Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет29/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115

47
 
 
 
2 Тарау 
 
ҚҰҚЫҚ САҚТАУ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ 
ТЕТІКТЕРІ 
 
 
2.1 
Құзіретті мекемелер мен олардың өкілеттіліктері  
 
Қоршаған  Ортаны  қорғау  Министрлігінің  (ҚОҚМ)  екі  тармағы-Лицензиялау  жəне  Реттеу 
Тетіктерін  ынталандыру  Басқармасы  (ЛРТЫБ)  жəне  Экологиялық  Бақылау  Комитеті  (ЭБК) 
жекелеген  реттеуші  талаптарды  іске  асыру  жəне  оларды  сақтаудың  ұлттық  деңгейде 
қамтамасыз  етілуіне  жауапты. (1-ші  бөлімнің 1.2 жəне  осы  бөлімнің 2.1 суретін  қараңыз) 
Олардың жұмыс ауқымы ауа мен судың сапалық ахуалы, жергілкті тұрғын үйлер мен өндіріс 
орындарынан шығатын қалдықтар, радиологиялық жағдай, тау-кен өнідірісін бақылау сондай-
ақ  жер  мен  биологиялық  қорларды  қорғап  отыруды  қамтиды.  Жекелеген  кəсіпорындар  үшін 
реттеуші талаптары олардың Қоршаған ортаға əсердің бағасы (ҚОƏБ) таразылаған соң жəне 
арнайы  рұқсат  негізінде  (ЛРТЫБ)  арқылы  белгіленіп  отырады. (ЭБК)  болса,  реттеуші 
талаптардың  орындалуын  тексеріп,  егер  орындалмаса  əкімшілік  шаралар  қолдануды 
қамтамасыз етеді жəне азаматтық істерді қарауда Мемлекет тарапынан қатысады. Ол сондай-ақ 
заңға  қайшы  əрекеттер  турасында  айғақтар  жинап,  қылмыстық  іс  қозғауға  бастамашы  болуға 
құқылы. Бұл екі басқарма экологиялық реттеуге жəне талаптарды сақтауға қатысы бар ұлттық 
жəне  жергілікті  билік  орындарының  іс-қимылдарын  өзара  үйлестіруші.  Оның  басқа  бір 
маңызды қызметі  лицензиялау мен бақылау ісінде кері байланысты қамтамасыз ету, яғни заң 
шығарушы орындар мен саясат жасаушыларға тексеру жүргізу. 
 
Ұлттық  деңгейден  төменгі  сатылардағы  реттеуді  іске  асыру  мен  оған  бақылау  жүргізу  жəне 
талаптардың  орындалуын  əкімшілік  деңгейде  қадағалау  Қоршаған  Ортаны  қорғаудың 16 
аймақтық  басқармасына  (ҚОҚАБ)  жүктеледі.  Олар 14 облыс  пен  Алматы  жəне  Астана 
қалаларында.  Олар  билігі  өз  құзырындағы  заңдық  тұлғалар  бола  тұра, (ЛРТЫБ)  мен  (ЭБК) 
алдында есеп береді. Басқарудың мемлекеттік органдары (ҚОҚАБ) орындарына жетекшілік ету 
жəне оқып-үйретуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың жұмысына баға беріп отырады.  
 
ҚОƏБ-не  қатысты  өкілеттіктерді  бөлу  жəне  лицензиялау  кəсіпорындардың  категориясына 
байланысты. Ол категориялар өнеркəсіптің өзіндік ерекшелірктеріне қарай, адам денсаулығына 
əсер  ету  қаупі  жөнінен 4 түрге  бөлініп  қарастырылады. 4-ші  категория  кəсіпорындарының 
жұмысына  олардың  өтініші  негізінде  рұқсат  беріледі.  Ал 1-ші  категориядағы  кəсіпорындар 
жұмысын  ЛРТЫБ  қадағалайды,  басқа  категориядағы  кəсіпорындар  аймақтық  мекемелердің 
құзырында  болады.  Ұлттық  деңгейдегі  инспекторлар  кəсіпорындардың  жұмысы  мен  ҚОҚАБ 
қызметінің  нəтижесін бағалау үшін кез-келген кəсіпорын тармағында тексеру жүргізеді. Жыл 
сайын бір аймақтық басқарма тексерілуі керек.  
 
ЛРТЫБ  мен  ЭБК-нің  басқару  құрылымдарындағы  автономия  деңгейі  əрқилы.  ЛРТЫБ 
толықтай  ҚОҚМ  құрамына  кіретіндіктен  оның  басқару  қызметіне  бағынышты.  Ал  ЭБК-нің 
өзін-өзі  басқару  деңгейі  біршама  жоғары.  Бұл  орган 2004-ші  жылғы  қыркүйекте  ҚР 
президентінің  жарлығымен  құрылған.  Бұл  жарлықта  саясат  қалыптастыру  мен  реттеп  отыру 
жəне бақылау қызметтерін бір-бірінен бөлу талап етілген еді. Ал ЭБК қызметі үкіметтің 2004-
ші  жылғы 29-шы  қазандағы  номер 1126-шы  бұйрығымен  реттеледі.  ЭБК  төрағасы  премьер-
министр  тағайындайтын  саяси  тұлға  жəне  ол  ҚОҚМ-не  жүгінбей  ақ  шұғыл  шешімдер 
қабылдай алады. ЭБК өзінің іс-қимыл жоспарын жасайды жəне өзінің есебін дайындайды. ЭБК 
дербес  заңды  тұлға  жəне 2008-ші  жылдан  бері  ҚОҚМ  бюджетінен  бөлек.  Ол  бюджетті 
жоспарлау  мен  орындауды  бақылау  Комитеттің  өз  құзырында. 2008-ші  жылға  дейін  ЭБК-нің 
күн сайынғы əрекетінің өзі Министрліктің бақылауында болды.  


48
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
2008-ші  жылғы  ақпанда  ҚОҚМ  құрамында  ЛРТЫБ-ны  алмастыруы  қажет  басқа  бір  комитет 
құрылды.  Оны  құрудағы  мақсат-экологиялық  сараптауды  жəне  лизензиялауды  күшейту, 
сондай-ақ  реттеу  жұмысын  саясатты  қалыптастыру  жұмысынан  бөліп  алу  болды.  Мұндай 
бөліну  тұрғысында  əртүрлі  пікір  айтылуда.  Кейбіреулер  бұл  қадам  жұмыстың  тиімділігін 
арыттырады десе, басқалар ақпарат алмасудағы қиындықтар мен ұжымның(штат) қысқаруынан 
келіп  шығатын  проблемалардан  қорқады.  Олар  қазіргі  кездегі  қызмет  орындары  əкімшілік 
қолдау  бөлімдеріне  өтіп  кетеді  деп  сескенеді.  Ұсынылған  реформа  кадрлар  жағынан 
қиындыққа қарамастан, министрлік пен оның тармақтары үшін бөлінген қызмет орындарының 
шектелуіне байланысты қызметкерлер санын азайтуға  жол ашады. Осының салдарынан реттеу 
мен  бақылау  сапасына  нұқсан  келуі  мүмкін.  Рұқсат  беретін  тұлғалар  мен  тиімді  бақылау 
жүргізу үшін қажетті инспекторлар арасындағы ақпарат алмасуы да бұзылуы мүмкін.  
 
2.1 Сурет: Экологиялық бақылау комитетінің ұйымдық құрылымы (ЭБК)  
 
 
 
 
 
 
 
Ескерту : Ұжымдық құрамы барлығы 31 адам. 
Дерек көзі: ЭБК , 2007.  
 
Реттеу мен орындауға бақылау жүргізуге келгенде табиғат қорғаушы орындардың құзырлары 
олардың  əлеуеттерін    жүзеге  асыруға  толық  жететіндей  көрінеді. 2000-шы  жылмен 
салыстырғанда  өкілеттіктер  мен  оларды  қолдану  тəртібі  алғашқы  жəне 2-ші  деңгейдегі 
заңнамаларда егжей-тегжейлі көрсетілген. Инспекциялаудағы жекелеген өкілеттіктер (мəселен 
жұмыс  орындарында  ескертусіз  жүргізілген  тексерулер  мен  жоспарланған  тексерулердің 
жиілігі)  халыққа  ауыр  тиген  реттеудің  əкімшілік  жүгін  азайту  мен  ұсақ  парақорлықты  жою 
қажеттілігіне  байланысты 10 жыл  бойына  шектеулі  болып  келді.  Дегенмен  бұл  шектеулер 
өзінің мақсаттарының біріне де жеткен жоқ. Өкілеттіктер күшейтілген жағдайдың өзінде ресми 
тұлға  мен  субъектінің  екеуі  де,  орындауды  реттеу,  тексеру  жəне  бақылау  мүмкіндіктері 
болмашы  ғана  жақсарады,  өйткені  бұған  керек  мамандар  мен  басқа  да  ресурстардың 
жеткіліксіздігі оған қолбайлау болады деген ойда болады. Бұл тығырықтан шығу үшін əлеуетті 
арттыра түсу мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарының бірі болды.  
 
Əлеуетті  арттыра  түсудің  мемлекет  қаржыландыратын  бағдарламасында  жұмыс  істеу 
жағдайының қолайлы болуына жəне құрал-жабдықтың сапалы болуына баса назар аударылды. 
Мəселен  ЭБК  құрылған  соң  іле-шала,  өзінің  аймақтық  мекемлеріндегі  лабораториялардың 
еңбек  өнімділігін  арттыру  бағдарламасын  қабылдады.  Мұның  өзі  қызметкерлердің  санын 
көбейту,  мамандар  даярлау,  сапаны  қамтамасыз  ету  мен  ақпараттық  бақылаудың  деңгейін 
жоғарылатуды  көздейтін  еді.  Бұл  бағдарлама  аясында  зертханалардың 95 пайызы  толықтай 
жабдықталды  жəне  Атыраудағы  ҚОҚАБ  үшін  теңіз  кемесі  сатып  алынды.  Жалпы  алғанда, 
Экологиялық бақылау комитеті 
Экологиялық бақылау басқармасы 
Бақылаушы қызметті қадағалау жəне 
жоспарлау басқармасы  
Ауа сапасы  мен радиологиялық ахуалды 
бақылау бөлімі 
Биологиялық қорлар мен жер үсті жəне 
жер асты суын бақылау бөлімі  
Жер жəне қазба қорларын,өнеркəсіптік 
жəне тұрмыстық қалдықтарды бақылау 
бөлімі  
Инспекцияларды бағамдау жəне 
талаптарды орындау бөлімі  
Экологиялық ахуалды бағамдау жəне 
табиғат қорларын пайдаланушылармен 
байланыс бөлімі  
Лабораториялық бақылау жəне сапаны 
қамтамасыз ету бөлімі  


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау