113
Бұл мәселені реттеудің қажеттілігі айқын, өйткені қанағаттанарлықсыз
өмір сүру жағдайлары азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты құқық қорғау тәжірибесін ескере
отырып, тұрғын үй қатынастары саласындағы орталық уәкілетті органмен
тұрғын үй заңнамасын түгендеу, сондай-ақ тиісті түсіндірме жұмыстарды,
соның ішінде халық арасында жүргізу өзекті болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 21-тармағын басшылыққа
ала отырып, осы ұсынымда көтерілген мәселелерді қарастыруды және олардың
шешімін табуға ықпал етуіңізді сұраймын.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінен жауап
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
(бұдан әрі – Министрлік) Сіздің көп балалы аналар, «Алтын алқа»
төсбелгісімен марапатталғандар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандар
үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекті тұрғын үй алу құқығына,
сондай-ақ тұрғын үйі белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және
техникалық талаптарға жауап бермейтін азаматтарды есепке қоюға қатысты
хатыңызды қарап келесіні хабарлайды.
Көп балалы аналар, «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталғандар
немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандар үшін мемлекеттік тұрғын үй
қорынан бірінші кезекті тұрғын үй алу құқығына қатысты
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)
10-2) бабы 6-тармақшасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының
тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік
көмек көрсетеді.
Заңның 67 бабы 1 тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан
тұрғын үй есепте тұрған тұрғын үйге мұқтаж:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
2) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
3) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған
халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына;
4) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне,
әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы
114
мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет
атқаратын адамдарға;
5) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан
Республикасының
азаматтарына
жататын
Қазақстан
Республикасы
азаматтарының пайдалануына беріледі.
Занның 74 бабы 4 тармағымен Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен
қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар. Тұрғынжайларды бөлген
кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде
жиырма пайызы бөлінеді.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды бөлек тізіммен бөлу,
ЖАО бөлек тізіммен пропорционалды жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша есепте тұрған
азаматтардың саны 2018 жылғы 1 сәуірге – 490 910 мың, олардын:
- ҰОС қатысушылары ме мүгедектері – 182;
- жетім балалар – 60 248;
- халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары – 211 069;
- бюджет қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер –
207 007;
- апатты тұрғын үйлі азаматтар – 2 404 адам.
Саны бойынша ең көп санатбұл – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз
топтары – 211 069, оның ішінде «көп балалы отбасы» мәртебесін 26 822 адамда
бар.
Коммуналдық тұрғын үй құрылысының аз көлемін ескеріп (2016 жылы
1796 пәтер берілді, 2017 жылы – 3334 пәтер, олардың ішінен 2620 – сату алу
құқығынсыз арендалық тұрғын үй), сондай-ақ «көп балалы отбасы» санатына
мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекті тұрғын үй алу құқығын беру
ұзақ уақыт бойы (10 жылдан астам) азаматтардың басқа категориясына ұзақ
уақыт бойы коммуналдық тұрғын үй алуға мүмкіндік бермейді. Бұл
азаматтардың басқа категориялары арасында әлеуметтік теңсіздікке әкеледі
және кезекте тұрғандар арасында әлеуметтік шиеленіс туғызады, «көп балалы
отбасы» санатына бірінші кезекті құқық беруді жөнсіз деп санаймыз.
Тұрғын үйі белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық
талаптарға жауап бермейтін азаматтарды есепке қоюға қатысты
Заңның 69 бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген
тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің тұрып
жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және
техникалық талаптарға сай келмесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге мұқтаж деп танылады.
Бұдан басқа, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
Достарыңызбен бөлісу: |