2
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері
55
2007-ші жылы сынақтық негізде кешенді рұқсат беру қолға алынды. Ол ластанудың алдын алу
мен бақылауды бірлесіп қолға алу жөніндегі Европалық Одақ директивасында белгіленген
негізгі көрсеткіштердің сақталуымен іске асырылуы керек. «Рұқсат беру науқаны» 2007-ші
жылдың 1-ші қыркүйегінде басталса да, кешенді түрде шешім қабылдаудың процедуралық
жай-жапсары əлі де даму сатысында жатыр. Осылайша бұл əдіс 2009-шы жылға дейін іс
жүзінде енгізілуі ықтималдығы аз.
Реттеу талаптары рұқсат беруге лайық жағдайлардың дамуы үшін негіз қалыптастырады.
Олардың кейбірі қатайтылды. Мəселен, жағылып кететін ілеспе газдардың көлемін Жаһандық
деңгейде азайту (ІГКА) шеңберінде мемлекеттік жəне жекеменшік сектордың əріптестігі ісіне
Қазақстан Республикасының ат салысуы аясында газды жағып жіберуді азайту бағытында
біраз маңызды өзгерістер болды. ҚОҚМ бұған қоса, қоршаған ортаның сапасы жөніндегі
кеңестік стандарттарға реформа жасауды жоспарлады. Бұл олардың орындалуын күшейту жəне
сақталу ісін алға жылжыту мақсатында керек болды. Реформа игі қадам болғанымен, əр кезде
жан-жақты мақұлдана қойған жоқ. Мəселен ауыл шаруашылығы министрлігінің су қорлары
жөніндегі комитеті жақында, жер беті суларының сапасына əсер ететін «теріс ықпалды
əрекеттердің жоғарғы шегі» туралы нормаларды енгізді. Мұның өзі судың сапасы жөніндегі
европалық топтастыру (классификация) мен ескі ЖБКШ (жол берілетін концентрация шегінің)
қалыптарын тоғыстыру сияқты əсер қалдырады. Бірақ ол судың сапасын сақтау жөніндегі
мақсаттар мен нормаларды тəуекелді менеджментке негізделген экологиялық жоспарлаудың
өзіндік құралына айналдыра алмады. Жаңа Экологиялық Кодекс қоршаған ортаның сапасы
жөніндегі мақсат міндеттер ұғымын енгізе отырып, осындай өзгерістерді ұсынады. Дегенмен
бұл ретте жаңа кодекстің баптары іске асырылуы керек.
Рұқсат беру шарттарының ауқымында жақсару байқалуына қарамастан, көптеген нысандар,
оның шарттарында қорғаныстың қажетті деңгейі қамтамасыз етілмеген деп санайды. Атап
айтқанда пайдаланудан (эксплуатация) шығаруға байланысты талаптардың жоқтығы
проблемалар туғызуда. Осы тұрғыда ластанудан тазарту жұмыстарын атқармай-ақ елден кетіп
қалуы ықтимал шетелдік инвесторлар тарапында күдік туындайды. Осындай оқиғалардың
болғанын растайтын айғақ жоқ болса да, осындай күдіктің қала беруі, өз тарихында қоршаған
ортаның ластануын бастан кешірген ел үшін түсінікті жайт.
Кəсіпорындарға
өздерінің
экологиялық
іс-тəжірибесін
экономикалық
циклдармен
ұштастыруға, осы арқылы экологиялық инвестицияларға қол жеткізуге болатын жағдай
тудыруға қажетті талаптардың бірсыпырасын енгізу жақында ғана басталды. Осындай іс-
тəжірибенің жоқтығы қиын жағдайға əкеп соқтырған бір оқиға болды. 2005-жылы ҚР үкіметі,
2004-ші жылғы желтоқсанда қабылданған заңның баптары сақталмағанын алға тартып, мұнай
өндіруші «PetroKazakhstan» компаниясына ілеспе газды жағуды тоқтату жөнінде талап қойды.
Нəтижесінде компания өндірісті доғарып, елдің рыногынан кетуге шешім қабылдады. Бұдан
соң басқа компаниялар осы істе қосымша уақыт беру туралы келісімге келе бастады.
2.4
Сəйкестікті ілгерілету
Қазіргі уақытта елде сəйкестікті əрі қарай дамытудың кешенді бағдарламасы жоқ. Дегенмен
бұл механизмнің əртүрлі тармақтары пайдаға асып жатқаны байқалады. Ең əуелі қоршаған
ортаны қорғау орындары реттелетін қауымдастыққа əртүрлі мəлімет береді. Мəселен қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі заңдардың барлығы ҚОҚМ-нің интернет ұяшығында
орналастырылған. Реттелетін қауымдастық кейбір техникалық нұсқаулықты ала алады, ал
инспекторлар сайттарды қарап шығу кезінде ондағы деректемені заңға енгізілген өзгертулер
туралы деректермен толықтырып отырады.
2005жылы, ЭБК ірі кəсіпорындардың талаптарды мүлтіксіз орындауы сарапталып отыратын
жəне оның нəтижесі 5 категория бойынша бағаланатын жаңа əдісті күшіне енгізді. Бұл əдіс
басқа да дамушы елдерде кəдеге жарап жатқан, мəселен Қытайдағы «жасыл сақшы» жəне
Индонезиядағы «PROPER» сияқты рейтингтердің жүйесіне негізделген. Дегенмен осы
56
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
əдіснаманың сыңаржақтылығы бұл схемадан инсекторлар ғана емес, кəсіпорындардың да сырт
айналуына алып келді. Қазіргі уақытта бұл əдіснама қайта қаралуда. Жалпы алғанда
лауазымды орындар «реттелетін қауымдастықтар арасындағы экологиялық жауапкершілікті
сезіне жұмыс істеу» сияқты мақсатқа жету үшін қолға алған тетіктер əзірге өте шектелген
күйінде жəне дамытуды қажет етеді.
Екібастұз ГРЭС-2
Осы уақытта МЕҰ, кəсіпорындардағы оқытып-үйретуге жəне мейілінше таза өндіріске қарай
бет алу үрдісіне тартылуда. Мəселен, Алматыда тұрақты өндіріс жəне тұтыну Орталығы
жұмыс істейді. Европалық Одақтың ТАСИС бағдарламасы шеңберінде анағұрлым таза
өндірісті тұрмысқа ендіру үшін потенциалды дамыту ісінде техникалық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ таза өндірісті қалай басқару керектігі нұқсаулығы құрастырылған. Алматы мақта-
мата комбинатында, Тентек электр станциясында жəне «Жігер» сүт зауытында 3 аудит
жүргізілді.
Экологияға негізделген басқару жүйесін қабылдауға келгенде кəсіпорындар қызығушылығы
артып отыр. 2007-ші жылы қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанның 241 кəсіпорны
ISO 14 000 сертификатына ие. Ондайлардың көбі Алматыда(175 кəсіпорын сертификатталған).
Бұл назар аударатындай көрсеткіш, өйткені ISO 14 000 тек 2005-ші жылы ғана енгізілген.
Соған қарамастан, елдің барлық 2 мың кəсіпорнын қамтып, осы тізімді жалғастыра түсу үшін
əлі қыруар іс тындыруға тура келеді. ISO стандарттарына көшуді ынталандыруға жағдай
туғызу мақсатында, мемлекет сертификат алған кəсіпорындар үшін қоршаған ортаны
ластағанына қарай алынатын төлемдерді жеңілдетті. (5-ші тарауды қараңыз)
Орнықты даму жөніндегі Қазақстандық бизнес-кеңес (ОДҚБК) 2003-ші жылы құрылды. Ол
басқалармен қатар, өндірісті «жасылдандыру» процесінде маңызды қозғаушы күштердің бірі
саналады. Корпоративті жауапкершілікті дамытуды белсенді түрде алға тартып келе жатқандар
арасында Қазақстан-Канада бизнес қауымдастығы, Қазақстандағы Европалық бизнес
қауымдастығы жəне Қазақстандағы Америка сауда палатасы бар.
2.5 Cəйкестік мониторингі
Сəйкестік мониторингі əртүрлі 3 жолмен: (a) реттелетін қауымдастық өзі жүргізетін жəне
есебін кейініректе жариялайтын өзіндік мониторинг; (b) құзырлы орындардың тексеруі; жəне
(c) жұртшылықтан түсетін шағымдар мен басқа да шаралар арқылы іске асады. Мониторинг
жүргізгенде бұдан өзге қосымша екі əдісті қолданады: (a) міндетті экологиялық аудит, жəне
(b) сыртқы мониторинг. Ұлттық заңдарға енгізілген соңғы өзгерістерге сəйкес, бұл
механизмдердің барлығын қолдану-заңдылық тұғырын нығайта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |