«Көлік колледжі» КМҚК
«Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің
оқытушысы Амербаева Г.К.
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті
Топ: 1 курс /11 СМ/
Тақырыбы: Театрға саяхат. Термин сөздердің орфографиясы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: «Театрға саяхат» тақырыбы аясында жаңа лексикамен танысып, сөздік қорын молайту, ұғымдарын кеңейту, білімдерін толықтыру. Терминдер туралы мағлұмат беру, мағыналық түрлерін ажырату, орфографиясына тоқталу. Тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білу, мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зерттеу, талқылау барысында өз тұжырымын басқалармен салыстыруға, өз ойын еркін айтуға үйрету арқылы оқушының таным мүмкіндігін дамыту. Байланыстыра сөйлеу және сауатты жазу дағды мен біліктілігін арттыру. Ақпаратты құралдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Мемлекет саясатын, тілін, жерін құрметтей алатын, жан-жақты, көзқарасы кең, жаңа заман талабына сай маман тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: «Орыс тілі», «Қазақстан тарихы» пәндері
Сабақтың типі: біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
Құрал –жабдықтар, көрнекі құралдар: мультимедиялық қондырғы, үлгі кесте-сызбалар, слайдтар, бейнефильмінен үзінді.
Сабақта қолданылатын әдістер мен технологиялар: ақпараттық технология, ойын технологиясының элементтері, алдын-ала тапсырма орындау, жекелеген және жұппен жұмыс.
Жергілікті компонент: Семей қ., Абай атындағы сазды-драмалық театры
Сабақ құрылымы:
І.
|
Ұйымдастырушылық кезең
|
2 мин
|
ІІ.
|
Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
3 мин
|
ІІІ.
|
Үй жұмысын сұрау
|
20 мин
|
ІҮ.
|
Жаңа тақырып
|
50 мин
|
Ү
|
Бекіту
|
10 мин
|
ҮІ.
|
Үй тапсырмасы
|
2 мин
|
ҮІІ.
|
Қорытындылау
|
3 мин
|
Қолданылған әдебиеттер:
1. А.Ш. Бектуров. Казахский язык для всех. Алматы, 2004 ж
2. Т.М.Артыкова, М.Б.Боранбай. Қазақ тілі. Алматы, 2014ж
3. Т.М. Артыкова, Г.Г.Ермекбаева. Қазақ тілі. Алматы, 2015ж
4. М.Ә. Қараев. Қазақ тілі.Алматы, 1993ж
5. К.Сегізбаев, М.Кульмухаметов. Орысша-қазақша тілашар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Киім үлгісін тексеру. Кезекшінің есебі.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабаққа дайындау, бейімдеу (мотивация).
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Білімдерін бағалау тәртібін түсіндіру
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Туынды сын есімдерді қайталау /семантикалық картамен жұмыс /
Мысалы:
|
-тық
|
-тік
|
-дық
|
-дік
|
-лық
|
-лік
|
мемлекет
|
|
|
|
|
|
|
ауыл
|
|
|
|
|
|
|
жас
|
|
|
|
|
|
|
компьютер
|
|
|
|
|
|
|
қала
|
|
|
|
|
|
|
2. Мәтінді сұрақ-жауап арқылы тексеру
- Семей қаласының негізі қай уақытта қаланды?
- Қаланың салтанатты ашылуы қашан өтті?
- Қалада телеграф, телефон, су құбырлары қашаннан жұмыс істей бастады?
- Жоғарғы Ертісте кеме қозғалысы ресми түрде қашан ашылды?
- Қалада қандай оқу орындары жұмыс істеді?
- Мұғалімдер семинариясында кімдер оқыған?
- Семей қай уақыттан бері облыс орталығы болды?
- Қазіргі уақытта Семей қаласы қай облыстың құрамында?
3. Мәтіннің мазмұнын айту.
4. «Менің туған қалам – Семейім» атты алдын-ала тапсырмалар дайындау /презентация көрсете отырып өз қаласы жайында әңгімелеу/
ІҮ. Жаңа сабақ.
1) Кіріспе.
2) Терминдер туралы мәлімет беру /кесте бойынша жұмыс жасау/
Терминдер анықтамасы
Термин түрлері
Термин сөздердің жасалу жолдары
Термин сөздердің орфографиясы
Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.
|
Қазақ тілінде баламасы бар термин сөздер
|
Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер
|
Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.
1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б.
2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат т.б.
|
коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним
|
Термин сөздерге мына төмендегідей үш түрлі шарт қойылады:
а) Термин болу үшін сөздің мағынасы біреу-ақ болу қажет.
ә) Термин сөздердін қосымша, ауыс мағыналары болмау керек.
б) Термин сөздер нақты заттардың атауы емес, ғылымның тар аясындағы дерексІз үғымдардың атауы болуы шарт.
Терминдік жүйесі жасалмаған, терминдік ұғымдары қалыптаспаған тілді әлі де әдеби тіл дәрежесіне көтерілген тіл деп айтуға болмайды.
Терминологиялық және орфографиялық сөздіктермен танысу
Тапсырма орындау /ауызша/
Терминдер әрбір ғылым саласында молынан кездеседі.
Мысалы:
1.Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия.
2. Математика терминдері: алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.
3. Физика терминдері: атом, оптика, механика, энергия, ампер т.б.
4. География терминдері: глобус, циклон, меридиан, экватор, масштаб, тайфун, карта т.б.
3) «Шапалақ» ойыны /Шарты: шапалақ соғу арқылы театрға байланысты терминдерді теріп алу/
Антракт, шлюз, монолог, премьера, боцман, сцена – сахна, брандвахта, реквизит, роль-рөл, буксир, спектакль - қойылым, гавань, акт, драма, иллюминатор, драматург, опера, комедия, кок, компас, репертуар, репетиция, ария, порт –кемежай, дуэт, парус – желкен, декорация, флот, вахта, дамба, пьеса, капитан, механик.
4) Мәтінмен жұмыс
Сөздік жұмысы
Сөздерді оқу, аудармасымен танысу
Сөздерің мағыналарын түсіндіру
ойын-сауық – развлечение
шығарма – произведение
шара – мероприятие
өнер – искусство
көрініс – проявление
өнерпаз– мастер
шымылдық – занавес
тарлан – мастер, знаменитый
өшпес із – неизгладимый след
сахна – сцена
Сөз тіркестерін оқу, орысша баламаларын тауып айту/сәйкестендіру/.
мәдени шаралар өтеді
салт-дәстүрлерімізге негізделген
алғашқы көріністері болған
шағын труппалар құру
жәрмеңкелерде өнер көрсеткен
тұңғыш рет қойылды
театр шымылдығы ашылды
алғаш рет құрылған
өшпес із қалдырды
театр репертуары байи түсті
|
|
оставил неизгладимый след
впервые был поставлен
репертуар театра обогатился
открылся занавес театра
проходят культурные мероприятия
показывали искусство на ярмарках
организовать небольшие труппы
основан наших традициях
были первыми проявлениями
впервые был поставлен
|
Мәтінді оқу, тыңдау
Абай атындағы сазды – драмалық театры.
Театр – ойын - сауық орны. Мұнда ойын – сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәлени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған.
Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы, т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.
Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (Абай ауданында) Мұхтар Әуезовтің «Еңлік –Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
1920 жылы "Ес-аймақ" драма труппасы құрылды. Труппаның ұйымдастырушылары Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаев және режиссер Ғалиакпар Төребаев бастаған зиялылар өкілдері мен студент-жастар болды. 1934 жылы 10 мамырынан бастап осы драма труппа негізінде Семей драма театры құрылды. Театр шымылдығы Iлияс Жансүгіровтың «Кек» пьесасымен ашылды. 1945 жылы театрға Абай Құнанбайұлының есімі берілді.
Театр алғаш рет құрылған жылдары онда режиссер Жұмат Шанин, жазушы Орынбек Беков, композитор Латиф Хамиди, әнші Әміре Қашаубаев, ақын Иса Байзақов және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды.
Театр сахнасынан Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Айман - Шолпан", Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек", Сәкен Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарлары" спектакльдері түспей келеді. Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.
Театр 2014 жылы 80 жылдық мерейтойын атап өтті.
Мәтіндегі термин сөздерін анықтау
Асты сызылған сөздерге сұрақ қою
1. Театр ең алғаш Грецияда ашылған.
2. Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген.
3. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында Мұхтар Әуезовтің «Еңлік –Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
4. Театр шымылдығы Iлияс Жансүгіровтың «Кек» пьесасымен ашылды.
5. 1945 жылы театрға Абай Құнанбайұлының есімі берілді.
6. Театр алғаш рет құрылған жылдары онда Жұмат Шанин, композитор Латиф Хамиди, әнші Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті.
6. Театр сахнасынан Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Айман - Шолпан" спектакльдері түспей келеді.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
- Театр деген не?
- Театрда нелер өтеді?
- Театр ең алғаш қайда ашылған?
- Қазақ театр өнері ежелден неге негізделген?
- Театр өнерінің алғашқы көріністері нелер болды?
- Жәрмеңкелерде кімдер өнер көрсеткен?
- Қай спектакль, қай жерде және қашан тұңғыш рет қойылды?
-1920 жылы қандай драма труппасы құрылды?
- Труппаның ұйымдастырушылары кімдер болды?
- Семей драма театры қашан құрылды?
- Театр шымылдығы қашан және немен ашылды?
- Театр алғаш рет құрылған жылы онда кімдер қызмет етті?
- Театр сахнасынан қандай спектакльдер қойылды?
- Театр репертуары қандай?
- Театр 80 жылдық мерейтойын қашан атап өтті?
5) «Жастар театры» жайында бейнефильм көру, әңгімелесу /сұрақтар бойынша/
- Бейнефильмде Семей қаласында қандай шара өтті?
- Бұл шараның шымылдығы неше рет ашылды?
- Бұл шара қандай мерекеге арналған?
- Бұл шараға кім қатысты?
- Неше театр ұжымы қатысты?
- Біздің көлік көлледжіміздің театры қалай аталады?
- Олар қандай шығарманы сахнаға шығарды?
- Қай арнадан /каналдан/ осы шараны көрдік?
Ү. Бекіту.
«Театрға саяхат» атты сұхбат құрастыру, әңгімелесу
- екі жолдас немесе екі көрермен арасындағы сұхбат
ҮІ. Үйге тапсырма
Теарға байланысты терминдер жазып келу
«Театрға саяхат» атты сұхбаттарынды айта алу.
ҮІІ. Қорытындылау.
а) Оқушылардың білімдерін бағалау.
ә) Сабақты қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |