Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 352,14 Kb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата13.02.2020
өлшемі352,14 Kb.
#28932
  1   2   3   4   5   6


 

Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру 

және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  28 



қаңтардағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 

2016 жылы 9 наурызда № 13420 болып тіркелді.

 

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 



5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 

        1.  Қоса  беріліп  отырған  педагогика  кадрларының  біліктілігін  арттыру 



курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

 

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті 



(Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

 

       1)  осы  бұйрықтың  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде 



мемлекеттік тіркелуін;

 

       2)  осы  бұйрық  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде  мемлекеттік 



тіркеуден  өткеннен  кейін  күнтізбелік  он  күн  ішінде  оны  мерзімді  баспа 

басылымдарында  және  "Әділет"  ақпараттық-құқықтық  жүйесінде  ресми 

жариялауға,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  нормативтік  құқықтық 

актілерінің  эталондық  бақылау  банкінде  орналастыру  үшін  "Қазақстан 

Республикасы  Әділет  министрлігінің  Республикалық  құқықтық  ақпарат 

орталығы"  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  республикалық  мемлекеттік 

кәсіпорнына жіберуді;

 

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 



ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

 

       4)  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркеуден 



өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 

3)  тармақшаларында  қарастырылған  іс-шаралардың  орындалуы  туралы 

мәліметтерді  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Заң 

департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

 

        3.  "Педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыруды  ұйымдастыру  жөніндегі 



нұсқаулықты  бекіту  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрі  міндетін  атқарушының  2015  жылғы  9  шілдедегі  №  447  бұйрығының 

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 

тамызда  №  11861  болып  тіркелген,  "Әділет"  ақпараттық-құқықтық  жүйесінде 

2015 жылғы 21 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

 



       4.  Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  жетекшілік  ететін  Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

 

       5.  Осы  бұйрық  алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн 



өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының



 

 

 



Білім және ғылым

 

 



 

Министрі


 

А. Сәрінжіпов

 

 

 



 

 

Қазақстан Республикасы



 

Білім және ғылым министрінің

 

2016 жылғы 28 қаңтардағы



 

№ 95 бұйрығымен

 

бекітілген



 

 Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу 

қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 

        Ескерту.  Қағида  жаңа  редакцияда  –  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің 

18.01.2017 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 

өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

        1.  Педагогика  кадрларының  біліктілігін  арттыру  курстарын  ұйымдастыру 



және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 

шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38-1) тармақшасына сәйкес 

әзірленді  және  педагогика  кадрларының  біліктілігін  арттыру  курстарын  (бұдан 

әрі – Курстар) ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды. 

 

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



 

       1)  біліктілік  –  тиісті  кәсіби  қызмет  шеңберінде  жұмыстарды  орындау  үшін 

қажет кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;

 

      2) курстан кейінгі мониторинг – бұл педагогика практикасының нақты жай-



күйін  білім  беру  ұйымдарында  оқыту  процесінің  күтілетін  нәтижелерімен 

салыстыру мақсатында арнайы ұйымдастырылған, ғылыми негізделген, үздіксіз, 

мақсатты  түрде  білім  беру  процесінің  және  сертификатталған  педагогтердің 

курстан  кейінгі  қызметінің  сапасын  диагностикалау,  болжамды  қадағалау, 

бағалау және басқару жүйесі;

 

       3)  қорытынды  бағалау  –  нәтижесінде  сертификаттау  туралы  шешім 



қабылданатын, үміткердің біліктілікті беру схемасының талаптарына сәйкестігін 

белгілеуге көмектесетін процесс;

 

      4) педагог кадрлар – біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде оқудан 



өтуші педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар;

 



      5) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру  – сабақ беру мен оқыту сапасын 

арттыру үшін жаңадан және бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысы 

мен  құзыретін  дамытуға,  кеңейтуге,  тереңдетуге  және  жетілдіруге  мүмкіндік 

беретін кәсіби оқыту нысаны;

 

       6)  педагог  кадрларды  курстан  кейінгі  қолдау  –  педагог  кадрлардың  білім 



беру  қызметіне  әдістемелік,  консультациялық  қолдау  көрсету  бойынша  іс-

шаралар  кешені,  педагог  кадрлардың  кәсіби  тапшылықтарын  еңсеруге  және 

кәсіби  құзыреттіліктерін  дамытуға  бағытталған,  курстан  кейінгі  кезеңде 

олардың педагогикалық қызметін қадағалау;

 

      7) сертификат – маман біліктілігінің біліктілік талаптарына, сондай-ақ нақты 



салаға арналған стандартқа сәйкестігін және кәсіби қызмет деңгейін растайтын 

құжат;


 

       8)  сертификаттау  –  маманның  біліктілікке  сәйкестігін  растау  және  оған 

біліктілікті  беру  рәсімі.  Сертификаттау  тұлғаның  біліктілік  және  құзыреттілік 

деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді;

 

      9) сертификатталған педагог кадрларды курстан кейінгі қолдау  – білім беру 



ұйымдарындағы  тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  табысты  оқуына 

ықпал  ететін  сертификатталған  педагог  кадрлардың  мектептегі  практикасының 

оңтайлы кәсіби дамуы және өзгеруі үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететін 

ресурстар, нысандар мен әдістер жүйесі;

 

       10)  сертификатталған  тренер  –  тренерлерді  даярлау  бағдарламасы  бойынша 



сертификатталатын оқудан өткен маман немесе педагогикалық қызметкер.

 

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 



12.06.2018 

№ 266


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 

өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

 

       3. Курстар білім беру деңгейлері бойынша құрылымдалады: 



 

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

 

      2) бастауыш білім беру;



 

      3) негізгі орта білім беру;

 

       4)  орта  білім  беру  (жалпы  орта  білім  беру,  техникалық  және  кәсіптік  білім 



беру);

 

      5) орта білімнен кейінгі білім беру;



 

      6) жоғары білім беру;

 

      7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.



 

 2-тарау. Курстарды ұйымдастыру тәртібі  

      4. Курстар:

 



жүктеу 352,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау