Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет35/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115

 2 
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері 
 
59 
 
 
Орындарды  тексеру  мерзімі  əрқилы.  ШжОК-арды  тексеру 1-2 күннің  ішінде  жүргізілсе,  ірі 
кəсіпорындарды  тексеруге  бір  айға  жуық  уақыт  жұмсалуы  мүмкін.  Кейбір  кəсіпорындарда 
тексеріс қайталап жүргізілуі ықтимал. Бұл сол орында болған соң қайта тексерудің қажеттілігі 
туындаған жағдайда іске асырылады.  
 
Учаскелерді  тексеруге  келген  инспекторлар  экологиялық  құжаттардың  қаншалықты  дұрыс 
жəне  сəйкес  екеніне  көз  жеткізіп,  қоршаған  ортаны  қорғау  шараларын  бағалауы,  құрал-
жабдықтың жай-күйі мен қоршаған ортаны ластаған болса, ол үшін төлемдердің қаншалықты 
дұрыс  жүргізілгенін  анықтауы  шарт.  Іс  жүзінде  көптеген  инспекторлар  тек  қажетті 
құжаттаманы  шолып  өтумен  жəне  мұржаларға  орнатылған  аспаптарды  тексерумен  ғана 
шектеледі.  Өндіріс  процестері  мен  экологиялық  көрсеткіштерді  бағалау  мүмкіндіктері  кейбір 
факторлардың  əсеріне:  өндіріс  процестерін  жетік  білмеу,  істегі  тəжірибенің  жетіспеуі, 
мониторинг  жүргізетін  құрал-жабдықтың  саны  жағынан  шектелуі  болуы  салдарынан  өте 
төмен.  Орынға  əрбір  сапардан  соң  инспекторлар  өздері  байқаған  ереже  бұзушылықты, 
орындалмай  қалған  заңдық  талаптар,  сəйкессіздіктердің  себептері  мен  олқылықтарды  қалай 
түзету жөнінде жасалған ескертулерді тіркеп, жазып алып жүрулері шарт.  
 
Шағымдар мен сұрау салулар  
 
Экологиялық  инспекторлар  экологиялық  сəйкессіздіктер  туралы  жұртшылықтың  арыз-
шағымдары  мен  басқа  органдардың  (мəселен  Парламент  немесе  БП)  сұрау  салуларына  назар 
аударулары  керек.  Мұндай  шағымдар  турасында  нақтылы  санақ  мəліметі  жоқ,  дегенмен  ЭБК 
пікірінше, учаскелерді тексерудің 30 пайызына жуығы (бұл да облысына байланысты) осындай 
шағымдар мен сұрау салулар нəтижесінде жүргізілетін болып шықты.  
 
Міндетті экологиялық аудиттер  
 
2005  жылы  заңнамалық  база  өзгерді.  Бұл  экологиялық  міндетті  аудитті  енгізу  үшін  қажет 
болды.  Заң  бойынша  экологиялық  аудит  белгілі  бір  жағдайларда,  мəселен  компания  қайта 
құрылған  немесе  банкротқа  ұшыраған  жағдайларда  керек.  Дегенмен  осы  əдістің  іс  жүзінде 
қолданылып жатқанына күмəн бар.  
 
2.6 
Сəйкессіздікке шара қолдану  
 
ЭБК  деректеріне  сəйкес, 2006-шы  жылы 13 000-нан  астам  экологиялық  заң  бұзушылық 
тіркелген.  Қазақстанда  осындай  заң  бұзушылыққа  қандай  шаралар  қолданылуы  қажеттігі 
азаматтық  əкімшілік  жəне  қылмыстық  заңдарда  жазылған.  Заңды  орындау  пирамидасының 
жоғарғы шегіндегі санкциялардың өзі заң бұзушылықтың қайталануына мықты тосқауыл бола 
алады. мəселен қоршаған ортаға қарсы қылмыстар үшін 8 жылға дейін, ал экоцид(экожүйелер 
мен табиғат қорларын қасақана жою) үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы 
кесіледі.  
 
 Азаматтық  кодекс  қоршаған  ортаға  келтірген  зиян  үшін  өтемақы  төлеу  қажет  болған  кезде 
қолданылады.  Мөлшерін  инспекторлар  белгілейтін  мұндай  өтемақылар  өз  еркімен  төленеді 
немесе  экономикалық  соттар  арқылы  өндіріп  алынады.  Мəселен 2005-ші  жылы  ЭБК  нұқсан 
келтірілуіне  байланысты 2431 іс бойынша 3,8 миллиард  теңге(28,6 миллион АҚШ  долларын) 
талап  еткен.  Олардың 3,5 миллиард  теңгесі(26,3  миллион  доллар)  өз  еркімен  төленген 
айыппұлдар  болғандықтан, 2094 істің  жабылуына  алып  келді.  Келтірілген  шығындар  үшін 
соттасу жолымен өтемақы өндіріп алу іс жүзінде қиын. Мұндай кездерде өтемақылардың 10-
нан 25 пайызы  ғана  жиналады.  өтемақылардың  қаншалықты  дұрыс  тағайындалғаны  да  талас 
тудырып  жатады,  өйткені  есептеу  əдістерін  өте  сенімді  деуге  келмейді.  Инспекторлар  болса 
жазалаудың  бұл  əдісін  тиімді  деп  санамайды  өйткені  көп  жағдайда  экологияға  келген 
зардаптың орны тола бермейді. Реттелетін қауымдастыққа қоршаған ортаны қалпына келтіруді 
толық  мойнына  алу  жəне  оны  қаржыландыру  жөнінде  талап  қойылса,  бұл  экологиялық 
жағынан да, экономикалық жағынан да тиімдірек талап болар еді.   


60
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
Экологиялық  заңдылықты  бұзғандарға  қолданылуы  мүмкін  əкімшілік  шаралар  қатарына: 
(a) ескерту; (b) əкімшілік  айыппұлдар; (c) лицензияны  немесе  рұқсатты  кері  қайтарып  алу 
немесе əрекетін тоқтатып қою; (d) қылмыс жасауға қолданылған немесе  қылмыс  нəтижесінде 
қол  жеткен  мүлікті  тəркілеу; (e) айрықша  құқықтарынан  айыру; (f) еңбек  əрекетін  тоқтату 
немесе  тиым  салу;  жəне (g) заңсыз  салынған  ғимараттарды  бұзып  тастау  кіреді.  Жазалау 
шараларының  алғашқы  үш  түрін  инспекторлар  белгілдейі,  ал  қалған 4 түрі 2005 жылы 
құрылған əкімшілік соттардың сот істері арқылы заңды күшіне енеді.  
 
Іс  жүзінде  осы  санкциялардың  тек  шектеулі  түрлері  ғана  қолданылады.  Ең  көп  таралған 
санкция  əкімшілік  айыппұл  салуға  келіп  саяды.  Дегенмен  көп  ретте,  айыппұлдар  реттелетін 
қауымдастықтың  тірлігіне  ықпал  етуде  тиімсіз  шара  саналады.  Бұл  түйткілді  шешу  үшін 
ҚОҚМ  өзінің  заңдылықты  сақталуын  бақылау  жөніндегі  бөліміне  лицензия-рұқсаттардың 
күшін тоқтатып қою немесе еңбек əрекетіне уақытша тиым салу сияқты тетіктерді қолдануға 
кеңес  берді.  Аталған  санкциялардың  қаржылай  нəтижесі  мен  іс-əрекетке  ықпалы  зор  болды. 
Сəйкессіздікке жауаптың осы стратегиясы бойынша 2006-шы жылы еңбек əрекетіне тиым салу 
2002  жылмен  салыстырғанда 2 есеге  өсті.  Бір  ғажабы,  аталған  уақыт  аралығында  айыппұл 
жинау 10 есе  өскен.  Қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  түсімдер  мен  ақшалай  айыппұлдар 
жинауға  келгенде,  ондағы  жауапкершілік  алаңдаушылық  туғызады,  өйткені  көптеген 
инспекторлар мен басшы қызметтегілер алғашқы орынға қаржылық масқаттарды қояды.  
Əкімшілік  сəйкессіздіктерге қатысты  шешімдер 15 күн ішінде  қабылдануы  керек. Бұл  мерзім 
бір  айға  дейін  созылуы  мүмкін.  Он  күн  арасында  шағым  беруге  болады.  Айыппұлдар 30 күн 
ішінде төленуі шарт. Басқаша жағдайда төлем əкімшілік соттар арқылы өндіріп алынады. Бұл 
жерде əкімшілік шешімді іске асырғаны үшін қосымша төлем қарастырылмаған.  
 
Инспекторлардың  əкімшілік  санкцияларды  қолдану  өкілеттілігі  шектелгеніне  қарамастан, 
Əкімшілік  заң  бұзушылық  туралы  Кодексте  айыппұлдардың  тек  жоғарғы  жəне  төменгі 
шектері белгіленгеніне байланысты өзімбілемдікке жол беріліп қоюы мүмкін. Мұнымен қатар 
Кодекс  айыппұлдар  салу  хұқығын  лауазымды  тұлғаның  шенімен  байланыстырып  қойған. 
Инспектор жеке тұлғаға 10 айлық көрсеткіш мөлшерінде, өкілетті тұлғаға 25, ал заңдық тұлғаға 
150  айлық  есептік  көрсеткіш  көлемінде  айыппұл  салуға  хұқылы. (1 айлық  есептік  көрсеткіш 
2006  жылы 1093 теңге  болды)  Ал  бас  инспектор  жеке  тұлғаға 50 айлық  есептік  көрсеткіш 
көлемінде,  өкілетті  тұлғаға 150, ал  заңдық  тұлғаға 1000 айлық  есептік  көрсеткішке  дейін 
айыппұл  салуға  хұқылы.  Айыппұлдар  жинаудан  заңсыз  пайда  көру  ықтималдығын  зерттеп 
отыратын  сараптамалық  құралдар  да  жоқ.  Осылайша  қолданылып  жүрген  айыппұлдар  салу 
санкциялары  көп  жағдайда  теңгерілмеген...Өзімбілемдіктің  бұдан  да  үлкен  үлгісі  еңбек 
əрекетіне  тиым  салу  мақсатында  сотқа  шағым  түсіруге  байланысты  шешімдерден  көрініп 
қалып жатады. Осындай санкцияларды қолданудың нақты межелері (критерийлері) жоқ.  
 
Экологиялық  заң  бұзушылықтардың  тек 1 пайызы  ғана  қылмыстық  жауапкершілік  ретінде 
қарауға  жатады  екен  (бұл  табиғат  қорғау  жəне  ластаумен  байланысты  қылмыстар  бойынша 
орташа  көрсеткіш;  соңғы  аталған  өрескел  заң  бұзушылықтар  олардың  қылмыс  екенін 
дəлелдеудің  қиындығына  байланысты  сирек  кездеседі).  Экологиялық  қылмыс  түрлері 
Қылмыстық  Кодекстің 11-ші  бабында  сипатталған.  Қылмыстық  Кодекске  сəйкес,  осындай 
қылмыстарға қарсы мынадай санкциялар: (a) айыппұлдар; (b) қызметінен айыру немесе белгілі 
бір  еңбек  түрімен  айналысу  хұқығынан  айыру; (c) еңбекпен  түзеуге  салу; (d) жеке  бас 
бостандығын  шектеу; (e) қамауға  алу;  жəне (f) түрмеге  жабу  қолданылады.  Қылмыстық  істер 
бойынша мəжбүрлеу құқықтарын пайдалану істің тек сотта қаралуы арқылы іске асырылады. 
Қылмыстық  істер  азаматтардың  шағымдары  немесе  құзырлы  экологиялық  яғни  құқық 
қорғаушы ұйымдар ұсынған айғақтар негізінде қозғалады. Орта есеппен, экологиялық бақылау 
орындары  қозғаған  істердің 40 пайызына  айыптау  үкімі  шығарылады.  Қылмыстық  Кодексте 
корпоративті жауапкершілік қарастырылмаған.  
 
 
 
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау