18
•
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияға сай барлық балалар-
ды ерекше қорғауды қарастыратын 54 баптан тұрады.
Екінші слайд:
Осы жұмысқа қатысты баптар (1)
•
1-баб.
Әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданы-
латын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала
болып саналады.
•
2-баб.
Қатысушы мемлекеттер юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір ба-
ланың және оның ата-анасының немесе қамқоршысының нәсіліне, түр-түсі-
не, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлт-
тық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың
денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе қандай да бір өзге де
жағдайларға қарамастан, қандай да бір кемсітусіз барлық құқықтарын құр-
меттейді және қамтамасыз етеді.
Үшінші слайд:
Осы жұмысқа қатысты баптар (2)
•
3- баб:
Баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз ету бірінші кезекте
маңызды болып табылады. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекет-
тердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын
мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекемелердің, соттардың, әкімшілік
немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де
ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге
көңіл бөлінеді
•
12- баб.
Бала өз пікірін еркін білдіруге және пікірінің ескерілуіне құқылы.
•
24- баб.
Бала дені сау болуға және сырқаттарынан емделуіне құқылы.
Үшінші слайд:
Балаларды қорғауға бағытталған әдістеме төмендегілерді қамтиды:
•
Бала әрдайым басты назарда болады – сіздің бірінші кезектегі міндетіңіз ба-
ланың қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ету.
•
Баланың пікірін тыңдау қажет және бала пікір білдіру құқығына ие болуы тиіс,
баланың пікірі негізінде оған қатысты шешімдер қабылдануы тиіс.
•
Барлық балаларға құқықтар тең дәрежеде беріледі.
•
Бала өз денсаулығын сақтауы үшін денсаулық сақтау саласындағы үздік қы-
зметтер туралы мәліметтерді және ақпаратты алуға құқылы.
•
Бала өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар құзыретті, білімді, қабілетті
тұлға ретінде танылады.
Төртінші слайд:
Қазақстандағы бала құқықтары. Кодекстер:
•
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы;
•
Неке және отбасы туралы.
Заңдар:
•
Мемлекеттік
жастар саясаты туралы;
•
Білім туралы;
•
Бала құқықтары туралы;
•
Балаларды қорғау және баланы шетелдіктің асырап алуына қатысты ынты-
мақтастық туралы конвенцияны бекіту туралы;
19
•
Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогика-
лық көмек көрсету арқылы қолдау көрсету.
Бесінші слайд:
Қазақстандағы АИТВ
•
Қазақстандағы АИТВ-мен өмір сүретін
балалар саны;
•
Жас шамасы және демография туралы ақпарат.
Алтыншы слайд:
Стандарттар қалай әзірленді
•
Стандарттар бір жүйеге түскен кезге дейінгі көрсетілген психоәлеуметтік
көмек туралы;
•
Сарапшылардың балалармен, жастармен және ата-аналармен/қамқоршы-
лармен
бірге зерттеуі;
•
Стандарттар 2019 жылы мақұлданды.
Сегізінші слайд:
«АИТВ және басқа да созылмалы сырқаттармен өмір сүретін балаларды және
жасөспірімдерді психоәлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулық» (1)
1) Емделуге құлықтылықты қамтамасыз ету үшін АИТВ жұқтырған балаларға қол-
дау көрсету;
2) АИТВ туралы
оқыту және жария ету
3) АИТВ жұқтырған балалардың сексуалдық денсаулығы. Денсаулығын және ұрпақ
жалғастыру мүмкіндігін сақтау мақсатында қажетті мекемелерге жіберу;
4) АИТВ-мен байланысты стигманы және өз-өзіне
бағытталған стигм аны жою;
5) АИТВ-н жұқтырған балалардың ересектерге және жасөспірімдерге қызметтер
көрсету жүйесіне көшуі.
Сегізінші слайд:
«АИТВ және басқа да созылмалы сырқаттармен өмір сүретін балаларды және
жасөспірімдерді психоәлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулық» (2)
1) АИТВ жұқтырған балаларға күтім көрсететін мультидисциплиналы маманданды-
рылған педиатриялық
команданың құзырет аясы;
2) Балаларды және олардың отбасыларын, сонымен бірге ҮЕҰ сарапшыларын және
жалпы білім беру мектептерін бірлескен жұмысқа жұмылдыру;
3) АИТВ жұқтырған балаларға және жасөспірімдерге қатарластарының қолдау көр-
сетуі;
4) АИТВ жұқтырған
балаларды қорғау;
5) Қызметкерлерге арналған супервизия және қолдау
Тренерлерге арналған ақпарат
2019 жылы бір топ сарапшылар «АИТВ және басқа да созылмалы сырқаттармен
өмір сүретін балаларды және жасөспірімдерді психоәлеуметтік сүйемелдеу жөнінде-
гі нұсқаулық» атты құрамына 10 стандарт кіретін әдістемелік ұсынымдарды әзірледі.
Стандарттар баланың бойынан сырқат табылған сәттен бастап, оны ересектерге қыз-
мет көрсету жүйесіне ауыстыруға дейінгі аралықта туындайтын мәселелерді қамтиды.
АИТВ-мен өмір сүретін балаларға және жастарға қамқорлық көрсету олардың тек ме-
дициналық қажеттіліктері көлемінен тыс болады. Олардың АИТВ-ны анықтауға және
емдеу тиімділігіне қатысты көзқарасы ата-анасының/қамқоршысының, отбасылық
көзқарастың және наным-сенімнің, тұрмыстық жағдайдың, әлеуметтік жағдайдың
және АИТВ-ға қатысты стигманың ықпалымен қалыптасуы мүмкін. Сондықтан да
осы Стандарттардың әрқайсысы ата-аналармен/қамқоршылармен және балалармен
тікелей жұмыс жасау мәселелерін қамтиды.