58
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
шығып отырған көрінеді. Зертханалық талдаулар сапасының проблемасы қарама-қайшылыққа
себеп болып, кей ретте мəселе соттарда шешілетін жағдайға алып келетіні сирек емес.
2.3 Сурет: Экологиялық өзіндік есептілік аясындағы ақпарат ағындары
Дерек көзі: ЭЫДҰ, 2004, жаңартылған 2007.
Тексерулер
Мемлекеттік органдар жүргізіп отыратын тексерулер сəйкестікті қамтамасыз етудің кез-келген
бағдарламасының негізі болып саналады. Сəйкестік мониторингтің бұл түрі аса зəру жəне
дəлме-дəл мағлұматтар алуға көмектеседі. Қазақстанда тексерулер тəртібі 2007-жылғы
экологиялық кодекс пен 2006-жылғы 31-ші қаңтардағы №124-ші,
Жеке кəсіпкерлік туралы
заңмен реттеледі. Бұл осы жүйені барынша ашық ете түседі жəне жемқорлықтың алдын алуға
көмектеседі. Заңдылық шеңберлері инспекторларға бірқатар өкілеттіктер береді. Дегенмен
олар сəйкессіздіктің барлық түрлерін анықтау үшін жеткіліксіз.(мəселен, жоспарланған
тексерулер жылына бір нысанды ғана тексерумен шектеледі. Жұртшылықтың, БАҚқоғамдық
айыптаушылардың, облыстық билік өкілдерінің немесе Парламент мүшелерінің өтініштері
бойынша бұдан басқа да арнаулы тексерулер жүргізілуі мүмкін.
Жыл сайын жəне жарты жыл сайын өткізілетін тексерудің кестесі жасалады. Ең ірі
кəсіпорындар жыл сайын, ШжОК орта есеппен 2-3 жылда бір мəрте тексеруге ұшырайды.
2006-шы жылы барлығы 15 000 тексеру өткен. Тексерілетін орынды белгілеуді облыстық бас
инспектор мақұлдауы жəне ол тексеру алдын-ала БП-да тіркелуі шарт. Инспекторлар белгілі
бір орынды тексермес бұрын ұзақ уақыт рəсімдеуден өтеді: кейбір деректерге қарағанда, бұл
процедура жұмыс уақытының 10 пайызын алады.
Тексерулер кешенді түрде жүргізіледі немесе тек бір ортаның ғана ахуалы тексерілуі мүмкін.
Кешенді тексеріс ең көп тарағаны. Инспекторлар тексерілер орынға бармас бұрын, сəйкестіктің
бұрынғы жағдайы мен барлық рұқсат қағаздары жөнінде шолу жасап алады. Тексерілетін
учаске немесе орын туралы жеке бақылау ақпартізімін (ведомость) жасау да инспектордың
мойнында. Реттелетін қауымдастық учаскенің тексерілетіні турасында 10 күн бұрын хабардар
болады. Кейбір сарапшылардың əсіресе, ҮЕҰ өкілдерінің пікірі бойынша көптеген
кəсіпорындар осы уақытты өздерінің заңға қайшы əрекеттерін жасыру үшін пайдаланады.
ҚОҚМ
АШМ су қорлары жөніндегі
комитеті
Статистика Агенттігі
Су қорларының Балқаш-Алакөл
бойынша Департаменті
ҚОҚАБ-лары
Облыстық су қоймалары
бөлімдері
ҚОҚАБ
2 TP Ауа
2 TP Су
3 зиянды
қалдықтар
Кəсіпорындардың өзіндік мониторингі
Бекіту
Деректерлді ұсыну
Жалпылама деректерді ұсыну