ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
42
3.2-диаграммада көрсетілген мәліметтер бой-
ынша, әлеуметтік жағынан осал балалардың,
адам саудасы құрбандарының және секс-
жұмыскерлердің көпшілігі 3.11-кестеде
анықталған бірден 10 түрлі қызықтырушы
факторлардың болғанын айтты. Адам сау-
дасы құрбандары мен секс-жұмыскерлерде
әлеуметтік жағынан осал балаларға қарағанда
қызықтырушы факторлары көп болған. Іс жүзінде,
көбінесе адам саудасының құрбандарында
7 және одан көп қызықтырушы факторла-
ры болған. 3.11-кесте мен 3.2-диаграмманың
мәліметтері бойынша, әлеуметтік жағынан осал
балалардың, адам саудасы құрбандары мен
секс-жұмыскерлердің үйден кетуге қабылдаған
шешімдеріне көптеген тоғыспалы қызықтырушы
факорлардың әсер еткені көрсетілген, әсіресе
әлдекім адам саудасы құрбанын өтірік уәделерге
жүгіне отырып үйден кетуге үгіттеген кезде
қызықтырушы факторлардың саны көбейе
түседі.
Төменде берілген секцияларда сұхбат мәліметтері
беріліп, талданып, әр түрлі итермелеуші және
қызықтырушы факторларды түсіну үшін олардың
айқын көрінісі берілген, сондай-ақ балалардың/
жасөспірімдердің өмірін қалыстастыратын және
де үйден кету шешімін қабылдауға (көбінесе
жас кезінде) әсер ететін, адам саудасы мен
қанаушылыққа ұшырау қаупіне төну жағдайына
жеткізетін стресстер мен шиеленістердің көрінісі
берілген. Сұхбат мәліметтері әлеуметтік жағынан
осал балалардың, адам саудасы құрбандары мен
секс-жұмыскерлердің өмірі өте күрделі және де
осалдылықпен, виктимизацияға толы болады.
3.11-кесте. үйден кету шешімін қабылдауға әсер ететін қызықтырушы факторлар
Сауалнама
өткізілгендердің
жалпы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан
осал балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Ақша табу мүмкіндігі
Үйден кетуді ақша тауып, оны
жанұясына жіберіп тұрудың
мүмкіндігі деп санаған
142
30,3
34
13,1
50
48,5
58
54,7
Үйден кетуді көп ақша табу
мүмкіндігі деп санаған
199
42,5
57
22,0
70
68,0
72
67,9
Үйден кетіп қалған достарынан/жанұясы мүшелерінен үлгі алуы
Үйден кетіп қалған достары болған,
сол достарының ақша тауып,
жанұясына жіберіп тұрғанын көрген
141
30,1
49
18,9
47
45,6
45
42,5
Жанұясының балаға жақын мүшесі
ақша табу мақсатымен шетелге
кеткен
61
13,0
23
8,9
26
25,2
12
11,3
Жанұясының балаға жақын мүшесі
ақша табу мақсатымен Қазақстанның
басқа аймағына кеткен
75
16,0
36
13,9
21
20,4
18
17,0
Әлдекім жұмысқа тартқан
Үйден кетуге үгіттеген достары
болған
87
18,6
33
12,7
38
36,9
16
15,1
Жұмысқа тартқан және үйден басқа
қалаға кетуге үгіттеген адам сол
қалада жұмыс бар екенін айтқан
83
17,7
21
8,1
48
46,6
14
13,2
Жақсырақ өмір сүру ниеті
Басқа қалада жақсырақ өмір
сүремін немесе тіршілік деңгейі
жоғары болады деп үміттенген
230
49,1
72
27,8
75
72,8
83
78,3
Үлкен қалада тұрғысы келген
211
45,1
64
24,7
65
63,1
82
77,4
Ешкімге тәуелді болмай өз бетімен
өмір сүргісі келген
273
58,3
106
40,9
78
75,7
89
84,0
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
43
Осы бөлімге енгізілген пікірлер тікелей сұхбаттан
алынған және де халықтың балалардан/
жасөспірімдерден тұратын жасырын тобының
даусының рөлін атқарады. Әрбір респонденттің
өзіне ғана тән қайғылы оқиғасы болған; алай-
да барлығын талдай отырып, халықтың бала-
лардан/жасөспірімдерден тұратын осы жасы-
рын тобының өмірінде кездесетін мінез-құлық
үлгілерін, қиындықтарды, тәуекел мен қауіп-
қатерді түсінудің үлгілерін көрсетеді; оларды өте
ерте жастан (әдетте туылған кезінен) адам сауда-
сына салыну және адам қанаушылығына ұшырау
қауіп-қатерінің төнуіне не себеп болатынын 4-та-
раудан білетін боларсыз.
ИТЕрМЕЛЕуШі ФАКТОр: КЕДЕйЛіК
3.10-кестеде көрсетілгендей, әлеуметтік
жағынан осал балалар мен адам саудасы
құрбандарының және секс-жұмыскерлердің көп
бөлігі кедейлікті үйден кету шешімін қабылдауға
итермелейтін факторлардың бірі деп анықтаған.
Оған қоса, сұхбат мәліметтеріне сәйкес,
әлеуметті жағынан осал балалалрдың, адам са-
удасы құрбандары мен секс-жұмыскерлердің
көпшілігі кедейлік жағдайында өсіп, тұрғанын
айтты, сондай-ақ стресс, кедейліктің әсерінен
туындайтын отбасындағы және олардың
өміріндегі шиеленістер туралы айтты. Сауалнама
өткізілгендердің көпшілігі негізінен жас
кезіндегі кедейліктің олардың үйден кету
шешімін қабылдауға қалай әсер еткенін айтты.
Алайда, аз қамтамасыздандырылған балалар/
жасөспірімдер үйлерін тастап кеткен кезде, олар
жетерліктей ақша табу мақсатында жұмыс табу-
ды талап ететін, тек қана өзін емес, сонымен қатар
өз отбасына көмек көрсете алатындай жұмыс
табуды талап ететін өте қысылтаяң жағдайда
болған. Осы балалардың/жасөспірімдердің
көпшілігінің білімі аяқталмаған немесе шектеулі
және де еңбек біліктілігі жеткіліксіз, бұл жайт
оларды әсіресе басқа қалада немесе мемлекет-
те жоғары табысты жұмыс тауып беруге уәде
беретін адам саудагерлеріне және қанаушыларға
қатысты осал етеді. Төменде айтылған пікірлерде
адам саудасының бір құрбаны және де бір секс-
жұмыскер кедейліктің олардың өміріне және
үйден кету шешімін қабылдауға қалай әсер
еткенін түсіндіреді.
«9-сыныптан соң бізде әрі қарай мектепке
баруды жалғастыратындай ақша және киім
болған жоқ... Менің бір ағам және үш сіңлім
бар... Мен дүкенде жұмыс жасау үшін үйден
кетіп қалдым; Мен өз отбасыма көмектесуім
қажет болды. Менің әкемді жұмысынан
шығарып жіберді, ал анам ешқашан жұмыс
жасамаған адам. Менің сіңілдерім кішкентай,
ал ағам нан пісіреді, табатын табысы өте
аз. Сондықтан да біз жүгері, нан және басқа
да ұсақ-түйек заттар сатамыз... Менің үш
жылдан бері танитын танысым үйден ке-
туге көндірді; олар маған жоғары төленетін
жұмыс тауып беруге уәде берді... Мен ол
жұмыстан кез-келген уақытта кетіп қала
аламын деп ойладым. Мен оларға тек ақша
тауып, содан соң кейін қайтамын деп айт-
тым... Менің үйден кетуімнің көптеген
себептері болды, бірақ ең негізгісі – менің
отбасымның кедейлігі. Екінші себеп – бұл
менің жақсы, әрлі көрінгім келді, себебі менің
сыныптастарымның барлығы өте әдемі
болған және жақсы киінетін, мен де жақсы
киініп, әдемі болып жүргім келді» (395, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18
жаста)
“Мен 18 жасымда үйден кетіп қалдым. Менің
әжемнің алатын зейнетақысы өте аз,
сондықтан да бізге тіпті көмір мен отынға
да ақша жетпейтін; осы себептен мен
Астанадан жұмыс іздеп тауып алуды шештім.
Менің анам мені босанып жатқанда қайтыс
болып кеткен, ал әкем мен бір жасымда басқа
әйелге үйленіп, Германияға кетіп қалған. Ол
бастапқы кезде бізге көмек беріп тұратын,
бірақ қазір көмектесуін тоқтатқалы міне
осымен бес жыл болды. Менде әжемнен басқа
ешкімім жоқ» (445, секс-жұмыскер, жынысы–
әйел, 19 жаста).
3.2-диаграмма. Қызықтырушы факторлардың
саны
60
50
40
30
20
10
0
Әлеуметтік жағынан осал балалар
Адам саудасының құрбандары
Секс-жұмыскерлер
фактор-
лардың
жоқтығы
1-2
фактор
3-4
фактор
5-6
фактор
7
немесе
одан көп
Достарыңызбен бөлісу: |