26
Тренерге арналған ескертпелер
Балаға АТВ-мәртебесін жария ету оларға қандай оң әсер тигізетінін естеріне са-
лыңыз:
•
Бала АИТВ диагнозын кішкентайынан қабылдайды.
•
АИТВ бала үшін «қалыпты жағдайға» айналады.
•
Медициналық мекеме ашық және шыншыл әңгіме жүргізілетін орынға айна-
лады.
•
Бала жасөспірімдік жасқа енбей тұрып дәрі-дәрмекке оң көзқараспен
қарайтын болады.
•
Жасөспірім және ересек жаста өз-өзіне қызмет көрсетудің толыққанды дағ-
дыларының негізі қаланады.
Пікірталасқа
арналған тақырыптар
1. «Бала барлығына өз диагнозы туралы айтып береді»
•
Көп балаларға диагнозы туралы ерте жастан айтып, басқаларға айтпауын
өтінеді.
•
Балаға диагнозды ерте жаста жария ету АИТВ-ны қалыпты құбылысқа ай-
налдырады және ол қоғам тарапынан қандай да бір стигмаға және кемсітуге
тап болмас бұрын АИТВ туралы бәрін біліп алатынын білдіреді.
•
Баламен жүргізе алатын әңгіме туралы ойланып, оны ата-анаға түсіндіріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ – сіз баланың алдында АИТВ-ға стигма таңбасын таңғыңыз
келмейді. Әңгіме барысында төмендегілер туралы айтыңыз:
•
медициналық
ақпараттың құпиялығы;
•
баланың статусы туралы кімдер біледі және кіммен осы туралы сөйлесе
алады;
•
шәрі қарайғы өмірінде АИТВ-мәртебесі туралы басқаларға айтқысы кел-
генде сіз қалай көмектесе аласыз.
2. «Бала ешқашан білмейтін болады!»
•
Біз білеміз, ең дұрысы – балаға АИТВ-мәртебесі туралы қадағаланатын,
қамқор және білім беретін ортада хабарлау. Диагнозы туралы кездейсоқ
біліп қалып, оны құпия сақтайтын балалар АИТВ-жұқпасымен ауыратынына
көндігуде және АРТ қабылдауда қиындықтарға тап болуы мүмкін.
•
Біз осы туралы практик мамандар ретінде жіберген қателіктерімізден білдік
және балаңызға тек жақсылық тілейміз.
•
Балаға АИТВ-мәртебесін кездейсоқ жария ету, жоспарланға және бірізді
жария етуге қарағанда, бала үшін және оның отбасы үшін аса күрделі жағдай
туындатады. Егер диагноз кездейсоқ ашылып қалса, ата-ана баласының
АИТВ туралы дәл қандай мәлімет алатынына, оны қалай қабылдайтынына
және естіген жаңалығына реакциясы қандай болатынына сенімді бола
алмайды
•
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, біз мәртебені жариялағаннан кейін
жасөспірімдер одан бұрын өз диагнозы туралы білгенін немесе түсінгенін
айтып берген көптеген жағдайларды келтіре аламыз. Кейбірі диагнозын
АРТ дәрі-дәрмектерінің атауын Ғаламтордан қарау арқылы, кейбірі аурухана
картасынан алынған үзінді-көшірмеден кездейсоқ көріп қалу арқылы
білген. Білетінін, неге бұрынырақ өздері айтпағаны туралы сұрағанда ата-