Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет94/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   472

 

194 


 

тарихын,  мәдениетін,  табиғи  болмысын  танып  білуге  деген  адамзат  құштарлығының 

шегі  болған  емес.  Осы  таным  жолында  психология  ғылымының  орны  аса  зор  әрі 

ерекше.  Адам  болмысының  табиғаты,  оның  саналы  қоғам  шеңберінде  өркендеуі  мен 

қалыптасуы,  айналасындағы  басқа  адамдармен  қарым  қатынасының  ерекшеліктері 

психология  ғылымының  негізінде  жатыр.  Адамның  даму  заңдары  мен  болмысының 

мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның дамуы үшін өте қажет. Көп 

жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизі, әрекет, әлеуметтік 

бағыт,  тәртіп  стереотиптерінің  қалыптасу  заңдылықтары  жөніндегі  білімдерді 

пайдаланбай,  сезім,  психологиялық  климатты  танып  білмей,  жеке  адамның 

ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерін,қабілетін, сезімін, мінезін, адам аралық 

қатынастарын  зерттемей,  әлеуметтік  процестер  мен  құбылыстардың  мәні  толық 

ашылмайды.  Яғни,  әлеуметтік  процестерді  зерттеуде  психологиялық  факторларды 

ескеру-заңды қажеттілік.Осыған орай,психология бірнеше салаға бөлінген. Соның бірі-

әлеуметтік психология . 

Әлеуметтік 

психология- 

адамдардың 

әр 

түрлі 


ұйымдасқан 

немесе 


ұйымдаспаған  топтарында  көрініс  беретін  психикалық  болмысын  зерттеумен 

айналысады.Әлеуметтік  психология  бүгінгі  таңда  ерекше  сұранысқа  ие.  Өйткені 

әлемдік 

проблемаларды 

шешуден 

бастап,  адам 

қашанда 

топтың  өкілі 

болғандықтан,оның  ортаға  бейімделуі,  күнделікті  тұрмыстағы  кездесетін  қақтығыс, 

күйзелістерді  зерттеп,  қажетті  шешімдерге  қол  жеткізуге  болады.  Адам  баласында 

өмірге келген сәттен бастап, белгілі ортаға бейімделу процесі жүреді. Психологияда бұл 

процесті адаптация деп атайды. 

Адаптация-жеке  адамның  немесе  әлеуметтік  топтың  ортамен  әрекеттестігі,  оған 

осы  ортаның  нормалары  мен  құндылықтарын  игеру,  сонысымен  қатар  ортаның 

мақсатына  сәйкес  өзгеруі,  қайта  құрылуы  жатады.  «Бейімделу»  (адаптация)  ұғымы 

психологияда  адамның  қоршаған  орта  жағдайына  бейімделуін  білдіреді.  Бұл  ұғым 

индивид  пен  ортаның  тепе-теңдік  байланыстары  туралы  гештальтпсихология,  ақыл-

ойдың  даму  теориясы  сияқты  психологиялық  концепцияларда  да  маңызды  орын 

алады.Бұл терминді еңгізген Г.Селье. Үш стадиядан тұрады: 

1.        Алаңдау  стадиясы–  бір  неше  сағат  немесе  екі  күн  созылуы  мүмкін,  мұнда 

адамға белгілі әсер келіп адам одан қорғануға тырысады

2.    Қарсы шығу стадиясы – адам әсерге қарсыланады

3.    Тұрақтану немесе әлсіздену стадиясы. 

Бейімделудің  негізгі  түрлері  –сенсорлық  бейімделу  мен  әлеуметтік  бейімделу. 

Сенсорлық  бейімделу–түйсіктердің  бейімделуі.  Әлеуметтік  бейімделу  –бейімделудің 

еңжоғары  дәрежесі,  бір  жағынан,  үнемі  жүретін  индивидтің  әлеуметтік  орта 

жағдайларына  белсенді  түрде  бейімделу  процесі,  екінші  жағынан,  бұл  процестің 

нәтижесі. Осы екі компоненттің өзара қатынасы индивидтің қажеттіліктеріне, оларды 

қанағаттандыру мүмкіндігіне тәуелді. Бейімделу үздіксіз жүретін процесс болса да, оны 

әдетте,  адамның  өмірінде  негізгі  әрекеттердің  және  әлеуметтік  ортаның  ауысуымен 

байланыстырады.Психологиялық  бейімделудің  негізгі  көріністері  –  адамның 



 

195 


 

айналасындағы  адамдармен  белсенді  қарым-қатынас  жасауы.  Психологиялық 

бейімделудің басты құралы-тәрбие, білім, еңбек және кәсіби даярлық болып табылады. 

Психологиялық  адаптация,  адам  өміріндегі  кез  келген  өзгерістерде  жүзеге  асады. 

Мысалы, «үйкүшік» баланың балабақшаға келген соң, жаңа жағдайларға бейімделуіне 

тура келеді. Мектепке келу-жаңа талаптарды орындауға, жаңа жағдайларға бейімделуді 

қажет етеді. Еңбек жолын бастаған жастарда, бейімделу кезеңін басынан кешіреді. Тіпті 

микросоциумдағы  (отбасы)  өзгерістер:  ата-аналардың  ажырасуы  немесе  жақын 

адамдардың қайтыс болуы т.б. жаңа жағдайлар туғызады . 

Әлеуметтік  бейімделу  –  тек  дені  сау  адамдардың  ғана  емес,  сонымен  қатар 

мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  да  әлеуметтік  ортаға  қосылуы,  қоғамда  өмір  сүруге 

бейімделуі.  Мүгедек  бала  —  тiршiлiк-тынысының  шектелуiне  және  оны  әлеуметтiк 

қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, 

кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз 

жасқа  толмаған  адам.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардабейімделу  үдерісі  үнемі  сәтті, 

қиындықсыз  бола  бермейді.  Кейде,  адекватты  емес  мінез-құлық  реакциялары,  қиын 

психологиялық  ситуациялар  туындайды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  дезадаптация  пайда 

болады.  Балалардағы  дезадаптация  күйі  оңай  пайда  болғанмен,  адаптация  үдерістері 

ұзақ уақытқа созылады . Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация 

қиындықтарын  жеңілдету,  психикалық  дамуын  қалыпты  балалардың  психикалық 

дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. 

Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы 

кемшіліктерді,  психологиялық-педагогикалық  және  емдеу-сауықтыру  шараларының 

жүйесі көмігімен түзету. Бұл жүйе баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын 

жеңілдетуге  және  жоюға бағытталады. Дамудағы  ауытқуды  түзету  немесе  коррекция 

жасаудың тұтас тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-

1952) жасады. Ол сезімдік тәжірибе мен моториканың дамуы автоматты түрде ойлауды 

дамытады, себебі олар ойлаудың алғышарттары деп есептейді. 

Көршілес  мемлекет  Ресейде  түзету  жұмысының  теориясы  мен  тәжірбиесін 

дамытуда  жетекші  рөлді  А.Н.Граборов  (1885-1949)  атқарды.  Ол  ақыл  ойы  кем 

балалармен жүргізілетін сабақтардың біртұтас жуйесін жасады. Бұл жүйенің құрамына 

нелер  кіреді?  Оған  ойлау,  есте  сақтау  үдерістерін  дамытуға  ықпал  ететін  әр  түрлі 

ойындар, шыдамдылықты, төзімділікті қажет ететін қол еңбегі, топтық саяхаттар тәрізді 

маңызды әлеуметтік мазмұндағы жұмыстар енеді. 

Кемістіктердің  орнын  толтыруда  психотерапияның  рөлі  ерекше  маңызды.Ұзақ 

уақытқа дейін, психотерапевтік шаралар вербальды коммуникация, интеллект сияқты 

қалыпты  дамыған  адамға  тән  компоненттер  негізінде  ғана  жүзеге  асады  деген  теріс 

ұғым  орын  алып  келді.  Бірақ  ақыл  ойы  кем  балаларда  интеллекттуалды  әрекеттік 

болатыны және психотерапияда вербальды емес әдістердің қолданылатыны дәлелденді, 

мысалы  арттерапия.  Олигрофрен  оқушылармен  психотерапевтік  жұмыстар  жүргізу 

барысында, нәтижесінде олардың зейін, қабылдау, есте сақтау қабілеттерінің артқанын, 

оқу  әрекетінің  арта  түскендігін  байқауға  болады.  Сондай-ақ,  психикалық  дамуы 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау