186
Үшінші топ педагогтарымен біз төмендегідей әдістемелік жұмыстар жүргіземіз:
Тәрбиешілерді ұжымның педагогикалық іс-әрекетіне кіріктіру:
Тәжірибелі тәрбиешімен сыңар болып жұмыс істеу;
Басқа педагогтардың жұмысын бақылау:
МДҰ ішінде ұйымдастырылған әдістемелік шараларға қатысу.
Педагогикалық жағдайды ұйымдастырудың (заттық-дидактикалық)
түрлерімен таныстыру.
Балабақша топтарын аралау (заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру мен
безендіру).
Кәсіби іс-әрекетін жаттықтыру:
Ықтимал қателіктердің алдын-алу мақсатында ҰОІӘ-тері нұсқаларын алдын-ала
талдау;
Жоспарды бірлесіп талдау (болашақ жұмысты бекіту үшін);
Әдістемелік іс-шаралар тапсырмаларын орындау.
Әрбір жұмыс формасы үшін әдіс-тәсілдерді таңдау оның мақсаты мен міндеттері
және, педагогтар контингенттер, мазмұн ерекшеліктерімен, тәрбие-оқыту жұмысының
нақты мазмұнымен аңықталады.
Жоғарыда аталып өткен жұмыс түрлері педагог кадрлардың кәсіби мүмкіндіктерін
шыңдауға белсенділіктері мен ынтасын жоғарлата отырып, қол жеткен
қорытындыларынан өзіндік рефлексия-шешім қабылдауына үлкен әсер етеді.
Біздің балабақшада әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру негізіне педагогикалық
шығармашылықты дамыту деңгейі бойынша педагогтарды дифферанциалау принципі
жатады.
Осыдан үш мектеп түрі туындайды:
«Педагогикалық шығармашылықтың жоғары мектебі» - мұнда білім беру
дамуының қиын сұрақтары қаралады. Бұл мектептің басты жұмысы – білімнің жаңа
ғылыми салаларын меңгеруге арналған педагогтардың ғылыми-зерттеулік іс-әрекеті.
Бұл мектепте білім берудің жаңа мазмұны, педагогикалық технологиялар, балаларды
зерттеу тәсілдері, оқулықтар мен оқыту-әдістемелік материалдар шығарылады. Бұл
негізде басшының әдіскерлердің міндеті-жаңа идеяны ұсынып, оның құрастыру
тәсілдерін келісу.
«Жас педагог мектебі» заманауи ҰОІӘ-рінің технологияларын меңгеруге, өзінің
педагогикалық мәселелерінен арылылуға мүмкіндік береді. Бұл мектептің негізгі
жұмыс формасы – педагогты өсіру бағытында жеке бағдарламаны құрастыру және
жүзеге асыру.
«Әкімшіліктің айрықша назарындағы топ» - бұл өз мүмкіндіктерінен төмен
деңгейде жұмыс істейтін педагогтарға арналады. Бұл жұмыс түрінің басты міндеті-
педагогтарды оқыту және жұмысқа ынталандыру.
Осы жұмыс формаларынан басқа педагогтардың шығармашылық жұмыс деңгейін
арттыру мақсатында өздігінен білім алу жұмыстары да педагогтың кәсіби өсуіне көп
септігін тигізеді.
Өздігінен білімін арттыру- бұл әр педагогтың нақты қызығушылығы мен
мүмкіндігіне орай өздігінен түрлі білім көздерінен білімін толықтыру.
187
Өздігінен білімін арттыру педагогтың алдында алған білімін кеңейтіп және тереңдетіп,
жоғары теориялық деңгейдегі тәжірибелерді танып-білуге негіз бола отырып, кәсіби
білігі мен машықтарын шындайды.
Өздігінен білім алу қажеттілікке айналу үшін біздің балабақшаның әдістемелік
кабинетінде педагогтарға қажет жағдайлар жасалған, аңықтамалық және әдістемелік
әдебиеттер қоры толықтырылып және жаңартылып отырылады.
Өздігінен білім алу формалары әр-алуан;
Кітапханада кітаптармен, мерзімді баспасөзбен жұмыс;
Ғылыми-практикалық семинарлармен конференциялардың жұмыстарына қатысу;
Жоғары білім мекемелерінің педагогика және психология кафедраларынан
кеңестер алу;
Зерттелген мәселе бойынша өзінің картотекасын жасау және т.б.
Жоғарыдағы өздігінен білім алудың формаларын негізге ала отырып, әр педагог
жылдық жоспар құрып, жұмыс жүргізеді. Жылдық жоспардың қарапайым формасы
төмендегідей болады.
р/с Жұмыс мазмұны
Орындалу
мерзімі
Тәжірибелік
жұмыстар
1
Алынған тақырып бойынша шаралар
жоспарын әзірлеу
Қыркүйек
Теориялық
материалды
дайындау
2
Кюизенер
таяқшалары
жайлы
жазылған әдебиеттерді оқу арқылы өз
білім деңгейін көтеру
Жыл бойы
1.Әдебиеттер
2.Ғаламтор
3.Б.А.Қ.
3
Ата-аналарды кюизенер таяқшалары
жайлы ақпараттармен таныстыру
Ақпан
Танымдық кеңес
4
Ғылыми
әдістемелік
педагогтік
журналға материал дайындау
Қаңтар
Мерзімді
баспасөзге
жариялану
6
Оқу жылында атқарылған жұмыстарға
қорытынды жасау
Мамыр
Жиңақталған
ақпарат
пен
атқарылған
істерге хаттама
жасау
Өздігінен білім алу - бұл әр педагогтың нақты қызығушылығы мен мүмкіндігіне
орай өздігінен түрлі білім көздерінен білімін толықтыру.
Өздігінен білім алу - педагогтың алдында алған білімін кеңейтіп және тереңдетіп,
жоғары теориялық деңгейдегі тәжірибелерді танып-білуге негіз бола отырып, кәсіби
білігі мен машықтарын шындайды. Мектепке дейінгі ұйымда педагогтармен жұмыста
өздігінен білім алу жұмыстарын дұрыс жолға қойып жүргізе алсақ, білім беру-тәрбие
жұмыстары жоғары деңгейге көтеріліп, ел келешегі өрендеріміз сапалы біліммен
сусындары хақ.