Қазақстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау
54
3-кесте. 2011 жылы Қазақстандағы 15-18 жас
аралығы тобындағы жас бойынша бала туу
деңгейлері.
320
15 16 17 18
18-19
90
80
70
60
50
40
30
20
10
0
ыздан 2007 жылы 9,5 пайызға дейін; 15-17
жастағы кәмелетке толмағандардың сәй
кес
көрсеткіштері бұдан да мардымсыз төмен-
деген: 2004 жылы 21,5 пайыздан 2007 жылы
21,3 пайызға. Шылым жегетін жастардың
көрсеткішінде де аздаған өзгерістер бар (2008
жылы 11,2 пайыз болса, 2004 жылы 12,7 пайыз
болған) және шылым шегу деңгейі жас қыздар
мен әйелдер арасында арту үстінде
312
. Негізгі
жастар ұйымдары көмегімен жастарға есірткі
қабылдаудың зияны туралы білім беруді қолдау
бойынша кеңейтілген ұлттық науқаны өткізілді.
Сонымен қатар, 2010 жылы ұлттық және
жергілікті форумдар жүргізілді
313
.
жастар және репродукциялық
денсаулық
2011 жылы Алматы қаласында жастар мен
әйелдерге қызмет көрсететін клиникалардағы
медициналық қызметкерлерге жүргізіл
ген
зерттеу кәмелетке толмағандардың сексуал-
ды өмірді ерте бастайтынын, контрацептивті
құралдарды аз пайдаланатынын, кәмелетке
толмағандар үшін арнайы медициналық,
консультативтік және психологиялық қыз-
меттердің және сексуалды білім туралы бағдар-
ламалардың аздығын көрсетті. Қаламайтын
жүктілікті, контрацепцияны қолдау және
кәмелетке толмағандардың репродукциялық
денсаулығын қорғау бойынша еліміздегі
оқыту, ақпараттық және денсаулық сақтау
бағдарламалары ауылдық жерлерде, шағын
қалаларда және аудан орталықтарында тұратын
балаларға жетпейді
314
. Қазақстанда жанұя жо-
спарлау қызметтеріне артып келе жатқан сұраныс
қанағаттандырылмаған. 2010 жылы бала тууды
жоспарламайтын, тұрақ ты сексуалды серігі бар
репродукциялық жастағы әйелдердің 11,6 пай-
ызы ешқандай контрацептивтік құралдардың
ешқандай түрін пайдаланбайды, ал 1999 жылы
бұл көрсеткіш 8,7 пайыз деңгейінде бол-
ды
315
. 2012 жылы ЮНФПА 15-19 жастағыларға
жүргізген зерттеуі бұл санаттағы әйелдердің
13 пайызының контрацептивтік қажеттіліктері
қанағаттандырылмағанын көрсетті
316
.
ЮНФПА ұйымының 2012 жылғы зерттеуі
жастардың 10 пайызы алғашқы сексуалдық
тәжірибесін 16 жасқа дейін; 22 пайызы 17
жасқа дейін; ал 33 пайызы 18 жасқа дейін
өткергенін анықтады
317
. Алайда кәмелетке тол-
мағандарға арналған жыныстық қатынас пен
репродукциялық денсаулық туралы тұрақты
ересек балалар және жастар
білім жоқтың қасы деуге болады. 2007 жылы
орта мектептердің оқу курсына енгізілген Сексу-
алды және репродукциялық денсаулық пилоттық
курсы 2009 жылы ешқандай түсініктемесіз
тоқтатылды. Сексуалды білімнің жетіспеушілігі
БҰҰ-ң бірнеше адам құқықтары жөніндегі
комитеттерінің алаңдаушылығын тудырды
318
.
Осы сексуалдық әрекеттер мен балалардың
үйленуі нәтижесінде (төменде қараңыз) 15-19
жастағы қыз балаларға жүргізген зерттеуінде
әйелдердің 2,7 пайызы әлдеқашан босанғанын,
ал 1,1 пайызы бірінші баласына жүкті екенін
көрсетті. Осы жастағы жүктілік пен босану-
лар саны Қостанай облысында ең жоғары
деңгейде, мұнда 15-19 жастағы әйелдердің 6,2
пайызы ана болған және 0,9 пайызы зерттеу
кезінде бірінші баласына жүкті болған. Ауылдық
аймақтарда тұратын әйелдердің қалада тұра-
тын әйелдерге қарағанда ерте балалы болу
ықтималдығы жоғары. Басқа критерийлер бой-
ынша алғанда ерте бала туу деңгейі (бұрын
босану және алғашқы жүктілік) орта білімді
әйелдер (сәйкесінше 4,0 және 1,9) және кедей
квантильге жататын әйелдер арасында жоғары
(4,3 және 1,9).
319
Өкінішке орай 18-ге толмаған
қыздар арасында ресми статистика жоқ, алай-
да сарапшылар жыл сайын 22 000 қыз жүкті
болады деп жорамалдайды. 15-19 жас тобына
жүктілік және бала өлімі туралы деректер жоқ.
Ұлттық заңнамадағы сәйкессіздіктер жыныстық
қатынасқа 16 жастан жол берілгенімен 18 жасқа
толмаған жастардың өздерінің сексуалды және
репродукциялық денсаулығын қорғауға қатысты
тәуелсіз шешім жасай алмайтынын білдіреді.
312. ЮНИСЕФ, Жастардың және балалардың денсаулығы
Қазақстанның мемлекеттік активтері болып табылады ,
ЮНИСЕФ, Алматы, 2009 ж.
313. Карен Малоун және Мэрион Стерджс, «Балаларға
мейірімді Қазақстан: анықтамалық құжат», Балаларға
мейірімді қалалар бастамаларын зерттеу және Қазақстан
үшін балаларға мейірімді қалаларды сертификаттау
стандарттарын және аккредитациялау жоспарын жасау,
ЮНИСЕФ Қазақстан, 2011 ж., 5 б.
314. Жергілікті денсаулық сақтау бойынша қоғаммен
сұхбат, желтоқсан 2012 ж.
315. Статистика агенттігі, 2006-16 жж. гендерлік теңдік
стратегиясының гендерлік индикаторлардың мерзімдік
қатары, http://kzgov.docdat.com/docs/3/index-6275.html.
316. Б.Жүсіпов, 15-19 жас арасындағы кәмелетке тол-
мағандар мен жастардың репродуктивті денсаулығының
жағдайы (индикаторларды талдау), ЮНФПА және
Денсаулық министрлігі Салауатты өмір салты орталығы,
2012 ж.
317. Б.Жүсіпов, 15-19 жас арасындағы кәмелетке тол-
мағандар мен жастардың репродуктивті денсаулығының
жағдайы (индикаторларды талдау), ЮНФПА және
Денсаулық министрлігі Салауатты өмір салты орталығы,
2012 ж.. Көрсеткіштер бұл жастағы ұлдардың қыздарға
қарағанда сексуалды белсенді болатынын көрсетеді, де-
генмен бұл ұлдардың сексуалды тәжірибесін әсірелеуі мен
қыздардың мұны жасыруына байланысты болуы мүмкін.
318. Мысалы, Адам құқықтары Комитеті, Шешуші
бақылаулар: Қазақстан, 19 тамыз 2011 жыл; Әйелдер
дискриминациясын жою жөніндегі комитет, Шешуші
бақылаулар: Қазақстан, 2 ақпан 2007 жыл
319. Статистика агенттігі, ЮНИСЕФ және ЮНФПА, МИКС
2010-2011 ж., RH.1 кестесі: Кәмелетке толмағандардың
бала туу деңгейі және жалпы бала туу деңгейі, Астана,
2012 ж.
320. Статистика агенттігі, Демографиялық жылнама,
Астана, 2012 ж., http://www.stat.kz
321. ЮНФПА, Қазақстан: балалардың үйленуі, қазан,
2012 ж., http://unfpa.org/webdav/site/eeca/shared/docu-
ments/publications/Kazakhstan%20English.pdf
322. Б.Жүсіпов, 15-19 жас арасындағы кәмелетке тол-
мағандар мен жастардың репродуктивті денсаулығының
жағдайы (индикаторларды талдау), ЮНФПА және
Денсаулық министрлігі Салауатты өмір салты орталығы,
2012 ж.
323. ЮНФПА, Қазақстан: балалардың үйленуі, қазан,
2012 ж., http://unfpa.org/webdav/site/eeca/shared/docu-
ments/publications/Kazakhstan%20English.pdf
324. Б.Жүсіпов, 15-19 жас арасындағы кәмелетке
толмағандар мен жастардың репродуктивті ден-
саулығының жағдайы (индикаторларды талдау), ЮНФ-
ПА және Денсаулық министрлігі Салауатты өмір салты
орталығы, 2012 ж.
325. Статистика агенттігі, ЮНИСЕФ жәнеЮНФПА, МИКС
2010-11, RH1 кестесі: Репродуктивті денсаулық, Аста-
на, 2012 және және Статистика агенттігі және ЮНИСЕФ,
МИКС 2006, RH1 кестесі: Репродуктивті денсаулық,
Астана, 2007 ж.
326. Денсаулық министрлігі, Ф№32У және Ф№13У, 2011
ресми статистикалы жазу және тіркеу формалары
Егер 16 жастағы қыз бала медициналық көмекті
қажет етсе, Денсаулық министрінің №70
жарлығына сәйкес дәрігер баланы ата-анасының
не қамқоршылардың хабардар болуынсыз не-
месе қатысуынсыз толық медициналық тексеру
жүргізуге құқығы жоқ. Заң 16 жасқа толғандарға
сексуалдық әрекет бойынша шешімдер жасауға
құқықтар бергенімен, контрацептивтік құралдар
пайдалану немесе жыныстық жолмен жұғатын
ауруларды емдеуге байланысты өз бетінше
шешімдер жасауға рұқсат бермейді. Бұл шек-
теу жастардың сексуалдық және репродуктивтік
денсаулық қызметтерін пайдалануын шек-
тейді және жастарға арналған клиникалық
қыз
меттердің тиімділігін төмендетеді.
321
2012 жылы Денсаулық министрі және ЮНФ-
ПА жүргізген зерттеу осы мәселені растады,
құпиялылықты сақтаудың жетіспеушілігі 15-19
жастағы қыз балалардың жыныстық жолмен
жұғатын аурулардың белгілері болған жағдайда
медициналық кө мекке жүгінбеуінің екінші себебі
болуына ұқсайды
322
.
Ресми түрде тұрмыс құрған 18-ге толмаған
қыздар толық заңды құқықтарға ие, яғни
медициналық көмек ала алады. Алайда іс
жүзінде отбасылы қыздар клиникаға бару үшін
күйеуінің және/немесе күйеуінің анасының
рұқсатын алады
323
.
2012 жылы Денсаулық министрі және ЮНФПА
жүргізген зерттеу 15-19 жастағылар ара сындағы
жыныстық жолмен жұғатын аурулардың белгілері
таралуы үш пайыз болғанын көрсетті. 18-19
жастағылар арасында бұл көрсеткіш айтарлықтай
жоғары, әсіресе қалалық жерлерде
324
. Тұрмыс
құрған немесе серігі бар 15-19 жастағы қыздар
арасында контрацептивтік құралдардың таралуы
2006 жыл (31,7 пайыз) мен 2010 (19,1 пайыз) ара-
сында екі есе азайды
325
.
2-кесте. Қазақстандағы 15-18 жастағы
қыздар арасында бала туу және аборттар
саны (2011).
326
Тіркелген бала туу саны
Тіркелген аборт
саны
4 639 (Қазақстандағы
жалпы 372 544 бала туу
саны ішінен)
2837
3-кесте. 2007-2011 жылдардағы 15-18
жас
тағы қыздар арасындағы аборттар
саны (мың).
327
2007
2008
2009
2010
2011
5.9
5.2
4.0
3.3
2.8
55