Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет20/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
44
Әйел жынысты секс-жұмыскерлер кедейліктің 
үйден кету шешімін қабылдауға ғана емес, соны-
мен қатар ақылы жыныстық қатынас қызметін 
көрсетуге (жезөкшелікпен айналасуға) шешім 
қабылдауға әсер еткенін айтты. Жезөкшелік, 
әсіресе қыздардың білімі және еңбек біліктілігі 
болмағандықтан ақша табудың жалғыз 
мүмкіндігі ретінде қарастырылды. Әдетте 
олардың жезөкшелік арқылы тапқан табысы өз 
отбасыларына көмек беру үшін пайдаланылды. 
Екі секс-жұмыскер айтқандай, 
«Мен 16 жасымда үйден кетіп қалдым. Біз 
өте кедей тұрдық... Менің інім және сіңілім 
бар. Мен ақша тауып, бай тұру үшін үйден 
кетіп қалдым. Мен жезөкшеге айналдым. 
Мен қаладан кеткенім жоқ, мен маған ақша 
төлеген ер адаммен әртүрлі пәтерлерде 
тұрдым... Мен көп ақша табамын деп 
үміттендім. Мен әдемі киімдер сатып алып, 
өз ініме және сіңіліме көмектестім» (204, 
секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 18 жаста).
“Мен үйден кеткенімде жасым 17-де болды... 
Балаларды киіндіретін, тамақтандыруға 
ақша жеткен жоқ. Сол үшін де менің ата-
аналарымның арасында ұрыс-керістер бола-
тын; менің анам әкемді аз ақша табатыны 
үшін ұрсатын. Мен балалардың үлкені бол-
дым. Мен 9-сыныптан соң жасайтын жұмыс 
таппадым; мен өзімді олардың мойындарына 
түскен масыл болып сезіндім. Мен не істерімді 
және де өз отбасыма қалай көмектесерімді 
білмедім. Содан соң, мен кетіп қалуға бел 
будым. Мен өз бетімше тәуелсіз өмір сүргім 
келді, менің сіңілдерім мен ініме киім-кешек 
алып, ақша жинап, анама жіберіп тұрғым 
келді. Мен анамның қарыздарын қайтарғым 
келді... Менің әкем әрқашан да бізді тастап 
кететінін айтып жүретін, ол ақыры өз 
дегенін істеді» (235, секс-жұмыскер, жыны-
сы–әйел, 20 жаста).
Кейбір балалар/жасөспірімдер үшін отбасы 
кедейлігі әкесі және/немесе анасы және/не-
месе бір бауыры қатты сырқат немесе мүгедек 
болғандықтан медициналық емдеу мен дәрі-
дәрмек қажет болғандығымен байланы-
сты болған. Мысалға, жынысы әйел екі адам 
саудасының құрбандары мен бір секс-жұмыскер 
өз отбасына көмектесу үшін, отбасы мүшелеріне 
медициналық жәрдем мен дәрі-дәрмек алуға 
жеткілікті ақша табу үшін үйлерінен кеткендерін 
айтты. Екі адам саудасы құрбандары айтқандай, 
“Мен үйден кеткен кезде жасым 19-да болған. 
Менің отбасымда ақша жеткіліксіз бола-
тын. Менің ағам жұмыссыз, үлкен әпкем 
қатты сырқаттанып, оған дәрі-дәрмек 
қажет болды. Бірақ біздің дәрі алатын 
жағдайымыз болған жоқ. (Менің қаламда) 
дұрыс жұмыс болған жоқ, содан соң біз анам 
екеуміз Қазақстанға баруды шештік. Біз өз 
еркімізбен мұндайға бардық... Біз дәрі-дәрмек 
алатын ақша табу үшін кету мәселесі ту-
ралы барлығымен талқыладық, себебі 
Қазақстан жалақы бізден жоғары». (212, 
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 22 
жаста).
“Мен үйден кеткенде жасым 19-да болған. 
Біз өте кедей тұрдық, менің де күйеуге 
шығатын уақытым болды, бірақ менің ата-
анамда менің сандығыма салып артым-
нан беретін дүние алатын ақша болған 
жоқ. Сондықтан да біз сіңілім екеуміз ақша 
табу үшін Қазақстанға баруды ұйғардық. 
