Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет5/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

14
II-ТАРАУ:   
«АИТВ және басқа да созылмалы 
сырқаттармен өмір сүретін балаларды 
және жасөспірімдерді психоәлеуметтік 
сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулықты» 
орындау бойынша тренингті дайындау
 
«
АИТВ және басқа да созылмалы сырқаттармен өмір сүретін балаларды және 
жасөспірімдерді психоәлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулықта» баяндалған 
он  стандартты  жүзеге  асыруға  септесетін  үш  күндік  курс  аясында  не  қарасты-
рылған. Осы сәттен бастап бұдан әрі мәтін бойынша «Стандарттар»деп аталады. 
Қатысушылар тренингке қатысуға ниет білдіріп  тіркеуден өткен соң, , кем де-
генде бір апта (ең дұрысы – екі апта) бұрын оларға электронды пошта арқылы 
Стандарттармен танысып шығу қажет екені туралы хат жолдау керек, себебі, үш 
күн бойы сол Стандарттарға үнемі сілтемелер жасалып отырады.
Тренинг  үш  күндік  курс  түрінде  өтеді  деп  жоспарланып  отыр,  оның  толық 
бағдарламасын 2-ҚОСЫМШАДАН көруге болады.


15
1. БІРІНШІ КҮН 
1.1 ТРЕНИНГКЕ КІРІСПЕ
Осы  оқу  курсы  (тренинг),  ең  алдымен,  құпия  және  жайлы  кеңістік  құруға 
арналған, онда қатысушылар жұмыс жасаған уақыт ішінде жинаған тәжірибелері 
туралы және Стандарттарды енгізу үшін жұмыстарына қандай өзгерістер енгізу 
қажет  болуы  мүмкін  екені  туралы  ойланып-толғана  алады.  Тренингтің  басым 
бөлігі  адамдардың  наным-сенімдерін  зерттеуге  бағытталған.  Сондықтан, 
тренерлер  әуел  бастан  осы  тренинг  құптайтын  рефлексия  (өз  бетінше  талдау 
жасау), рефлексивті тыңдау, адамдарды қабылдау және жекелеген адамдардың 
наным-сенімдерін  қолдаушы  және  инклюзивті  жолмен  бағдарлау  және  күмән 
келтіру  сияқты  әдістемелерді  қалыптастыруға  міндетті.  Тренерлер  үстемдік 
жүргізбеуі тиіс, әрі қолданатын тілін, өз наным-сенімдерін және дене қимылдарын 
қадағалауы  қажет.  Басынан  бастап-ақ  тренерлер  алдағы  үш  күнде  орнайтын 
көңіл-күйді  қалыптастырады  және  қатысушылардың  науқастармен  және 
науқастардың отбасыларымен қалаулы жолмен тілдесу мәнерін жетілдіреді.
Осы тренингтегі барлық презентациялар мен іс-шаралар БҰҰ Бала құқықтары 
жөніндегі  конвенциясының  (БҰҰ  БҚК)  болмысынан  және  соған  негізделген 
біздің балаларға бағдарланған үлгілерімізден көрініс береді. Тренинг мазмұны 
БҰҰ  БҚК  негізгі  баптарының  қысқаша  мазмұндамасынан  және  үш  күн  бойы 
ұдайы соларға сілтеме жасаудан басталады.


16
Уақыт
Атауы 
Өткізу түрі
10 мин
Алғы сөз
Ұйымдастырушылардың 
сөз сөйлеуі
20 мин
Қатысушыларды таныстыруға арналған ойын  Жаттығу 
20 мин
Қатысушылардың тренингтен не күтетінін 
анықтау
Ой-талқы
10 мин
Тренинг ережелерін белгілеу
Пікірталас 
10 мин
Тренингке дейін білім тексеру тесті 
Жаттығу 
20 мин
БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі конвенциясы 
және АИТВ-мен өмір сүретін балаларды пси-
хоәлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі нұсқау-
лықтың қысқаша мазмұндамасы 
Презентация
Әуел  бастан  осы  тренинг  Стандарттардың  негізін  құрайтын  уәждерді  және 
теорияларды зерттеуге арналатыны және практик мамандардың  Стандарттарды 
енгізу  барысында  кездесуі  мүмкін  күрделі  мәселелерді  немесе  кедергілерді 
пікірталастар,  презентациялар  және  шаралар  көмегімен  зерттеуі  үшін    кеңістік 
пен уақыт берілетіні түсінікті болуы тиіс.
1.2 ТАНЫСУ
Тренингтің кіріспе бөлімі БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі конвенциясымен та-
ныстыруға және қатысушыларды бір-бірімен таныстыруға уақыт беруге арнала-
ды. 
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
• 
Барлық Стандарттардың қысқаша мазмұндамасы.
Оқыту мақсаттары:
• 
Қатысушыларды тренингпен таныстыру;
• 
Қатысушыларды бір-бірімен таныстыру;
• 
Қатысушылардың тренингтен не күтетінін анықтау;
• 
Үш күнге арналған негізгі ережелерді белгілеу;
• 
Тренинг аясын анықтау: БҚК және Стандарттар
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
• 
Бір-бірімен танысады;
• 
Тренингтен не күтетінімен бөліседі;
• 
Үш күнге арналған ережелерді өзара келіседі;
• 
БҚК туралы жалпы мәлімет алады;
• 
Стандарттар қалай әзірленгенін және олар тренинг мазмұнында нелік-
тен басты рөл атқаратынын түсінеді.
Тарау ұзақтығы: 1.30 сағ. (90 мин).  


17
i.  Алғы сөз
Алғы сөз келесі ақпаратты қамтуы тиіс:
• 
тренинг мақсаттары мен міндеттері;
• 
шараны ұйымдастырушылар, серіктестер мен тренерлер (тренингтер өткізу-
дегі, АИТВ шалдыққан балалармен және жасөспірімдермен және олардың 
отбасылық ортасымен жұмыс жасаудағы кәсіби тәжірибесі); тренинг бағдар-
ламасы.
ii.  Танысу 
Қатысушылар  бір-бірімен  танысуы  үшін,  аудитория  алдына  алғаш  рет  шығуына 
байланысты  ашық, әрі достық пейілдегі орта қалыптасуы үшін жаттығу орындатыңыз 
(әртүрлі идеяларды 3-ҚОСЫМШАДАН қараңыз).
iii.  Қатысушылардың тренингтен не күтетінін анықтау:
Қатысушылардан тренингтен нені күтетінін сұраңыз: 
1.  Нені білуге үміттенеді;
2.  Нені қарастырғысы келеді.
Бір  тренер  қатысушылардың  нені  күтетінін  сұрауы,  ал  екіншісі  айтылғандарды 
флипчартқа жазып отыруы қажет. Айтылғандарды тізім түрінде жазуға болады, ой-
талқы түрінде немесе «Үміт ағашы» не «Үміт кемесі» түрінде өткізуге болады. 
Осы жаттығу тренерлерге топ үшін қандай мәселелер басымдыққа ие екенін көр-
сетеді және, қажет болса, сол басымдықтарды ескеру үшін бағдарламаны өзгертуге 
мүмкіндік береді.
iv.  Тренинг ережелерін белгілеу
Қатысушылардан  тренинг  барысында  белгілегісі  келетін  ережелерді  атауды 
өтініңіз. 
Қатысушылардың қауіпсіздігі, кешікпеу, бір-біріне құрмет көрсету және т.с. мәселе-
лерден көрініс беретін ережелерді белгілеу маңызды. Нақты ережелерді флипчартқа 
жазып, барлық қатысушылардың ережені сақтауға келісетініне көз жеткізіңіз.
Есіңізде болсын, тренингтің осы бөлімі сынап-мінеуден ада қарым-қатынас құруға 
арналған, сондықтан, «қатаң» ережелерден аулақ болуға тырысыңыз. Топтағы әрбір 
адам өзі үшін жауапты болады, мысалы, басқаларды жазалаудың немесе өз пікірін өз-
гелерге таңу орнына өзгелерді сыйлау және басқа қатысушыларды өз пікірімен бөлісу-
ге ынталандыру сияқты «ережелер» туралы ойлануды сұраңыз.
v.  Тренингке дейінгі тест
Бұл  –  қатысушылардың  АИТВ-мен  өмір  сүретін  балалар  мен  жасөспірімдердің 
және олардың отбасы мүшелерінің  психоәлеуметтік сүйемелдеу туралы хабары бар-
жоғын анықтауға арналған қысқа жазбаша түрдегі үлгі. Аталмыш үлгі тренингтен кей-
ін тест жүргізумен және бағалаумен байланысты, сондықтан, кез-келген өзгерістерді 
оңай көре аласыз. Сауалнамаларда қатысушылардың аты-жөні көрсетілмеуі тиіс.
vi.  Презентация: БҚК
Бұл  БҚК  негізгі  аспектілеріне  арналған  қысқа  презентация.  Презентация  келесі 
мәліметтерді қамтуы тиіс:
Бірінші слайд:   
Тарихы
• 
АҚШ пен Сомалиден басқа, әлемнің барлық елдерінде  және 1989 жылы Қа-
зақстанда бекітілген.


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау