1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары
45
•
Барлық мүдделі тараптарды, сонымен бірге азаматтық қоғам мен ҮЕҰ тарту арқылы
ұлттық жəне жергілікті деңгейдегі тұрақты даму бағдарламаларын жасау жəне оны
жүзеге асыру барысында серіктестік пен айқындылық деңгейін арттыру.
ТД аймақтық жоспарлауы ТД сегіз аймағындағы, елдің сəйкес сегіз өзен бассейнінің аумақтық
деңгейінде дамуы тиіс. Бірқатар аймақтарда, мəселен Балқаш-Алакөл бассейні, Алматы жəне
Астана қалаларында ТД жөніндегі өзіндік бағдарламалары мен қызмет жоспарларын жасау
жұмыстары бастау алды. Дегенмен басқа аймақтарда, əсіресе ауылдық аудандарда қол
жеткізген жетістік саусақпен санарлық. Жергілікті деңгейде ақпараттылық пен əлеуеттің
жетіспеушілігі Тұжырымдамаға қатысты қызметтерді жасауға жəне оны жүзеге асыруға кері
ықпалын тигізіп отыр. ТД аймақтық жоспарлауы мен ішінара халықаралық ұйымдармен бірігіп
атқарылатын аумақтық даму бағдарламалары түрлі əдістер қолданады, үйлестірудің бара-бар
механизмдері болмаған жағдайда қайталауларға жəне қарама-қайшылықтардың туындауына
себеп болуы ықтимал. Бұған қоса, ТД жөніндегі ұлттық зерттеулер мен ақпараттық мəліметтер
Тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңінде жеткіліксіз болып отырған сияқты. Осы
облыстардағы жетістіктер елдің ТД саясатының айқындылығын халықаралық деңгейде
күшейтуге мүмкіндік беруі ықтимал.
1.2 ұсыныс:
2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға ауысу Тұжырымдамасын жүзеге асыруды
аймақтық жəне жергілікті деңгейде, əсіресе, ауылдық аудандарда қолдау үшін Үкімет мына
міндеттерді орындауы қажет:
•
тұрақты даму бағдарламаларын жасау жəне оларды жүзеге асыру туралы
жергілікті сектораралық үйлестіру кеңесі мен жұмыс топтарын құру арқылы аймақтық
жəне жергілікті деңгейде сектораралық ынтымақтастықты күшейту;
•
əлеуеттің жергілікті деңгейде дамуын күшейту, мысалы жергілікті басқару
органдарының өкілдерін аймақтық деңгейдегі тұрақты даму бағдарламаларын жасауға,
сонымен бірге осы саладағы халықаралық тəжірибеге қол жеткізу бағытында оқытуды
ұйымдастыру;
•
білім беру бағдарламаларын жасау жəне жұртшылықтың тұрақты даму мəселелері
бойынша ақпараттылық деңгейін, сондай-ақ кең жұртшылықты қосқанда, жергілікті
органдар мен басқа да мүдделі тараптардың ақпараттылық деңгейін көтеру.
Сонымен бірге 3.6 ұсынымды қара.
2006 жылы құрылған «Қазына» тұрақты даму қоры инвестициялық жобаларды үйлестірудің
жаңа механизмі болып саналады. Ол экономикалық диверсификация мен бəсекеге
қабілеттілікті ілгерілетуді басты нысаны етіп алған. Негізінен, əлеуметтік жəне экологиялық
аспектілерді салалық инвестициялық стратегияларға сəйкес интеграциялауды ілгерілетуге
бағытталған стратегия ТД алға жылжуын қамти отырып, елге елеулі əлеуметтік пайда əкелуі
мүмкін. Дегенмен бүгінгі таңда мұндай стратегия жоқ. Осыған орай, Қор мандатын кеңейту
қажеттілігі туындайды, оған ТД мен қоршаған ортаны қорғау компоненттерін
интеграциялайтын экологиялық жобалар мен жоспарларды қаржыландыру мəселелерін енгізу
қажет.
1.3 ұсыныс:
Үкімет «Қазына» тұрақты даму Қорымен жəне басқа да мүдделі тараптармен бірігіп,
тұрақты даму
жəне экологиялық аспектілік қағидаларды Қордың инвестициялық саясаты
мен жобасымен тиімді етіп интеграциялау үшін стратегия құруы тиіс. Үкімет сондай-ақ
экологиялық инвестицияларды қаржыландыруды қамтуы қажет Қордың мандатын кеңейту
мүмкіндігін қарастыруы керек.
2002 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілеттіктерді түрлі министрліктер
арасында бөлуде өзгерістер болды. Бұл су, орман жəне табиғи ресурстарды қорғау жəне
оларды қолдануға жауапты тек бір ғана министрлік – Ауыл шаруашылығы Министрлігі
дегенге тоқтам жасалды. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Су ресурстары Комитеті мен
46
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
Орман жəне аң шаруашылығы Комитеті сияқты мамандандырылған комитеттердің де
қоршаған ортаны қорғау шеңберінен шығатын өз мандаттары бар. Түрлі министрліктер
аралығында қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты тиімді де жеткілікті
ынтымақтастықтың орнағандығына қарамастан, бұл экологиялық басқарудың басқа
салаларына тəн емес.
1.4 ұсыныс:
Үкімет түрлі министрліктер аралығындағы экологиялық саясат мəселелері мен олардың
ішіндегі қоршаған ортаны қорғау саласын басқаруды үйлестіру міндеттеріне қатысты
тізбектік (қосымша) жауапкершілікті нақты əрі айқын анықтауы тиіс. Бұл табиғи, су жəне
орман ресурстары салаларына тікелей қатысты.
Бірінші Шолу дайындалған уақыттан бастап Қазақстан қоршаған ортаны қорғауды басқарудың
заңды жəне саяси шеңберлерін күшейтті жəне жаңартты. 2006–2007 жылдары Қазақстан
негізгі экологиялық заңдар мен Экологиялық кодекс ережелерін интеграциялауда маңызды
қадам жасады. Қатаң уақыттық шеңбер жағдайында осы кешенді міндеттерді атқару
барысында кодексте саясатты жасау жəне оны жүзеге асыруда мəселелер туындатуы ықтимал
қарама-қайшылықтар мен сəйкеспеушіліктер туындайды.
1.5 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі ұлттық деңгейдегі жəне халықаралық ұйымдардың
барлық мүдделі тараптарымен біріге отырып, экологиялық заңнаманы ЕО Нұсқауларына
сəйкес үйлестіруді жалғастыра отырып, оны жетілдіруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |