2
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері
51
табиғи қорларға бақылау жасауға жауапты атқару органдарының мəселен, су қорлары
жөніндегі комитет, орман жəне аң шаруашылығы комитеті, балық шаруашылығы комиеті
(аталған комитеттердің барлығы Ауыл Шаруашылығы министрлігінің құрамында) сондай-ақ
жер ресурстарын басқару агенттігінің арасында сақталып отырады. ЭБК қызметкерлері
бірқатар облыстарда тексеру сапарларының 20 пайызына басқа мекемелерден келген
əріптестер бірлесе қатысқанын мəлімдейді. Бұл қимылдар мекеме аралық жарғылар, я болмаса,
өзара түсіністік туралы меморандумдар, сондай-ақ жылдық немесе тоқсандық тексерістер
кестесінің негізінде іске асты. Жеке кəсіпкерлік жөніндегі № 124-ІІІ заңның (2006ж.)
қосымшасы, əртүрлі органдар жүргізетін тексерулердің ауқымын анықтайды. Дегенмен реттеу
шарасына қатысты жұртшылық осыншама көп тексерулердің мейілінше үйлестірілуін қалайды.
Олар бір-бірін қайталайтын тексеріс сияқты кемшіліктердің болмағанын жөн көреді. Мұндай
кемшіліктер қоршаған ортаны қорғауды басқару жəне табиғи қорларды басқару сияқты құрамы
тым бөлшектеліп кеткен мекемелерге тəн деуге болады.
Қоршаған ортаны қорғау заңдылығының сақтаулын қадағалауға қатысы бар ұйымдардың
қатарында Бас Прокуратура (БП) мен соттар бар. Аймақтық деңгейде БП-ның құзырын
экологиялық прокурорлар жүргізеді. 2007-ші жылға дейін олардың басты міндеті атқарушы
органдар үстінен бақылау жүргізу болған еді. БП-ның соңғы бірнеше жылдағы баспасөз
мəлімдемелерінің мазмұнына жасалған сараптама экологиялық прокурорлардың көбінесе
айыппұл салумен, сондай-ақ айыппұлдарды жинаумен əуестеніп кеткенін көрсетті. Бұл жерде
айыппұлдар салу заңдылықтың қаншалықты бұзылғанын есепке алмай жүргізілген.
«Айыппұлдармен əуестеніп кету» əдісі жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғауға қатысты
көзқарасын өзгертуге кедергі болды. 2007-ші жылы БП қылмыстық жауапкершілікке тартуды
өз құзырына алды. Ол сондай-ақ қылмыстық тексеру жүргізіп, экологиялық қылмыстар
бойынша істерді соттарға тапсыру мəртебесіне ие болды. Бұл жайт БП жұмысы теңгеріліп,
байсалды бола түседі деген үміт туғызады. Соттар болса, экологиялық істерді қарауға келгенде
түсіністік танытпай немесе қолдау көрсетпей отыр. Дегенмен бұл жағдай қоршаған ортаны
қорғау турасында көбірек хабардар ету ауқымын арттыру əрекеттеріне байланысты уақыт өте
жақсарып келеді.
Барлық құзырлы органдар мемлекет бюджетінен қаржыландырылады. Елде басқарушы
қызметтердің (ҚОƏБ-іне шолу жасау, рұқсат беру жəне тексеру жүргізуді іске асыру) іске
асырылуы үшін түсім жинау бекітілмеген. Сондай-ақ мұндай түсімнің болашақта белгіленеріне
де үміт жоқ. Айыппұлдардан жиналған қаржы бірден бюджетке аударылады. Негізінде бұл
жайт, мемлекеттік органдар өздерінің іс-қимыл, күш-қуатын түсімді арттыруға жұмсайтын
жағдай тудырудан аулақ болуға көмектеседі. Түсімнің молаюы айшықты көрініп қалуда,
өйткені кері əсері бар ынталандыру ресми жариялаған мақсаттарға қайшы келіп жатыр. Бұдан
бұрын атап өтілгендей, БП заң бұзушылықтың ерекшелігіне үңіліп жатпай-ақ барлық жерде
айыппұл салуды кең қолдануды талап етуде. Қаржы министрлігі де дəл осындай ретте,
«жоспарланған» айыппұлдарды бақылап жəне олардың қанша жиналғанын хабарлап отырады.
Кəсіпорындардың заңдылықты орындауына жазалаусыз-ақ, басқаша жолмен (мəселен ескерту
айтылған хатпен) қол жеткізуге тырысқан инспекторлардың жемқорлыққа қатысы бар деп
айыпталып жататыны жиі кездеседі. Мұндай əдіс «айыппұлдарға аңшылықты» сақтап қалып
отыр.
Реттеу стратегиясы жəне сəйкестікті қамтамасыз ету мен қорларды бөлу шеңберлерінің
арасында іс жүзінде байланыс жоқтың қасы. əр жыл сайын ҚОҚМ өзінің бюджет
бағдарламасын дайындайды жəне ол парламентте бекітіледі. Дегенмен ЛРТЫБ жəне ЭБК-нің
қызметіне қатысты шағын бағдарламалар осы бюджеттік бағдарлама аясына кірмейді. Оны
былай қойғанда, бюджеттік бағдарламаның баяндамалық бөлімінде, қорлардың қаншалықты
тиімді шығындалуын бағалауға көмектесетін нақтылы мақсаттар немесе тетіктер
сипатталмаған. Мұндай үлгіні сақтай отырып, қаржыландыруды арттырудың дұрыс болатынын
дəлелдеуге ешқандай айғақ жоқ. Тура осы сияқты, сəйкестікті қамтамасыз ету бағдарламасын
оңтайландыру да күрделі мақсат, өйткені шешім қабылдауға жауапты тұлғалар қайсыбір
бағыт-бағдар мен əдіс-құралдардың қаншалықты тиімді екенін терең түсінбейді.
52
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
2.2
Реттелетін қауымдастықтың сипаттамасы
Соңғы 20 жылда Қазақстанда реттелуге жататын қауымдар құрамына аз ғана мемлекеттік
кəсіпорындар кірген біркелкі қауымнан ШжОК сипатындағы кəсіпорындар үлесі басым
əркелкі құрамға дейін өзгеріп, ілгеріледі. Осы екі арада кəсіпорындар саны 2000 шамасына
дейін жетіп тұрақталды.
Реттелетін қауымдастықтар Денсаулық сақтау министрлігі жасайтын бағалау схемасына қарай,
кластерлерге бөлінеді. ҚОҚМ деректеріне сəйкес, қоршаған ортаға əсері жағынан ауыр
өнеркəсіп бəрінен ерекше көзге түсіп тұрады. Бұл сала ауаны ластауға ең көп үлес қосады
(мəселен ЛРТЫБ есептері бойынша ауаны ластаудың 72 пайызы 17 кəсіпорынның үлесіне
тиеді екен. Ал ШжОК-дың экологиялық салмағы дəлме-дəл саралауға келіңкіремейді. Соған
қарамастан сан жағынан басым ШжОК-дың жартысынан астамы қоршаған орта үшін
мейілінше қауіпті салаларда жұмыс істейді. Реттелуге жататын қауымдастықтың əрқилы
бөліктеріндегі сəйкестік моделдері мен осы сəйкестікке əсер етуші факторлар əлі күнге толық
зерттелмеген. (2.3 кесте)
2.2 Кесте: Тіркелген кəсіпорындардың саны
(2003–2006 жж., сəйкес жылдың 1 қаңтарына қарай ахуал бойынша)
2003
2004
2005
2006
Ірі
2 014
2 011
2 026
2 049
орта
10 674
10 700
10 676
11 512
кіші
170 108
177 334
195 707
213 347
Дерек көзі: Қазақстанның жыл сайынғы
статистика басылымы, 2003–2006.
2.3 Кесте: Секторлар бойынша тіркелген кəсіпорындардың саны
(2006 жылдың 1 қаңтарына қарай ахуал бойынша.)
Сала
Кіші
Орта
Ірі
Барлығы
Ауылдық, аңшылық,орман шаруашылықтары
11 173
833
267
12 273
Балық шаруашылығы, балық өсіру
364
15
4
383
Тау-кен өндірісі
1 271
112
76
1 459
Өнеркəсіп
16 563
842
315
17 720
Электр қуатын өндіру жəне тарату, газ жəне сумен қамту
1 324
203
117
1 644
Құрылыс
23 089
593
163
23 845
Сауда, жөндеу, жеке жəне тұрмыстық заттар
76 074
585
71
76 730
Қонақүйлер мен мейрамханалар
2 624
83
17
2 724
Басқа да салалар
80 865
8 246
1 019
90 130
Дерек көзі: Қазақстанның жыл сайынғы статистика басылымы, 2006.
Осы екі арада табиғат қорғау орындары реттелетін қауымдастықтар жөнінде толыққанды
мағлұматтарға қанықпыз деп санайды жəне жаңадан құрылған кəсіпорындар жөнінде уақытлы
мəліметтер алып тұру үшін мемлекеттік ұйымдардағы əріптестермен арадағы өзара
ынтымақтастық деңгейіне қанағаттанушылық танытып отыр. Əдеттегідей, ҚОҚАБ əрбір
кəсіпорын турасында дерек жинайды. Онда соңғы 5 жыл ішіндегі қажетті материалдар,
санкциялар туралы ақпарат жəне ресми іс-қатынас қағазадары (хат-хабар) сақталады. Жалпы
алғанда 60 мыңнан астам нысан экологиялық əрекеті жағынан реттеп отыруға жатады. Қоқыс
төгу(рұқсат етілген жəне заңсыз), пестицидтер сақталатын қоймалар мен уытты жоюшы
құрылғылар турасында жеткілікті ақпарат жоқ. Ал түгендеу жүйесі енді ғана дамып келеді.
Мəліметтерді жинаудың, сақтаудың, саралаудың жəне реттелетін қауымдастық туралы ақпарат
бөлісудің электрондық құралдары қолданылмай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |