Қазақстандағы балалардың және
әйелдердің жағдайын талдау
30
Сондай-ақ, талдау аймақтар арасында арнайы
әлеуметтік қызметтердің құнында айтарлықтай
айырмашылықтар бар екенін көрсетеді. Аты-
рау облысында жыл сайынғы арнайы қажеттері
бар балаға үйде көмек көрсетудің орташа құны
жылына 80 000 теңгені (530 АҚШ долл.) құраса,
Алматыда ол 218 000 теңгені (1440 АҚШ долл.)
құрайды
145
. Әртүрлі облыстарда өмір сүретін
ба лалар әр түрлі қызметтерді алуы мүмкін
146
.
Де
генмен, Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Балаларға арналған ин-
тернаттық және жартылай интернаттық ме-
кемелерде аймақтар арасында айтарлықтай
айырмашылықтар бар. Қызметтердің құны
қызметтердің сапасына әсер ететіндіктен, бұл
әр түрлі аймақтардағы балалар сапасы әр түрлі
қызметтерді алатынын білдіреді. Белгіленген
стандарт бойынша арнайы әлеуметтік қыз-
меттерге тең қатынасты қамтамасыз ету үшін
арнайы әлеуметтік қызметтерді әр адам басына
қаржыландыруды қарастыру керек
147
.
Сондай-ақ, 2012 жылдағы бағалау арнайы
әлеуметтік
қызметтер мониторингі қызмет-
тердің сапасына емес, негізінен мөлшерге
(қыз
мет
тердің түрлері, қызметтердің саны,
келулердің саны, клиенттің демографиялық
мәліметтері) көбірек көңіл бөлетінін көрсетті.
Нәтижелерді және әсерді жақсырақ бақылау
үшін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын
және оларды алушылардың ілгерілеуін өлшейтін
арнайы көрсеткіштерді енгізу керек
148
.
Арнайы қажеттіліктері бар балаларға қолдауды
бағалау негізінен жеке баланың қажеттіліктерін
анықтауға емес, бала мүгедектігін медициналық
санаттауға көбірек көңіл бөледі. Бұл баланың
қажеттіліктерін дұрыс емес түсінуге әкелуі
мүмкін. Бұл бағалауды Педагогикалық, ме-
дициналық және психологиялық консульта-
ция (ПМПК), әр түрлі салалардағы кәсіпқойлар
тобы, өткізген. Олардың мақсаты – балаларға
қажеттіліктеріне сай білім беру деңгейін немесе
түрін белгілеу мүмкін болуы үшін балалардың
қосмыша қажеттіліктерін сипаттау және анық-
тау. Егер баланы отбасы үйінен алшақ орнала-
стыру керек немесе арнайы мектепке жіберу
керек деп шешім қабылдаса, ПМПК қамқорлық
органына осы туралы ұсыныстар береді. ПМПК
қызметкерлері бақылау және кеңес беру рөлін
орындап, баламен көп жыл бойы байланыста
қала алады. Қазақстандағы балаларды қорғау
жүйесін бір бағалауға сай ПМПК қосымша
қажеттіліктері бар балаларды оқшаулауға,
сөйтіп білім алу және әлеуметтік мүмкіндіктерін
шектейтін диагностиканың медициналық үлг-
бойы болуы табысы төмен отбасылар үлкен
қаржылық мәселені білдіретін ауылдық ме-
кендерде көп орын алатын
140
. Ерте 2000-шы
жылдары мүгедектігі бар балаларға және
олардың күтушілеріне қатысты бірнеше
жаңа заң қабыладнды: арнайы қажеттері бар
балаларға әлеуметтік, медициналық және білім
алу қолдауын көрсету туралы заң, Қазақстан
Республикасындағы мугдектігі бар адамдар-
ды әлеуметтік қорғау туралы заң, Қазақстан
Республикасындағы арнайы жәрдемақылар
туралы заң, Қазақстан Республикасындағы
мүгедектікке, асыраушы
дан айрылуға және
жасқа байланысты мем
лекеттік арнайы
жеңілдіктер туралы заң. Бұл заңдар елдегі ар-
найы қажеттіліктері бар балалар үшін әлеуметтік
қорғауды дамытудағы маңызды қадам болды
141
.
Әсіресе, 2008 жылдағы арнайы әлеуметтік
қызметтер туралы заң маңызды, ол әлеуметтік
қызметтерді көрсетуді агенттіктер арасында,
әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау және
әлеуметтік қорғау органдарының арасында,
үйлестіруді қамтамасыз етеді
142
. Бұл заңды
жүзеге асыру есептерге сай ата-аналардың
көзқарастарындағы өзгерістерге әкелді, енді
олардың мүгедектігі бар балалардан бас тар-
ту ықтималдығы азырақ, оның орнына олар
балаларын қалдырады және балаларының
дамуына көмектесу үшін денсаулық сақтау
саласының кәсіпқойларынан және әлеуметтік
кәсіпқойлардан көмек сұрайды
143
.
2012 жылы ЮНИСЕФ өткізген арнайы әлеуметтік
қызметтер туралы заңды жүзеге асыруды
бағалау заң бойынша осындай қызметтерді
алуға құқығы бар кейбір балалар іс жүзінде
қызметтерге қол жеткізбейтінін көрсеті. Заң
бойынша арнайы қажеттері бар балалардың
күнделікті күту мекемелеріне қол жеткізу құ-
қығы болғанымен, талдау балалар әлі де ин-
тернат қамқорлығына оңай қабылдануы мүмкін
болғанымен, осы мекемелердің күту тізімдеріне
кездесетінін көрсетті. Астанада кемістіктері бар
26 бала күнделікті күту орталығына 2012 жылы
Шілдеде қабылдауды күтуде, өйткені күнделікті
күту орталықтарын қызметкерлер алу үшін
қаражат жеткіліксіз. Шығыс Қазақстан облы-
сында 2009 жылы бір облыста 650 балаға ҮЕҰ
қызмет жеткізушілері қызмет көрсетілді, ал
2011 жылы тек 350 бала ғана анықталды. Мем-
лекет басқаратын күнделікті күту орталықтары
да, ҮЕҰ қызмет жеткізушілері де жоқ кейбір
ауылдық аймақтардағы мүгедектігі бар ба-
лаларда күнделікті күту қызметтеріне мүлде
қатынасы жоқ
144
.
Мүгедектігі бар және арнайы кажеттері бар балалар
ісінен балалардың білім беру саласына және
қоғамға бейімделуін жеңілдететін ұйымға айна-
луы керектігін көрсетті
149
.
Тағы бір соңғы зерттеу тіпті арнайы мекеме-
лерге өткізілетін арнайы қажеттіліктері бар
балалардың саны төмендесе де, қоғамда
ар
найы қажеттіліктері бар балалар сирек
кездеседі. Инфрақұрылымның болмауы қоз-
ғалу мүмкіндігі шектелген балалар үшін ай-
налада қозғалуды қиын етеді. Бұған қоса, ар-
найы қажеттері бар балалардың ата-аналарына
уақытша орналастыру, қаржылық қолдау және
тиісті білім беру мекемелері тұрғысынан қазіргі
уақытта қолдау жоқ
150
.
140. Карен Малоун және Мэрион Стерджс, «Балаларға
мейірімді Қазақстан: анықтамалық құжат», Балаларға
мейірімді қалалар бастамаларын зерттеу және Қазақстан
үшін балаларға мейірімді қалаларды сертификаттау
стандарттарын және аккредитациялау жоспарын жасау,
ЮНИСЕФ Қазақстан, 2011 ж.
141. Александр Ковалевский, Қазақстан Республикасын-
да әлеуметтік қорғансыз балаларға және мүмкіндіктері
шектеулі балаларға қатысты арнайы әлеуметтік
қызметтер туралы заңды жүзеге асыру жағдайын
бағалау, Жоба, ЮНИСЕФ, шілде 2012 ж.
142. Нөмірі 114-IV 3 заң, 29 желтоқсан, 2008 ж. Заң ту-
ралы қосыша ақпарат алу үшін жоғарыдағы Үйдегі жәбір,
балалық шақта жаман қарау, қараусыз қалдыру және
жәбір бөлімін қараңыз
143. Александр Ковалевский, Қазақстан Республикасын-
да әлеуметтік қорғансыз балаларға және мүмкіндіктері
шектеулі балаларға қатысты арнайы әлеуметтік қыз-
меттер туралы заңды жүзеге асыру жағдайын бағалау,
жоба, шілде 2012 ж.
144. Александр Ковалевский, Қазақстан Республикасын-
да әлеуметтік қорғансыз балаларға және мүмкіндіктері
шектеулі балаларға қатысты арнайы әлеуметтік
қызметтер туралы заңды жүзеге асыру жағдайын
бағалау, жоба, шілде 2012 ж.
145. Александр Ковалевский, Қазақстан Республикасын-
да әлеуметтік қорғансыз балаларға және мүмкіндіктері
шектеулі балаларға қатысты арнайы әлеуметтік
қызметтер туралы заңды жүзеге асыру жағдайын
бағалау, жоба, шілде 2012 ж., 50 б.
146. Александр Ковалевский, Қазақстан Республикасын-
да әлеуметтік қорғансыз балаларға және мүмкіндіктері
шектеулі балаларға қатысты арнайы әлеуметтік
қызметтер туралы заңды жүзеге асыру жағдайын ба-
ғалау, жоба, шілде 2012 ж.
147. Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрлікпен
ұсынылған ақпарат, сәуір, 2013 ж.
148. Александр Ковалевский, Қазақстан Республикасын-
да әлеуметтік қорғансыз балаларға және мүмкіндіктері
шектеулі балаларға қатысты арнайы әлеуметтік
қызметтер туралы заңды жүзеге асыру жағдайын
бағалау, жоба, шілде 2012 ж.
149. Балалардың құқықтық орталығы, Эссекс уни-
верситеті, Қазақстандағы балаларды қорғау жүйесі:
жоба бастапқы есеп, 2010 ж.
150. Карен Малоун және Мэрион Стерджс, «Балаларға
мейірімді Қазақстан: анықтамалық құжат», Балаларға
мейірімді қалалар бастамаларын зерттеу және Қазақстан
үшін балаларға мейірімді қалаларды сертификаттау
стандарттарын және аккредитациялау жоспарын жасау,
ЮНИСЕФ Қазақстан, 2011 ж., 4 б.
31