Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет23/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83

55 
 
негізгі  әлеуметтік  индикатордың  –  ең  төмен  еңбекақының  өлшемшарттарын 
өзгертуге,  сондай-ақ  оның  мөлшерін  2019  жылғы  1  қаңтардан  бастап  1,5  есе 
арттыруға тапсырма берді. 
 
Елімізде  халықтың  нәтижелі  жұмыспен  қамтылуын  қамтамасыз  ету, 
азаматтардың  конституциялық  құқықтарын  жүзеге  асыру  үшін  мүмкіндіктерді 
кеңейту  бойынша  жоспарлы  жұмыс  өткізіліп  келеді.  ҚР  Еңбек  және  халықты 
әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  деректері  бойынша  2018  жылдың  11  айында 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 
жылдарға арналған бағдарламасына 632 мыңнан астам адам қатысты, солардың 
ішінде жартысын (52,5%) ауыл тұрғындары құрады. Солардың ішінде 513 мың 
адам  (81%)  жұмыссыздар  болып  табылады.  119  мың  адам  (19%)  өз-өзін 
жұмыспен  қамтығандар.  515  мың  адам  жұмысқа  тұрды,  соның  ішінде  368 
мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұрды
6
.  
 
Өз-өзін  жұмыспен  қамтыған  халықтың  қызметін  ресмилендіру  және 
әлеуметтік  қамтамасыз  ету  жүйесіне  қатысуын  қамтамасыз  ету  мақсатында 
2018  жылғы  желтоқсанда  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 
актілеріне  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»ҚР  Заңы  қабылданды.  Заң  2019  жылғы  1 
қаңтардан  халықтың  бейресми  жұмыспен  қамтылған  санатының  қызметін 
тіркеудің  жеңілдетілген  тәртібін  қарастыратын  жаңа  құқықтық  режимді 
Бірыңғай жиынтық төлемді енгізуді қарастырады.  
Азаматтардың  еңбек  құқықтарын  қорғау  Адам  құқықтары  жөніндегі 
Уәкіл  қызметінің  маңызды  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  2018  жылы 
Омбудсменге  еңбекақыны  төлемеу,  жұмыс  орнынан  босатылуымен  келіспеу, 
еңбек қатынастарын бұрыс рәсімдеу, өндірісте денсаулыққа келтірілген зиянды 
өтеу мәселелері бойынша 46 өтініш түсті. 
 
 
                                                             
6
https://primeminister.kz
 «Азаматтарды жұмысқа орналастыру және білім беру курстары: Нәтижелі жұмыспен 
қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері» 
 


56 
 
 
Әлеуметтік және еңбек салаларындағы мониторинг бойынша Омбудсмен жанындағы 
Жұмыс тобының отырысы 
 
ҚР Еңбек кодексінің 22, 23 баптарына  сәйкес еңбекақыны уақтылы және 
толық  мөлшерде  төлеу  қызметкердің  негізгі  құқығы  және  жұмыс  берушінің 
негізгі міндеті болып табылады. Алайда, тәжірибе жүзінде азаматтар еңбекақы 
төлеуіне өз құқықтарының бұзылуына жиі тап болады.  
 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  «Ерейментау  кірпіш  зауыты»  ЖШС 
қызметкерлерінің  жұмысберушінің  еңбекақы  бойынша  қарызын  төлемеуіне  шағыммен 
өтініші түсті. 
 
Уәкіл мекмесінің сұрауы бойынша Павлодар облысының Еңбек басқарамасы өткізген 
тексеріс  нәтижелері  бойынша  жұмысберушінің  қолданыстағы  еңбек  заңнамасының 
нормаларын 
бұзуы, 
атап 
айтқанда, 
еңбекақыны, 
демалысақыны, 
сондай-ақ 
қызметкерлермен еңбек шартын бұзу кезінде тиесілі сомаларды төлемеуіанықталды.   
 
«Ерейментау  кірпіш  зауыты»  ЖШС  әкімшілігіне  қатысты  еңбек  заңнамасының 
бұзылуын жою туралы ұйғарымдар бірнеше рет жасалды. Жұмыс берушінің ұйғарымдарды 
орындамауы  фактісі  бойынша  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  ҚР  Кодексі  462-
бабының  3-тармағы  бойынша    әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  хаттама  жазылды. 
11.10.2018ж.  аталған  кәсіпорынға  қатысты  әкішілік  іс  Екібастұз  қ.  мамандандырылған 
әкімшілік соттың қарауына жіберілді. Сондай-ақ 02.11.2018ж. Екібастұз қ. ІІБ-на мәлімет 
үшін қала прокурорына жұмыс берушіге қатысты қылмыстық істі қозғау мәселесін қарау 
туралы хат жолданды.  
 
Павлодар  облысы  Еңбек  басқармасының  мәлімдеуінше,  2018  жылғы  26  қазандағы 
жағдай  бойынша  «Ерейментау  кірпіш  зауыты»  ЖШС  қызметкерлер  алдында  еңбекақы 
бойынша қарызы 68 705 664 теңгені құрады. 
  2018  жылғы  6  желтоқсанда  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  жанындағы 
Жұмыс  тобының  мүшелері  әлеуметтік  және  еңбек  салаларындағы  мониторинг  бойынша 
«Ерейментау  кірпіш  зауыты»  ЖШС-не  барғанын  атап  өткен  жөн.  Бару  барысында 
кәсіпорынның бос тұрғаны анықталды, зауытта бірнеше жұмысшы болды. Кәсіпорынның 
әкімшілігі  Жұмыс  тобы  мүшелерінің  зауытқа  келуі  туралы  хабардар  болса  да,  орнында 
болмады.  Қалған  жұмысшылармен  сұхбаттасу  барысында  олар  да  еңбекақыны  төлемеу, 
басым қызметкерлерді жұмыстан босату фактілері туралы мәлімдеді. 


57 
 
Бару  қорытындылары  бойынша  ұлттық  құқық  қорғау  мекемесі  Павлодар  облысының 
әкімдігіне  қалыптасқан  жағдайда  көмек  көрсету,  қызметкерлерді  жұмыспен  қамту, 
зауыттың  қызметін  жалғастыруы  үшін  инвесторларды  іздеу  туралы  мәселені  қарау 
өтінішімен хат жолдады.  
 
 
Еңбек  шартын  жасасу,  оның  дұрыс  рәсімделуі  еңбек  құқықтарын 
қамтамасыз  ету  ісінде  маңызды  мәселе  болып  табылады,  бұл  тараптардың 
әрекеттеріне  құқықтық  баға  беруге,  олардың  құқықтық  салдарын  анықтауға 
мүмкіндік береді. Еңбек шартын жасасу мәселелерін реттеу де жұмысберушінің 
қызметкердің алдындақызметкер еңбек міндеттемелерін орындау кезінде оның 
өміріне  немесе  денсаулығына  келтірілген  зиянды  өтеу  бөлігінде  тиісті  еңбек 
шарттарын  қамтамасыз  ету  кезінде  және  т.б.  жауапкершілігін  анықтау  үшін 
маңызды тәжірибелік мәнге ие.  
 
Сонымен  бірге,  жекелеген  шағымдардың  мазмұнынан  белгілі  болғандай, 
жекеменшік  нысанмен  кәсіпорындарда  жұмысқа  қабылдағанда  жиі  еңбек 
шарттары  рәсімделмейді  немесе  оларда  заңнамамен  белгіленген  еңбекақы 
мөлшері  қарастырылмайды,  бұл  қызметкерлерді  жұмыстан  босатқанда 
жұмысберушінің еңбек заңнамасын бұзуы үшін алғышарттар болады. 
 
 
Омбудсменге  Ақмола  облысында  орналасқан  «Шиелі  Тас»  ЖШС  филиалының 
қызметкерлерінен еңбекақыны төлемеуге, зейнетақы аударымдарын аудармауға шағыммен  
ұжымдық өтініш түсті. 
 
Өтініште  өтініш  берушілер  жұмысберуші  олармен  еңбек  шартын  жасаспағаны 
туралы мәлімдеді.  
 
Өткізілген  тексерістің  нәтижелері  бойынша  еңбек  жөніндегі  уәкілетті  орган 
құжаттарды зерттеп қарау қорытындылары, сондай-ақ «Шиелі Тас» ЖШС басшысының 
түсініктемесі  бойынша  аталған  қызметкерлердің  бұл  ұйымда  жұмыс  істеу  фактісі  
расталмағаны  туралы  ақпараттандырды.  Өтініш  берушілерге  сот  органдарына 
шағымдану құқығы туралы түсіндірілді.  
 
Осылайша, еңбек қатынастарын тиісті деңгейде рәсімдемеу қызметкерлердің еңбек 
құқықтарын қорғауда тежеуші фактор болды. 
 
 
Өтініштердің  басқа  тобы  өтініш  берушілердің  жұмыстан  босатылуымен, 
жекелеген  жағдайларда  жұмысберушінің  бастамасымен  еңбек  шартын  бұзуға 
негіздемелерменкеліспеуге қатысты болды. 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  «ҚазМұнайГаз»  ҰК»  АҚ  ішкі  аудит  қызметі 
бұрынғы  қызметкерлерінің  жұмысберушінің  еңбек  шарттарын  бұзу  бөлігінде  әрекетімен 
келіспеуі туралы өтініші түсті. 
Бұл  қызметкерлер  ҚР  Еңбек  кодексі  52-бабы  1-тармағының  23-тармақшасы 
негізінде жұмыстан босатылды, оған сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің 
бастамасы  бойынша  заңды  тұлға  мүлкінің  меншік  иесінің  не  заңды  тұлғаның  уәкілетті 
органының  шешімімен  "Акционерлік  қоғамдар  туралы"  ҚР Заңына сәйкес  ішкі  аудит 
қызметі  жұмыскерлерінің өкілеттіктері  тоқтатылады.Өз кезегінде, аталған Заңның 53-
бабы  2-тармағының  10-тармақшасына  сәйкес  ішкі  аудит  қызметінің  құзыреттерін 
мерзімнен бұрын тоқтату директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне жатады. 
Ұлттық  құқық  қорғау  мекемесінің  сұрауына  ҚР  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік 
қорғау министрлігішешімдер (ҚМГ АҚ Директорлар кеңесінің шешімі, кәсіподақ органының 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау