ҚазаҚстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау



жүктеу 1,55 Mb.
Pdf просмотр
бет25/33
Дата30.12.2019
өлшемі1,55 Mb.
#25516
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

Қазақстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау

48

Мектеп оқушылары  

және апаттар

Орталық Азияның қалған бөлігі сияқты Қазақстан 

біршама сейсмикалық аймақта орналасқан. 

Оңтүстік бөлігі (елдің 25 пайызы, соның ішінде 

Алматы) Рихтер шкаласы бойынша 8 магни-

тудалы жер сілкінісі қаупі бар аймаққа жатады 

және тұрғын халықтың 43 пайызы өте жоғары 

жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда тұрады. 

Климаттың құрғақтығына қарамастан, Орталық 

Азиядағыдай Қазақс 

танның бөліктерінде 

көбінесе көктем және жаз мезгілінде өзендердің 

және олардың тармақтарында су тасуы қаупі 

бар. Су тасуы ықтимал, ұзындығы 40 км-ден 

асатын 800 өзен бар

279


. Су тасуы мәселесі және 

оның қиратушы салдарынан толығымен қорғану 

мәселесі түрлі себептермен Қазақстанда әлі 

шешілген жоқ, бұл себептерге аймақтағы 

трансшекаралық су ресурстарын басқаруда 

келісімге келу және су тасуы қаупін бағалау 

әдістемелерін жақсарту қажеттілігі жатады

280


Елдегі жердің 13 пайызы, соның ішінде Алматы 

қаласы сел қаупі бар аймаққа жасатады

281


. Қар 

көшкіні және шектен тыс температуралар да 

қиратушы болып табылады

282


Қазақстан Орталық Азиядағы көршілеріне 

қарағанда апаттарға дайындық және олардың 

салдарын төмендетуде жақсырақ позици-

яда болса да, бұл қауіптер мына себептер-

ге байланысты күшейе түсуде: жер сілкінген 

жағдайда құлауы мүмкін тұрғын үй қорының 

ескіруі, бұл ауыр жарақаттар мен өлімге әкелуі 

мүмкін; апаттардан қорғау үшін салынған 

инфрақұрылымның (дамбалар сияқты) нашар 

күйде болуы; белгіленбеген қауіпсіздік стан-

дарттары; қоршаған ортаның деградациясы 

және ресурстарды нашар басқару. Сонымен 

қатар, Орталық Азия толығымен климаттық 

өзгерістер әсерінің нәтижесінде әлдеқайда 

жиі және қарқынды құрғақшылыққа душар бо-

луда. Бұл әсіресе негізінен аймақтың кедей 

тұрғындары тұратын ауылдық жерлерге әсерін 

тигізеді (соның ішінде Қазақстан)

283


Басқа жерлердегідей кедей қоғамда өмір 

сүретін әйелдер мен балаларға табиғат 

апаттарының зардабын шегу қаупі көбірек 

тиесілі: апат кезінде олардың үйде болу 

мүмкіндігі жоғары, құтқарылу үшін физикалық 

дағдыларды білуі мүмкіндігі төмен (мысалы, су 

тасқыны кезінде суға жүзу) және апаттан кейін 

қалпына келтіруді жеңілдете алатын мүлік пен 

қарыз алуға мүмкіндігі аз

284



Үкімет апат қаупін азайту үшін біраз жарлықтар 



шығарды. Бұған Тұрғын халыққа және ма-

мандарға апаттар жөнінде хабарлау, оларды 

ақпараттандыру және жаттықтыру ережелері 

(апатқа дайындық кезіндегі халықты жинау 

ғимараты жөніндегі 2003 жылғы ереже, 2012 

жылғы өзгерістерімен) кіреді

285

. Сонымен қа-



тар, Қазақстан Хиого әрекеттер платформа-

сына (ХӘП) қол қойды, ол апаттардың алдын 

алу және олардың салдарларын жұмсарту үшін 

Мектептердегі зорлық-зомбылық




нұсқаушы ережелер мен практикалық шаралар-

ды ұсынатын бастама болып табылады. ХӘП-

тегі Ұлттық платформа Қазақстанда құрылды, 

оның қызметіне сәйкес министрліктердің көп 

секторлы жиналыстарын тұрақты түрде өткізіп 

тұру және Халықаралық Стратегиясы және 

Аппаттардың болдырмау жөніндегі хатшылыққа 

ХӘП ендіру туралы есептер беріп отыру кіреді. 

ХӘП-ң 3 басымдық саласының 2 индикато-

ры «Апат қаупін азайту және қалпына келтіру 

концептілері мен дағдыларын қамтылатын 

мектептің оқу жоспары, оқыту материалы және 

сәйкес жаттығулар» деп аталады. Қазақстанның 

2009-2011 жылдарға арналған есебінде бұл са-

лада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгені 

айтылған, бірақ қаржы ресурстарының қол 

жетімділігі және операциялық қуаттылық сияқ-

ты негізгі аспектілердегі шектеулер бар екені 

анықталды. Қоғам мен әлеуметтік саладағы 

қызметкерлерді Азаматтық қорғаныс пен 

Апаттық жағдайлар бойынша жаттықтыру мен 

оларға білім беру үшін қаржыландыру нысанын 

анықтау және білім берудің материалдық база-

сын жақсарту қажет

286



Яғни Қазақстандағы Апаттық жағдайлар туралы 



ұлттық заң апатқа дайындық курстары бүкіл елде 

мектепке дейінгі мекемеде, бастауыш және 

орта мектептегі оқытудың маңызды бөлігіне ай-

налуы керек

287

. Алайда, апат қаупін азайту әзірге 



ресми мектептегі оқу бағдарламасының бөлігі 

емес. 2008 жылдан бері Үкімет апаттар қаупін 

азайту курсын мектептің білім бағдарламасына 

қосу, апат қаупін азайту бөлімдерін ұлттық және 

жергілікті даму бағдарламаларының және ел 

бюджетіне кіргізу бойынша жұмыс істеуде

288



Білім беру және аппатық жағдайлар сарапшы-



лары мұғалімдер үшін методикалық және мек-

теп пен мектеп ке дейінгі балалар үшін аппатық 

жағдайларын азайту жөнінде оқу материалда-

рын дайындайды. Материалдар төрт пилоттық 

аймақта жаттығу курстарын жүргізу үшін пай-

даланылды. Сонымен қатар, халықаралық жә-

не ұлттық сарапшылары апат қаупін азайту 

бөлімдерін оқыту бағдарламаларына және 

мектептің оқу курсына енгізу нұсқауларын 

әзірледі. Үкіметтің 2012 жылғы 23 тамыздағы 

1080 жарлығына сәйкес 2013-2014 оқу жыл-

дарында Күнделікті істердегі қауіпсіздік 

негіздері аталатын пәннің оқулығы сынып 

бағдарламанынң шектерінде (табиғаттану, 

физикалық мәдениет және әскери қорғаныстың 

негіздемелері) кеңінен пайдаланатын болады. 

Қазіргі уақытта қауіпсіздің ережелері бойын-

ша жаңа кітап интерактивті режимде қолдану 

279. БҰҰАҚТС, Орталық Азияда білім беруде апат қаупін 

төмендету бойынша тиімді дағдылар мен құралдар, 2009 

ж., http://waterwiki.net/images/a/ad/KazakhstanWater.pdf 

42-43 б.


280. БҰҰДБ, Казақстандағы жаңа мыңжылдықтағы су 

ресурстары, 2004 ж., http://waterwiki.net/images/a/ad/

KazakhstanWater.pdf, 42-43 б.

281. Майкл Турман, «Орталық Азиядағы табиғат апаты 

қауіптері: синтез», БҰҰДБ/БПКСВ, 2011, 14, 16 беттер 

282. БҰҰАҚТС, Орталық Азияда білім беруде апат қаупін 

төмендету бойынша тиімді дағдылар мен құралдар, 2009, 

http://www.unisdr.org/files/12164_CompendiumEng.pdf

283. Майкл Турман, «Орталық Азиядағы табиғат апаты 

қауіптері: синтез», БҰҰДБ/БПКСВ, 2011; Йоханнес Ф. 

Линн, «Орталық Азия аймақтық қауіп бағалау (КАРРА) 

Азияда түрлі қауіптерді басқаруда: аймақтық шолу», 

«Орталық Азияда түрлі қауіптерді басқаруда аймақтық 

координацияны жақсарту» конференциясы, Алматы, 14-

15 сәуір 2011 жыл

284. Майкл Турман, «Орталық Азиядағы табиғат апаты 

қауіптері: синтез», БҰҰДБ/БПКСВ, 2011 ж.

285. 2012 жылдың 2 қарашасындағы 1394 үкімет шешімі, 

мына сайтта қол жетімді: http://adilet.zan.kz/rus/docs/

P1200001394

286. Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан: Хью-

го әрекеттер бағдарламасын ендіру бойынша аралық 

ұлттық жұмыс есебі (2009-2011), 15 наурыз 2011 жыл, 

http://www.preventionweb.net/files/18406_kaz_Na-

tionalHFAprogress_2009-11.pdf, 12-13 б.

287. 1996 жылдың 5 шілдесіндегі 19 шы заң, 2012 жылдың 

10 шілдедегі өзгерістерімен. 17 бап. Онлайн қол жетімді: 

http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1006148

288. Крис Шуеп, Қазақстанда апаттар қаупін азайту-

да жастар даусын тыңдату, ЮНИСЕФ, 17 қазан 2012 ж., 

http://www.unicef.org/infobycountry/kazakhstan_66204.

html


49


жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау