Қазақстандағы балалардың және
әйелдердің жағдайын талдау
58
2011 жылғы АҚШ Мемлекеттік департаменттің
адамдар саудасы бойынша есептемеде
341
Қазақстан Республикасының Үкіметі адам-
дар саудасы үшін қылмыстық жауапкершілікке
тар
ту туралы заңнаманы қабылдағаны атап
көрсетілді. 2010 жылы Қылмыстық кодек-
ске балалармен жыныстық қатынасы және
адам дарды сату үшін жазаны көтеру жөнінде
түзетулер енгізілді (132 (1) бап). Дегенмен,
қылмыстық және пенитерциарлық заңдар
жетіл дірілмеген және балаларды сату мәселесі
жөнінде халықаралық заңдарда халықаралық
стандарттары бұдан әрі интеграциялау үлкен
жұмысты қажет етеді.
342
Сондай ақ, Әділет ми-
нистрінің төрағалық етумен Адамдарды сату
бойынша ведомство аралық жұмыс тобы Ұлттық
Жоспардағы Адамдарды сату шеңберінде
жұмыс барысын талқылау үшін тоқсан сайын
кездесіп отырады. Үкімет ақпараттық сауал-
нама кампанияларға қолдаушылық көрсетеді,
соның ішінде мемлекеттік емес ұйымдармен
немесе халықаралық ұйымдармен өткізілетін
түрлі шараларды ұйымдастырып салымдар-
ды енгізу, адамарды сату туралы жарнамалық
тақташалар сияқты шаралар. Сонымен қатар,
МЕҰ профилактикалық шаралардың жүргізу
үшін мемлекеттен дотацияларды алып жатыр.
343
2011 жылға дейін ЮНИСЕФ және Омбудсмен
бюросының бағалау есептемелерде, зерттеу-
ге Қазақстан Республикасында тәуекел жүріс
тұрысына және зорлық қатынасқа шалдыққан
әлсіз балалар алынды. Сауданың жасырын
түрінде болуы берілген зерттеу бойынша
мәліметтердің болмауына әкелді. Зерттеуде
сауданың жиі кездесуі Қазақстанда байқалғаны
көрсетіліп жатыр. Есептемеде ұсынылмаған
болса да
344
, сауданың 65 ішкі және 35 сыртқы
деп көрсетілген. Балалар мен жастарды жұмыс
істеткізу және сату көбінесе ішімдік, есірткі
және қорғаныссыз жыныстық қатынас арқылы
жүргізіледі. Сонымен қатар, зерттеуге сәйкес
адамдардың көбі саудагерлердің тарабы-
нан осындай әректтерге байланысты өзін өзі
өлтіру немесе өзіне зақым келтіру жағдайлары
болғанын айытты.
Полициямен жұмыс, балаларды қорғау жұмысы
және ҮМҰ-рдың бар болуына қарамастан, зерт-
теу кезінде анықталған құрбан балалардың
көпшілігі бұрын табылмаған болатын. Соның
ішінде 15 пен 17 жас аралығындағы адам
саудасының әйел жынысты құрбандарды кө-
біне
се полиция өкілдері таппайды, себебі
олар сәйкесінше іздестірілмейді. Көбінесе
сексуалдық адам саудасының құрбаны болған
балаларды полиция эксплуатациялаушыларға
қайтарады немесе қауіпке душар балалар
деп анықталып, бала қорғау жүйесіне және
Азшылықтарды бейімдеу орталығына жіберіледі.
Балалар саудасының құрбандарының ең дұрыс
мүдделері анықталып және қорғалуымен әрі
олардың жағдай туралы хабардар болуымен
қамтамасыз ету үшін оларға тәуелсіз сақшылар
тағайындау үшін тиісті жүйенің жоқтығы туралы
есеп берілді.
Зерттеуге сәйкес адам саудасының құр-
бандарының көпшілігі оқымаған немесе білі-
мі жеткіліксіз. 18 жасқа толмаған адам сау-
дасының құрбандарының 56 пайызы орта
білімін аяқтамаған, тек 32 пайызы ғана мектеп-
ке барған және тек 15 пайызы тұрақты түрде
барған. Адам саудасы баспаналарында тұрған
балалар мектепке бармаған немесе қандай да
бір білім алмаған. Бала кезінде сатылған 18
жастан асқан көптеген құрбандар да білім алу-
ды үзген. Адам саудасының құрбандары үлкен
қалалардан (45,6 пайыз) және кенттерден (32
пайыз), сол сияқты ауылдық жерлерден (22,3
пайыз) шығады. Көбінесе қорғалмаған бала-
лар, адам саудасы құрбандары мен сексуалдық
қызметкерлер арасында шектеулер қатаң
қойыл
майды, осындай шектеулер жеке тұл-
ғаның кең қажеттіліктеріне кез келген араласуы
олар үшін өте сезімтал болып келеді.
345
Сонымен қатар, сауалнама қойылған жастардың
қауіпке душар болуы 28 пайызы, адам саудасы
құрбаны болған 20 пайызы және сексуалдық
қызметкерлердің 12 пайызы ата-ананың бірі
не екеуі есірткі және/немесе алкоголь ішу
мәселелері болуына байланысты үйінен кеткенін
көрсетті. Бұл жастардың көпшілігі өздерінің
ата-аналары физикалық қысым көрсеткенін
және оларға назар аудармағынын айтты, мы-
салы, үйде тамақ болмады немесе ақша араққа
және/немесе есірткіге жұмсалғандықтан, тамақ
алатын ақша болмады. Олар, сондай ақ, ата
ананың арасындағы зорлық зомбылыққа куә
болғанын айтады. Көптеген жастар мұндай
жағдайда ата анасының қиындықтарына байла-
нысты, көбінесе ата анасы алкоголь және/неме-
се есірткі әсерінде болғанда және олар зорлық
зомбылықтан құтылмайтынын түсінгенде үйден
кетеді немесе қашып кетеді.
346
баспанасыз жастар
2011 жылы Алматыда жүргізілген картаға түсіру
кезінде көшеде өмір сүретін жастар туралы біраз
ақпарат ұсынылды. Зерттеу кезінде анықталған
жастар полиция тексеруіне ұшыраудан және
балалардың және жастардың әлсіздігі адамдарды
сату мен нәсіпқор қанаушылыққа әкеледі
340
олардың мемлекеттік мекемелерге тапсыруы-
нан сақтану үшін көбінесе қала сыртында ба-
спанасыз ересектермен бірге тұрған. Көпшілігі
жанұямен байланысты жоғалтпаған, бірақ үйдегі
кедейлік, қайшылықтар мен теріс пайдалануға
байланысты көпшілік уақытын көшеде өткізеді.
Көпшілігі жұмыс іздеу үшін Алматыға басқа
ел аймақтарынан келуге мәжбүр және/неме-
се балалар үйлері мен күтім көрсету орын-
дарында көп уақытын өткізген. Қайыр сұрау
мен шыны және металды қайта өңдеуге жинау
өмір сүрудің негізгі көзіне айналды. Осы зерт-
теуге қатысқан жастар зорлық зомбылыққа
және теріс пайдаланушылық қаупінде қалуда
және көпшілігі қауіпті әрекет етуде. Олар,
сондай ақ, денсаулық және санитариялық
мекемелер қызметін пайдалана алмады,
себебі олардың тиісті құжаттары жоқ. Жас ба-
спанасыз жандарға арналған мемлекеттік
қызметтер қылмыстың алдын алу үшін және
көшедегі өмірді тастау үшін қолдау мен көмек
көрсетудің, жастардың баспанасыздығы
мәселесінің себептерімен жұмыс істеудің ор-
нына қорқытуға бағытталғанға ұқсайды, ҮЕҰ
ұсынатын қызметтер кеңес беру мен қолдау
көрсетуден тұрады, насихат та бар (тамақ пен
киім таратудан басқа). Іздеу есебі жастардың
қазіргі қажеттіліктерін қанағаттандыратын,
көшелерде тұратын жастар үшін насихаттау
қызметтерін әзірлеу және кеңейту, жастардың
баспанасыздығы мәселесінің себебімен жұмыс
істеу және жастардың қоғамға интеграцияла-
нуы қажеттігіне баса назар аудартады.
347
340. Басқаша көрсетілмейінше, бұл бөлім Робин Хаар,
Қазақстандағы мектептердегі балаларға зорлық
зомбылықты бағалау еңбегінен алынды / ЮНИСЕФ_2012
ж., http://www.unicef.kz/files/00000612.pdf?sid=2c41u4m
ai4gr8s94tcm7t6a4a4
341. АҚШ мемлекеттік департаменті, 2011 жылы адам-
дарды сату туралы есеп, http://www.state.gov/j/tip/rls/
tiprpt/2011/.
342. Робин Н. Хаар. Қазақстандағы балалардың қауіпті
мінез-құлықтардан, жыныстық қанаудан және балалар
трафигінен қорғансыздығын қысқаша бағалау / ЮНИ-
СЕФ_2012 ж., http://www.unicef.kz/files/00000612.pdf?si
d=2c41u4mai4gr8s94tcm7t6a4a4.
343. АҚШ мемлекеттік департаменті, 2011 жылы адам-
дарды сату туралы есеп, http://www.state.gov/j/tip/rls/
tiprpt/2011/.
344. Сауалнама жеті қалалың аймақтарда жүргізілді,
респонденттер мемлекеттік органдардың және МЕҰ
басқарудағы бірқатар мәселелерін атап өтті.
345. Робин Н. Хаар. Қазақстандағы балалардың қауіпті
мінез-құлықтардан, жыныстық қанаудан және балалар
трафигінен қорғансыздығын қысқаша бағалау / ЮНИ-
СЕФ_2012 ж., http://www.unicef.kz/files/00000612.pdf?si
d=2c41u4mai4gr8s94tcm7t6a4a4
346. Робин Н. Хаар. Қазақстандағы балалардың қауіпті
мінез-құлықтардан, жыныстық қанаудан және балалар
трафигінен қорғансыздығын қысқаша бағалау / ЮНИ-
СЕФ_2012 ж., http://www.unicef.kz/files/00000612.pdf?si
d=2c41u4mai4gr8s94tcm7t6a4a4
347. Екатерина Лукичева, Алматыдағы көше жастарын
анықтау: Жас баспанасыздардың үлгілерін анықтау
жиынтық есебі, ЮНИСЕФ Қазақстан, 2011 ж.
59