Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



жүктеу 3,63 Mb.
Pdf просмотр
бет9/47
Дата30.12.2019
өлшемі3,63 Mb.
#25459
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47

Қ
азақстанда 18 жасқа дейінгі мүгедектігі 
бар балалар саны осы жас ерекшелігі 
тобындағы балалардың жалпы санының 
шамамен 1,33 пайызын құрайды (ҚР Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 
2012 ж.). Үкімет мүгедектігі бар адамдардың, 
оның ішінде мүгедектігі бар балалардың 
әлеуметтік инклюзиясы саяси міндеттердің ара-
сында бірінші орында деп сендіреді. Қазақстан 
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 
«Қазақстан-2050: Қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» стратегиясында бала-
лар құқықтарын қорғаудың маңыздылығын: 
«Балалар – біздің қоғамымыздың ең қауқарсыз 
әрі ең қорғалмаған бөлігі, олар құқықсыз 
болмауға тиіс» деп атап көрсетті. Әрі қарай 
ол индивидтің әлеуметтік кепілдіктері мен 
мұқтаждықтарының тізімін кеңейтудің және 
оған білім беру мен денсаулық сақтауға қатысты 
баптарды қосудың маңыздылығын атап өтті.   
II. ҚаЗаҚСтан 
реСПублИкаСын-
дағы Мүгедектігі 
бар балалардың 
жағдайына 
талдау
«Асыл бөбек» тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған балаларға арналған 
мамандандырылған балабақшада, Астана қ. 
21


Мүгедектігі бар адамдар мен балаларды 
қорғауға, қоғамға неғұрлым жетілген интегра-
циялану мен мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз 
етуге бағытталған күш-жігер аясында Қазақстан 
2008 жылы 11 желтоқсанда БҰҰ Мүгедектер 
құқықтары туралы конвенциясына қол қойды. 
Бұл мүгедектігі бар адамдарды одан да гөрі 
көбірек қорғау және олардың өмірлерін жақсарту 
үшін халықаралық ұстанымның бар екенін тағы 
бір рет көрсетті. Қазақстанның заңнамалары 
мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек 
алу, мамандандырылған мекемелер ұсыну, 
тегін білім беру (бастауыш, орта және кәсіптік 
оқу, сондай-ақ белгіленген талаптарға сай ба-
лалар үшін тегін жоғары білім), медициналық 
мекемелерде мамандандырылған ем алу 
және т.б. кепілдік береді. Солай бола тұрса 
да, көптеген мәселелер шешілмеген күйінде 
қалып отыр, елдік есептер неғұрлым кешенді 
күш –жігерге мұқтаж көптеген облыстардың 
бар екенін көрсетеді. 2012 жылы ҚР Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан 
Республикасындағы Мүгедектердің құқықтарын 
қамтамасыз ету және және өмір сүру сапасын 
жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске 
асыруға кірісті. Бұл жоспар елдің БҰҰ Мүгедектер 
құқықтары туралы конвенциясын ратификаци-
ялау туралы шешіміне жауап ретінде әзірленді 
және балаларды қосқанда халықтың әр алуан 
тобының қажеттіліктерін қамтиды (ЮНИСЕФ, 
2012 ж.). Осы талдауда мүгедектігі бар 
балалардың санына, заңнамалық актілермен 
қамтылу толықтығына, институционалдық 
құрылымына, қаржылай қорғауына және ел 
халқының осы санатына қызмет көрсетуіне 
қатысты Қазақстандағы қазіргі жағдайдың 
қандай екендігі туралы мәселелер белгіленген. 
Бұл тарауда қол жеткізілген ілгерілеушіліктер 
мен болашақ мұқтаждықтарға неғұрлым толық 
түсінік беру үшін мүгедектігі бар балалар 
проблемаларының аспектілері қарастырылады. 
2.1. Қазақстан 
республикасындағы 
балалар мүгедектігі 
туралы ұлттық үрдістер 
мен статистикалық 
деректер 
2005 және 2012 жж. арасында Қазақстан 
Республикасында тіркелген мүгедектігі бар 
балалардың жалпы саны артты. (1-сурет және 
2-сурет). ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрлігінің (ҚР ЕжХӘҚМ) деректері 
бойынша, 2012 жылы елдегі мүгедектігі бар 
балалар саны (0–17 жас) - 65 844, бұл 2005 
жылы тіркелген 45 118 мүгедектігі бар баламен 
салыстырғанда 31 пайызға жоғары. Бұл өсімнің 
бір бөлігі Қазақстан Республикасындағы 
мүгедектігі бар балалардың жалпы санының 
өсуімен байланысты (0 – 17 жастағы балалардың 
саны 2005 жылғы 4 млн. 660 мыңнан – 2012 
жылы 4 млн. 935 мыңға артты). Екінші жағынан, 
1-суретте көрсетілгендей, мүгедектігі бар 
балалардың саны балалардың жалпы саны-
нан пайызға шаққанда да артты (2005 жылғы 
0,97 пайыздан 2012 жылғы 1,33 пайызға 
дейін). Солай бола тұрса да, Сейтенова мен 
Беккер (2008 ж.) Қазақстан Республикасында 
біршама «жасырын мүгедектігі бар» адамдар 
(бұл – ресми хабарланбайтын және/немесе 
мүгедектігі бар деп тіркелмейтін адамдар) бар 
деген қорытындыға келді. Бұл негізінен, екі 
түрлі басты себепке байланысты: біріншіден, 
мүгедектікке байланысты жәрдемақы алудың 
1-кесте. тіркелген мүгедектігі бар балалар саны (0 – 17 жас)
Ел
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
Беларусь
28 895
28 403
27 662
26 632
25 867
25 562
25 737
Молдова
-
-
-
15 313
15 780
15 321
14 851
Ресей Федерациясы 561 881
556 907
527 126
506 636
495 378
495 330
-
Украина
122 640
85 564
50 671
39 516
157 474
165 121
166 164
Армения
8 304
8 449
8 690
8 706
8 358
8 045
7 973
Әзірбайжан
51 925
48 479
55 066
56 439
58 122
57 941
61 693
Қырғызстан
18 517
19 931
20 660
20 842
21 194
22 359
23 565
Тәжікстан
16 963
19 101
15 319
18 612
20 348
24 013
29 144
Қазақстан*
47 590
46 765
44 935
45 582
47 377
49 349
52 884
Дереккөз: Трансмони, 2013 ж.
Ескерту. * 0 – 16 жастағы мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алатын мүгедектігі бар балалар 
22


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау