Қазақстандағы балалардың және
әйелдердің жағдайын талдау
4
Б
ұл талдауда балалардың әл-ауқатына
қатысты аймақтардағы соңғы бес жыл
ішіндегі ең маңызды зерттеу және
талдаудың нәтижелерін пайдаланып Қа-
зақ
стандағы балалардың жағдайына шолу
берілген. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының
Ба
лалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымы және оның
даму саласындағы серіктестері 2008 және
2013 жылдар арасында Қазақстандағы
балалардың құқықтары саласында өткізген
ұлттық және жергілікті шенеуніктермен және
тұлғалармен бірқатар сұхбаттардың, әрі не-
гізгі есептерді, зерттеулерді, сауалнамалар-
ды және бағалауларды қарап шығудың
нә
тижесі. Теңсіздіктерге және балалар-
ды құ
қық
тарынан айыруға қатысты негізгі
мәлімет ақтаңдақтарына баса көңіл бөлетін
Қазақстан-2050 Стратегиядан шығатын және
барлық мүдделі тараптардың кеңінен қатысуын
ынталандыратын бұл жағдайды талдау ұлт-
тық және халықаралық балаларға қатысты
мақсаттарға теңдікпен жетуді тездететін ұлттық
стратегияларды жасауға үлес қосуға арналған.
Талдау Қазақстандағы балалардың және
жастардың өмір циклын білдіретін бірнеше
бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімде аналар мен
сәбилерге әсер ететін мәселелері, соның
ішінде, аналар мен сәбилердің денсаулығы,
ерте жастық шақтағы танымдық даму және
интернаттық мекемелерге орналастыру-
ды бол
дырмау қарастырылады. Содан кейін
отбасылардағы және қоғамдағы балалар қа-
растырылады, денсаулық пен қауіпсіздік, ке-
дейлік, әлеуметтік қызметтер және балалар-
ды арнайы мекемелерге өткізуді болдырмауға
және тоқтатуға бағытталған үздіксіз күш салу-
лар қарастырылады. Келесі бөлімде білім беру
жүйесіндегі балалар және мектеп алдындағы
білімге бірыңғай қатынасқа және барлық
балаларға сапалы білім беруге қарай ілгерілеу
қарастырылады. Содан кейін кәмелетке тол-
мағандар туралы бөлімде осы жас тобының
негізгі мәселелері, соның ішінде, суицид, ең-
бек, өсімпаздық денсаулық және ерте үйлену
қарастырылады. Осы есептің соңғы бөлімінде
Қазақстанда балалардың құқықтарына ин-
вестиция жасау және бақылау үшін не істеліп
жатқаны туралы жиынтық мәлімет беріледі.
аналар мен сәбилер
Бүгінгі күні Қазақстандағы жүкті әйел мен оның
баласының жүктілік және сәбилік шақтан тірі қалу
ықтималдығы бұрынғыдан әлдеқайда жоғары.
Аналар мен сәбилердің өлім деңгейі 1990
жылдардың ортасынан бері екі еседен көбірек
төмендеді. Соған қарамастан, әлі күрделі мәсе-
лелер бар, әсіресе, сәбилердің өлімінің жар-
тысынан көбі болатын перинаталдық кезеңде.
Қазақстанның байлығына қарамастан сәби
өлімдерінің негізгі себептері болып алдын
алу салыстырмалы түрде оңай, негізінен да-
мушы елдерде бар себептер табылады (мы-
салы, асфиксия, жұқпалар және туу кезіндегі
жарақат). Халықтың ең кедей 40 пайызында
және ауылдық аймақтарда сәбилердің өлім
деңгейі жоғарырақ. Бастапқы медициналық
көмек саласын күшейту, әсіресе ауылдық
аймақтарда және күрделі жүктіліктер туралы ха-
барлау жағдайларын жақсартуді күшейту үшін
қосымша күш салулар қажеттілігі бар.
Соңғы жылдары Қазақстанда сәбилердің ара-
сында Адамның иммундық тапшылық виру-
сын (АИТВ) жұғуын болдырмауда айтарлықтай
ілгерілеу болды. Бұл негізінен АИТВ сынақпен
кең қамтудың және аналарда жүктілік кезінде
тиімділігі жоғары антиретровирустық тера-
пияға қатынас болуының және оларды ем-
шекпен емізбеуге ынталандырудың нәтижесі
болып табылады. Қазақстанда 2007 жылдан
бе
рі ауруханалар арқылы АИТВ жұғуының
денсаулық сақтау саласына байланысты
жағдай тіркелмеді, бұл бір рет пайдаланыла-
тын шприцтерді және тамшуырларды қайта
пайдалану сияқты қауіпті тәжірибелерді бол-
дырмау үшін қолданылған тиімді шаралардың
нәтижесі сияқты. Сәбилердің арасында АИТВ
жоюға бағытталған қалған негізгі мәселелер
есірткілерді қабылдайтын әйелдердің жүктілігін
басқару мүмкіндігінің болмауын, сонымен бірге,
маргиналдық, құжаттары жоқ әйелдердің,
соның ішінде, есірткі қабылдаушылардың және
тұрақсыз мигранттардың босанудан кейінгі
қызметтерге қатынасының болмауын қамтиды.
Қазақстанда аналар мен сәбилердің тамақтану
күйі әлі мәселе болып тұр, 2006 және 2010
жылдар арасында айтарлықтай жақсарулар
болмаған. 2010 жылы, балалардың 13,1 пай-
ызы мықыр екені анықталды, бұл – тұрақты
түрде нашар тамақтанудың белгісі. Бұл мәселе
ауылдық аймақтарда ең жиі кездеседі, әсіресе,
Ақтөбе облысында және аналарында жоғары
білімі болмаған балалар арасында. Дегенмен,
түйін
Қазақстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау
Краткое содержание
Ақтөбе облысында сәбилердің салмағы тым
көп болуы да маңызды мәселеге айналды алты-
дан – алты және он бір ай арасындағы сәбилер,
әсіресе ұлдар үшін. Өсімпаздық жастағы әйел-
дер арасындағы анемияның таралуы 2011
жылы 38,9 пайыз және бес жасқа толмаған ба-
лалар арасында 35,2 пайыз болған. Бұл ішінара
ұнды қоректік заттармен және дәрумендермен
байыту деңгейі төмен, 2011 жылы шамамен
26,6 пайыз, болып тұрғандығына байланысты.
2006 және 2010 жылдар арасында емшек-
пен емізу деңгейі 16,8 пайыздан 31,8 пайызға
артқанымен, ерте емшекпен емізудің төмен та-
ралуы әлі де елдегі балалар арасында тыныс
алу жолының аурулары, гипотермия, диарея
және жұқпалы аурулар мәселелеріне әкеледі.
Бұл мәселелердің барлығы қоғамның аналар
мен балалар үшін тамақтанудың маңыздылығы
туралы көбірек білуі қажеттілігі бар екенін
білдіреді.
Қазақстандағы балалар арасындағы өлім
себептерінің арасында пневмония (17 пайыз)
және диарея (14 пайыз) жиі кездеседі. Таза суға
және жақсартылған гигиена мен санитарлық
жабдықтарға қатынас арқылы бұлардың екеуінің
де алдын алуға болады. Дегенмен, қауіпсіз суға
және санитарлық жабдықтарға нашар қатынас
кең таралған мәселе болып қалуда, әсіресе,
ауылдық аймақтарда және жаңадан салынған
қалалық мекендерде. Нәтижесінде халықтың
төртінің бірі дерлік қауіпті ішетін суды пайдала-
нады. Орташа табысты отбасылар үшін қауіпсіз
суға қатынаста жақсарулар болғанымен,
ең кедей квинтиль оларды көрмеді. Бала-
лар арасындағы диарея мен ішек құрт жұқ-
паларының жоғары деңгейі жақсы гигиенаны
жақсырақ танымал ету қажеттілігі бар екенін
білдіреді, соның ішінде, ауылдық аймақтарда.
Ата-аналар, мұғалімдер және қамқоршылар
сәбилердің және жас балалардың даму дең-
гейін өзара әрекеттесу және ойнау арқылы
анықтайды. Олардың қатысуы ерте жаста
үйрену үшін өте маңызды және болашақта мек-
тепте оқу үшін негіз қалайды. 2010 жылы әкелер
балаларымен бірге осындай әрекеттерге си-
рек қатысатыны анықталды. Қазақстанда бес
жастан төмен балалардың 47,8 пайызы ғана
кемінде үш балалар кітабы бар отбасыларда
тұрады: әсіресе бұл ауылдық сәбилерде жиі
болады. Білім деңгейі нашар аналардың ба-
лаларында, кедей отбасыларда тұратын ба-
лаларда және Оңтүстік Қазақстан және Аты-
рау облыстарындағы балалар ойындар екі
немесе одан көп түрінің болуының ықтималдығы
айтарлықтай төмен. Бұл, сонымен бірге, ата-
аналарға балалардың дамуына көмектесу үшін
көбірек қолдау қажеттілігі бар екенін білдіреді.
Отбасыларындағы және
қоғамдастықтардағы балалар
Өмірінің бірінші жылында тірі қалған балалардың
ересек жасқа дейін тірі қалу ықтималдығы
әлдеқайда жоғары. Елдегі бес жастан төмен
балалардың барлығы үшін өлім деңгейі –
1000 тірі туылуға 18,7, яғни, бес жастан төмен
балалардың өлімдерінің 85 пайызы бір жастан
төмен сәбилер арасында орын алады (олардың
деңгейі – әр 1 000 тірі туылуға 16,7). Бір-төрт
жастағы балалар арасындағы өлімнің негізгі
себептері белгілі, қол жетімді, вакцинация-
лар, тиісті тамақтану, тек емшекпен емізу,
тиісті пайдаланылған антибиотиктер және
қауіпсіз тамақ, су, гигиена және санитария,
әрі қамқоршылардың білім деңгейін жақсарту
сияқты технология көп қажет емес килігулердің
көмегімен алдын алуға болатын пневмония
және диарея сияқты ауруларды қамтиды.
Өкінішке орай 2010 жылы ата-аналардың бала-
ларды ауруханаға апаруға себеп болып табы-
латын қауіпті белгілерді білуі 2006 жылдан бері
төмендеген. Қазақстанда балалар арасындағы
кездейсоқ өлімнің деңгейі жоғары, әсіресе,
елде батып кету мәселесі маңызды.
Экономикалық өсумен қатар Қазақстандағы
өмір сүру стандарттары соңғы он жылдықта
айтарлықтай жоғарылады. Соған қарамастан,
Қазақстандағы балалардың кедейлікте өмір
сүру қаупі жоғары. Жалпы, 18 жастан төмен
барлық балалардың 45 пайызы кедейлік
деңгейінен төмен өмір сүреді және 7 пай-
ызы асқан кедейлік деңгейінен төмен өмір
сүреді. Кедейлік негізінен кішкентай ба-
лалары бар үлкен отбасыларда, балалары
бар жас отбасыларда және жалғыз ата-ана
бар отбасыларда, сонымен бірге, арнайы
қажеттері ересектер бар отбасыларда және
мигрант отбасыларда кең тараған. Сондай-
ақ, жақындағы зерттеу негізгі табыс әкелетін
ересек әйел болып табылатын отбасылар
әсіресе кедейліктен қорғансыз екенін көрсетті.
Қалалық аймақтармен салыстырғанда аулдық
аймақтарда кедейлік және асқан кедейлік
деңгейі әлдеқайда жоғары. Бұл парадокс, бірақ
мұнай кен орындарына және оның ұлттық бюд-
жетке үшінші ең жоғары таза үлес қосуына
қарамастан, кедейлік деңгейі Маңғыстау об-
5