Алғашқы кезде ата-анамыз қарсы болды, 
бірақ кейін келісті. Анам кішкентай інілерім 
мен әкеме қарады, әкем ұстамалы жүрек ау-
руынан соң төсек тартып қалған. Содан, 
ұзақ талқылаулардан соң олар келісті. Біз 
өз сандығымыздың дүниесін алуға ақша 
тауып келеміз деп үміттендік. Содан соң, 
мектепке енді баратын кішкентай інімізге 
мектеп киімдері мен қажеттіліктерін ала-
тын ақша да тапқымыз келді... Біздің әкеміз 
қатты сырқат болды, оның дәрі-дәрмегін 
алатын да ақша болған жоқ, себебі оның өз 
зейнетақысы да өте аз болатын және де 
оның бірінші некесінен туылған екі ұлы бізді 
тастап, көмектесуден бас тартқан бола-
тын» (301, адам саудасының құрбандары, 
жынысы–әйел, 21 жаста).
Кедейлікте өмір сүрген көптеген балалар/
жасөспірімдер не анасының, не әкесінің тәрбиесін 
алған; әдетте – анасының тәрбиесін. Төменде 
берілген пікірлердің ішінде адам саудасының 
екі құрбаны жалғыз анасына және інілері/
сіңлілеріне көмек көрсетуге жетерліктей ақша 
табу үшін жұмыс табу мақсатында үйлерінен 
кеткендерін айтқан. Алайда олар жұмыс іздеу 
жолында адам саудасының құрбанына айналып 
кеткен. 
“Мен үйден кеткен кезде жасым 16-да бол-
ды... Менің отбасым қиын жағдайға тап 
болды. Менің анама мені және сіңілімді 
тамақтандырып, қажеттіліктермен 
қамтамасыз ету қиынға соқты; сондықтан 
да мен анама қалай да көмектесу үшін, 
жұмысқа тұру үшін кетіп қалды (307, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 21 
жаста).
«Менің ата-анам Өзбекстаннан; олар сол 
жақта тұрады... Менің әкем болмаған, ал 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
45
анам жұмыс жасады, бірақ дегенмен де үш 
баланы асырау қиынға соқты. Мен оған 
көмектесуді ұйғардым. Сол уақытта менің 
кіші сіңілім күйеуге шығайын деп жатты да, 
бізге оны күйеуге беру үшін ақша қажет бол-
ды. Анам алғашқы кезде қарсы болды, бірақ 
кедейліктің қыспағынан келісімін берді... Мен 
Қазақстанда жақсы жұмысқа кіремін деп 
үміттендім, себебі менің құрбыларымның бірі 
Шымкентте жұмыс жасап жатқан, ол кел 
деп мені шақырды... Мен анама көмектесіп, 
ақша тапқым келді» (297, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 23 жаста).
Бірнеше секс-жұмыскерлердің түсіндіруі бойын-
ша, олар секс-индустрияға тек бір ғана мақсатпен 
барған – жалғыз аналарына және інілері/
сіңлілеріне көмек көрсету үшін (аналары кейбір 
жағдайларда ауырып жатқан немесе мүгедек 
болған). Жас қыздар мұны өздерінің анасының 
алдындағы жанұялық парызы және өз інілері/
сіңлілері үшін абыройы мен беделін құрбан ету 
парызы деп қабылдаған. Үш секс-жұмыскерлер 
түсіндіргендей,
“Мен үйден кеткенде жасым 18-де болды... 
Мен тек анаммен бірге тұрдым; екі жасымда 
әкем бізді тастап кеткен. Менің анам кар-
тонды орамдар зауытында жұмыс жасады, 
осы уақытқа дейін ол мені барынша бағып-
қақты. Анамның арқасында мен қорлық 
көрмей, тарлық көрмей өстім. Біз Семейде 
үш бөлмелі пәтерде тұрдық. Бізге күнделікті 
өмірімізге ақша жетпеді, сондықтан да мен 
секс қызметтерін көрсетіп ақша табуға бел 
будым, себебі менің қолымнан басқа ештеңе 
келмеді. Шын айтқанда, мен суретті жақсы 
саламын, бірақ қазіргі уақытта мұның 
ешкімге де қажеті жоқ, содан соң барлық 
жерде секс қызметі жарнамалануда... Мен 
кету шешімін анаммен тақыладым. Мен 
оған Алматыға ақша тауып, оқуға түсу 
үшін барамын деп айттым. Ол келісімін 
берді. Мен Алматыға келіп, жұмысқа тұрып, 
пәтер жалдап, ал университетке түсу үшін 
маған ақша қажет болды, сондықтан да мен 
жезөкшелікпен айналасып кеттім. Мен өз 
тағдырымды жолықтырып, басқа қыздар 
секілді өз анама көмектесу үшін жұмысқа 
тұрғым келді» (398, секс-жұмыскер, жынысы–
әйел, 19 жаста). 
“Мен үйден кеткенде жасым 18-де болды. Мен 
тек анаммен және кіші сіңіліммен тұрамын; 
ол әлі мектепке бармайды, ал анам сырқат... 
Біз өте кедей тұрамыз. Мен анамның 
емделуіне және кішкентай сіңілімді мектеп-
ке баруына дайындау ақша табу үшін жұмыс 
жасағым келеді. Токмак деген кішкентай 
ауыл, сондықтан мұнда жұмыс жоқ және 
жезөкшелікпен де айналысу мүмкін емес, 
себебі мұндағы таныс адамдар анама айтып 
беретін еді, ал анам оны маған кешірмейді. 
Мен анама Алматыға барып, базарда сату-
шы болып жасаймын деп айттым, ол мені 
жіберді... Мен анама көмектесуім қажет. 
Менің отбасым үлкен болмаса да, бізге ақша 
қажет. Мен өз отбасымды тастап кеткенім 
жоқ, мен өз отбасымды асырау үшін, киіндіру 
үшін, тамақтандырып, қарыздарымды төлеу 
үшін ақша табу мақсатында кеттім» (417, 
секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 18 жаста).
“Себебі бізде жұмыс болған жоқ, ал біз 
болсақ, жанұямызды асырауымыз қажет. 
Менің анамның алты баласы бар және ол 
өзі мүгедек. Мен жұмысқа тұрып, ақша та-
уып, отбасымды киіммен және тамақпен 
қамтамасыздандырғым келді. Мен ақшаның 
жеткіліксіздігінен түнімен көз жасын төгіп 
шығатын анама көмектескім келді» (284, 
секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 18 жаста).
Басқа секс-жұмыскерлер жезөкшелікпен 
жалғыз басты ана болғандықтан және де өз 
баласын(балаларын) асырауда қиындықтар 
көргендіктен айналасып бастағандарын айтты; 
көбінесе қымбат дәрілер қажет болған жұмысқа 
жарамсыз немесе сырқат анасына көрсетуде 
қиындықтар болғандықтан. Мысалы, бір секс-
жұмыскер ол жезөкшелікпен өз еркімен немесе 
ниетімен айналаспағанын, бұл жұмыс өзінің қызы 
мен анасын асырап, қамтамасыз етуге, сондай-ақ 
өз анасына қажеті дәрі-дәрмекті алуға жетерліктей 
ақша табудың көзі деп білетінін айтты. 
«Мен анаммен бірге тұрамын. Көктемде 
мен күйеуге шықтым, жолдасым әскерде 
қызмет етеді, біздің бір жастағы қызымыз 
бар... Менің анам сырқат, оған қымбат дәрі-
дәрмек қажет. Мен жұмыс табуға тырысып 
көрдім, бірақ жұмыс жоқ, сондықтан да мен 
күндізгі уақытта үйде қызыма қарадым да, 
ал түнде [жезөкше болып] жұмыс жасадым. 
Менің күйеуім білмейді, ол білсе, маған өмір 
жоқ. Мен ақшаны қайдан табамын? Оның 
ата-анасы немересі туралы тіпті естігенді 
қаламады, ал мен туралы одан бетер, мен ол 
қайтып келеді деп ойламаймын. Оның ата-
анасы менен алыс болсын деп оны әскерге 
әдейі жіберді. Менің басқа таңдауым қалған 
жоқ. Егер де менің күйеуім қайта орал-
са, мен онда [жезөкшелікпен айналасуды] 
тоқтатамын. Мен өзім де бұл жұмыстан 
шаршадым... Менің анам бұл туралы білмейді. 
Мен оған ауруханада түнгі ауысымда жұмыс 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау