен 
орындауды  бақылаушы  мекемелер  мəртебесі  жоғарылатылды,  сонымен  қатар,  еңбек  ету 
жағдайлары жақсартылып, дайындық деңгейі арттырылды. ҚР үкіметі кеңауқымды тексеру ісін 
қолдануды  кеңейтті,  кəсіпорндардың  мониторинг  жоспарын  жақсартты,  санкциялардың 
деңгейін  көтеріп,  заң  бұзушылықтарды  əлеуметтік  жағынан  айыптауды  алға  тартты.  Бұдан 
өзге, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес саналатын қайраткерлер заңдылық талаптары туралы 
білім  өрісін  кеңейтуге  көмектесті.  Мониторингтің  институционалдық  ауқымы  құрылымдық 
жəне  салалық  реформалар  есебінен  жетілдірілді,  сондай-ақ  бөлінетін  ресурс-мүмкіндіктер  де 
арттырылды.  
 
Осы  аталған  оң  өзгерістерге  қарамастан,  көптеген  проблемалар  шешімін  таппай  қалды. 
Институттар  əлуетін  жеткіліксіздігін  сезініп  отыр.  Реттеуші  талаптар  əрқашан  айқын  жəне 
шынайы  бола  бермейді.  Сəйкестілікті  қамтамасыз  ету  үшін  қолданылатын  «тексеру  жəне 
жазалау» стратегиясы айтарлықтай өзгере қоймады, ал онымен байланысты жұмыс əдістері тек 
аздап қана  жетілдірілді. Сəйкессіздіктерді дер кезінде  анықтау  төмен  тұрғыда. Ал  азаматтық, 
əкімшілік жəне қылмыстық заң қолдану жүйесі сол баяғысынша, сəйкестілікті қамтамасыз ету 
əрекетін жақсартуға емес, санкциялар қолдануға негізделіп қалуда. Алаңдаушылық тудыратын 
кейбір  сұрақтар  жауапсыз  қалуда.  Заң  қолданудағы  əділеттілік,  тең  қараушылық  жəне 
ашықтық мəселелері ойдағыдай емес.  
 
Осындай жағдайда институционалдық жəне реттеуші ауқымға жəне сəйкестікті қамтамасыз ету 
стратегиясына терең өзгерістер енгізу қажет, жетілдіруге мұқтаж салалар төменде атап өтіледі.  
 
 
 
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау